Биохимия бірнеше салаларды құрайды



бет1/3
Дата22.07.2022
өлшемі22,3 Kb.
#147690
түріҚұрамы
  1   2   3
Байланысты:
биохимия 11

    Бұл бет үшін навигация:
  • Ақуыз

Биохимия бірнеше салаларды құрайды:
1. Статикалық биохимия тірі ағзалардың химиялық құрамын, оларды құрап тұрған молекулалардың құрылымын (нәруыздар, амин қышқылдары, нуклеин қышқылдары, көмірсулар және олардың туындылары, майлар, дәрумендер, гормондар) зерттейді.
2. Динамикалық биохимия зат алмасуда болатын химиялық реакцияларды, соның ішінде, заттардың бір-біріне айналу процесі және механизмдерін зерттейді. Метаболизм үрдісінде түзілетін жай молекулалар мен олардың туындылары (моносахаридтер, май қышқылдары, амин қышқылдары, т.б.) метаболиттер деп аталады.


Биоэнергетика - динамикалық биохимияның жеке саласы, биологиялық жүйелерде энергияның жұмсалуы, жинақталуы және түзілу заңдылықтарын зерттейді.
3. Функционалдық биохимия физиологиялық қызметтердің негізін құрайтын биохимиялық реакцияларды зерттейді. Ас қорыту жолындағы қоректік заттардың қорытылуын, бұлшық еттің жиырылу механизмін, нерв импульстерінің өтуін, қанмен оттектің тасымалдануын, қышқыл - сілтілік тепе-теңдіктің реттелуін т.б. зерттейді.
Биохимия физиологиямен және органикалық химиямен тығыз байланысады. 
Биомолекулалар – тірі ағзалардың құрамына кіретін, жасуша құрылымдарын түзетін және зат алмасудың биохимиялық реакцияларына қатысатын органикалық қосылыстар. 
Ақуыз немесе нәруыз — молекулалары өте күрделі болатын аминқышқылдарынан құралған органикалық зат; тірі организмдерге тән азотты күрделі органикалық қосылыс. 
Пептидтер (гр. πεπτος — құнарлы) — амин қышқылдарының қалдықтарынан тұратын органикалық заттар. Амин қышқыл қалдықтарының санына қарай ди-, три-, тетра пептидтерге, олигопептидтерге және полипептидтерге бөлінеді. Пептидтер молекулалары әдетте бір шетінде аминтобы, бір шетінде карбоксил тобы бар ұзын тізбек

  • Егер молекулада 50 амин қышқылынан кем болса, бұл пептид, ал артық болса, ақуыз делінеді. Мысалы, гормондардың түгелдей дерлігі және қан плазмасының құраушылары – пептидтер.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет