БИОЛОГИЯ • АДАМ • ЖЫНЫСТЫҚ ЖЕТІЛУ
3
Қосымша сұрақ
С5. Неге дауыс “бұзылады”?
Жыныстық жетілу кезеңінен кейін, баланың көмейі тестостеронның
әсерінен кеңейеді және қалыңдайды. Көмейдегі дауыс желбезегі
ұзаратындықтан
және қалыңдайтындықтан, баланың дауысы
жуандайды. Бала осындай өзгерістер
кезінде өзінің дауыс
желбезегін үнемі өте жақсы бақылап отыра алмайды. Сондықтан,
кейде оның дауысы күрт өзгеріп отырады!
2-бөлім: Жыныстық жетілу
• Жыныстық жетілу дегеніміз не?
Жыныстық жетілу кезеңі – кішкентай бала ағзасының көбеюге қабілетті ересек адамның ағзасына айналу кезеңі. Ол
жыныс гормондарының, яғни, ерлерде тестостеронның және әйелдерде эстрогеннің әсерінен болады. Жыныстық
жетілу әркімде әртүрлі уақытта басталады. Қыздарда жыныстық жетілу ұлдарға қарағанда ертерек басталады.
Қыздарда жыныстық жетілудің алғашқы белгілері шамамен 11 жастан, ал ұлдарда 13 жастан бастап пайда болады.
Қосымша сұрақ
С4. Неліктен тестостерон мен эстрогеннің мөлшері көбейеді?
Тестостерон және эстроген ми астындағы гипофизден бөлінетін Фолликулды Жандандырушы Гормон (ФЖГ)
мен Лютеиндендіруші Гормон (ЛГ) әсерінен көбейеді. Бұл гипофиз гормондары гонадотропин бөлетін гормон
деп
аталатын, мидан бөлінетін гормонға жауап ретінде ынталандырылады.
Достарыңызбен бөлісу: