БИОЛОГИЯ 9сынып 2018ж Нагима
Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».
1. Шырынды сабақты өсімдік
A) Жабайы алмұрт
B) Бүлдірген
C) Долана
D) Бидайық
E) Кактус
|
2. Өзіндік құрылысы бар белгілі бір қызмет атқаратын ағза бөлімі
A) Ұлпа
B) Мүше
C) Молекула
D) Жасуша
E) Жасуша аралық зат
|
3. Бактерия жасушасының құрылысы
A) Қабықша, цитоплазма, вакуоль, ядро
B) Қабықша, цитоплазма, ядро заты
C) Қабықша, цитоплазма, ядро, вакуоль, пластидтер
D) Қабықша, цитоплазма, кіші ядро
E) Қабықша, цитоплазма
|
4. Ұлудың зәр шығару мүшесі
A) Жұлдызша
B) Клоака
C) Аналь тесігі
D) Мальпигий түтігі
E) Бүйрек
|
5. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым
A) Ихтиология
B) Термология
C) Энтомология
D) Териология
E) Зоология
|
6. Жас баланың еңбегінің бүлкілдеп тұруы:
A) төбе сүйегінің жарғақты құрылысынан
B) туа біткен кемістік болып саналады
C) төбе сүйегінде тесіктің болуынан
D) төбе сүйегінің жіктерден тұратындығынан
E) төбе сүйегінің қатты болуынан
|
7. Кіші қанайналым шеңбері басталады
A) Сол жақ жүрекшеден
B) Сол жақ қарыншадан
C) Оң жақ жүрекшеден
D) Оң жақ қарыншадан
E) Қолқа артерия қантамырынан
|
8. Организмнің тітіркендіргішке жүйке жүйесінің жауап реакциясы.
A) Рецептор
B) Қоздырғыш
C) Синапс
D) Рефлекс
E) Тежеуші
|
9. Гидраның бір қармалауышына инемен әлсіз ғана түртіп әсер етсе, сол қармалауышы жиырылады, жиырылған кезде байқалатын құбылыс
A) жүйке түйінділері
B) жауап қайтару
C) жүйке торы
D) тітіркену
E) тынысалу
|
10. Тін талшықтары өте мықты, бас киім тоқу үшін пайдаланатын өсімдік:
A) Зығыр
B) Сәбіз
C) Көкнәр
D) Пияз
E) Бүршік
|
11. Тамыр қызметін атқаратын ризоидтары бар өсімдік
A) плаунтәрізділер
B) қырықжапырақтар
C) ашық тұқымдылар
D) мүктер
E) қырықбуындар
|
12. Бунақденелілер тыныс алады
A) Демтүтікпен
B) Бүкіл денесімен
C) Өкпемен
D) Желбезекпен
E) Өкпе қапшығымен
|
13. Сүтқоректілер терісіндегі қосалқы бөлімдер
A) Қабыршақ
B) Мүйіз, тұяқ
C) Хитин
D) Бақалшақ
E) Мантия
|
14. Мидың күрделі қызметі, еңбек ету барысында қалыптасады
A) Сигналдық жүйе
B) Сана
C) Сөз
D) Түйсіну
E) Ойлау
|
15. Қауырсынын қадірлеп, бас киімге, домбырыға, үйге, бесікке іліп қояды
A) Тауықтың
B) Тырнаның
C) Қарғаның
D) Үкінің
E) Торғайдың
|
16. Халық медицинасында және медицинада миға қан құйылғанда, жүрек бұлшықеттері жансызданғанда, емдік мақсатта пайдаланып, адамның қанын сорғызатын буылтық құрт
A) сүлік
B) зымырақ
C) қылқұрт
D) нереида
E) шұбалшаң
|
17. Адамды тері ауруына ұшырататын бір жасушалы жәндік
A) Лейшмания
B) Дизентерия
C) Трипоносома
D) Арцелла
E) Кірпікшелі кебісше
|
18. Тыныс алу орталығы қорғаныш рефлекстер тудырады
A) Ему
B) Жұту
C) Сөл бөлу
D) Жөтелу
E) Тамақ ішу
|
19. Кірпікшелі кебісше өсірілген судан заттық шыныға тамызып, қасына тұщы су тамыздық. Кебісше бар тамшыға тұзды су қосып, екі тамшының арасын су жолағымен қосқан кезде, ұлғайтқыш әйнекпен бақылауға болатын кебісше қасиеті
A) екі есе көбею
B) цистаға айналу
C) тіршілігін жою
D) қоректену
E) тітіркенгіштік
|
20. Тікен кірген жерге келіп, микробты ұстап алып, ерітіп жіберуге қабілетті жасуша
A) тромбоцит
B) эритроцит
C) лейкоцит
D) остеоцит
E) миоцит
|
|
Нұсқау: «Сізге 5 тест тапсырмасы бар бір контекст беріледі. Тест тапсырмалары бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған. Таңдаған жауапты жауап парағындағы сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеңіз».
ТЕРІ
Тері – адам денесінің сыртқы қорғаушы жабыны. Терінің атқаратын қызметтері көп, соның бірі дене жылуын реттеу.
|
21. Жылулығы 100oС суға түсу өлімге соқтыруы мүмкін, ал ауа температурасы 100oС жоғары фин моншасына немесе саунаға бару – адам денсаулығына қауіпті емес. Себебі
A) Теріден тез арада буланатын тер бөлінеді
B) Ыстық су жылуды баяу өткізеді
C) Ауада жылу алмасу тезірек жүреді
D) Терінің қабаты қалың болғандықтан
E) Саунада тер бездерінің саңылауы жабық болады
|
22. Төменгі температурада ұзақ уақыт болған адамға белсенді қозғалуға тура келеді. Себебі
A) Қанның химиялық құрамының тұрақтылығы бұзылады
B) Терінің астында көп су жинала бастайды
C) Су қантамырларына сіңіріледі
D) Бұлшықеттер әрекеттенген кезде жылу бөлінеді
E) Терінің астында бактериялар көбейе бастады
|
23. Терінің дене температурасын бақылаудағы рөліне мысал көрсетіңіз
A) Теріде Д дәруменінің түзілуі
B) Ыстық сумен терінің күюі
C) Жүгірген кезде терлеуіміз
D) Теріде С дәруменінің түзілуі
E) Күннің сәулесі астында тері түсінің өзгеруі
|
24. Оңтүстік жерлердің жергілікті халық өкілдері күн ыстықта тері бас киім, мақтадан тігілген шапан киеді. Бұл киімдерді ыстықта киюдің себебі
A) Шапан тері безінен бөлінген теріні сіңіріп алады
B) Мақтадан тігілген шапан оларда дәстүр болып табылады
C) Мақтадан тігілген шапан күн сәулесін шағылыстырады
D) Шапан жылуды нашар өткізеді
E) Тері безінен бөлінген тері тез буланып кетеді
|
25. Бөлмеде температура 20oС болса, өзімізді жақсы сезінеміз. Ал егер осы температурадағы суға кірсек, суықты дереу сеземіз. Себебі
A) Суық су денедегі суды сорып алады
B) Су жылуды нашар қабылдайды
C) В1 витамині жетіспегендіктен
D) D витамині жетіспегендіктен
E) Су тез арада денені жылудан айырады
|
Нұсқау: «Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».
26. Саңырауқұлақтағы қоректік қор заты
A) гликоген
B) крахмал
C) жасунық
D) минералды тұздар
E) сілті
F) май тамшысы
G) су
H) қышқыл
|
27. Хромопласт кездеседі
A) тамырларда
B) тамыр жемістерде
C) гүл күлтелерінде
D) күзгі жапырақтарда
E) түзуші ұлпаларда
F) тұқымдарда
G) түйнектерде
H) пиязшықтарда
|
28. Сарымсақ, лалагүлді көбейтеді
A) түйнегімен
B) пиязшығымен
C) бүршігімен
D) телу арқылы
E) тамырсабағы арқылы
F) көзшесімен
G) кіндік тамыры арқылы
H) мұртшасымен
|
29. Есту мүшесі тек ішкі құлақтан тұратын жануар
A) кебісше
B) сазан
C) кенгуру
D) жылан
E) құрбақа
F) тауық
G) саламандра
H) акула
|
30. Шеміршекті балықтардың қабыршағы
A) энтодерма
B) мезодерма
C) плакоидты
D) эпидермис
E) сірқабық
F) дерма
G) эктодерма
H) сілемейлі қабық
|
31. Екі жауырын мен екі бұғанадан тұрады
A) асық жілік
B) кеуде қуысы
C) омыртқа жотасы
D) шүйде
E) аяқ сүйегі
F) қол сүйегі
G) қабырға
H) иық белдеуі
|
32. Жасуша органоидтары
A) Митохондрия
B) Темір
C) Лизосома
D) Кальций
E) Көмірсу
F) Рибосома
G) Май
H) Нәруыз
|
33. Жорғалаушыларды зерттейтін зоология саласы
A) герпетология
B) орнитология
C) энтомология
D) маммалогия
E) ихтиология
F) гельминтология
G) бриология
H) лихенология
|
34. Астық тұқымдасы өкілдеріне тән белгілер
A) күлтежапырағы желкен
B) түйнекті
C) сабансабақ
D) жапырақтың түп жағы қынапша
E) кіндік тамырлы
F) себетгүл
G) жемісі қауашақ
H) тамырсабақты
|
35. Ұрықта қалыптасатын бүршік
A) өсу нүктесі
B) қолтық
C) атпа
D) қабыршақ
E) жанама
F) төбе
G) бұйыққан
H) қосалқы
|
36. Ұлулардың ішіндегі ең жоғары құрылымды жәндік
A) зымырақ
B) құртамыш
C) кальмар
D) кемеқұрт
E) қантұрғын
F) тоспа ұлуы
G) айқұлақ
H) каракатица
|
37. Лейкоциттердің негізгі қызметтері
A) рефлексті атқару
B) қанның ұюына қатысу
C) ауру тудыратын бактериядан қорғау
D) көмірқышқыл газын тасымалдау
E) қан кетуді тоқтату
F) бөгде денелердің енуінен қорғау
G) оттекті тасымалдау
H) қозғыштықты реттеу
|
38. Өсімдіктерге калий жеткіліксіз болса
A) сабағы нашар дамиды
B) жапырағы бозарады
C) жемістің түзілуі баяулайды
D) тірек ұлпасы жетілмейді
E) өсімдік аласа болады
F) жапырағы қурайды
G) жылдам өседі
H) салмағы артады
|
39. Адам мен жануарларда паразиттік жолмен тіршілік ететін бунақденелілер
A) Бүрге
B) Құмырсқа
C) Қандала
D) Бүйі
E) Балара
F) Қоңыз
G) Шегіртке
H) Көбелек
|
40. Сүйектердің байланысу түрлері
A) айналмалы қозғалатын
B) қозғалатын
C) жартылай қозғалатын
D) шеміршекпен байланысуы
E) буынмен байланысуы
F) толық қозғалатын
G) қозғалмайтын
H) сіңірмен байланысу
|
БИОЛОГИЯ
ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
Достарыңызбен бөлісу: |