3. Популяциялық гомеостаз.
Популяциялық гомеостаз дегеніміз популяцияның сандық мәнін белгілі бір шегінде ұстап тұруы. Реттеуші фактор популяциялық гомеостазды туғызады. Реттеуші факторларға жыртқыш-жемтік типтегі ағзалардың қарым- қатынасы жатады. Жемтіктің көп саны жыртқыштардың көбею жағдайына себеп болады. Реттеуші факторлар түраралық фактор және түрішілік ағзалардың қарым-қатынас деңгейінде жүреді.
Гомеостаздың түраралық механизмдеріне жыртқыш-жемтік, паразит- қожайын типтегі қарым-қатынастар жатады. 4. Ағзалар арасындағы қатынастар:
1. Симбиоз немесе мутализм - қарым-қатынас екі түрге де тиімді, немесе әр түрге жататын организмдер бір-біріне қолайлы жағдай туғыза отырып селбесіп тіршілік ету. Бұл байланыстардың деңгейі әртүрлі («++»).
Симбиоз - мысалы- қыналар: саңырауқұлақтар мен балдырлардың бірлесіп тіршшік етуі. Балдырлар саңырауқұлақтарға фотосинтез өнімдерін жасайды, ал саңырауқұлақтар балдырлар үшін субстрат және минералдық заттарды жеткізіп отырады.
Микориза: саңырауқұлақтар мен өсімдіктер тамырлары. Жануарлар асқазаныңдағы микроорганизмдер.
2. Комменсализм- екі түрдің арасындағы қарым-қатынас формасы, бұл қатынаста бір түр басқа түрге (комменсалға) тамақ немесе тұратын орын береді, бірақ өзіне ешқандай тиімді емес («+-»).
Комменсализм - басқа түрге зиян келтірмей, бір түрдің біржақты пайдалануы. Мысалы арыстан мен шендер арасында, акула мен оның қасында жүретін жабысқақ балықтар, медуза қоңырауы астындағы ставрида шабақтары, қи қоңыздары денесіндегі кенелер т.б.
Нейтрализм - бір территориядағы екі түрдің бірлесіп тіршілік ететін және олар үшін жағымды, не жағымсыз әсері жоқ биотикалыққатынастар формасы. Мысалы, тиіндар мен бұғы бір орманда мекендейді, бірақ бір-бірімен ешқандай қатынасы жоқ. Алайда орманның құрғақшылығы немесе зиянкестермен орманның құруы екі түрге де әртүрлі деңгейде әсер етеді.
4. Бәсекелестік - экологиялық талаптары ұқсас түрлер арасындагы қарым-қатынастар, яғни бір немесе бірнеше түрге жататын организмдердін өзара қорек, мекені, т.б. ресурстардың жетіспеушілік жағдайындағы қарым- қатынастардың көрінісі. Мұндай түрлер бірлесіп мекендейді, бірақ екі жақта да жағымсыз әсер етеді. Г. Ф. Гаузенің «бәсекелестік шығарып тастау заңы», Дарвин өз еңбектерінде «бәсекелестік сәйкестенбеу» туралы ертеден көрсеткен.
5. Жыртқыш-жемтік - бір түр екіншісіне қорек болатын биологиялық қарым-қатынас. Жыртқыш пен жемтік үшін әрқайсысына тән әртүрлі экологиялық адаптациялары бар.
6. Паразитизм - бір түр өкілінің екінші бір түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалану арқылы тіршілік ету.
7. Амменсализм- организмдерге теріс ықпалын тигізу арқылы қарым-қатынас жасаудың тағы бір түрі.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Популяцияға анықтама беріңіз.
2.Популяцияның жастық және жыныстық құрамын сипаттаңыз
3.Популяцияның кеңістікте орналасу түрлерін көрсетіңіз.
4.Туылу, өсу жылдамдығы, өлу дегеніміз не?
5.Туылу мен өлімнің типтері қандай?
6.Биотикалық потенциал дегеніміз не?
7.Биотикалық факторлардың түрлері қандай?
Әдебиет
1. Бейсенова Ә.С. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.
2.Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.
3.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.
4.Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.
5. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.
6. Мөмбетказиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.
7. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «Қазақ университеті», 2000.
8.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма- Ата, «Ана тілі», 1991.
9.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.
Достарыңызбен бөлісу: |