Жердегі бүкіл өмір клеткадан бастап биосфераға дейін белгілі ритмге тәуелді. Жер шарындағы табиғат белдеудері, климаттық және географиялық белдеулердін жіктелуі Күн сәулесінің түсуіне және мұхиттардан алыс немесе жақын орналасуына байланысты. Табиғаттағы осындай жүйелі ауысып келіп отырған факторларға байланысты өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінде табиғи күнбағыстарға үйлесе дамитын бейімделушілік қалыптасады.
Фотопериодизм дегеніміз организмдердің тәуліктік жарық пен қараңғы мерзімінін ұзақтығына байланысты оған жауап беру реакциясы.
Өсімдіктердің фотопериодизм құбылысына қарай 3 тобын ажыратуға боладьғ Олар: қысқа күнді өсімдіктер (гүлдеуі мен тұқымның жетілуі 8-12 сағатгық жарық мерзіміне тәуелді), ұзақ күнді өсімдіктер (16-20 сағаттық жарыққа тәуелді) және жарық мерзіміне тәуелсіз өсімдіктер.
Сұрақтар меи тапсырмалар:
1. Тіршіліктің пайда болуы жайлы теорияларына тоқталыңыз.
2. Тірі ағзалардың ұйымдасу деңгейлерін анықтаңыз.
3. Тіршілік орталарын атаңыз.
4. Су ағзаларының экологиялық жіктелуін беріңіз. Әр топтың өкілдеріне мысал келтірініз.
5. Топырақ және құрлық-ауа ағзаларының экологиялық жіктелуін көрсетіңіз.
Әдебиет
1. Бейсенова Ә.С. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.
2.Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.
3.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.
4.Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.