Сабақтың тақырыбы: «Әлемге мейірімділікпен»



Дата26.08.2017
өлшемі1,2 Mb.
#29235
түріСабақ



Тараз қаласы № 1 гимназияның

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Абдуанова Мадина Оразбекқызы
Тәрбие сағаты

5 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Әлемге мейірімділікпен»

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: «Толеранттық» сөзінің мағынасын ашу, Тәуелсіз Қазақстанымыздағы дінаралық қатынастардағы толеранттық, ұлтаралық және халықаралық бірлік туралы тусінік беру.

  • Дамытушылық: оқушылардың бойында адамдарға, әлемге деген мейірімділік, төзімділік дағдыларын қалыптастыру, өз ойларын айта білу

  • Тәрбиелік: Ұлтаралық достық қарым қатынасты сақтауға, қоғамда тұрактылықты, шыдамдылықты сақтауға, бір – біріне мейірімді болуға тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже: әр түрлі оқушы болса да, ештеңеге қарамастан , сынып оқушылары бір – біріне мейірімділікпен, төзімділікпен қарай білу

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, ватман, түрлі қарындаштар, түрлі суреттер, фломастерлер

Сабақтың әдісі: миға шабуыл, түрлі ойындар, «екі жұлдыз, бір тілек» , түсіндіру, әңгімелесу, топтастыру

Сабақ барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен сәлемдесу

  2. « Көңіл- күй жәшігі» ойыны. Шарты: сабақты жақсы көңіл – күймен бастау үшін, жағымсыз қылықтарды, көңілсіздікті, жағымсыз естеліктерді жәшікке салып, жәшікті желімдеп, жабамыз. (2 мин.)

  3. Шаттық шеңбері. Оқушылар бір – біріне жақсы көңіл – күй тілейді(3 мин)

ІІ. Миға шабуыл (5 мин)

  1. «Мейірімділік» деген не?

  2. Өздерің мейірімді іс атқардыңдар ма?

  3. «Төзімділік» деген не? Ол қандай істерде байқалады?

  4. «Достық» деген не?

  5. Адамдардың барлығы бір – біріне ұқсайтын болса, әлем қалай болар еді?

ІІІ. «Өзіңді суретте» (10 мин)

Барлық оқушыларға адамның сұлбасы таратылады. Осы сұлбаны өзі деп елестетіп, өзінің ерекшеліктерін сала отырып суреттейді.Салған суреттерін тақтаға іледі.Ерекшеліктерін ажыратады.

  • Ұқсастықтары (қолы, аяғы, т.б.)

  • Айырмашылықтары (түрлі - түсті киімдері, шаштарының түстері, көздерінің түстері, т.б.)

  • Ал, балалар, суреттерімізге қарайықшы, біз әр түрліміз, әрқайсысымыздың өз ерекшеліктеріміз бар, сол ерекшеліктерге байланысты әр адам өзі бір бөлек қайталанбас «жеке тұлға». Яғни, біз адамдардың сол ерекшеліктерін ескере отырып, «жеке тұлғаны» құрметтеу керекпіз

ІҮ. «Сиқырлы орындық» (10 мин)

Шарты: екі сұраққа жауап беру арқылы

  1. Сіздің ермегіңіз?

  2. Сіздің арманыңыз?

  • Оқушылар бірнеше жылдар бойы бір сыныпта оқыса да, бір – бірі жайлы аз біледі, яғни кім немен айналысады, нені ұнатады, нені ұнатпайды. Бір – бірін түсініп, өзін сол адамның орнына қойып, өзімен салыстырып көреді. Өз басын ойлап қана өмір сүрмей, өзінің жанындағы адамдарды да ескере отырып, оның адами құндылықтарын өзімен салыстыру, ашып айтқанда төзімділікті талап етеді. Өйткені ол үшін өзіңді де жақсы білуің қажет.

Ү. «Айтты, айтады, айтқым келеді...» (5 мин)

Оқушылар орындарында отырып, жүргізушіден бастап, кезекпен :

«Мен кішкентай кезімде мені еркелетіп Мони деп атады, қазір мектепте Мөлдір деп атайды, ал үлкейгенде мені барлығы Мөлдір Әлімбекқызы деп айтады»



- Көптеген бала үшін әкесінің есімі, оның бала кезіндегі есімдері қызық және күлкілі естілуі мүмкін, бірақ бәрі айтып шыққанда, олардың бойында өзіне, әкесіне деген құрметі артып, өмірге, болашаққа деген көзқарасы өзгереді.Бір – біріне деген сыйластығы артады.

Қорытынды: Бізді сыйлағанын, бізді еркелеткенін қажет етеміз, бірақ ең бірінші біз өзіміз түсініп, өзімізді сол орынға қойып, адамның көңіл – күйін қабылдап, ренжітпеуге тырысу керекпіз

ҮI. Мағынаны тану (5 мин)

«Қазақстан-2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты күн тәртібімен өтілген Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев:

«Ғаламдық трендтерді ескере отырып, біз мемлекет, қоғам мен діннің өзара әрекеттестігінің тиімді моделін табуымыз қажет. Зайырлы мемлекет пен қоғам бұл – біздің тарихи таңдауымыз. Зайырлы атеистік дегенді білдірмейді. Зайырлы дегеніміз бұл – озық, толерантты, ашық қоғам. Біз дәстүрлі діндерге қолдау көрсетіп, кез келген экстремизм түрін үзілді-кесілді мойындамаймыз. Жастарды радикалды діни ағымдардан қорғауымыз қажеттігіне сенімдімін. Сондықтан, Қазақстанның діни қайраткерлері бұл жолда жұмыс атқарады деп ойлаймын»

«Біздің ұлы даламыз мыңдаған жыл бойы толерантты болып келді. Бұл ретте мен толеранттылықтың бассыздық емес екендігін атап өткім келеді. Толеранттылық бұл – біздің қоғамның адамгершілік нормалары. Оларды біз нығайтып, қорғап , барлық буындарды тәрбиелейтін боламыз», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Толеранттылық (лат. tolerantia — төзімділік, көнбістік, шыдамдылық) — басқа ойға, көзқарасқа, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті. Толеранттылық — адам құқығы мен бостандығы, адамға деген мейірімділік.

БҰҰ басшылығымен 1996 жыл 16 қараша көптеген мемлекеттерде Халықаралық толеранттылық күні немесе Төзімділік күні деп белгіленген.

ҮII. Шығармашылық жұмыс. «Толеранттылық әлемі» (Топтастыру)(5 мин)

Құрал – жабдықтар: фломастерлер,қарындаштар, желім, ватман, әр түрлі суреттер

Балалар ватманға берілген суреттерден қабырға газетін жасайды.

ҮIII. Қорытынды (3 мин)

«Мейірімділік гүлі» (мейірімділік гүлін әсемдеу)

Толеранттылық – мейірімділік

Толеранттылық – төзімділік

Толеранттылық – құрметтеу

Толеранттылық – достық

Толеранттылық – бірлік

Толеранттылық – ынтымақ

Толеранттылық – түсіністік

ІХ. Рефлекция: (2 мин)

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы қорытындылау

(оқушылар өздерінің ойларын стикерлерге жазып, тақтаға іледі)



  • Қазақ халқы ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, сонымен қатар көп ұлтты егемен елміз. Біздің міндетіміз өзімізді ғана ойламай жан – жағымыздағы әр «жеке тұлғаны» түсініп, оның ісіне мейірімділікпен қарап, достық сезімімізді сыйлап, бір шаңырақтың астында төзімділікпен өмір сүру. Бірлігіміз, достығымыз жарасқан қоғамда толерантты тұлға болыңыздар, іс - әрекетке төзімділік таныта біліңіздер. Әлемге мейірімділікпен қараңыздар

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. http://www.zharar.com

  2. «ҚазАқпарат»

  3. Рожков М.И. и др. Воспитание толерантности у школьников. Ярославль, 2003.

  4. kk.wikipedia.org/wiki/Толеранттылық

  5.  ZOOMRU.RU company - Student.zoomru.ru

  6. Журнал "Жасstar", №2(32) 2012 г.

  7. Психология снятие тревожности и напряжения


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет