Тәрбие жұмысының мазмұны, әдісі және тәсілі. Гимназияның мақсаты



Дата15.09.2017
өлшемі83,19 Kb.
#32730
Тәрбие жұмысының мазмұны, әдісі және тәсілі.

Гимназияның мақсаты: үйлесімді дамуына жағдай туғызып, бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп, даралап оқыту арқылы ұлтжанды, мәдениетті жеке тұлға тәрбиелеп шығару.

Іске асыру жолдары:

  1. Қосымша сабақтан тыс шаралардың ұйымдастырылуы.

  2. С.Ж.С.(ай сайын)

  3. Отбасы педагогикалық-ынтымақтастығы, құқықтық оқу, жиналыс сынып жетекшілерімен жеке кездесу.

  4. Оқушылардың өзін-өзі басқару.

  5. Сыныптан тыс жұмыстар (үйірме, секция, қызығушылығын тудыратын клубтар)

  6. Кітапханамен жұмыс

  7. Көрнекілік-сынып бұрышы, құжаттар актісі, тақырыптық газет лис.

Тәрбие жұмысының негізгі міндеті мектеп ұжымы алдына қойылған жалпы және тәрбие жұмысының жоспарын жүйелі түрде нәтижелі орындау.

Тәрбие жұмысының басты бағыттары.

-құқықтық саяси мәдениет тәрбиесі;-патриоттық тәрбие;

- салауатты өмір салты тәрбиесі; - рухани-имандылық тәрбиесі;

- әлеуметтік отбасы-ынтымақтастық тәрбие бағыты;



-Гармония(қоғамдық К.Т.Д, және байқау)

Төмендегі іс-әрекеттер арқылы тәрбие жұмысы жүзеге асты:

  • Қоғамдық саяси белсендігі мен азаматтың көз-қарасын тәрбиелеу және саяси мәдениеттілік дайындылығын қалыптастыру бағытында Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы, еңбек ардагерлерімен және еңбек мүгедектерімен кездесу күні;

  • Саяси-қоғамдық фильмдер көру және оны талқылау және көрме залдары, мұражайларына жорық;

  • Қоғамдық-саяси мерекелерге, шеруге қатысу;


Танымдық іс-әрекеттік шараларға:

  • Білім күні; Тіл күнінің айлығы; Пән апталығы, олимпиадалар;

  • Кабинеттер және сынып бұрышы байқауы;

  • Тілашар мерекесі;

  • Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай мектептің кіре берісінде үлкен стенд жасалып, жыл бойы мазмұны түрлі тақырыптарға орай ауыстырылап отырады;

  • Соңғы қоңырау, үздіктер шеруі;

  • Мектеп бітіру кеші іс-шарасы өтеді.

Экологиялық мәдениет тәрбиесін қалыптастыруды дамыту мақсатында өткен тәлімдік шараға:

  • «Біз ауламызды таза ұстаймыз»;

  • Төтенше оқиғадан сақтану күні;

  • Денсаулыққа зиянды кесапатқа қарсылық жиыны және АнтиСПИД-ке күрес-хабарлама листогын шығару;

  • «Экология және балалар» конференция;

  • Планета күні – айлық;

  • Жазғы практика;

  • Мектеп жанындағы сауықтыру лагері;

  • Әскери-патриоттық тәрбие айлығы жасалады.

Спорттық –денсаулықты шынықтыру әрекеті. СӨС қажеттілік тәрбиесі. Бала өмірін сақтау үшін:

  • «Алтын күз» мектепішілік кросс;

  • Денсаулық бағдарламасын жасау және жүзеге асыру.

  • Спорт жарыстары (мини-футбол, шахмат, волейбол, баскетбол, қазақша күрес)

  • «әке,шешем және мен», білек сынасу, тоғызқұмалақ, қысқы және жазғы сопрт ойындары бірінішілігі, велосипед, шанамен сырғанау;

  • Фестиваль «Спорттық көңілді эстафета»;

  • ЖИТС, нашақорлық, алкоголизм, темекіге қарсы бағытталған шаралар.

  • «Жаман әндет-індет» - мамандармен кездесу;

  • « Есірткісіз болашақ» қабырға газетінің қалалық байқауы;

  • «Денсаулық –басты байлық»- валеология кеші;

  • «Алтын күз» балы, жәрмеңке;

  • «Салауаттылық деген не?» сауалнама (әр айдың бірінші аптасы);

  • Қамқорлық акциясы - қарттар, жетімдер үйіне көмек жасалады. Еңбек белсендігі. Еңбек жасауға саналы көзқарасын қалыптастыру үшін төмендегі шаралар:

  • Мектеп участігіндегі еңбек жұмыстары;

  • Ауланы тазалау, тазарту айлықтары;

  • Ертегілік мүсіндер көрмесі, Сырғанақ мұз айдыны, спорт алаңын тазалау;

  • «Қар қалашығын» жасау;

  • «Күз мерекесі» жәрмеңке;

  • Кәсіптік мамандық таңдау жұмысы(кездесу) өткізіледі.

Эстетикалық – имандылық, халық педагогика мәдени құндылықты тану, түсіну әрекетін қалыптастыру мақсатында «Бала санасындағы- Қазақстан» стенд жасап, «Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан», «Менің Отаным –Қазақстан» онкүндік, «Елім менің» тақырыптарында патриоттық әндер сайысы жүргізіледіді.

Тәрбие жұмысын орындауға кездесетін проблемалар педкеңесте қаралады. Жеке тұлғаның тәрбиесі мен дамуын жетілдіру, бағдарлы сыныптарға бөлу арқылы оқыту, оқушыға қажетті жағдай жасау - мектептің негізгі жұмыс бағыты. С.Ж семинарында сынып сағатының, сабақ үстіндегі тәрбие сағатының жаңа технологиямен өткізілу түрлері, өзін-өзі басқарудың принципі және нәтижесі, оқушылардың тәрбиелілігінің мониторингісі, диагностикасы, СӨС- шаралары, бос уақытын ұйымдастыруы қаралып кеңестер беріледі. Мектеп ұжымы ата-аналар жиналысын, «Шырақ» ата-аналар университеті әр отырысы тақырып бойынша өткізуге үлкен көңіл бөлінеді. Жиналысқа психолог, пән мұғалімдері, кітапханашы, ГДН, құқық қорғау ұйымының қызметкерлері СПИД және НАРКО орталық мамандары шақырылады. Ата-аналар комитетінің отырысында ата-аналардың әлеуметтік жағдайы туралы, мектептің материалдық-техникалық базасы туралы сұрақтар қаралады.

Сонымен бірге отырыста туристік саяхат, экскурсия және мектептің дәстүрлі мерекелерін өткізу қаралады. Бұндай жұмыстардың жүйелі жүргізілуі оқушының тәрбиелік дейгейін көтеріп нәтиже береді.

Мектептің басты көрсеткіштеріне төмендегі жетістіктерді айтамыз: - «Қосымша білім берудің» тәрбие жұмысының Концепциясы;

№1,№2 Мағжан тәлім-тәрбие ордасының ақпараттық-жарнамалық жинақ кітапшасы; - Концепциялық әлеуметтік-педагогикалық қызмет;- «Оқушының жазғы демалысы» - Ғылыми зерттеу конференция, пән олимпиадағы жүлделі орындары; -Эстетикалық «Шолпан» би ансамблінің республика, шетелге шығуы; - Спорт, интеллектуалдық сайыс жеңімпаздары атанған оқушылардың жетістігін айтамыз. «Ұлттық рухты қазақ мектебі» сәуір айында өткен аймақтық семинардың жоғары деңгейде өтуі, жинаққа енгізілді (ИПК). Осы орайда мектепті көркемдеуде көптеген жұмыс түрлері, кафедра стенділері, тақырыптық стенд жұмыстары жасалды.



Мектептің өзін-өзі басқару жұмысының тиімділігі және нәтижесі:

Тәрбие жүйесінің негізгі мақсаты үйлесімді дамуына жағдай түғызып, бейімділігі мен қабілетін сәйкес тереңдетіп, даралап оқыту арқылы ұлтжанды, мәдениетті жеке тұлға тәрбиелеп шығару. Барлық сынып жетекшілері осы бағыттар бойынша жоспар жасап тәлімдік шаралар өткізеді. «Болашақ» шәкірттер парламенті өзін-өзі басқару күнін өткізіп, сынып жетекшілерінің, ұстаздар қауымының жүргізген жұмыстарының нәтижесін көрсетеді.

Дарынды оқушыны саралап, анықтау жұмыстарының дәлелі ретіндегі тәрбие көрсеткіші оқушылардың өнер, спорт, ғылыми шығармашылықпен айналысуы, дебат сайыстарына қатысып жүлделі орынды алуы және мәнерлеп оқу, интеллектуалдық өнер сайысындағы көрсеткіштерін айтамыз.

Мектептің өзін-өзі басқаруқұрылымы екі деңгейлі.



Бірінші деңгей- өзін-өзі басқарудың сыныпта ұйымдастырылуы. Бұл сынып кеңесінің жиналысында қаралып, сынып белсенділері 6 секторға бөлінеді.

Екінші деңгей –мектептің О.Ө.Ө.Ұ-ның құрылтайы, есеп беру сайлауы. Кеңес парламент президентін және 5 министірлікті сайлайды, міндетін анықтайды.

Шәкірттер парламентінің лауазымдық қызметін негіздейтін құжаттар:



  • Мектеп жарғысы;

  • Оқушы ережесі;

  • Парламенттің жұмыс жоспары;

Шәкірттер парламентінің жұмысы жүйелі түрде мектеп ұжымымен бірлесіп атқарылады. Ө.Ө.Ұ-ның мектептің өзін-өзі тәрбиелеу және дамыту жұмысына, сенбілікке, кезекшілікке, рейдке қатыстырылуы жеке тұлғаның дамуына себепші болады.

Мағжан тәлім-тәрбие орталығының сынып жетекшілерімен жұмысы және оның тиімділігі:

-«Мағжан» тәлім-тәрбие орталығы арқылы гимназияның мақсатына сай ұйымдастырылуы.

- Тәрбие жұмысының мазмұны жоспарланған нәтижеге жету барысында оқушылардың:

а) сабақ барысында (шығармашылық ізденуіне түрткі туғызу арқылы ойын әрекеті, пікірталас, эксперименттік, зерттеушілік, танымдық іс-әрекеттер арқылы);

ә) сынып ішінде және сыныпаралық (ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру);

б) сыныптан тыс және мектептен тыс (пән апталығы, байқаулар, олимпиада, турнир, марафон, клубтық және үйірмелер) тағы басқа танымдық іс-әрекет түрлері арқылы жүзеге асады.

Тәрбие жұмысының бағыттары:


  1. Отандық-патриоттық тәрбие;

  2. Азаматтық-саяси құқықтық бағытындағы тәрбие;

  3. Салауатты өмір салты бағытындағы тәрбие;

  4. Этнопедагогикалық – отбасы ынтымақтастық тәрбие;

  5. Рухани-адамгершілік бағытты тәрбие;

Тәрбие шараларын ұйымдастыру жас ерекшеліктеріне сәйкес кезеңдер бойынша жүргізіледі.

I саты: «Мен кім?»

«Өзін-өзі бақылау арқылы өзін және өзгені тани алатын, ізгілікке жетелейтін, сыйлайтын, жақсы көретін, дені сау, өзіне сенімді шәкірт» тәрбиелеу мақсатындағы іс-шараларға – «Әділет» үйірмесі; Жасөнерпаз; «Мағжантану» курс бағдарламасы; Жас желекші; «Шаңырақ» сайысы үйірмесінің сайыстық тәлім шарасы жатады.



II саты: «Мен ізденуші» бұл «Болашақ» күні, Таланттар орталығы; «Жас сақшы» отряды;-«Заңгер» құқық үйірмесі; Жас Мағжан» үгіт-насихат бригадасы; «Жас қаламгер» үйірмесінің іс-шаралары жатады.

III саты: «Мен болашағыма сенемін» бағыты «Өз білімін қолдануға және жетілдіруге бейім, елінің жасампаз болашағы болуға ұмтылатын, тұғыры биік тұлға» тәрбиелеуші жүзеге асыру іс-шараларына – «Болашақ» шәкірттер орталығы; «Мағжан өреңдері» үйірмесі; «Заңгер» клубы; «Сахналық өнер» үйірмесі; «Ұлан» әскери спорт орталығы; «Сырласу» клубы; «Денсаулық» орталығының жұмыстары жатады.

Тәрбиелік іс-шараларды жүзеге асыру барысындағы әдіс-тәсілдері:

  • диагностика, гистограмма, социометрия;

  • мониторинг, рейтинг әдістері;

  • психологиялық үйлесімділік тест;

  • мадақтау, үйрету, көтермелеу.

Мектепке көкейге қонарлық киім үлгілерін еңгізу қазіргі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Оқушының нағыз ұлттық санасы, мінез-құлқы қалыптасатын кез-мектеп жасы. Мектепте ең көп киетін киім үлгілерінің бірі мектеп формасы, оны бір жылдың 9-10 айында киеді.

Сондықтан да гимназия оқушысының сырт бейнесі көрсетілген үлгі бойынша талап ету туралы гимназия жарғысында атап көрсетілген.



Жетістіктер :

*Жеке оқушылармен жүргізілетін жұмыс сапасының артуы ;

*Жекелеген оқушылардың жетістіктерінің артуы;

*Аралық және қорытынды аттестаттау нәтижесінің көрсеткіштерінің жылдан- жылға жоғарлауы;

*Сапалы кадрмен қамтамасыз етілуі.

Міндеттер:



*Білім сапасын орта деңгейден жоғарлату;(70%)

*Оқушының білуге құштарлығын,танымдық қызығушылығын қалыптастыру,оқу әрекеті тәсілдерін игерту;

* Тұлғаны әлеуметтік моральды-этикалық мінез- құлық нормаларына Қазақстандық елжандылық рухта және рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу;

* Ақпараттық – коммуникативтік және инновациялық білім беру технологияларын информатика пәні арқылы енгізу ;

* Мемлекеттік және шет тілдерін ерте оқытуды 1- сыныптан бастап енгізу ;

* Оқушылардың дарындылығы мен интеллектуалды деңгейін төменгі сыныптардан анықтау және дамыту ;

* Жеке гигиеналық және денсаулық сақтау негіздерін қалыптастыру;

* Оқытуды оқушылардың психологиялық- физиологиялық ерекшеліктеріне қарай дараландыру мен сараландыру.

* Оқу әрекеттерін ақпараттық –коммуникациялық және мультимедиялық технологиялардың жетістіктері негізінде ұйымдастыру.
Оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшелігі :

*Ақпараттық- коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы көптілділікке оқыту;



*Барлық сыныптарды оқу – тәрбие үрдісінің күн тәртібі толық күн оқитын мектеп жүйесіне негіздеп құру .(Күннің алғашқы жартысында сабақ , ал екінші жартысында оқытудың жеке маршруты бойынша жұмыс, зерттеу жұмысы, оқушыны жалпы дамыту сабақтары ,тәрбие жұмыстары жүргізіледі).
Каталог: files -> blog
blog -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blog -> Программа по предмету «Русский язык»
blog -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blog -> 14 ақпан «Демалыс күн» клубында қазақтың әйгілі күйшісі, композиторы Дина Нұрпейісованың (1861-1955) 155 жылдығына арналған тарихи-танымдық сағат өтті
blog -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blog -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blog -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blog -> Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты мектепішілік көркемсөз сайысы Мақсаты
blog -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blog -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет