№4 Ертіс жалпы орта білім беру мектебі



Дата28.01.2018
өлшемі65,77 Kb.
#35102
№4 Ертіс жалпы орта білім беру мектебі

Садвакасова Н.Б.

Бастауыш сынып мұғалімі

Тәрбие сағаты «Бақытты балалық шақ»



Мақсаты:    

1. Оқушыларды жан-жақтылыққа, көптілділікке тәрбиелеу. Өзін-өзі тануға, бағалай білуге, басқара білуге тәрбиелей отырып, эстетикалық, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиелерін беру.

2. Оқушылардың логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін кең көлемде дамыту

3.Ата-ананы құрметтеу, сыйлауға баулу.



Технологиясы: дамыта оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау, өзін-өзі дамыту стратегиялары.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, диалог, ойын, сурет салу, жарыс.

Формасы:     Ұжымдық, жеке.

Көрнекіліктері: «Бақытты балалық шақ», «Атадан - өсиет, анадан - қасиет», «Балаң   жаман болса, көрінгеннің мазағы», «Білімдінің алды жарық, білімсіздің күні ғаріп», «Ақыл - дария, ой - теңіз» нақыл сөздер жазылған плакаттар, шарлар, минусовкалар, кітаптар, балалардың шығармашылық көрмесі, оқушылардың жұмыс папкалары, ата-аналар үшін сұрақтар жазылған қалташалар.

Сабақтың барысы:

1. Кіріспе бөлім

    Армысыздар! Құрметті оқушылар!

                             Армысыздар! ата-аналар!

                             Міне, бүгін өнер-білім көрсетіп, оқушылар сіздерді тамсандырар.

     «Ән – көңілдің ажары» демекші «Бақытты балалық шақ» тақырыбындағы тәрбие сағатымызды әсем әнмен ашайық.Слайд бойынша ән тыңдап, қандай әсер алғанын айтады.

Шаттық шеңбер: құрып,әр бала бір-біріне «жүректен жүрекке» жүрекшені бере отырып,жақсы тілек тілейді.


  1. Негізгі бөлім

Думанды дүбір, ән жырлы,

Жайқалған өмір, жас бағы.

   Өсіп ой мен санамыз,

Өмірге жол саламыз.

                  Біз бақытты баламыз,

                  Біз бақытты баламыз.

                 «Мақал-мәтел сөз мәйегі» демекші біз мақал-мәтел білемізбе?

Ана көрген тон пішер,әке көрген оқ жанар мақал-мәтелдерді жалғастырады.

       - Оймен, кәне, өсейік,

                              Жұмбақ шешіп көрейік.

Оқушылар қорапшадан жұмбақтарды алып, шешуін табады.

 

     Қазір, балалар «Бақытты отбасы»,Бір шаңырақ астында» ,«Әрқашан күн сөнбесін» атты сурет саласыңдар.Әр топ өз салған суретін әңгімелейді.



    Енді «Жылдам ойлан» ойынын ойнаймыз

Шарты: Жүргізуші сөз айтады. Оқушылар сол сөздің қай сөз табына жататынын сұрақ қоя отырып айтады.

      Мысалы: Айна – не? Зат есім

      Әдемі – қандай? – Сын есім

      Бірнеше – қанша? – Сан есім

      Жүгіреді  -не істейді? – Етістік

     Шарты: үстелдегі сұрақтарды  алып, жауап береді.



  1. Төрт түлік малдың аталуы:

  2. Қазақша ай аттарының аталуы

  3. Қазақ халқының дәстүрлі той-томалақтарын атаңыз

  4. Ұлттық ойындарды атаңыз

  5. Балаңызды еркелетіп айтатын сөздеріңіз

Қызықты сұрақ: Қайсысы жақын?

Кішкентай Самат пен Марат әңгімелесіп отырып:



  • Қалай ойлайсың, аспан жақын ба, әлде Мәскеу жақын ба?

  • Әрине, аспан

  • Неге?

  • Өйткені, біз аспанды көреміз, ал Мәскеуді көре алмаймыз.

       Ойланайық,  толғанайық

                             Есеп, мысал шешейік.



Математикалық жұмбақтар: «Кім жүйрік?»

  1. Бес алманың үшеуін

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалады?                        (2)


  1. Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның қабын және алдым.

2 дәптер, 1 қарындаш,

Тіс ысқышты тағы алдым.

Есептеші сонда бәрі,

Қанша болды қолда бары?  (6)


  1. Алмаға кеп күнара,

Қонушы еді бір ара.

Бүгін 9 туысын

Ертіп келді бұл ара

Сонда бүгін алмаға

Келіп қонды қанша ара?                 (10)


  1. Табақта 5 өрік

Қолында 4 өрік

Қосқанда барлығын

Болады неше өрік?                           (9)


  1. 2 адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады.

Әрқайсысы неше сағат ойнады?               (2 сағат)

  1. 4 жұмыртқа 4 минутта піседі,

1 жұмыртқа неше минутта піседі?                        (4 минут)

Рефлексия: Ой қосылып ойыңа,

Бой қосылсын бойыңа.



Аман-есен болайық,

Ата-анамыз жанында!- демекші сабағымызды аяқтаймыз. «Өрмекші торы» арқылы сынып сағатымызды қортындылаймыз.

ПОДРОБНЕЕ










Каталог: uploads -> doc -> 0abf
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0abf -> Первый ученик: Тыңдаңыздар!
0abf -> Сабақтың тақырыбы: §17. 1931-1933 жылдардағы ашаршылық. Сабақтың мақсаты
0abf -> Сабақтың тақырыбы: дббж access –деректер базасын құру. Сабақтың мақсаты: білімдік
0abf -> Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі “Өрлеу” біліктілікті арттыру орталығы АҚ филиалы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет