«Біздің сынып» Менің сыныбым үлкен. Жиырма төрт оқушы бар. Біз бірінші сыныптан бері бірге оқимыз. Біз бірге демалғанды, туған күндерде бір бірімізге сыйлық жасағанды жақсы көреміз. Жетекшіміз жақсы адам
«Біздің сынып» Менің сыныбым үлкен. Жиырма төрт оқушы бар. Біз бірінші сыныптан бері бірге оқимыз. Біз бірге демалғанды, туған күндерде бір бірімізге сыйлық жасағанды жақсы көреміз. Жетекшіміз жақсы адам. Ол ән сабағынан береді. Менің сыныпта көп достарым бар. Олар: Артем, Расул және Бек. Біз сабаққа бірге дайындаламыз, үйірмеге барамыз, ойнаймыз. Мен сыныбымды құрметтеймін. (51 сөз)
Сынып Сыныптың қабырғасы ақ, төбесі биік, едені сары. Сыныпта үш терезе бар. Оладың әйнегі үлкен. Қабырғада әдемі сурет ілінген. Сыныпта парталар үш қатар қойылған. Парталардың үстінде дәптерлер, қаламдар, оқулықтар, қағаздар, күнделіктер жатыр. Сыныпта үстел, тақта, орындық, бор, шүберек бар. Орындық үстелдің жанында тұр. Тақтаның түсі қоңыр. Есіктің түсі ақ. парталардың түсі көк. Біздің сынып таза, жарық. (55 сөз)
Мектеп Қыркүйек айы жақындап қалды. Мектептегі жөндеу жұмыстары аяқталып, оқушыларды таза сыныптар, сырланған есіктер, терезе, парта, тақталар күтіп тұрғандай. Жаз бойы дем алып тыныққан оқушылар көтеріңкі көңілмен мектептеріне сағынышпен оралады. Біздің мектеп өте әдемі, биік. Мектепте компьютер сыныптары бар. Мектепте өте білімді мұғалімдер сабақ береді. Мектептің үлкен спорт залы бар. Ол еш уақытта бос болмайды.
(54 сөз)