№1.Кіріспе. "Біз - табиғат қорғаны"(топ - серуен сабақ) Мақсаты: Табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау, ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру. Таза ауамен демалу.
І. Ұйымдастыру бөлімі. - Балалар, бүгін табиғатқа серуенге шығамыз. Серуенге шықпас бұрын мынадай сұрақтарға жауап беріңіз. - Бір жылда неше мезгіл бар? - Әр мезгілдегі табиғаттың көрінісін ата. - Кімге қай мезгіл ұнайды? Несімен ұнайды? - Қазақ халқының салт - дәстүрлерін сақтап, жақсы жерге қоныс тебейік. - Балалар, ауылымыздың шағын бағына барамыз. - Ауылымыз туралы не білесіңдер?(ауыл туралы әңгімелеу) - Айналамызды қоршап, жайқалып өсіп тұрған ағаштар. Ауылымыздың бөгеті мен өзені бар. - Балалар, өзенңмңзде балықтар бар ма? - Балық аулайтындарын бар ма? - Оларда біздің байлығымыз. - Ауылымыздың атап өтетін тағы қандай байлығы бар? - Атап өтер байлығымыздың бірі егіншілік. Яғни біздің нанымыз. - Ал ол егінді кімдер егеді? - Ауылдас ағаларымыз. - Балалар, ағаларымыздың еңбектері Қазақстан, Отан, туған жер, ауыл үшін өте пайдалы. Олар бізге нан береді. - Ал кім нан туралы өлең, мақал біледі? Нан қиқымын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар. Теріп алып қастерлеп, Торғайларға тастаңдар. - «Ас атасы - нан», «Еңбектің атасы нан», «Алтын, күміс тас екен, арпа бидай ас екен» - Туған жерімізде өсетін қандай өсімдіктерді білесіңдер? - Алабота, жусан, түймедақ, ақселеу. - Табиғаттың бір үзігі - өсімдіктердің де адам үшін атқарар шаруасы көп екен. Олар адамға дәрі - дәрмек, ем болып, өмірлерін қауіп - қатерден қорғауға өз үлестерін қосатының білеміз. - Қандай жануарлар тіршілік етеді? - Түлкі, қоян, қасқыр, дала тышқандары, т. б. - Балалар, біз сол біздің жерімізде тіршілік ететін жан - жануарларға құстарға, өсімдіктерге қамқоршы болуымыз керек. Олай болса бәріміз әрбір тірі жанға қамқоршы боламыз.
ІІ. Таза ауамен демалып, түрлі ойындар ойнау. («Ақ селеу, көк селеу», «Мені құтқар», «Кім жылдам» т. б.)
ІІІ. Қорытынды. Қорыта келгенде адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік қой деймін. Табиғат байлықтарын қорғай білу азаматтық борыш. Оны аялап, сүйе білейік. Табиғатты сүйе білу үшін табиғат туралы мол білу керек. Ал мол білім - кітапта, әр пәнді жақсы оқуда. Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Оған қалай болса солай қарайтын адамдар қайда да болса кездеседі. Мысалы: Сөндірілмей тасталған шырпы, темекі тұқымы жайқалып тұрған орман тоғайды құртып жіберуі мүмкін. Ал бір ағаштың өсуі үшін қаншама жыл керек екенін өздерің білесіңдер. Кейбір тентек балалар гүлдерді жұлады, құстардың ұясын бұзады, жазықсыз жәндіктерді өлтіреді.Мұндай жағымсыз қылықтардан өзімізді аулақ ұстай білейік. Табиғатты алайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін де сүйе алмайды.