«Табиғатты қорғау-адамзаттың парызы» атты ашық тәрбие сағаты Орындаған



бет1/6
Дата29.05.2023
өлшемі26,08 Kb.
#177887
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
5 маусым-Бүкіл әлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған тәрбие сағатының іс-шарасы (1)
Математикадан Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі 1, 147 kenguru 2012 class 9-10

«ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
М. КАНАПИЯНОВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ


«Табиғатты қорғау-адамзаттың парызы»
атты ашық тәрбие сағаты
Орындаған: ҚТӘ 11(11) топ студенті Смат Т.Ғ
Тексерген: Қабдрашит Р.Р

Павлодар.,2023ж


Тақырыбы: «Табиғатты қорғау-адамзаттың парызы»
Мақсаты:

  1. Оқушыларға адам ман табиғаттың егіз екенін ұғындыру. Табиғат қазына

байлық екенін түсіндіру. Жерді, құрметтеуді, табиғатты қорғауды үйрету;
2. Қоршаған ортаны қорғау, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру;
3. Туған жердің табиғатын аялаулауға ,табиғатты қорғауға тәрбиелеу, қам-
қорлық жасауға баулу, табиғатты сүюге үйрету, экологиялық тәрбие беру.


Көрнекілігі:
« Жер- қазына, су- алтын, мол байлық» , «Табиғат аясы- адамның алтын бесігі» және «Табиғат — тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні» атты қанатты сөздер мен табиғат жайлы суреттер.

Барысы:
Кіріспе сөз
Мұғалім:
Қымбатты ұстаздар, оқушылар!
Жалпы, табиғат — тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні.
Халық ұғымында табиғат деген сөз жер, аң, туған жер, атамекен сөздерімен қатар тұрады. Олай болса, бүгінгі айтар сөзіміз де,шырқар әніміз де табиғат жайлы болмақ.
Қазақстан табиғатының өлшеусіз байлығын игере отырып, бізді қоршаған ортаның бүтіндігін сақтау да республикамыздағы ең күрделі мәселелердің бірі. Міне бүгінгі тәрбие сағатымызда айтылатын мәселеміз осы.


1 жүргізуші:
Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: «Табиғатты қорғау-адамзаттың парызы». Адам мен табиғат егіз. Табиғатты асыраушың, қамқоршың десең де болады. Ата- бабаңның « Жер- қазына, су- алтын, мол байлық» деп өсиет айтып келгені тегіннен тегін емес. Күнделікті ішіп жүрген тамағымыз, үстіміміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз,тыныс алар ауамыз, ішер суымыз – осылардың бәрі жомарт табиғаттың берген сыйы.


2 жүргізуші:
Ал қазіргі кезде барша адамзат алдында тұрған кезек күттірмейтін киелі де күрделі міндеттеріміздің бірі ыстық ұя, алтын бесік, жұмыр жердің табиғатын қорғау және оның сан алуан байлығын барынша ұқыпты пайдалану болып отыр. Соңғы жылдары ғылым мен техниканың өркендеуі қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуде. Жер шарында жыл сайын шамамен 10-15 милион гектар орман жойылады екен.


3жүргізуші:
Ұзақ жылдар бойы қалыптасқан солақай саясат Қазақстан табиғатын да сұрықсыз күйге түсірді.Жер бетінен жойылып бара жатқан Арал теңізі мен қырық жыл бойы үздіксіз сынаудан көкірегі қарсы айрылған қасиетті Семей жерінің аянышты халі осының айғағы.


4жүргізуші:
«Тәрбие тал бесіктен басталады» дегендей болашақ ұрпақты экологиялық сауатты етіп тәрбиелеуді отбасы , ошақ қасынан бастағанымыз дұрыс. Табиғаттың жасыл желегімен аң құсын аялау, көзі ашық , көкірегі ояу әрбір жанның азаматтық борышы.


1оқушы
Ну орман, жасыл орман, мынау орман,
Далаға қорған болып тұра қалған.
Барлығы баласындай бір-ақ үйдің,
Барлығы жаралғандай бір адамнан.
О, құдірет, неткен шалқар күй ең сен,
Бүгін менің түседі жиі еңсем.


2 оқушы
Осылай да ойланып қой, адамдар,
Жығылмайсың орманыңа жүгінсең
Табиғат әсемдіктің төркінісің,
Ән саламыз бір сенің көркің үшін.
Жан-жануар табынып бір өзіңе,
Сенен асып тұрғандай бар тынысын




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет