КІТАП-өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем!
Мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқу арқылы ой-өрісін дамыту, рухани байлығын толықтыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Көрнекілігі: «Кітап-өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем!» тақырыбы жазылған плакат, мақал-мәтелдер, кітап туралы даналар сөзі жазылған плакат, тақырыптық суреттер.
І бөлім. Кітап әлеміне саяхат.
1-жүргізуші:
Балалар, бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер, оқып, байқап қаралық та,.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па!
Даналық-өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер іздеп тауып алалық та!
2-жүргізуші: Кітап –арабтың жазу деген сөзі. Кітап-өлшеусіз қазына, теңдесі жоқ байлық. «Кітапсыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген мақал тегін айтылмаған. Кітаппен дос болсаң-білім нәріне кенелесің.
1-оқушы: Кітап!
Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы,
Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы.
Ашқанда өткен күнмен беттеріңді,
Келер күн көз алдымда кеп тұрады.
2-оқушы: Кітап!
Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.
Жеткізіп өткендердің өсиетін,
Шешіліп кейде достай сырласады.
3-оқушы:
Адамның досы кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған мүлкі,
Ақылшы, жанға серік, жол бастаушы
Асыл ой қазынасы, өмір көркі.
4-оқушы: Кітабың-сенің құралың,
Жағар білім шырағын.
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір адым.
5-оқушы: Кітаптар бейне жапырақ,
Жырлайтын сырын өмірдің.
Оқисың кейде жатып ап,
Көтеріп күйін көңілдің.
1-жүргізуші: Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Ксилография қалыбы ХІ ғасырда пайда болды. Ал 1045 жылы Шын елінің өнерпазы Би Шен құймалы әріптерді жасап шығарды. Еуропада тұңғыш рет ХІV ғасырда неміс өнертапқышы Гутенберг баспа станогын жасады. Ресейде тұңғыш басылымды 1564 жылы Мәскеуде Иван Федеров пен Петр Метиславец басып шығарды.
2-жүргізуші: Қазақша кітаптар 1800 жылы шығарыла бастады. Кітап басып шығару үшін талай адам тер төгеді. Аялап өсірген сансыз ағаштар қағаз үшін кесіледі. Сол қағазға әріптерді қатесіз көркем етіп шығару үшін көп күш жұмсалады.
6-оқушы: Айдыны шалқар кейде бір,
Кітапты тұңған көл дерсің.
Ауадай қажет бейне бұл,
Татпасаң нәрін шөлдерсің!
7-оқушы:
Кітап-менің өмірлік асыл мұрам,
Жалқауларға сені қалай басындырам.
Беттеріңе үніліп, қарап тұрсам,
Алтын қазына алғы сөз асылды ұғам...
ІІ бөлім. Кітап туралы мақал-мәтел сайысы.
ІІІ бөлім. Қорытынды. «Білімдінің жүзі жарық, білімсіздің жүзі шарық» деп ата-бабамыз бекер айтпаған. Кітапты үзбей оқып, өзімізге сенімді дос ретінде қабылдайық. Кітап өмірімізге бағыт-бағдар сілтеп тұратын шамшырағымыз деп білейік. Кітаптың ұлы қасиетін бағалап, құрметтеп жүрейік.
Қзкенова Бибінұр Жанатқызы
Жасқайрат негізгі мектебінің кітапханашысы:
Жасқайрат ауылы
Достарыңызбен бөлісу: |