Дәріс 1. «Өнеркәсіптік экология» пәннің мақсаты. Терминдер мен анықтаулар. Өндірістік экологияның теориялық негіздері Қарастырылатын сұрақтар: Өндірістік экологияның мақсат, міндеттері.
Өндірістік экологияның негізгі анықтамалары мен принциптері.
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері
Өнеркәсіптік экология – өндірістік процестердің қауіпсізлдігі жайлы комплексті ғылыми-практикалық пән. 20 ғ соңында пайда болған, қазіргі уақытта қарқынды даму үстінде. Бұл пәннің пайда болуына биосфера – адам-техносфера триадасында адамдарды зиянды әсерлерден қорғау әлеуметтік қажеттілігі себеп болды.
Биосфера – жердің тіршілік қабаты. В.И. Вернадскийдің анықтамасы бойынша- биосфера атмосфераның төменгі бөлігі, барлық гидросфера және жер литосфераның тірі ағзалар мекендеген жоғарғы қабаты.
Адам іс-әрекетінің дамуының негізінде адам іс-әрекеттерінің қоршаған орта сапасына әсері жайлы мәселелері туындайды. Бұның бәрі экология пәні болып есептеледі. Экологияны 1866 ж неміс зоологы Эрнст Геккель ойлап шығарған. Бұл пәннің шығу мақсаты қоршаған орта мен ағзалар арасындағы ара-қатынастарды анықтау.
Бұл түсінік алғашқыда тар мағынада болып, уақыт өте кеңейген. Белгілі бір уақыттарда экология жеке организм емес, биологиялық жүйелердің популяция, түр құрылымы және функциясын бір-бірімен және қоршаған ортамен өзара қарым –қатынастарын зерттеген. Бұндай экология анықтамасын қазіргі кездегі көптеген энциклопедиялардан және справочниктардан тауып алуға болады.
Бірақ қазіргі кезде «экология» Э. Геккельдің енгізгенімен жіне справочниктер мен энциклопедияларда көрсетілгеннің шеңберінен шыққан. Қазір бұл тірі ағзалармен әсіресе адаммен қарым-қатынастағы қоршаған орта жайындағы ғылым. Қазіргі экология тек биологияны ғана емес жер жайлы барлық ғылымдарды – метрология, гидрология, акеонология, климатология, география, геология сондай-ақ социология, психология және экономиканы қамтиды.
Қазіргі экология адам мен биосфера арсындағы қарым-қатынас, қоғамдық өндіріс пен қоршаған табиғи ортаны және басқа да мәселелерді қарастырады, және қоршаған ортаны қорғауды, биосфераны қорғау, инженерлі экология, өндірістік экологияны, экологиялық қауіпсіздікті қамтиды.
Көптеген экологиялық мәселелерді әсіресе қолданбалы сипаттағы мәселелерді қарастырғанда экологиялық жағдай, экологиялық қауіп, ресурс үнемдеу, радиациялық жағдай, шудың рауал деңгейі және электромагниттік сәулелену және т.б. түсініктер жиі кездеседі.
Қолданбалы экология – адамдар іс-әрекеттерінің биосфераның бұзылу механизмін, бұл процесті тоқтату әдістерін және жердің деградациясын болдырмай табиғат ресурстарын рационалды пайдалану принциптерін зерттейді.
Инженерлік экология – техносфера түзілуінің локальді және жалпы заңдылықтарын және табиғи орта қауіпсіздігін сақтау мақсатында оны басқару әдістері немесе өнеркәсіптік өндірістің даму жағдайында қоршаған орта сапасын сақтауға бағытталған инженерлі-технологиялық іс-шаралар жүйесі.
Өндірістік экология – өндірістің (жекеаппараттан және өнеркәсіптен техносфераға дейін) табиғатқа әсерін және керісінше табиғат жағдайларының өндірістің және оның комплекстерінің функциясына әсерін қарастыратын пән.
Өндірістік экология бұл адамдардың экономикалық әрекеттерін біріктіретін және фундаментальды биологиялық, химиялық және физикалық глобальды жүйесі, материалдық өндірісті басқаратын ғылым.
Өндірістік экологияның зерттеу пәні экология – экономикалық және экологиялық топтық жүйелер болып есептеледі.
Өндірістік экология мақсаттары – табиғат ресурстарын рационалды пайдалану мәселелерін шешу, қоршаған ортаның ластануын (бірінші этапта) тоқтату, техногенді және биогеохимиялық заттар айналымының үйлесімдігін қамтамасыз ету, яғни өндірістік экология-экономикалық жүйелердің функциясын тұрақты түрде атқару болып табылады.
Өндірістік экология алдындағы негізгі міндеттер – қоршаған ортаның ластануын бақылау (және бақылаудың жоғарғы формасы мониторинг). Экологиялық жағдайдың анализі ( адамның тікелей және жанама түрдегі қоршаған ортаға тигізетін сандық және сапалық баға беру, өндірістің қоршаған ортаға зиянды әсерлерін төмендету (жолдарын іздестіру); Ластаушы сапаларды және ластау көзін анықтау; Ластау көздерін шығаратын шығарындыларды төмендетудің жолдарын табу; шаруашылық әрекеттердің нәтижелерін болжау; өндіріс технологияларын экологияландыру; ауаны және суды тазарту; тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды қолдану немесе көму мәселелерін шешу, техникалық шешімдердің экология – экономикалық экспертизасы.
Өндірістік экология алдындағы мәселерді шешу құралдары өзіне ғылымының және техникалық қазіргі кездегі жетістіктерін сондай-ақ экономикалық көздерді (салық салу, талпындыру) және табиғатты қорғау заңдылықтарын қамтиды.
Эксперт-экологтардың ойынша өндірісте ластанудың түзілуіне кедергі болатын үш негізгі себептер бар: саяси, экономикалық және техникалық.
Экологияның мәселелерді комплексті шешу үшін территориялы – өндірістік комплекстер және экологиялық – өндірістік парктер құрылады. Бұнда келесі өзекті мәселелер жүзеге асырылады:
Қоршаған ортаға өндірістің кері әсері;
Шикізаты және энергия ресурстарын эффективті пайдалану;
Экологиялық шектеулерді ескеру арқылы жоспар құру;
Қоршаған ортаның сапасын басқару;
Технологиялық процестерді бақылау;
Аз қалдықты қалдықтарды қолдану;
Ресурстардың рециркуляциясы.
Қазіргі кезде өндірістік экологияның негізгі бағыттары – технологияны экологияландыру. Аз қалдықты процестер құру; зиянды қоспалардан атмосфераны су ресурстарын тазалау; қатты қалдықтарды өңдеу; қоршаған ортаны үшін экономикалық және құқықтық жақтарын қолдану.
Қоршаған ортаны қорғау дегеніміз табиғат пен адамның өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, жер мен оның қо йнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін тағы басқа табиғи молықтыру.
2. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері мынадай:
Адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, ебегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі болашақ және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;
Экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, табиғатты пайдаланғаны үшін кезең-кезеңмен ақы төлеуді еңгізу және қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан ынталандырудыеңгізу;
Биологиялық алуан түрлікті және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды камтамасыз ету;
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғану үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;
Қоршаған ортаға нұқсан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;
Халықтың, қоғамыдқ бірлістіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысуы.
Азаматтардың кейбір экологиялық міндеттері төменде келтірілген:
Қоршаған табиғи ортаны таза сақтауға, табиғи байлықтарады ұиымды пайдалану мен молықтыру жөніндегі жұмыстарын және заңдарды, ережелерді орындауға;
Жеткіншек ұрпаққа экологиялық тәрбие, білім беруге жәрдемдесу мен қатар өзінің экологиялық білім деңгейін арттыруға;
Тағы басқа да заңда қарастырылған міндеттердің бәрін орындауға.
Бақылау сұрақтары: Қазіргі экологияның объектілерін ата.
«өндірістік экология» терминіне анықтама бер.
Өндірістік экологияның мәселелері мен міндеттерін ата