Биология кафедрасы



бет6/8
Дата18.06.2017
өлшемі4,01 Mb.
#19293
1   2   3   4   5   6   7   8

Бақылау сұрақтары

  1. Ішкі секрециялық бездерге қандай бездер жатады, олардың сыртқы секрециялық бездерден айырмашылығы неде?

  1. Гормон деген не, оның қасиеттері бар ма?

3. Нейросекрет деп нені айтады, гормондардан айырмашылығы қандай?

  1. Гипо- және гиперсекреция деген сөздердің мағынасы не?

  2. Гипофиз безінің қүрылысы, қызметі қаңдай?

  3. Аденогипофизде қандай гормондар өндіріледі және олардың бала организміне әсері қандай?

7. Гипофиздің осу гормонының гипер- және гипосекрециясына байланысты баланың өсуінің
кемшіліктері.

  1. Эпифиз безі және оның қызметі.

  2. Қалқанша безінің гипо- және гиперсекрециясы.




  1. Эндемиялы зоб ауруы және оның алдын алу шаралары.

  2. Қалқансерік бездерінің бала организміне әсері қандай?

  3. Баланың айырлы безі, оның ішкі және сыртқы секрециялық қызметтерінің маңызы.

  4. Баланың бүйрек үсті бездерінің қыртысты қабатының өсіп дамуы, оның гормондары, балағаәөсері.

14.Бүйрек үсті бездерінің милы қабатының гормондары және олардың бала организміне әсері.

15.Бүйрек үсті бездерінің гипо- және гиперсекрециясындағы бала организмінің жағдайы.

16.Баланың ұйқы безінің гормондары. Балалардың қантты диабет ауруы, оның себептері.

17. Аталық бездің дамуы мен қызметі, гормондарының бала организміне әсері.

18.Аналық жыныс безінің дамуы мен қызметі, гормондарының әсері.

19. Ер балалар мен қыз балалардың жыныстық жетілу мерзімі және белгілері.


  1. Балалар мен жас өспірімдерді жыныстық тәрбиелеуде мүғалімдер, тәрбиешілер мен ата-аналардың рөлі.

  2. Стресс деген не, оның қандай кезендері бар?




  1. Сыртқы ортаның әсерлерінің өзгерісіне организм қалай бейімделеді, бейімделу негіздері қандай?

  2. Бала организмінің бейімделу ерекшелігі қандай?


Лекция № 6

Тақырыбы: Тірек- қимыл жүйесі және оның жас ерекшеліктері.

Жоспары:

1.Адам қаңқасы.

2.Қаңқаның қалаптасуы мен олардың иілістері.

3.Бас,аяқ –қол,ми сауыты және бет сүйектерінің дамуы.



Лекция мақсаты: Баланың тірек-қимыл жүйесінің маңызы, құрылысы, қызметі мен танысу.

Лекция мәтіні:

1. Кеңістікте қозғалып жүру, денені тік қалыпта ұстау, теңдікті сақтау қабілеттері адамның сүйек-ет жүйесінің қасиеттері мен қызметіне байланысты. Сүйек-ет жүйесіне, яғни тірек-қимыл аппаратына адамның қаңқасы мен бұлшық еттері жатады.

Қаңқа (скелет) екі жүзден астам сүйектерден тұратын адамның негізгі қатты тұлғасы. Олардың көбі бір-бірімен буын арқылы жалғасып, қозғалмалы келеді, Қаңқаға бұлшық еттер бекітілген. Ет пен сүйек адамның негізгі тірегі және оның қозғалуы, еңбек етуі осы сүйек-ет жүйесінің қызметіне байланысты.Ол жұлынның, мидың және көптеген ішкі мүшелердің сауыты болғандықтан, қорғану қызметін де атқарады, яғни жұмсақ мүшелерді (жүрек, бауыр, өкпе, ішек-қарын, бүйрек т.б) соққыдан және басқа да түрлі жағымсыз әсерлерден қорғайды. Соңғы кезде бұл жүйке зат алмасуына, әсіресе минерал заттарының мөлшерін бір деңгейде сақтауға қатысатыны анықталды. Бұлшық еттердің ұштары сүйекке бекітілген. Олардың көбі екі сүйекке бекігендіктен олардың қозғалысын іске асырады. Әрбір сүйекке екі, тіпті одан да көп еттердің ұштасуы мүмкін.

Еттердің негізгі қызметі — сүйектерді қозғау. Сол арқылы адамның еңбек етуін, күрделі жұмыстарды орындауын қамтамасыз етеді.Адамның қимыл-қозғалысы организмдердің эволюциялық дамуында қалыптасқан, оған тән морфологиялық және функциялық денені тік ұстауға, қимыл-қорғанысқа ет пен сүйектен басқа тірек-қимыл жүйесіне кіретін буындар, сіңірлер, тарамыстар қатысады.

Сонымен, сүйек-ет жүйесі негізінен тірек, қимыл-қозғалыс, қорғаныс, тұздардың алмасуына қатысу арқылы адам организмінде өте маңызды орын алады.



Сүйектің құрылысы мен құрамы. Адам қаңқасының негізі сүйек. Сүйек қан тамырлары мен нервтер өтетін сүйек каналдарының айналасында орналасқан о с т е о н деп аталатын жұқа пластинкалардан тұрады. Сүйектің сыртында сүйек қабы бар. Тек қана буындарда сүйек
қабының орнына шеміршек болады.Остеондардың орналасуына қарай сүйек екі түрлі заттардан тұрады: (тығыз және кемік заттар.)

Тығыз заттар кемік сүйектің сыртын да орналасқан. Олардың қалыңдығы әр сүйекте әртүрлі. Тірек-қимыл қозғалыс қызметтерін атқаратын сүйектердің тығыз заттары көп болады. Мысалы, ұзын сүйектің ортаңғы бөлімі диафизін де (грек- диафизис - жілік сүйектің ортасы).Кемік
сүйекте остеондар айқыш-ұйқыш орналасады да, арасында саңлаулары көрінеді. Олар қысқа, жазық сүйектерде, ұзын сүйектің екі жақ ұшында көп болады (Жілік майының
каналдарында сары түсті, ал кемігінде қызыл түсті май бар. Себебі кемік сүйектерде қан түйірлері эритроциттер, лейкоциттер жене тромбоциттер дамиды. Ересек
кадамның жілік қуыстарындағы май сары түсті келеді.Олар
көбіне май клеткаларынан тұрады.

Сүйек қабы сәл қызғылттау екі қабықтан тұрады: сыртқы және ішкі қабықтар. Сыртқы қабығы тығыз, ішкі қабығы жұмсақ, борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Ішкі қабығында сүйектердің өсуін қамтамасыз ететін клеткалар остеобластар болады.

Сүйек қабының қан тамырлары мен нервтері бар. Сүйектің 1/3 бөлігі органикалық және 2/3 бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады.

Сүйекті күйдіргенде о с с е и н жанады да, бейорганикалық заттары қалады. Ондай күйдірген сүйекті оп-оңай сындыруға немесе үгуге болады. Сүйекті тұз немесе азот қышқылына салса, бейорганикалық заттары еріп, тек органикалық заттары қалады. Ондай сүйекті оңай майыстыруға болады. Демек, сүйектің жылтырлығы, серпімділігі оның органикалық затқа, ал мықтылығы бейорганикалық затына байланысты.

Сүйектің құрамы атқаратын қызметіне, адамның жасына қарай әртүрлі келеді. Салмақ көп түсетін сүйектерде, мысалы, бел омыртқа, жамбас, аяқ сүйектерінде минерал заттары көбірек болады.

Жас балалардың сүйегінде органикалық заттар, ересек адамда минерал заттары көбірек болады.

2.Қаңқаның құрылысы. Адам қаңқасы бас, тұлға, аяқ-қол сүйектерінен тұрады Т ұ л ғ а сүйектеріне омыртқа жотасы, 12 қос қабыргалар мен кеуде сүйегі жатады.

О м ы р т қ а ж о т а с ы - бүкіл дененің тірегі. Ол бір-бірімен буын арқылы жалғасқан 33-34 омыртқадан тұрады. Омыртқа жотасын беске бөледі: 7мойын, 12 көкірек немесе кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз, 4-5 құйымшақ омыртқалары. Мүның ішінде құйымшақ және сегізкөз омыртқалары бір-бірімен бірігіп кеткен, қалғандары жеке-жеке болады.

Әрбір омыртқаның денесі, доғалары және ө с і н д і л е р і болады. Омыртқаның тығыз жері - денесі. Омыртқалардың доғалары жұлын орналасатын омыртқа жотасының к а н а л ы н (өзегін) құрады. Омыртқаның 7 өсінділері бар: омыртқаның ортаңғы тұсынан басталып артқа қарай өскен 1 арқа өсіндісі, доғаның шетінен басталып жоғары жөне төмен бағытта орналасқан жүп 2 буын өсінділері, екі жанында орналасқан жүп бүйір өсінділері болады. Омыртқалардың жалпы құрылысы ұқсас болғанымен, өзіндік ерекшеліктері де болады.



І-ші мойын омыртқасы - атлант немесе ауыз омыртқа тікелей бас сүйегімен жалғасады. Оның денесі және арқа өсіндісі болмайды, бір-бірімен бүйір денесі арқылы қосылып жатқан алдыңғы және артқы доғалармен шектескен сақина тәрізді. Ауыз омыртқа шұңқырлау үстіңгі буынымен шүйде сүйекпен, астыңғы тегіс буынымен екінші мойын омыртқамен жалғасады. Мұның омыртқа тесігі басқа омыртқалардан кеңірек болады. ІІ-ші мойын омыртқасының денесінен жоғары қарай бағытталған тісшесі болады. Ол тісшедегі алдыңғы және артқы буын беті арқылы ауыз омыртқамен, астыңғы жағыңдағы буын беті арқылы Ш-ші мойын омыртқасымен жалғасады.

Соңғы УІІ-ші мойын омыртқасының арқа өсіндісі ұзын болады. Көкірек омыртқаларының ерекшелігі — денесінің аддыңғы бүйір бетінде және көлденең өсінділерінде қабырға ойыстары деп аталатын буын беттері. Екі көкірек омыртқаларының жартылай буын ойыстары омыртқа жотасының буын ойыстарына айналады. Ол жерге қабырғаның басы кіреді. І-ші көкірек омыртқасының үстінде толық буын ойысы, астында - жартылай буын ойысы бар. Ал Х-шы омыртқаның үстіңгі жағында да жартылай буын ойысы болады. ХІ-ХІІ-ші омыртқаларда бір-бірден ғана буын ойыстары бар. Ауыртпалық көбірек түсетіндіктен бел омыртқаларының денесі жақсы жетілген және ірі келеді, әсіресе, соңғы У-ші омыртқа көкірек омыртқаларынан анағұрлым ірі болады. Эволюциялық даму кезінде қабырғалар көлденең өсінділерімен бірігіп бітуіне байланысты өсінділері ұзын болады.



Ересек адамның сегізкөз омыртқаларының арасы бірігіп сегізкөз сүйегіне айналады. Оның сыртқы ортасында бірігіп кеткен арқа өсінділерінен пайда болған ортаңғы сегізкөз қыры, оның екі жағынан бірігіп кеткен буын беттерінен пайда болған бүйір қыры, көлденең бүйір өсінділерінен пайда болған бүйір қыры болады. Біріккен омыртқа тесіктерінен пайда болған сегізкөз каналы омыртқа жотасы каналының жалғасы болып есептеледі. Оның алдыңғы және артқы бетінде нервтер мен тамырлар өтетін тесігі болады. Сегізкөздің бүйір жақтарында қүлақша төрізді жамбас сүйегімен жалғасатын буын беті болады. Оның артқы жағының бұдырлы жеріне тарамыстар бекиді. Ер адамның сегізкөз сүйегі әйелдер сүйегінен жіңішке және ұзындау болады. Адамның ІУ-У-ші қүйымшақ омыртқаларының денесі бірігіп құйымшақ сүйегіне айналған. Мүны жануарлардың құйрық омыртқаларының рудименті (қалдығы) деп есептейді. Олардың өсінділері жойылып, денесі ғана қалған. Тек І-ші құйымшақ омыртқасында ғана қалған өте қысқа көлденең өсінділері бар. Омыртқа жотасының өсуі баланың алғашқы 1 жасында жедел жүреді. Жаңа туған нәрестелердің омыртқаларыңца алты сүйектену нүктелерін көруге болады. Олар 1 жасқа таман біріге бастайды. Омыртқалардың эпифизі алғашқы жылы шеміршек күйінде сақталады. Омыртқа аралығындағы буындардың шеміршектері қалың және серпімді келеді. Сондықтан олардың омыртқа жотасы ересектермен салыстырғанда жеңіл қимылдайды.Жаңа туған сәбидің омыртқа жотасында физиологиялық иілімдері болмайды, 2-3 айда баланың мойыны бекігеннен кейін мойын л о р д о з ы ( лат. лордоз - алға қисаю, иілу), 6 айдан кейін отыра бастағаңда кеуде және сегізкөз к и ф о з д а р ы (лат. кифоз — артқа қарай иілу, қисаю), 1 жасқа жақыңдап, бала жүре бастағанда бел лордозы пайда болады. Дегенмен бір жастағы баланың омыртқа жотасының иілуі нашар әрі тұрақсыздау болады: таңертең ұйқыдан тұрғанда нашар, кешке таман күшейе бастайды 2-3 жаста омыртқа одан әрі қарай сүйектене береді.Омыртқа аралық буын шеміршектері әлі де болса қалыңдау болып, омыртқа жотасы жақсы қимылдайды. Бұл кезде сегізкөз, құйымшақ омыртқалары біріге бастағанымен аралары толық бітпейді. Омыртқа жотасының физиологиялық қалыпты иілістері күшейе түскенімен, әлі де болса тұрақсыз болғандықтан, баланың бойы таңертең өлшегенде 5-6 см ұзын (ересек адамда 2-3 см ғана), кешке өлшегенде соншалықты аласа болып түрады. 4-5 жасқа дейін омыртқалар тез өсіп, иілістері толық қалыптасады. Бұл кезден бастап балалар мен ересек адамдардың омыртқа жотасыңда физиологиялық қалыпты 2 лордозы (мойын және бел омыртқа), 2 кифозы (кеуде және сегізкөз) иілістері түзіледі.Салмақ бел омыртқа иілісіне көбірек түсіп, ол қисаяды, ал жатқанда мойын және бел омыртқаларының иілістері түзеледі. Бала омыртқасының сүйегінің қатаюы жылдам болғанымен, олардың диафиздерінде шеміршек қалың болады және омыртқа аралық шеміршектері биік келеді. Сегізкөз бен құйымшақ сүйектері біте бастайды. Қыздарда 7-11, ер балаларда 7-13 жас арасында омыртқаның денесі мен эпифиздерінің арасында жұқа болса да, шеміршекті қабаты сақталады. Омыртқа аралық шеміршектер қалың болғандықтан омыртқалар әлі де өседі. Омыртқа эпифиздерінің сүйектенуі 18-20 жаста аяқталады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың омыртқалары ұзарып, жуандайды. 5-6 жастағы балалардың омыртқа жотасы тез қисаяды. Омыртқааралық шеміршектердегі заттың алмасуы өте күшті болады. Сондықтан түрлі жағдайлардың әсерінен омыртқаның өсуі тез бұзылып, омыртқа жотасының бір жақ бүйіріне қарай қисаю, лордозы, кифозы өзгерістері пайда болады. Мысалы, өте жылдам 8-12 м/сек қозғалғанда мойын және көкірек омыртқалары зақымдалады. Бала өте аз қозғалғанда да ұсақ зақымдар пайда болып, олардың негізінде кейіннен омыртқа кемшіліктері дамиды. Омыртқа жотасының өсуі жігіттік пен бойжеткендік кезеңге дейін байқалғанымен, әр түрлі бөлімдерінің омыртқалары бірдей өспейді. 1,5 жасқа дейін барлық омыртқалар бірдей өседі, 1,5-3 жас арасында мойын және кеуденің жоғарғы омыртқалары нашар өседі.



Омыртқа аралығындағы шеміршектер жоғарыдан төмен қарай қалыңдай түседі. Ол шеміршектердің ұзындығы бүкіл жотаның 1/4 бөлігіне тең. Бұлар омыртқа жотасын серпімді етіп, жан-жаққа қимылдауға мүмкіндік тудырады.

І-ші құйымшақ омыртқасы тек қана жартылай шеміршекпен жалғасқан, сондықтан арасында аздаған кеңістік болады да, басқа омыртқалардың жалғасуынан ерекшелеу жарты ай тәрізді болады. Ұзынды-қысқалы сіңірлер омыртқа жотасын бекітіп, қимылдау мүмкіндігін төмендетеді, оны үзілуден сақтайды. Екі ұзын сіңір байламдары бастың шүйде сүйегінен басталып, мойын, көкірек және бел омыртқа бөлімдерінен өтіп, сегізкөздің жоғарғы жағына дейін жетеді. Алдыңғы ұзын сіңір байламы омыртқалардың денесінің алдынан жайпақ лента тәрізді созылып жатады, ал артқы байламы омыртқа каналының ішімен жіңішке лента іспетті созылып, омыртқа аралығында сәл жалпақтанады. Қысқа сіңір байламдары көршілес екі омыртқа доғаларын, арқа және көлденең өсінділері сегіз көзбен құйымшақ сүйектерін байланыстырады. Бұл байланыстар мен омыртқа иілістері соққы, сілкіну, солқылдау жағдайларында денені серпімді етіп, зақымнан сақтайды, түрлі қимыл қозғалыстарын тудырады. Көрші омыртқалардың бір-бірімен қимылы шектелгенімен, жалпы омыртқа жотасының қимыл мүмкіндігі мол. Ол 160 градусқа дейін еңкейіп, 145 градусқа дейін шалқаяды, оңға-солға 165 градусқа, ал ез есінде 120 градусқа дейін қозғалады. Бұған қоса, омыртқа жотасының иілістері дененің серпімді болып, жеңіл қозғалуына мүмкіндік тудырады



Көкірек қуысының сүйектері. Тұлға сүйектеріне омыртқа жотасынан басқа көкірек қуысын құратын қ а б ы р ғ а және т о с сүйектері жатады.

Қ а б ы р ғ а. Адам денесінде 12 қос қабырғалар бар. Әрбір қабырға жалпақтау ұзын сүйектен және шеміршектен тұрады. Олар бір-бірімен жалғасып кеткен. Қабырғаның б а с ы , м о й ы н ы , д е н е с і болады. Оның омыртқамен жалғасқан жерін қабырға басы деп атайды да қалған жері мен басының арасыңдағы жіңішкелеу жерін мойын дейді. Қабырға денесінің алдыңғы жақ ұшы төс сүйегімен жалғасады. Жоғарғы қос қабырғаның мойыны мен денесінің қосылатын жеріндегі қабырға бұдыры омыртқаның көлденең өсіндісімен жалғасады.

Әр қабырғаның пішіні мен құрылысында өзіне тән ерекшеліктері бар. Жоғарғы VII қос қабырғалар шеміршек арқылы тікелей төс сүйегіне жалғасса, УШ-ІХ-Х-қабырғалар ұзын шеміршек қабырғалар арқылы алдыңғыларымен жалғасады, ал ХІ-ХП-жүп қабырғалардың алдыңғы ұшы бос қалады. Алғашқы І-УІІ-жұп қабырғаларды ш ы н, олардан кейінгі УІІ-Х-жүп қабырғаларды ж а л ғ а н, ал соңғы ХІ-ХП-жұп қабырғаларды б о с қабырғалар деп атайды.

Қабырғалардың сүйектенуі баланың 2-айлығында VI-VII қабырғаларда басталады, 3-4 жасқа келгенде қабырғаның ортасы мен бұрышында ғана тығыз сүйектері болады, яғни қабырғаның 40%-ында ғана остеондық құрылысы болады, 6-7 жаста қабырғаның алдыңғы жағы толық сүйекке айналады.Төс суйегі — жалпақ сыңар сүйек. Дененің көкірек қуысының алдыңғы сызығының бойында орналасады.Т ө с сүйегінің денесі, тұтқасы, семсершесі болады. Төс тұтқасының жоғарғы жағында м о й ы н д ы р ы қ, екі жағында б ұ ғ а н а, және жеті-жетіден қабырға ойындылары бар.

І-ші қабырға ойындысы төс тұтқасы мен денесінің қосылған жерінде басталып, қабырға ойындысы төс денесі мен семсершесінің қосылатын жерінде болады.

Төс сүйегінің бөлімдерінің арасындағы шеміршек 30 жасқа дейін болады. Төстің төменгі жағының шеміршектері 15-16 жаста, жоғарғы жағының шеміршектері 21-25 жаста сүйекке айналып, төс сүйегінің бөліктері жалғасып, арасы бітіп кетеді, ал семсершенің сүйектенуі 30 жасқа дейін созылады.

Омыртқа сүйектері мен XII қос қабырғалар және төс сүйегі көкірек қуысын құрайды. Адамның көкірек қуысы жұмыртқа пішіндес болады, бірақ жасына, еңбегіне, ауруға байланысты өзгеруі мүмкін.

1 жастағы баланың көкірек қуысы екі бүйірінен қысылған конус тәрізді, 12-13 жаста ғана ересек адамның көкірек қуысындай болады. Көкірек қуысы жүрек, қолқа және үлкен өкпе артериялары, өкпе, бауырды қорғайды. Сонымен қатар, тыныс мүшелерінің еттерінің және қол еттерінің бекіген жері. Осы сүйектерінің қозғалмалы байланыста болуы арқасында адам тыныс алуға мүмкіншілік алады.

Ауыр жүмыстың әсерінен дене шынықтыруға байланыстьі көкірек қуысының көлемі кішірейеді.

Партада отыру ережесін дұрыс орындамай, үстелдің шетіне үзақ уақыт кеудесімен тіреліп отырған баланың төс сүйегі ішіне қарай майысады және көкірек қуысы тарылады да, өкпе мен жүректің дамуы нашарлайды.

3.Иық және жамбас белдеулерінің сүйектері. Аяқ-қолдардың сүйектері адам денесінің екі белдеуін құрады: иық және жамбас белдеулері. Омыртқа жотасының жоғарғы жағында екі жауырын сүйектері орналасқан. Олар бұғана және тос сүйектерімен жалғасады. Жауырынның сыртқы бұрыштары иық басы сүйегі арқылы қол сүйектерімен жалғасады.

Ж а у ы р ы н - жалпақ қос сүйек, ол омыртқа және қабырға сүйектерімен бұлшық ет арқылы жалғасқан. Жаңа туған сәбидің жауырын сүйегінің иық, құс тұмсық өсінділерінде, буын бетінде, омыртқа жақ шетіңде, жоғарғы және төменгі бұрыштарында шеміршектер болады. Жауырын сүйектері жігіттерде 19-20, қыздарда 18 жаста қатады.

Б ұ ғ а н а (латынның) 8 әрпі тәрізді иілген сүйек. Бала туар алдында оның төс жақ ұшынан басқа жері сүйекке айналып үлгереді. Ал төс жақ ұшының сүйектенуі жігіттерде 24, қыздарда 23 жаста аяқталады. Қ о л жауырынмен қозғала біткен иін сүйектерінен, шынтақ пен шыбық сүйектерінен құралған білек сүйектеріне, білезіктің ұсақ сүйектері, бес ұзын алақан сүйектері мен саусақ сүйектерінен тұратын қолдың басынан тұрады. Қолдың басы сүйектері кеудеге қарай бағытталған алақан ойығын түзеді. Алақан ойығы жаңа туған нәрестеде қалыптаса бастап, 10-13 жаста толық аяқталады. Осы мерзімде саусақ сүйектерінің қатуы да аяқталады. Сондықтан мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының сурет салуы, жазуы өте баяу болады. Ұзақ уақыт жаттықтырса, саусаққа күш түсуіне байланысты оның сүйектері тез қатады да, ұзын болып өседі. Мысалы, күйшілердің саусақтарын айтуға болады.Тоқпан жілік немесе иық сүйектері 20-25 жаста қатайып, екі басында тек шеміршектері қалады. Бұл жіліктің ұзарып өсуі оның басындағы өсу нүктелеріне байланысты болғандықтан, 22 жасқа дейін жілік басын кесуге болмайды. Кессе, жілік өспей қысқа болып қалады.Кәрі жіліктің қатуы 20-25 жаста жігіттерде, 17-20 жаста қыздарда аяқталады. Ш ы н т а қ сүйегінің өсуі жігіттерде 18-22 жаста аяқталады, бойжеткендерде сәл ерте қатады. Б і л е з і к сүйектерінің қатуы 14-16 жаста аяқталуға жақын болады. С а у с а қ сүйектері 16-18 жаста қатып аяқталады.



Жамбас белдеуінің сүйектері. Жамбас белдеуі сегізкөзден және онымен қимылсыз біріккен екі жамбас сүйектерінен құралған. Жамбас сүйектерінің алдыңғы жағы бір-бірімен қимылсыз біріккен. Жамбас сүйектерінің ойысында ортан жіліктің басы бекіген. Жамбас пен ортан жілік қозғалмалы буын арқылы бірігеді. Адамның жамбас сүйектері кең тостақан тәрізді қуыс жасайды. Себебі адамның тік жүруіне байланысты ішек-қарынның салмағы осы жамбас сүйектеріне түседі. Ортан жіліктің екінші шеті асықты жілік пен оның ш ы б ы ғ ы н а жалғасады. Ал олар толарсақ, бақай сүйектері және бақайшықтан құралған т а б а н сүйектерінен тұрады.

Ортан жілік пен асықты жілік бір-бірімен тізе буыны арқылы қозғалмалы жалғасқан. Табан сүйектері бір-бірімен буындасып жалғасқан сүйектер.

Ортан жілік адам денесіндегі ең ірі сүйек. Оның жілік басы, денесі болады. Жілік басы мен денесінің арасында мойыны бар. Мойыны мен денесінің қосылатын жерінде бұдырлау орналасқан ұршықтары болады. Бала туғаннан кейін алғашқы 5 жылда ортан жілік тез өседі де, 5-9 жас арасында қыздардың ортан жілігі жылдан жылға баяулап, ер баланың жілігі бір қалыпта баяу өседі. Жілік басы мен мойыны 14-20 жаста бірігіп кетеді. Осы мерзімде ұршықтары, мойыны, денесі бір-бірімен жалғасады. Ортан жілік 18-20 жаста өсуін тоқтатады. Асықты жілік пен оның шыбығының сүйектері қыздарда 16-18, жігіттерде 19-20 жасқа дейін осіп, одан әрі қарай өсуін тоқтатады. Олар төмен қарай өседі, яғни ұзарады. Асықты жіліктің шеміршектері балада неғүрлым тез жүріп кетсе, соғүрлым тез өседі.

Табан сүйектері өкше, бақайшақ және аяқ саусақтарының сүйектерінен құралған. Өкше сүйектеріне нағыз өкше сүйегі, тепкіш, қайық , сына, куб тәрізді сүйектер жатады. Бұлардың өсуі бойжеткендерде 16-18, жігіттерде 18-20 жасқа дейін байқалады.



Бақайшақтар бес ұсақ жүмыр пішінді әртүрлі сүйектерден тұрады. Қыздарда - 17, жігіттерде - 20 жасқа дейін өседі. Бес саусақ сүйектерінің төртеуі 3 сүйектен, ал бас бармағы 2 сүйектен құралған, бір-бірімен буындасқан сүйектерден тұрады. Ең алдымен І-саусақтардың сүйектері өсе бастайды да кейіннен IV-V саусақтар сүйектері жетіледі. Барлығының өсуі 15-20 жаста аяқталады.

Т а б а н сүйектері бір-бірімен буын арқылы күмбезденіп қосылған. Табан күмбезі баланың аяғын басу барысында толық қалыптасады. Табан күмбезі сүйектерді мықтап бекітіп тұратын тарамыстардың даму барысында пайда болып, табанға күш түскенде оның күмбезі төмендейді. Табан күмбезінің дұрыс қалыптасуына тар аяқ киім, ауыр жүк тасу, үзақ уақыт табанға күш түсіріп, кішкентай баланың түрегеліп тұруы, сол сияқты мешел ауруыңда да кері әсер етеді. Мұндайда жалпақ табан пайда болады. Жалпақ табанда баланың сымбаты бұзылады, қан айналысы нашарлап аяқ тез шаршайды. Жалаң аяқ жер басып жүру, бұлшық еттерді күшейтетін түрлі жаттығулар, спорт ойындары жалпақ табанның алдын алады, яғни оны болдырмайды, табан күмбезін дұрыс қалыптастырады.

Табан күмбезі 13-17 жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан бойжеткендерге 17-18 жасқа дейін биік өкшелі аяқ киімді киюге болмайды. Себебі ондай аяқ киімдер табан күмбезінің дұрыс қалыптаспауына байланысты аяқты тез шаршатады. Балалар мен жастардың аяқ киімдерінің өкшесі 1,5-2 см болғанда табан күмбезі жақсы болып, табан еттері мен сіңірлері жақсы дамиды.

Бас сүйектері. Бас сүйектері екі негізгі бөліктен тұрады: ми сауыты жөне бет сүйектері. М и

с а у ы т ы адамның миы орналасқан үлкен қуыс. Ол мандай, жұптасқан төбе, шүйде жөне екі самай, негізгі және көз торы сүйектерінен тұрады. Ми сауыты самай сүйегінің тесігі арқылы ішкі құлақпен, шүйде сүйегінің үлкен тесігі арқылы омыртқа өзегімен (омыртқа каналы деп те аталады) жалғасқан.

Бет сүйектері жоғарғы және төменгі жақ, шықшыт-бет, тандай сүйектері, кеңсірік желбезегі, мұрын сүйегі мен мұрынның төменгі кеуілжігі және көз қуысы сүйектерінен тұрады.

Бұлардың ішінде төменгі жақ сүйегі ғана қозғалмалы орналасқан. Қалғандары бір-бірімен қозғалмайтындай тығыз біткен. Бет сүйегінің біразы жұп (үстіңгі жақ, мұрын, көз қуысы, бет-тандай, төменгі кеуілжік сүйектері), тек үшеуі ғана жалғыз (жақ, тіл асты сүйектері) сүйектер.

Кішкентай балалардың ми сауыты бет сүйектерінен ертерек дамиды. Бет сүйектері алғашқы 1 жаста және жыныстық жетілу мерзімінде, әсіресе 13-14 жаста күшті өседі. Дегенмен ересек адамның өзінде ми сауытының көлемі бет сүйектерінің көлемінен артық болады: нәрестенің ми сауыты бет сүйектерінен 8 есе, ересек адамда 2-2,5 есе артық.

Жаңа туған сәбидің ми сауытьшың сүйектері бір-бірімен жұмсақ дәнекер ұлпадан тұратын қабықшамен жалғасады. Бұл қабықша бірнеше сүйектердің қосылатын жерінде үлкен болады. Ондай жерін баланың е ң б е г і деп атайды.

Ми сауытының ондай жерлері екі-екіден самайда (жалпы саны 4), мандайда және шүйдеде бір-бірден болады. Барлығы 6. Маңдай еңбегі 1 жасқа жақындағанда, қалғандары 2-3 айда бітеді де, қатты қабықпен жабылады ми сауыты сүйектерінің арасындағы жіктері 4 жасқа жақындағанда бірігіп кетеді де олардың өсуі тоқталады. Бет сүйектері жыныстық жетілуге дейін өсіп, содан кейін өсуі тоқталады.

Нәрестенің жақ сүйектерінің т і с т е р і болмайды. Баланың тісі ең алғаш 5-6 айда өсе бастайды (сүт тістері шығады), 6 жасқа жақындағанда сүт тістері түсіп, орнына тұрақты тістері шығады. Ең соңғы тұрақты тістері — ақыл тістері жыныстық жетілуден кейін пайда болады. Жалпы алғанда тістердің шығуы, өсуі, тұрақты тіске ауысуы баланың дене шынығуына, жетілуіне байланысты. Сондықтан жастардың тісінен олардың биологиялық жетілуін анықтауға болады.

Бет сүйектері өсіп жетілгеннен кейін баланың тұрақты бет әлпеті қалыптасады, яғни оның түрі тұрақты болады.



Баланың сүйектерінің ерекшелігі. жалпы алғанда балалар мен жас өспірімдердің сүйектері серпімді, жұмсақ, оңай өзгергіш келеді. Соңдықтан гигиеналық талаптарды дұрыс орындамағанда сүйектері тез бұзылып, ден саулығына зиян болады. Әсіресе мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының сүйектері өте серпімді болады. Олардың сүйектері еркін қатпағандықтан үйде, балалар бақшасында, мектепте дене еңбегі мен спорт ойындарын ұйымдастыруға деген гигиеналық талаптарды, үстелде дұрыс отыру ережелері, баланың ұйықтайтын төсегіне арналған талаптар сақталмаған жағдайда сүйектері тез ерекшеленіп жетіледі.

Сүйектердің дұрыс өсіп жетілуіне, мезгілінде қатаюына тамақтың құрамындағы минерал заттарының, витаминдердің әсері көп. Әсіресе алғашқы жылы тамақтану және далаға шығып ауа жүту талаптары бұзылғанда мешел ауруы туып, жілік сүйектері, көкірек қуысы мен омыртқа сүйектері дұрыс қалыптаспайды. Бұл тұрғыдан алғанда кішкентай баланы далаға шығарып, күннің ультракүлгін сәулелері әсер етуіне мүмкіндік тудырудың маңызы зор. Себебі ол сәулелердің әсерінен баланың денесінде Д витамині түзіледі де, минерал заттарының алмасуы дұрыс реттеледі. Әсіресе сүйектің құрамыңдағы кальций, фосфор түздарының алмасуы жөнделеді, ал күннің ультракүлгін сәулелері терезенің шынысынан өтпейді, соңдықтан үйден шықпаған баланың сүйегі дұрыс жетілмейді. Ауа райына қарамай баланы далаға шығарып отырса, тіпті өте қалың киімнен де сәуле өтіп, бала дұрыс өседі.



Бұлшық еттердің құрылысы мен қызметі жаңа туған сәбидің бұлшық еттері толық қалыптаспағанымен, дене салмағының 20-22 %-ндай ғана (ересек адамда 45-40 %) болады. Адам денесінде 600-ден астам бұлшық еттер бар. Олар бір-бірімен тарамыс ұштары арқылы жақын орналасқан қаңқа сүйектеріне бекітіледі) Қаңқа еттері негізінен көлденең салалы еттерден тұрады. Қаңқа еттерін көлденең салалы ет ұлпаларынан тұратын, құрамында дәнекер үлпасы, нервтер және тамырлары бар мүшелер деп есептейді. Сырт құрылысына қарасақ, бұлшық еттер сіңір басынан басталып, еттің денесі немесе айьшы сіңірмен аяқталады. Бұлшық еттердің пішіні әртүрлі болып, өзінің атқаратын қызметіне байланысты қалыптасады. Олар ұзын салалы, қысқа, жалпақ, ромба, квадрат, трапеция т.б. тәрізді болып келеді. Бұлшық еттің екі басы болса, оны ж а й қарапайым ет деп, үш немесе одан да көп бастары болса, күрделі ет деп атайды. Қозғалтатын буындардың санына байланысты еттерді бір буынды, қос буынды және көп буынды деп болуге болады. Қызметіне қарай бүгілдіргіш, жазылдырғыш, айналдырғыш т.б. болып бөлінеді. Бұлшық еттердің орналасуына қарай, яғни топографиялық орнына қарай бас, мойын, арқа, кеуде, қүрсақ, қол-аяқ еттеріне жіктеледі. Жалпы алғанда денеде 327 жүп еттер мен 2 сыңар ет бар.

Бұлшық еттердің қызметі олардың негізгі қасиеті — жиырылуға байланысты орындалады. Жиырылу арқылы ет қысқарып, оның жиырылу қабілетін көрсетеді. Еттің жиырылуы нерв импульстерінің орталық жүйке жүйесінің әр жерінен келіп бүлшық етті қоздырады. Нерв импульстеріне қозумен жауап беру қабілетін еттің қ о з ғ ы ш т ы ғ ы немесе қозғыш қасиеті дейді, еттің қозғыштығы оның қызмет дәрежесін, яғни-жұмыс атқару қабілетін көрсетеді. Қозған еттің клеткаларының зат алмасуы, биоэлектрлік қасиеттері өзгереді. Бұлшық еттің қозуды өткізу жылдамдығы онша кеп емес, 5 м/сек шамасында.

Бұлшық еттер жиырылғанда көп қуат жұмсалады. Жиырылған еттің қысқаруы шарт емес, кейде, керісінше, ұзаруы да мүмкін. Жиырылу күші еттің талшықтарының санына және қалындығына байланысты. Еттің к ү ш і деп оның ширау қабілетін айтады. Еттің ширау қабілеті ет талшықтарының жиырылуға қатысу саны мен жуандығына байланысты. Жиырылу күші кей кезде бірнеше килограмға жетеді. Сондықтан неғұрлым ет жуан болса, соғұрлым күшті болады, Бұлшық еттің күші оның сүйекке бекітілуіне де байланысты. Дегенмен денедегі барлық бұлшық еттер бір мезетте жиыралса, олардың күші 25-27 тоннаға дейін барады, бірақ табиғи жағдайда бір мезгілде жиырылатын еттер саны анағұрлым аз болады. Бұлшық еттің күші оның құрылысына да байланысты. Олардың сыртын ф а с ц и я деп аталатын бұлшық ет қабығы жабады. Бұлшық еттердің қан тамырлары көп болады. Қан тамырлары арқылы етке түрлі қоректік заттар, оттегі тасылып, зат алмасуынан пайда болған қажетсіз заттар мен көмірсу қышқылы шығарылады. Бұлшық еттердің лимфалары да көп болады.

Бұлшық еттерде көптеген нерв ұштары - рецепторлар орналасқан. Олар еттің қозуына байланысты жиырылу және созылу дәрежелерін сезеді.

Бұлшық еттердің өсіп жетілуі әртүрлі. Алғашқы жылы ең алдымен құрсақ еттері дамиды да, кейіннен шайнау еттері жетіледі. Еңбектеу мен жүруге байланысты жыл аяғында аяқ-қол және арқа еттері өсіп дамиды. Жыныстық жетілу кезінде жас өспірімдердің жілік сүйектерінің өсуіне қарай олардың сіңірлері де өседі. Бұл кезде бұлшық еттер ұзарып, жіп-жіңішке болып көрінеді. Сондықтан жас өспірімдердің аяқ-қолдары сорайып көрінеді. 15-16 жаста еттер толып жуандай бастайды. Бұлшық еттердің дамуы негізінде 25-30 жасқа дейін байқалады.

Нәрестенің етінің жиырылу қабілеті ересек адамның шаршаған етінің қабілетіндей ғана болады. Жиырылу қабілетін хронаксия (лат.хронос-уақыт) деп аталатын еттің тыныштық қалпынан қозуға ауысуына қажетті уақыты арқылы анықтайды. Оны арнайы хронаксиметр деп аталатын аспаппен с и г м а, яғни секундтың 1/1000 бөлігі мөлшерінде өлшейді. Баланың жасы ұлғая келе хронаксия уақыты азаяды. Мысалы, жаңа туған сәбидің екі басты бұлшық етінің хронаксиясы 0,6-0,9 сигма, 1-2 жаста 0,2-0,22 сигма, 4-6 жаста 0,11 сигма, ересек адамда 0,1 сигмаға тең.



Баланың қимыл-қозгалыстарының дамуы

Баланың қимыл-қозғалысы. Жаңа туған нәрестенің денесінің, аяқ-қолдарының қимылдары өте көп, бірақ олар дұрыс үйлеспеген, еріксіз шым-шытырық қимылдар түрінде орындалады. Алғашқы дұрыс бағытталған қимылдары баланың 2-3 айлық өмірінде көріне бастайды: ең алдымен жарық көзіне немесе дыбыс шыққан жаққа басын бұрады. 3 айда шалқасынан жатқан бала аунап түсе алады, 7 айда отырады. Кейіннен заттарды ұстап үйренуге жене еңбектеуге байланысты қолдарының ерікті қимылдары пайда болады. Соның нәтижесінде нәресте көзіне түскен затты ұстай алады. Бұл қимылдар көру арқылы кеңістіктен баланың алған мәліметтеріне байланысты туындайды. Баланың көру жөне қозғалыс жүйелері жеке-жеке қызмет атқарса, 3-6 айда бір-бірімен үйлесімді көру-қозғалыс жүйесіне айналады. Бұл күрделі жүйенің пайда болып дамуы ұзақ уақытқа созылады. Алғаш кезде көру арқылы тек қана сыртқы орта туралы мәліметтер жиналады. Кейіннен қозғалыстары көру жүйесінің бақылауында болып, біртіндеп орындалатын күрделі қимылдарға айналады. Екінші сигнал жүйесінің дамуы қозғалысты реттеуші жүйенің пайда болып, дамуына ықпалын тигізеді. Нәрестеде үлкендердің айтуы бойынша орындалатын қимылдары қалыптасады, ал соның негізінде саналы қозғалыс қимылдары жетіледі.

Кеңістікте белсенді қозғалуға байланысты пайда болатын дененің еркін қимылын локомоция деп атайды. 1 жаста жалған локомоция немесе локомоторлы архаизм (тарихи даму жолын қайталау) деп аталатын е ң б е к т е у қабілетіне байланысты дамыған шын локомоция пайда боладыі Қозғалыстың даму тірек-қимыл жүйесі мен жүйке жүйесшің дамып жетілуіне байланысты. Жүру, жүгіру, секіру, шапқылау т.б күрделі қимылдар және оларды дұрыс бағыттау қабілеті 3-5 жаста жетіледі. Дегенмен мектепке дейінгі жастағы және 1-2-ші сынып оқушыларының қозғалысын дұрыс үйлестіру механизмдері еркін жетіле қоймайды. Бірақ олар күнделікті тіршілікке қажетті қимылдарды, жазу, сызу, сурет салу т.б. қозғалыс әрекеттерін игеріп үлгереді. Тұрақты жаттығу арқылы балаларда үйлесімді қозғалу дамиды.



Қозғалудың дамуы біркелкі емес, гетерохронды түрде болады. Қозғалудың ең күшті дамуы 3-6 жаста байқалады. Мысалы, жүмыс істеу үзақтығы 3 жаста - 80 сек, 5 жаста-120 сек, ал 10 жаста- 200 сек болады. Жұмысқа төзімділіктің артуы және мүшелердің бұлшық еттерінің жұмыс мерзімі көбейіп, демалыс мерзімінің азаюынан болады. 6-7 жаста синхронды (грек. синхронос - бірнеше құбылыстың уақыт жағынан сәйкестігі) еңбек реттеледі.

болуынан. Біздің және шет елдердің ғалымдарының айтуынша үйлесімді қозғалыстың дамуы қозғалыс кезіндегі коррекциялау (лат. коррекция - түзету, жөндеу) қабілетінің дамуына байланысты. Мүндай жөндеу шеттегі жағдайға байланысты қимыл жоспарын салыстыру арқылы жасалады. Бұларға қоса орталық жүйке жүйесіне басқа рецепторлардан (көру, вестибулярлық, тактильдік, дыбыс) келген импульстердің маңызы зор.



Сонымен, қозғалысты реттеуші механизмдерге ми қыртысындағы қүрылымдар, эфференттік және эфференттік кері байланыс жолдары жатады.

Баланың дамуына қимыл-қозғалыстардың әсер етуі. Адамның денесі мен қимыл-ойының дамуына қозғалыс күшті әсер етеді. Нәрестенің қозғалыс белсенділігіне бөгет жасағанда оның жалпы дамуы нашарлайды және кешігеді. Күнделікті тіршілікте орындалатын қимылдардың қосындысын адамның қозғалыс белсенділігі деп атайды. Қозғалыс белсенділігі ұйымдастырған және ұйымдастырылмаған қимылдардан тұрады. Ұйымдастырылған қозғалыс белсенділігіне дене шынықтыру жаттығулары, спорт, сабақ кезінде, белгілі еңбек әрекетіне байланысты пайда болған қозғалыстар жатады. Адам денесі үшін ұйымдастырылған қозғалыстардың маңызы зор. Сондықтан мектеп жасына дейінгі мекемелердегі балалардың мұндай қозғалыстарын дұрыс жоспарлап іске асыру арқылы балалардың қимыл-дағдыларын қалыптастыруға, саналы қозғалыстарын көбейтуге болады. Ұйымдастырылған қозғалыстар аз болуына байланысты соңғы жылдары балаларда г и п о -динамияның(қараңыз: лат. гипо + динамика-қозғалыс) белгілері пайда бола бастайды. Гиподинамия деп бүлшық еттердің қозгалыс белсенділігінің төмендеуін айтады. Бұл көбінесе бала аз қимылдағанда пайда болады. Қозғалыс белсенділігі тиімді мөлшерден асып кеткенде, мысалы, ауыр жұмыс, мөлшерсіз еңбекпен шұғылданғанда, гиподинамия пайда болады. Гиподинамия организмнің қызметін, қалыпты жағдайын бүзады. Себебі нерв-ет, жүрек-қан тамырлары, тыныс т. б. жүйелердің қызметі осы шектен тыс қозғалыс барысында қалпына келіп үлгермейді де, олардың зорығу белгілері байқалады. Сондықтан балалардың қозғалыс белсенділігін гигиеналық талапқа сәйкес жасына лайықтап ұйымдастырған жөн. Бүгуге қатысатын бұлшық еттері әлсіз болғандықтан және олардың қозғалыс нейрондарының еңбек қабілеті төмен болғандықтан мектепке дейінгі жастағы балалар сурет сабағында немесе басқа сабақта 4-5 минуттан кейін-ақ жиырылатын бұлшық еттері босайды да, мазасыздана бастайды: дұрыс отырмайды, сондықтан омыртқалары қисайып кетуі мүмкін. Әсіресе үзақ түрегеліп тұра алмайды. Осыған байланысты балаларды 2-3 минуттен артық тік тұрғызуға болмайды.

Тірек-қимыл жүйесінің бұзылуының алдын алу гигиенасы және оның маңызы. Баланың жататын төсегі, тамақ ішкенде, сурет салғанда отыратын үстелі мен орындығы, еңбек мөлшері, киімі гигиеналық талап бойынша жасына сәйкес болуы керек. Баланы дұрыс отыруға (партада отыру ережесін қараңыз), төсекте дұрыс жатуға дағдылану қажет. Үстелде дұрыс отыруға дағдыланса, арқа еттері күшейіп, омыртқа жотасының дұрыс өсуіне мүмкіндік туады. Физиологиялық және гигиеналық тұрғыдан қарағанда бала үстелде тік дұрыс отырып дағдылағанда омыртқа сүйектері қисаймай, дұрыс өседі, бұлшық еттері шынығады. Ірі қан тамырлары мен жүрегінің қызметі жақсы жетіледі. Ал дұрыс отырмаса, сүйектері қисайып, қан тамырлары қысылып, бұлшық еттері шынықпай бала тез шаршайды. Буыны қатпаған баланың омыртқа жотасында сколиоз, кифоз бен лордоздың патологиялық түрлері қалыптасады. Ондай баланың жалпы денсаулығы нашар болады.

Бақылау сұрақтар?

  1. Тірек-қимыл жүйесінің маңызы және құрылысы қандай?

  2. Бала сүйектерінің өсіп-жетілу ерекшеліктері қандай?

  3. Белсенді қозғалыс жүйесіне не жатады?

  4. Баланың қимыл-қозғалыстарының даму ерекшеліктері қандай?

  5. Баланың дамуына қимыл-қозғалыс қалай әсер етеді?

6.Тірек-қимыл жүйесінің кемшіліктерінің алдын алу гигиенасы қандай?

Лекция № 7

Ас қорыту органдары, оның жас ерекшекліктері. Зат пен энергияның алмасулары.Тамақтану гигиенасы.

Жоспары:

1.Ас қорыту оргындарының құрылысы мен қызметі.

2.Ауыз қуысындағы ас қорыту. Сілекей бездері.

3.Тістер. Тістің алмасуы.

4.Зат пен энергия алмасуы –организмнің тіршілік әрекетінің негізі.

5. Витаминдердің қажетті мөлшері.

6.Энергия алмасуының жас ерекшеліктері.



Лекция мақсаты: Ас қорыту оргындарының құрылысы, қызметі мен таныстыру.

Лекция мәтіні:

1.Ауыз қуысы, ондағы мүшелер жұтқыншақ, өңеш, асқазан, жіңішке ішек, ток ішек, бауыр, ұйқы безі, асқорыту мүшелері болып табылады. Бұл мүшелердің атқаратын қызыметі: асты шайнау, қорыту, ұсақтану, сору, сіңіру. Ас қорыту мүшесі бас, мойын, көкірек, құрсақ, жанбас бөліктері жатады. Адамның бас және мойын бөлігінде ауыз қуысы, жұтқыншақ өңештің біраз бөлігі орналасқан, ал қалған бөлігі көкірек бөлігіндегі өңештің негізгі бөлігі, ол құрсақта асқазан, ұлтабар, құрсақ қуысында ас ішек, бауыр, ұйқы безі, ол жамбас қуысында тік ішек орналасады.

Ауыз қуысы - ас қорыту жолының алғашқы бөлігі. Ауыз (грекше stoma) осындай стомотология деген ұғым білдіреді. Ауыз қуысының қабырғалары сүйекті және бұлшық еттерінен құралған. Ауыз қуысының жоғарғы жағын таңдай, төменгі жағын тіл және жақ сүйек бұлшық еттері, екі бүйірінен ұрт бұлшықеттері, алдыңғы жағынан ауыз қуысының саңылауын жабатын ерін, ол арт жағынан жұтқыншақ қуысы немесе тамақ тесігі шектейді.

Ерін – шеңберлі ауыз бұлшық еттері ол астыңғы және үсті ерін болып бөлінеді. Қан тамыры өте жиі және беткі бөліктерін. Анық көрінетіндіктен ерін қызарып тұрады.

Ұрт- сырт жағы терімен, іш жағынан сір қабатпен қаптаулыц боллады. Бұлардың аралығында ұрт бұлшық еттері орналасқан тері мен ұрт бұлшық еттер аралығында май заттары жиналады.

Таңдай – алдыңғы бөлігі қатты, ол артқы бөлігі жұмсақ болып келеді.

Қатты таңдай – бас сүйектегі таңдай сүйек. Қатты таңдай қалың, тығыз, сір қабатпен қапталып, сүйек қабығына тұтасып кетеді.

Жұмсақ таңдай – бұлшық еттер негізінде түзіліп оны сір қабатпен қаптайды. Жұмсақ таңдайдың ротаңғы бөлігінде салбырап көрінетін “кішкене тіл” және артқы жағында “таңдай пердесі” болады. Адам жұтынған кезде жұмсақ таңдайдың бұлшық еттері жиырылып таңдай процесі жоғары көтеріледі де жұтқыншаққа жабысып, жұтқыншақ пен мұрын жұтқыншақ арасын бөледі. Бұл тамақ жентегі ауы қуысыныцң өңешке қарай өтеді.

Тіл – қимылдап тұратын бұлшық етті мүше. Тіл шайнаған кезде тамақты қозғап дәм сезу немесе сөйлеу қызыметін атқарады. Тіл де 3 бөлікке бөлінеді.

1.Артқы бөлігі көмейге бекінген – тілдің түбірі.

2.Ортаңғы бөлігі – денесі.

3.Алдыңғы бөлігі – тілдің ұшы және жоғарғы бетінің тілді үсті деп атайды.

Тілдің үстіңгі бетін майда бүрлер немесе емізектер қаптайды. Емізектер тілдің үстінде және екі бүйірінде өте көп. Емізектер 4 түрге бөлінеді.

А) жіп тәрізді – бұл тілдің алдыңғы бөлігінде орналасқан.

ә) Саңырау құлақ тәрізді - тілдің жиегінде орналасқан.

Б) Буылдық тәрізді- тіл бөлігінің аралығында орналасқан.

В)жапырақ тәрізді – тілдің айнала жиегінде орналасқан. Бұлардың 3 –і дәм сезу, жіп тәрізді - жалпы сезу қызыметін атқарады.

2. Сілекей бездер – майда және ірі бездер болып бөлінеді. Ірі бездердің өзі 3 түрге бөлінеді.

1.Тіл асты сілекей безі –ауыз қуысы түбірінде, тілдің астында жатады. Оның салыстырмалы 5 гр, сілекей жолдары тілдің астына және тілдің асты қатпарына майда тесіктер арқылы ашылады.

2.Алқым сілекей безі немесе жақ асты безі - майының жоғарғы ьбөлігінде жақ асты шұңқырында, жақ тіл асты бұлшық еттерін қоршай орналасады. Салмағы 15 гр без.

3.Шықшыт сілекей безі – ең ірі бездің салмағы 30гр пішіні үшбұрыш. Бұл құлақ қалқанының алдында тері астында, ұртқа қарай созылып жатады, ол шайнау бұлшық еттерінің біраз бөлігін жауып тұрады. Бездің сыртынан қатты шандыр қаптайды, ұзындығы 5-6 см.

Ауыз қуысындағы үлкенді кішілі бездер қызметі барынша 3 топқа бөлінеді:

1.Сір бездері (шықшыт) – сұйықтық бөледі.

2.Сілекей безі (таңдай тіл арты) таза сілекей бөледі.

3.Аралас безі (ерін, ұрт, азу, тіл алды, тіл асты, жақ асты) аралас сұйықтықтар бөледі.

Нәрестенің ауыз қуысы кішкентай, оның кіре берісі иек арқылы ғана бөлінеді. Нәрестенің еріні қалың болады, оның ішкі кілегей қабатында өзіне сорылып жабыстыра алатын емізік шіріні орналасады. Сондықтан нәрестенің аузынан анасының емшегі оңай шыға қоймайды. Нәрестеде таңдайы анық көрінеді ал 1 жаста шықырынан шығып тұрады да 16 жасқа келгенде толық жетіледі.Нәрестелерде тілі қысқа, жалпақ, қалың, баяу қозғалады.Сондықтан тілі аузына толық тұрады. Нәрестенің ему кезеңінде сүт тістері жарып шығады.Нәрестенің сілекей бездері нашар жетіледі. 4-айдан кейін ғана тез өсіп екі жасқа жеткенше ұзағынан көлденеңіне қарай шығады.

3. Тіс –ауыз қуысындағы үстінгі және астыңғы жақ сүйектеріндегі тіс ұяларында орналасады.Тістің даму кезі 7-аптадан бастап эпителий және дәнекер ұлпаларынан пайда болады. Тістің сүйектен айырмашылығы тіс тозған сайын бірнеше рет ауысады. Тіс сүйек тәрізді бұлшықетпен жалғаспайды тіс ұясына қазықша қадалып, қимылсыз орналасады. Тістің атқаратын қызметі тістеп, үзіп алу, қырқу, жырту, шайнау, кеміру сондай-ақ сөз сөйлеугеде қатысады. Тістер сүт тісі және тұрақты тіс болып екіге бөлінеді.

Тұрақты тіс 32 болады,оның жоғарғы жақ сүйекте16, төменгі жақ сүйекте16 тіс орналасады. Тіс қатарында аттарына қарай 8-тіс олардың 2-і күрек, 2-сүйір, 2-ші кіші азу, 3-ші үлкен азу тіс деп аталады.



Оның формуласы сынадай болады:

Жалпы алғанда 8-күрек тіс, 4-сүйір тіс, 8-кіші азу тіс, 12-үлкен азу тіс барлығы 32 азу тіс.

Үлкен азу тістің 3-сін “ақыл тіс ” дейді.Ол тістердің ең соңында 12-26 жас аралығында шығады. Кей –кейде ақыл тістер мүлде шықпай қалады. Бұл кезде адам тістерінің біртіндеп азайып бара жатқанын аңғартады. Бала тіссіз туады. 6-айға толғанда тіс жара бастайды ал екі жасқа толғанда толық жетіледі.

Сүт тістер- бірінші шықққан 26 тісті сүт тістер деп атайды. Оның 2-күрек тіс, 1-сүйір тіс, 2-азу тіс болады.Бұл жерде кіші азу тіс және ақыл тістердің жоқтығын байқаймыз.Себебі, 6жастан-13 жас аралығында сүт тістері біртіндеп түсіп, орнына тұрақты тістері өсіп шығады.

4. Зат және энергия алмасу дегеніміз — бұл организмге сыртқы ортадан әрі түрлі заттардың келіп түсуі, олардың қорытылуы және өзгеруі, құралған ыдырау өнімдерінің шығарылуы. Мұның үстіне организмде оның тіршілік қызметін сипаттайтын көптеген әр түрлі химиялык, электрлік, термикалық және механикалық құбылыстар байқалады. Зат алмасу мен энергияның пайда болуы бірінен-бірі бөлек алынып қаралмайды. Өйткені олар белгілі материя мен энергияның сақталу заңы бойынша жүреді.

Балаларда зат алмасу ересектерге қараганда әрқашанда жоғары болады, әрі бұның өзі бір топтағы балалардың өзінде де тұрақты болмайды, өйткені ол организмнің өсуі мен дамуына және нерв жүйесінің жай-күйіне тығыз байланысты.

Зат алмасудың күшейетін және баяулайтын кезі болады, ол жылдың әр мезгілінде -өсу процесінің арту және баяулауына байланысты. Жаңа туған нәрестелерде зат алмасу қарқынды түрде өтеді, ал төменгі класс оқушыларында ол әлдеқайда баяу, бірақ бұл процесс жыныстық кемелдену кезеңінде күрт артады. Ересектердегі зат алмасу дене күшінің жұмсалуына, сондай-ақ денсаулықтың жай-күйне байланысты өзгеріп отырады. Зат алмасудың реттелуі. Организмдегі зат алмасу екі жолмен жүреді: нервтік және гуморалдық. Аралық мида (гипоталамус) белок, май, көміртегі және су-тұз алмасуды басқаратын учаске болады.

Зат алмасудың гуморальдық жолын қарын асты безінен қан алып келген инсулиннің әсерімен глюкозаның гликогенге айналу мысалынан көруге болады.

Қалқанша бездің ауруы зат алмасуын бұзады, ал жануардың ойдағыдай жұмыс істеп тұрған безін алып тастау зат алмасуды күрт төмендетеді, организмді ауыр зардаптарға ұшыратады.

Эндокринді бездер қызметінің күшеюі немесе нашарлауы мидың-эфферентті импульстеріне байланысты болып келеді яғни, заталмасудың гуморальдық реттелуі орталық нерв жүйесі арқылы қадағаланады. Мәселен, шартты түрдегі қоздырғыштармен тәжірибе жасағанда оттегін пайдалану 100—150% артады, ал өкпенің ауа айналымы тыныштық кездегіден екі есе көбейеді.

Зат алмасудың шартты рефлекс арқылы реттелуіне жарыс өткенге дейінгі (бірнеше сағат, кейде бірнеше тәулік бұрынғы) спортшының жай-күйі мысал бола алады. Организмде бірқатар өзгерістер байқалады, оттегін пайдалану мен көмір қышқыл газын бөлу артады, дененің температурасы көтеріледі.Белок алмасу. Балалардағы азоттың оң балансы.Организмде белоктар клетканың басты құрылыс материалы болып табылады. Ферменттер мен гормондарды құрай отырып олар организмде өтіп жататын процестерді реттейді, қорғаныш қызметін атқарады, организмнің түрі мең өзіндік айырмашылығын анықтайды.

Организмде белоктар энергетикалық роль атқарады (1 г белок 4,1 ккал береді). Олардың полипептид және амин қышқылдарына бөлшектенуі, сондай-ақ сіңуі және организммен шығарылуы (несеп, нәжіс түрінде) үздіксіз жүріп отырады. Сондықтан организм (әсіресе, дамып келе жатқаны) белокпен үздіксіз қамтамасыз етуді талап етеді.

Организмге түсетін белоктың мөлшеріне денсаулық, дененің дамуы және жұмысқа деген қабілеттілік тығыз байланысты, сондай-ақ жас балалардың ақыл-ойының дамуы да тікелей белокқа байланысты болып келеді. Организмңің белокпен жеткіліксіз камтамасыз етілуі ауыр зардаптар мен сырқаттарға душар етеді. Әдебиеттерде балалардың белокқа деген сұранысы туралы біріңғай пікір жоқ болса да, СССР Медицина Ғылымдары Академиясының Тамақ институтының мәліметтері бойынша белоктық тәуліктік нормасы 4—7 жастағы баланың 1 кг салмағына 3,5 г, 8-ден 12-дейін — 3 г, 12-ден жоғарыдағыларға — 2—25 г құрауға тиіс.

Организмге түскен және шығарылған азоттың қатынасына карап, азот балансы (тепе-теңдігі) туралы тұжырым жасауға болады.Егер организмге түскен азот организмнен шығарылған азоттан гөрі көп болса онда бұл байланыс дұрыс деп есептелінеді. Осындай белок синтезінің ыдыраудан көбірек болуы балалық шақта байқалады (туылғаннан оганизмнің өсуі тоқталғанға дейін). Егер де шығарылған азот түскен азоттан көп болса, яғни организмдегі бөлінген белок синтезделгеннен көп болса, онда азоттың теріс байланыста болған ол кейбір сырқаттар кезінде, ашыққанда, сондай-ақ құнарлылығы кем асты пайдаланғанда кездеседі.

Организмнің азотты пайдалануы әрқашанда тағамның сипатына (қатты, жұмсақ, ыстык, суық), ондағы белоктың санына және сапасына (сүт, ет, өсімдік) тәуелді болады.

Құрамына организмге кажетті барлық амин қышқылдары, былайша айтқанда, алмаспайтын амин қышқылдары лейцин, изолецин, валин, метионин, лизин, фенилаланин, гистреонин, триптафан және басқалар кіретін белоктар бағалы белоктар деп аталады. Тағамда осы амин қышқылдарының бірі болмаса айналулар мен ауытқуларға әкеп соғады. Мәселен, тәжірибе жасалынып жүрген жануарлардың рационында лизин жоқ бол­са, онда олардьщ өсуі токтап, салмағы тәмендейді, валин бол­маса, нерв жүйесінде жүретін процесстер тепе-теңдігі бұзылады: триптофан болмаған жағдайда өсу мен зат алмасу процестері бұзылады.

Құнарлы белоктар жануарлар өнімдерінен алынған азықтарда (ет, сүт, балық, жұмыртқа) болады. Құнарсыз белоктарда организмге кажетті амин қышқылдары болмайды. Оларға мәселен, өсімдік белоктарының көпшілігі, жануарлар белогынан — желатин жатады. Бұл белоктарда амин қышқылдарын алмастыратын заттар бар, яғни олар организмде түзіле алады. Мәселен, тирозин фенилаланинды алмастыра алады.

Құнарсыз белоктардан тұратын өсімдік өнімдері бала орга­низмі үшін өте кажет. Сондықтан құнарсыз белоктарды оқушылар тағамынан шығарып тастауға болмайды. Мектеп жасында жануарлар және өсімдіктер белогының арақатысы — 3:1, ересектер үшін 1:1.



Балалардағы май алмасудың ерекшеліктері.Майлар организмде негізінен энергиялық материал ретінде пайдаланылады, сондай-ақ организмнің аса маңызды тіршілік процестеріне қатысады, иммунитеттің жай-күйінің ойдағыдай болуын қамтамасыз етеді. Олар А, Д, Е, К витаминдерінің көзі болып табылады. 1 грамм май бөлшектенген кезде 9,3 ккал энер­гия береді. Ішекке сіңген кез келген май негізінен лимфаға және өте аз мөлшерде қанға түседі.

Жануарларды таңбаланған көміртегі және фосфор арқылы емдеу тәжірибесі олардың тікелей тері астындағы май тканіне (клетчаткаға), бауырға, шарбы майға және организмнің басқа да деполарына түсетінін керсетті. Егер организмге, әсіресе, балалар организміне май түспейтін болса, олардың организмі энергетикалық материалдарға көбірек мұқтаж болғандықтан бұл деполар арықтап кетеді. Мәселен, өмірінің бірінші жылын-да нәресте тәулігіне денесінің 1 кг салмағына 7 г, ал 4 жаста — 3,5—-4 г дейін, төменгі класта оқыған кезде — 2,5—2 г, 10 — 12 жаста 1,5 г, ересек кезде — 1 г май алуға тиіс.

Бала тамағындағы май сапасының ерекше маңызы бар, жалпы балалар үшін сүт майын тұшытылмаған сары май) пайдаланған жөн. Бір жасқа дейін емшек сүтінің майы 94— 38% дейін, ал қолдан тамақтандырғанда 85% дейін сіңеді.Артық майды организм пайдаланбайтындықтан ол қанның және басқа сүйықтардың қышқылдылығын арттырады, тәбетті төмендетеді, семіртеді, ал кейде ішек-қарын жолының бұзылуына себепкер болады. Сондықтан оны нормаға сай берген дұрыс. Балаларға өсімдік майын бермей қоюға болмайды. Оларда өсуге, терінің, қызметін жақсартуға, кандағы холестринді азайтуға ерекше жағдай жасайтын қанықпаған жоғары май қышқылдары (линол, линолен және арахид) болады.Қандағы холестериннің аз болуы орта жас пен қартайған шақта атеросклероздың алдын алу үшін аса маңызы зор.Өсімдік майлары сары майлар сияқты 97—98% сіңіріледі. Организмде майдың кез келген түрінің шамадан тыс көп болуы май деполарында жинақталады.Организмдегі майдың қышқылдануы («күюі») көміртегінің мөлшеріне тікелей байланысты. Көміртегі жетімсіз болса про­цесс аяғына дейін жүрмейді де, толық қышқылданбаған май организмге пайда келтірмейді.

Балалардағы көміртегінің алмасуы: Көміртегінің — энергияның негізгі көзі (Г г 4,1 ккал береді) және организмдегі пластикалық материал болып саналады. Олар ас қорыту жолында көптеп бөлшектенеді де 90—98% сіңіріледі.

Көміртегіне деген сұраныс тәулігіне 1—3 жаста — 157 г, 7— 11 жаста — 297 г, 15—18 жаста — 470 г. Бұл ересектің нормасына (500 г) жакын. Орта есеппен дене салмағының 1 килограмына 10—15 гр келеді.Төменгі класс оқушыларының қанындағы глюкозаның мөлшері — 0,8—01%, яғни ересек адамның нормасына тең дерлік.Бірақ астағы қанттың аса мол болуы оның қандағы құрамын
50—70, тіпті 100% дейін көбейтеді. Бұл алиментарлық (тағамдық) молаю немесе гликемия деп аталады. Бұлардың сәбилерге онша зияны жоқ. Себебі оларда көміртегі алмасуы жоғары бо­лып келеді.

Ересектердегі 0,15—0,16% көлеміндегі гликемия глюкозоурия туындатып, несепте қанның пайда болуына әкеліп соғады.

Бөлшектенбеген және ащы ішекке сіңбеген қанттың біраз бөлігі тоқ ішекке өтеді де, онда ол аши бастайды, Мұндай жағдайда ашу көміртегінін қосындысына байланысты: егер онда екі түрлі көміртегі болса (мысалы сүт пен қызылша қанты немесе картоп крахмалы мен қара бидай көміртегі) онда ашу процесі баяулайды, Мұны балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде есте ұстау керек.

Балалар (оның ішінде-мектеп оқушылары да) тамақпен бірге тек кана жеңіл сіңірілетін көміртегінің: глюкоза, қант крахмалды ғана емес, сонымен бірге бөлшектенбейтін — клетчатканы да алуға тиіс. Егер алғашқылар энергия көзі ретінде қажет болса, клетчатка ішектің жиырылып-созылуын күшейтуші ретінде қажет.

Ауыз суға қойылатын гигиеналық талаптар

Су алмасу. Су мен минералды заттар (тұздар, қышқылдар, сілтілер) энергия көзі болып табылмайды. Өзара тығыз байланысқан олар организмде өтетін көптеген физиологиялық процестерде ерекше орын алады. Су барлық химиялық өзгерістер өтетін орта болып табылады. Қан мен тканьдер сұйықтығының осмотикалық қысымын ұстап тұруда судың (электролиттердің құрамдас бөлігі ретінде) ролі өте зор.

Сонымен бірге су мен онда еріген минерал тұздар тканьдерді өсу процесінде заттарды синтездеуге белсене қатысады.

Судың негізгі мөлшері организмдегі клеткалардың ішінде, ішінара — клеткааралық кеңістікте және қан плазмасында болады. Клетка ішіндегі су мен клетка сыртындағы судың ара-қатынасы 3:1 құрайды. Төменгі класс оқушысы организмінің суға деген сұранысы салмағының 1 кг-на — 50—60 мл-ден ке леді, яғни жалпы 1350—1400 мл. Орта есеппен мектеп жасында бұл цифр 1600—1700 мл дейін ұлғаяды да ересектер нормасына сәйкестенеді. Мұның үстіне дененің салмағы мен жыныстың да


маңызы бар (ұлдардың суға деген сұранысы қыздарға карағанда жоғары).

Организмге түскен су тері астындағы май кабатында, бұлшық еттерде және бауырда — яғни, организмнің су «деполарын­да» сақталады. Бауыр суды қандағы су деңгейін реттеп отыратын лимфатикалық жүйеге аударады. Организмнің суға деген сұранысы тамаққа байланысты. Қабылданған судың мөлшері артқан сайын оны бүйректің, терінің, тыныс алу кезінде өкпенің шығаруы жоғарылайды. Жоғары калориялы ас және ауа температурасының көтерілуі де тері мен өкпе арқылы суды шығаруды көбейтеді.

Суды аз мөлшерде қабылдау организмдегі клеткааралық алмасуды бұзады, терінің түрі мен көзге көрінетін кілегейлі қабықшалардың түсін өзгертеді, баланы тез шаршатып, шөліркетеді.Су алмасу гипоталамус (аралық ми), эндокринді бездер (ги­пофиз, бүйрек үсті безі) және түтікше капиллярлар жүйесі арқылы реттеледі, олардың жұмысын ми қабығының үлкен жарты шаралары үйлестіріп отырады.

Организмдердегі тұздардың мөлшері, олардың түзілуі және шығарылуы тамақпен бірге пайдалануға ғана емес, сондай-ақ олардың судағы құрамына да байланысты. Организмдегі мине­ралды тұздардың тепе-теңдігіне балалардың жасы мен жеке баcының жылдың әр мезгіліндегі ерекшеліктері де әсер етеді.Организм үшін химиялық элементтердің (фосфор, күкірт, хлор, калий, натрий, магний), микроэлементтердің кобальт, йод, бром, фтор, никель, марганец және басқалар), сондай-ақ организмге аспен бірге енетін витаминдердің де маңызы аса зор.



Мектепті сумен қамтамасыз ету гигиенасы. Су және балалар ауруы.Сумен қамтамасыз ету гигиенасы. Мектепті сумен қамтамасыз ету жергілікті су көздері немесе орталық су құбырлары (қалалық, поселкалық, колхоздық) арқылы жүзеге асырылады. Жергілікті су көздеріне құдықтың барлық турлері мен бұлақтар жатады. Майда құбырлары немесе шахталы құдықтар олардың анағұрлым жетілген түрі болып табылады.

Майда құбырлы (бұрғылы) құдықтардың бірқатар гигиеналық артықшылықтары бар. Олардьщ қабырғаларынан жоғарыдан келетін cу өтпейді. Ауыз су таза, минералдық тұздарға бай, тереңнен алынады, суды насоспен тарту оның былғануына жол бермейді.

Шахталы құдықтардың қабырғалары ағаштан, табиғи тастардан, қыш немесе бетон сақиналардан өріледі. Мұндай кұдықтар шаң-тозаң түспес үшін кақпақпен жабылады. Құдықтың орнын оған қар, жаңбыр, ағын сулар түспейтін жерден таңдайды. Сонымен бірге құдықтың айналасындағы тереңдігі 1,5—2 м, ені 1 м жердегі сазды мұқият таптайды. Бұл ағын және қар суын сіңдірмейтін тапталған бөгесін бо­лып табылады. Бөгесіннің үстін (одан 100—150 см ендірек етіп) ағашпен, асфальтпен немесе бетонмен (судың ағыны күшті болуы үшін) еңістеу етіп жабады.

Шахталы кұдықтардан суды кұбыр арқылы алу гигиенаға сай келеді, алайда шынжырға тас қып бекітілген шелек арқылы тартуға да болады.Жергілікті су көздерін пайдаланған кезде ауыз су үшін арнаулы фонтан-бөшкелерді пайдаланған жөн. Шелек немесе күріжкені пайдалану тазалық талаптарына сай келе бермейді.Су орталықтан қамтамасыз етілген жағдайда мектепке ауыз суға арналған фонтан орнатқан дұрыс. Бұл жағдайда инфек­ция жұқпайды.



5. Витаминдердің қажетті мөлшері. В, витамині (тиамин). Ас қорыту, жүрек, жүйке жүйесінің қызметіне өте қажет. Ол белок, май, комірсу алмасуына қатысатын ферменттердің қүрамына кіреді, өсу мен даму, жүрек, қан тамырларының ішкі мүшелердің қызметінің нервтік реттелуіне қатысады. Бұл витамин ішкен тамақта болмаса, не жеткіліксіз болса адам "бери-бери" (аяғын сүйретіп басу) немесе полинефрит деген сырқатқа ұшырайды. Ең алғаш Иңдокитайда, Филиппин аралдарында және Жапонияда осындай науқастар байқалған. Бүл күрішті қабығынан тазартып тағамға пайдаланғанның нәтижесі екені анықталған. Кейін күрішті қабығымен пісірген тағамды жегеңде оның болмайтыны белгілі болды. В, витамині бидайдың қабығында, бұрыштарда, бауыр, бүйрек, жүрек етінде көп болады.

Тиамин денеде өндірілмейді және қорға жиналып, сақталмайды. Тағаммен келген тиаминнің артық мөлшерінің біразы сыртқа шығарылады, ал біразы тиаминаза ферментінің әсерінен ыдырап пирамин, пирамидин жөне тиазол деп аталатын заттарға айналады.

Ішек қабырғасынан тиамин қанға өтіп, ұлпаларда фосфоферилаза ферментінің көмегімен фосфорландыру жолымен өзгеріп, декарбоксилаза коферментіне айналып, катализаторлық қызмет атқарады.

В2 витамииі (рибофлавин) - сары түсті кристал зат. Суда жақсы ериді. Күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен оңай тез ыдырайды да, люмифлавин және люмихромға айналып, витаминдік қасиеттерінен айрылады.

Ас пісіргенде оның ішіндегі рибофлавин бұзылмайды.Рибофлавин авитаминозы кезінде адамның көзі ауырып катаракта, анемия, яғни қан аздылық, өкпе сырқаты және әлсіздік пайда болады.Рибофлавин жануарлар текті тамақта көп болады. Әсіресе бауыр, бүйрек, ми және бұлшық еттерде көбірек. Оның адамға қажетті тәулік мөлшері 2-3 мг.



В6 (пиридоксин) витамині табиғатта пиридоксаль және пиридоксамин түрінде болады. Олар тотықтырғыш ферменттердің құрамында болады және зат алмасуына қатысады.Пиридоксин жануар текті және өсімдік текті азықтың құрамында жиі кездеседі: бауырда, бұлшық етте, балықта, бидайда, картопта, капустада, күріште, сәбізде және ашытқыда мол болады.Бұл витаминнің қажетті мөлшері тәулігіне 1,5 мг.

В 12 витамині (цианкобаламин). Бұл витаминді антианемиялық витамин деп те атайды, себебі оның организмде жетіспеуінен анемия, яғни қан аздылық пайда болады.

Бұл витаминді тағаммен бірге әдеттегідей қабылдағанда оның витамиңдік қасиеті азаяды, өйткені ішек-қарындағы микроорганизмдер оны бойына сіңіріп, адамға пайдасы болмайды, соңдықтан оны таза қарын сөлімен бірге ішкізу керек, сонда қарын сөліндегі апоеритеинмен қосылып, оны микробтардан сақтайды да қанға өтіп, қан өндіру мүшелеріне барып, өз қызметін атқарады. Адамның бұл витаминге тәуліктік қажеттілігі 10-20 мкг. Мөлшері аз болғанымен, оның тіршіліктегі маңызы зор.

С витаминін (аскорбин қышқылын) антицингалық фактор деп те атайды. Бұл организмде жетіспесе, құрқұлақ (цинга) ауруы пайда болады және қан тамырларының, әсіресе капилляр тамырларының серпімділігі төмендейді. Сондықтан құрқұлақпен ауырған кісі қансырайды, алдымен қызыл иектері қанағыш болады. Мұның нәтижесінде тіс босап, түсіп қалады және терінің қан тамырларының серпімділігі бұзылып, бетінде қоңыр дақтар пайда болады. Ең қиыны сүйек ұлпасының белок коллагені бұзылып, сүйек сынғыш болады. С гиповитаминоз қыста, көктемде азық-түліктің құнарлығы азайғанда пайда болуы мүмкін, сондықтан оның алдын алу үшін жьглдың бұл мезгілінде қосымша аскорбин қышқылын ішу қажет.

Аскорбин қышқылы тирозин және фенилаланин сияқты амин қышқылдарының құрамында болып, белоктың алмасуына қатысады. Жағымсыз жағдайда ол организмнің төзімділігін арттырады, әсіресе сыртқы орта жағдайының өзгеруіне бейімделу қабілетін арттырады. С витаминінің бүл қасиеті баланың бір мектептен екінші мектепке, не сыныптан сыныпқа ауысқанда тұрақты бейімделуіне көмегі көп болады.С витамині көкөністер мен жемістерде көп болады, әсіресе капустада, картопта, пиязда, бүрышта, жеміс-жидекте жеткілікті мөлшерде болады.С витаминіне тәулік қажеттілігі 50 мг шамасында. Бұл мөлшер көктем айларында көбірек болуы тиіс.



Д витамині (кальциферол) организмде жетіспеуінен мешел немесе рахит (грек. рахис - омыртқа) ауруы пайда болады. Ол Англияда жиі тараған ауру, сондықтан оны ағылшын ауруы деп те атайды. Күн сәулесі аз болатын аймақта, қыс кезінде туған балаларда мешел жиі байқалады.

Мешелмен ауырған балада кальцидің және фосфордың алмасуы бұзылады, сондықтан олардың сүйектері дұрыс өсіп жетілмейді. Сүйектері жүмсарып, борпылдақ болады, дене салмағының ауырлығынан аяқ сүйектері қисаяды, бас сүйегі мөлшерден тыс үлкен болып, тістері кешігіп өседі.

Д витаминінің жетіспеуінен әйелдің, кей кезде ер адамның да жыныстық қабілеттері бұзылуы мүмкін.

Дені сау дүрыс өскен балалардың қанында фосфор 5 мг% болады, ал мешелмен ауырғанда 2-3 мг%-ға дейін азаяды. Дәрігерлер қанның фосфор көрсеткіші бойынша мешелдің пайда бола бастағанын анықтай алады. Науқастың алдын алу үшін Д витаминін немесе осы витаминге бай сары май, жұмыртқаның сары уызы және бауырды күнделікті тағам мәзіріне енгізіп керек және баланы далаға күн сәулесі түсетін жерде көп жүргізу керек. Өйткені Д витамині күннің ультракүлгін сәулесінің әсерінен провитаминнен теріде өндіріледі. Күннің үльтракүлгін сәулесі терезенің шынысынан өтпейді, бірақ киімнен өтеді, сондықтан қыста суық болса да баланы қалың киіндіріп далаға шығару қажет. Бүл витаминнің тәуліктік қажетті мөлшері 25 мкг.



Е витамииі (токоферол). Токоферолдың а, р, ү турлері бар, бірақ атокоферол ғана белсенді. Бұл витамин өте түрақты, қайнатқанда ыдырамайды, 170 °С температурада бұзылмайды.

Токоферол жыныс мүшелерінің өсіп, дамуы үшін қажет. Ер азаматтарда оның мөлшері азайғанда сперматогенез, яғни ерлердің ұрық клеткасының өндірілуі тежеледі, сперматозоидтардың жіпшелері жоғалып, қозғалу қабілеті жойылады. Жыныс гормондары өнбейді, ересек ер адамдардың сыртқы жыныс белгілері (сақал, мүрт) пайда болмайды. Егер әйелде Е авитаминоз болса, ол бала көтеру қабілетінен айрылады. Ондай әйелде ұрықтану болғанымен, ұрықтың өсу қарқыны төмендейді де тіршілігін жоғалтып, түсік түседі. Жүкті әйелдің Е авитаминозы павда болса, дүрыс бала табуы мүмкін, бірақ сүті болмайды және аналық мейірімі дамымайды.

Е авитаминозы болған кісілердің жолақ еттерінде гликоген аз жиналады, натрий түзы көбейеді, ал калий, магний, фосфор тұздары азаяды. Ондағы миозин мөлшерінің пішіні өзгеріп, кішірейеді, ет дистрофиясы байқалады.

Е витаминінің антиоксиданттық қасиеті бар, ол клетка мембранасының беріктігін қамтамасыз етеді. Токоферол А витаминімен, каротинмен арақатынаста болып олардың қышқылдардың әсеріне төзімділігін арттырады.

Токоферол жануар жөне өсімдік текті азықтарда болады. Ол етте, жұмыртқада, сүтте, сары майда, көкөністе, нанда, мақта майында көп болады.

Е витамині денеде қор болып жиналады. Ол гипофизде, плацентада (бала жолдасында), бауырда, бұлшық етте көбірек жиналады, сондықтан оның қоры жыл мерзіміне байланысы жоқ. Е авитаминозы сирек кездеседі.Тәуліктік қажет мөлшері 1 - 1,5 мг

К витаминінің филлохинон (Кк) және фарнохинон (К,) деген екі түрі бар. Екеуі де қанның ұюына қатысады. Бүл витамин денеде аз болғанда протромбиннің өндірілуі тежеледі, қанның үю қабілеті мен белоктың түзілуі нашарлайды, адам қансырайды. Бұл витамин табиғатта К, және К, витамині түрінде кездеседі.

К витамині ішек қуысында, бактериялардың әрекетімен түзіледі. Жейтін тамақтың құрамында да болады. Оның ішек қабырғасына, қан тамырына өтуіне бауыр өті жол ашады.

Жаңа туған баланың ішегінде микрофлора өлі болмағандықтан, К втаминінің мөлшері жеткіліксіз, бірақ нәресте оны ана сүтімен толықтырады. Егер ана сүті жарытпаса, балада геморрагия сырқатын тудырады. К витамині азық-түліктің бәрінде дерлік бар; әсіресе шпинатта, капустада көп болады.



Р витамині (флавин, цитрин) С витамині іспетті қан тамырларының беріктігін сақтайды. Р авитаминозы кезінде қан тамырларының серпімділігі төмендеп, қан айналысы бұзылады.

Бұл витаминнің молекулалық құрамы флавонға негізделген, сондықтан оның флавон және полифенол түрлері де бар. Бұлар эвкалипт ағашының, қышаның, шайдың жапырақтарында, өсімдіктерде көп болады.

Антивитаминдер — витаминге қарсы заттар. Әр витаминнің өзіне бейімделген қарсы заттары болады. Мысалы, тиаминге қарсы пиритамин, С витаминіне қарсы глюкаскорбин қышқылы, пиридоксинге - дезоксипиридин қарсы әрекет жасайды.Антивитаминдер витаминдердің белсенділігін төмендетеді, ферменттермен байланысын үзеді де, олардың ұлпаға әсерін төмендетеді. Химиялық құрамы жағынан бұл заттар витаминдерге өте жақын болғандықтан кейде "жалған" витамин ретінде әсер етеді. Олардың бүл әрекеті витаминдердің белсенділігі басым болғанда жойылады.

Витамин алмасу. Гиповитаминоз бен авитаминоздың алдын алу.Витаминдердің маңызы. Тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде оқушылардың дене еңбегімен шұғылдануын, жыл мезгілін және. кейбір заттар организмге негізінен тек ас арқылы келіп түседі де не пластикалық, не энергетика-
лық материал болып табылмайды, солай бола тұрса да оларсыз организмнің ойдағыдай өсуі мен дамуы, яғни зат алмасу процесінің жүруі мумкін емес. Бұл заттар витаминдер деп аталады.Организм витаминдердің жеткіліксіз түсуі — гиповитами­ноз және тіптен түспеуі — авитаминоз және шамадан тыс артық болуы— гипервитаминоз барлығы да организм үшін қолайлы емес. Витаминдер организмдегі процестердің тепе-теңдігін қамтамасыз ететін арнайы заттар болып табыдады. Сонымен бірге, витаминдер жұқпалы аурулардың алдын алу мен емдеу үшін де керек, себебі олар фермент түзу процесіне қатысып, адам организмі биологиялық жүйесінің беріктігіне әсер етеді.Организмдегі витаминдердің мөлшері сыртқы (экзогенді) ғана емес ішкі (эндогенді) себептерге байланысты: мәселен, организм деп витаминдердің жарым-жартылай немесе толық бүлінуі, ішекте оларды сіңіру процесінің бұзылуы.

Мектеп Оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде, аста витаминдердің жеткілікті болуына, әсіресе, табиғи вита­миндер — көкеніс, жемістер мен жидектердің жыл бойы үзілмеуіне көңіл бөлген жөн.Қазіргі кезде витаминдердің 40-тан астам түрі белгілі. Олардың бірқатары суда ериді (В, С, Р), кейбірі майда ериді (А, Д, Е.-Қ, р) ;



Суда еритін витаминдер. Нерв жүйесінің кейбір ауытқуларын (бери-бери ауруы) емдеуге арналған дәрмектерді іздеу ғалымдарға витаминін ашуға жол ашты. Ол В-ден В-ке дейін созылатын комплекс екендігі анықталды. Оның үстіне осы топты бастайтын витаминдер зат алмасу мен орталық нерв жүйесінің функциональдық қызметіне белсене араласады, өйткені олар көміртегімен байланысқан. Олардың, әсіресе, В витаминдерінің организмде жетіспеуі нерв діңін қабындырады (не­врологин, нервит) және адамның қозғалыс қызметін бұзатын бұлшық ет семіруіне әкеліп соғады.

Никотин қышқылы (ниацин, витамин РР) клеткалы тыныс алуға, зат алмасуға, кейбір гормондардың жасалуына катысады, қан тамырларын кеңейтеді және ол кандағы холестриннің келемін төмендетеді, сондықтан ол кәрі кісілөрдің атеросклерозының алдын алуға және емдеуге қолданылады. Никотин қышқылы жетіспеген жағдайда, тері қарайып (дерма­тит), асқазаң (іш өту), нерв жүйесі бұзылып көзге әлденелер (елестеу, психоз, жарымес) — пеллагра атты ауру өрбиді.Көрсетілген азық-түліктен технологиясын дұрыс сақтап жасалған тамақта С витамині толық нормада болады.

Темекі шеккен кезде темекі түтінімен бірге адам организміне (өкпе, ішек-карын жолдарына) өте күшті улы зат никотин келіп түсіп, В және С витаминдер тобын жояды, сондықтан темекі шегетіндерде бұл витаминдер ұдайы жетіспейді. Витаминдердің сіңірілуіне ішімдік тетеріс әсер етеді. Майда еритін витаминдер.А витамині өсуге эсер етеді. Бұдан өзге, ол жетіспеген жағдайда салмақ жоғалып, организмнің әлсіреуі байқалады, «ақшам соқыр» дерті өрбиді. А витамині ірі қара мал мен шошқа бауырында, сары майда, қаймақта, қара өрікте, сүт пен жұмыртқа уызында мол кездеседі. Өсімдік өнімдерінде (сәбіз, көк пияз, салат, шпинат, көк бұршақ, қызыл бұрыш, томат, қара бүлдірген, кара жидек, таңқурай, қарақат, қарлыған, шие, шабдалы және басқалар) ол А провитамин-ка­ротин түрінде болады. А провитамині организмге түскен соң ішек пен бауыр клоткаларында май мен белок болған жағдайда А витаминіне айналады. Аста белоктын жетімсіз болуы провитаминнің витаминге айналуы тежейді, ал казеин мен жекелеген альбуминдердің мол болуы осы процеске жағымды әсер етеді.Ересек адамға тәулігіне 1—2 г витамин қажет. Мектеп жасындағы балалардың А витаминіне деген сұранысы екі есе төмен.А витаминін шектен тыс пайдалану зат алмасудын, бұзылуына әкеліп соғып, адамның түсі қашып, шашы түсіп, ашуланшақ болады, тері қышып, денеде бөртпе пайда болады. Мұндай жағдайда қатаң диета сақталуы керек — аста каротин немесе А витамині болмауға тиіс. Дерттен айыққан соң да А витамині немесе каротині бар тағамды мейлінше аз мөлшерде пайдаланған жөн.

Д витамины (кальцийферол) сондай-ақ антирахиттік деп те аталады себебі бір жасқа дейінгі балаларға ол жетпеген жағдайда рахит (мешел) ауруы өрбиді де нәтижесінде балалар есейген кезде аяқтары доға немесе қамыт тәріздес болып бітеді.

Д витаминінің организмде өте мол болуы тәбетті төмендетіп, қанда қальцийдің мөлшерін, сонан соң фосфордың мөлшерін көбейтеді. Сүйек эпифизінің мезгілінен ерте қатуы басталып, ол дененің әрмен қарай өсуіне зардабын тигізеді.

Көптеген азықтарда провитамин эрготерол болады. Одан күн сәулесінде немесе ультракүлгін сәулелендіру кезінде Д витамині құралады. Іс жүзінде — бұл Д ден Д-ке дейінгі витаминдер тобы, бірақ соңғы екеуінде ғана антирахиттік қасиет бар. Д ви­тамині сондай-ақ теріде ультракүлгін сәулелердің әсерімен де құралады. Қазіргі кезде оны синтетикалық жолмен де алады. Д витаминіне деген сұраныс сол құрамында бар асты қабылдау арқылы, сондай-ақ тері де синтез жасау арқылы қанағаттандырылады. Д витамині теңіз балықтарының бауыр майында (треска), мол, ал сары май мен жұмыртқа уызында сәл кемдеу. Сүт пен ашытқыларды Д витаминімен байыту үшін оларды ультракүлгін сәулелермен сәулелендіреді, нәтижесінде эргестрол Д витаминіне айналады. Өсімдіктен жасалған тағамдарда Д витамині болмайды.Балық майы жарықта, ауасы бар жерде бұзылып кететіндіктен оны салқын, қараңғы жерде жақсы тығындалған ыдыста сақтау керек.Мектепте балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру. Ас дайындайтын бөлме гигиенасы.Мектептегі таңертеңгілік ыстық ас. Оқушылардың дене еңбегі қызметі мен жеткілікті ой еңбегін жоғары дәрежеде ұстап тұруда таңертеңгілік ыстық астың жағымды роль атқаратынын мектепте балалар тамағын ұйымдастыруды зерттеу көз жеткізді.Мектепте 4 сағаттан 6 сағатқа дейін, кейде одан да көп болатын оқушылар үшін үйде ішкен таңертеңгілік ас аздық етеді.Класта, спорт залда өтетін сабақтарда, үзіліс кезіндегі ойын үстінде балалар көп энергия жоғалтады. Сондықтан ол энергияның бір бөлігі үлкен үзіліс кезіндегі ыстық таңертеңгілік ас арқылы қалпына келтіріледі. Мұндай таңертенгілік асты әзірлеуге арналған азық-түліктердің ішінде энергетикалық және пластикалық заттар, витаминдер және минералды тұздар болуға тиіс. Мектептегі таңертеңгілік асты тек бутербродты шаймен немесе біркелкі тамақтармен (пюре, ботқа) шектеуге болмайды. Ыстық таңертеңгілік астың құнарлығы шамамен 600— 700 к калориямен бағаланады.

Мектептегі таңертеңгілік ыстық ас калорияның тәуліктік шығынын белоктың есебінен 15%, майдың есебінен 25% және көміртегінің есебінен 60% өтуге тиіс. Егер таңертеңгілік ыстык ас тәуліктік рационнын 6—7% құрайтын болса (шай, май, бөл­ке, бәліш), онда ол бесін кезіндегі ас берілген кезде есепке алынбайды. Егер мектептегі таңертеңгілік ас 10—15% және одан да жоғары болатын болса, онда бірқалыпты өсіп келе жатқан оқушыға түс қайтқан кезде тамақ бермей-ақ, бір стакан шай немесе сүтпен шектеуге де болады.

Дастархан мәзірін жасау. Мектепке ыстық ас әзірлеу үшін мәзір жасау кезінде алдағы аптаға арналған қолда бар азық-түліктің түрлері ескеріледі. Оны жасауға, тамақ әзірлеуге, азық-түлік бөлуге жауапты адамдар және медицина қызметкерлері қатысады.

Мәзірді дайындау үстінде азық-түліктердің тәуліктік нормасын алып, оны аптадағы оқу күндеріне, яғни 6-ға көбейтеді. Сонан соң алынған азық-түліктен неше рет тағам әзірлеуге болатындығын есептейді. Мәселен, макарон: 20X6=120 г. Яғни, одан тағамды аптасына екі рет қана дайындауға болады екен. Тәуліктік нормасы бір үлестен аз болатын өзге азық-түліктерді де осындай жолмен есептеп шығарады. Тәуліктік нормасы жоғары азық-түліктер екі тағам жасау үшін пайдаланылады. Мысалы, 8—10 жасар бала үшін картофельдің тәуліктік нормасы — 300 г. Тазалаған кезде кететін шығындар шығарып тасталса, пюре дайындауға, боршқа, сорпаға дәл жететін картоп қалады және с. с.

Мәзір дайындаған кезде бар азық-түлік қана емес, балалардың осы күні атқаратын іс-әрекеті, жыл мезгілі, денсаулықтарының жай-күйі ескеріледі. Мұның үстіне тәуліктік рацион астың берілу санына бөлінеді.

Денсаулығы нашарлаған балалар үшін ерекше рацион мен өзгеше тамақтану мерзімі белгіленеді (5-рет немесе одан да көп). Бұндай жағдайда жануарлар майы мен витаминдер ескеріледі.

Мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру. Кітаптың II тарауында асхана-буфеттің және басқа ас дайындайтын орындардың көлемі, ауданы көрсетілген. Бұл мектепте тамақтандыруды ұйымдастырудың ең тәуір тәсілі. Алайда, жақын маңдағы асхана, кафеден алып келіп, оны жылытып беруге де болады.

Мектеп асханасында бір үлкен үзіліс кезінде барлық окушыларды тамақтандырып үлгеруге мүмкіндік беретін ас ішуге арналған зал болуға тиіс.Асхана ыдысаяқтары мен аспаптарын күтіп ұстау. Асхана ыдыс-аяқтары, қазандар, кастрюлдер, ожау және қасықтар тотығып, астың дәмін бұзбауға тиіс. Сондықтан тотықпайтын болаттан жасалған ыдыс-аяқты пайдаланған дұрыс.

Асхана ыдыстарын үш рет ауыстырылатын сумен немесе үш ваннада ас содасы немесе қыша араластырып жуады, бірақ кір жуатын ұнтақты пайдалануға қатаң тыйым салынады. Кезекшілер (мүғалімдерден) асхана ыдысыныц мұқият жуылуына ерекше назар аударуға тиіс, өйткені оларда микроорганизмдер қалып қоюы мүмкін (оның ішінде ауру тудыратын микробтар болуы ықтимал).

Ыдыстарды арнаулы кептіргіш сөрелерде инфекция түсуін азайту мақсатында тарелкаларды қырынан қойып кептіреді.

Қызметкерлер мен ас үй гигиенасы. Жұмыс соңында ас үй мен қосалқы бөлмелердің едені сабындалып ыстық сумен жуылады, ал жұмыс кезінде қажетке орай дымқыл шүберекпен сүртіледі.

Асхана қызметкерлері ұдайы медициналық бақылаулардан өтіп, лабораториялық анализдер тапсырып тұрады. Жұмысқа тек ақ халат, ақ орамал, ақ қалпақ және арнаулы аяқ киімдермен жіберіледі. Инфекцияның түсуіне жол бермеу үшін әжетханаға, қосалқы шаруашылық бөлмелеріне арнаулы киімдермен баруға рұқсат етілмейді.Астан уланудың себептері. Балаларды уланудан сақтандыру.Астан болатын уланулар химиялық және бактериялық болып бөлінеді.Химиялық немесе бактериялық емес уланулар азық-түлікке немесе дайын тамаққа улы заттардың (мыс, қорғасын, күшәла және оның тұздары) түсіп кетуінен немесе тамақты дұрыс сақтай алмаудан улы химикаттарға (гербицид, инсектицид т. б.) салдыр-салақ қараудан болады.

Бактериялық емес улану жеуге жарайтын саңырауқұлақтарды қате дайындаудан немесе жеуге келмейтін улы саңырауқұлақтарды (шыбынжұт, арамқұлақ, жалған қозықұйрық, жалған түбіртек және т. б.), улы балықтарды (ақбалық, жыланбалық және ), өсімдіктерді (қаражеміс жидегі, меңдуана жемісі және т. б.), көгерген дәндерді, қарамықты, у кекірені пайдаланудан да болуы мүмкін.

Бактериялық жолмен улану, микробтар түсіп, сапасы нашарлаған балық, ет өнімдерін, жоғары температурада жақсы піспеген (шикі, қуырылмаған, қайнатылмаған) тағамдарды пайдаланудан болады. Алайда, кейде жоғары температура мен мұқият пісіру де көмектеспейді, өйткені аста орталық нерв жүйесін зақымдап ауыр зардаптарға ұшырататын улы заттар (ток­син) сақталуы мүмкін.Астан болатын уланудың алдын алу үшін балалардың жеуге жарайтын жидекті пайдалануын қадағалап, олардың улы жидекті ажырата білуіне назар аудару; жеуге келмейтін азықтарды пайдалануына жол бермеу керек. Ac ішетін ыдыстардың жуылуы мен күту ережесін сақтау керек. Балалар мекемесінде кемірушілер мен шыбындарға қарсы улы заттарды пайдалануға болмайды.

Тағамға ескі консервілерді, еттерді және сүт өнімдерін, сондай-ақ санитарлық-бактериологиялық бақылаудан өтпеген азык-түліктерді пайдалануға болмайды. Азықтарды тасымалдау мен сақтау қағидаларын катаң сақтау қажет, олардың ластануына жол бермеу, қоймаларда, ас үйде, асханада тазалық сактау керек.Уланудың белгілері: тамақ ішіп болғаннан кейін іштің ауруы, лоқсу, іш өтуі, температураның көтерілуі (39—40°), қалшылдап тоңу, көзге әр нәрсе елестеп, сандырақтау, кейде көзге көрінетін кілегейлі қабықшалар мен тері көгереді.

Көрсетілетін жәрдем: дәрігер шақыру (жедел жәрдем), аурудың не ішіп-жегенін анықтау (дәрігер келгенше аурудың жағдайы нашарлап, барлық жайды ол өзі айта алмауы мүмкін), ауруды төсекке жаткызу, қайнаған салқын су немесе қылаң шай беру, көпіретін сусын мен айраннан бас тарта тұру (ула-нудың себебін анықтағанша) қажет. Құсық пен нәжістің біраз бөлігін медицина қызметкерлері келгенше сақтау керек, оның ауруды анықтау үшін маңызы бар.Егер улану улы жемістер немесе саңырауқұлақтардан болса, онда ауруды дәрігер келгенше құсқызған жөн.Ішек-қарын және ішек құрты ауруларының алдын алу.«Ішек инфекциясы» туралы түсінік. Ac қорыту ортандары жүйесінің қызметі асқазанға және ішекке микроорганизмдердің түсуінен бұзылуы мүмкін. Олар ішектің кілегейлі жақтауларына орнығып, паразиттік өмір кешеді. Осыдан барып оларды «ішек инфекциялары» деп атайды. Бұған дизентерия, іш сүзегі, холера, полиомиелит, Боткин сырқаты және т. б. жатады. Ішек инфекцияларының қоздырғыштары кілегейлі қабықшаны бүлдіріп қана қоймай, өзінің өмір сүру өнімдері (токсиндер) арқылы адамды улайды.Дизентерия. Аурудың қоздырғыштары — бактериялар (бацилалы дизентерия), кейде — қарапайым бір клеткалылар —-дизентерия амебасы (амебиаз). Инфекцияның көзі — ауру кісі немесе бактериялы жәндік: су және тамақ арқылы тарайды. Жасырын кезеңі 1 күннен 7 күнге дейін. Ауру шұғыл басталады: әлсіздік, жоғары температура (38—39°), ішек бұрап ауырады, алғашкы кезде іш жиі-жиі сұйық болып, кейіннен қан араласып өтеді.Соңғы кезде балаларда дизентерия жеңіл түрде кездесуде, бірақ дұрыс емдеу жүргізілмесе немесе витамин жетіспеушілік пен организмнің арып-ашығандығын ескермей емдеу жүргізілсе ол да аурудың созылмалы түріне ұласып кетуі мүмкін.Сырқат адам жүқпалы аурулар ауруханасына жөнелтіледі, онымен қарым-қатынас жасаған кісіні өзгелерден бөлектейді. Бөлме, аурудың заттары, ыдыс-аяғы мен көрпе-төсегі мұқият дәріленеді. Аурумен бірге болған, сондай-ақ асхана мен буфет қызметкерлеріне жеті күн бойы егжей-тегжейлі дәрігерлік бақылау қойылады және нәжістеріне лабораториялық анализ жүргізіледі. Бұл кезде ыдыс аяқты мейлінше мұқият жуып қайнату және қолдың тазалығына тамақ алдында және әжетханадан соң ерекше көңіл бөлу керек.

Аурудан айыққан соң балалар мектепке нәжістің бактериологиялық анализі дұрыс болған жағдайда ғана жіберіледі.Амебиаз біздің елімізде өте сиірек кездеседі. Бұрын ол біршама кең тараған болатын (Астрахань губерниясы, Кубань). Алайда оның қоздырғыштары ыстық жақтардан көкөністер арқылы келуі мүмкін. Сондықтан оларды сатылымға тек карантиннен соң ғана жібереді. Карантин 7 күнге созылады.Аурудың маусымды (июньнен октябрьге дейін) болатын себебі бұл кезде шыбындар өте көп болады, жеміс-жидек, көкөніс көп пайдаланылады, оның үстіне санитарлық кағидалар сақтала бермейді. Сондықтан шыбындармен күрес, әжетханаларды, жуынды шұңқырларын, қоқыс жәшіктерін дәрілеудің аса үлкен маңызы бар.



Іш сүзегі. Аурудың қоздырғышы — тек қана адамдарға жұғатын таяқша тәрізді микроб. Инфекция көзі — ауру адам, не­месе бактерия тасымалдаушы. Микробтың енетін жері ас коры­ту жолы, ауру сырқат адаммен тікелей қарым қатынас жасағанда, оның заттары мен ыдыс-аяғы, су мен тамақ арқылы жұғады. Жасырын кезең орта есеппен 14 күнге созылады. (7-25), ауру бірте-бірте өрбиді, диагноз коздырғыш табылғанда ғана анықталады. Сырқаттанғандар ауруханаға жатқызылады.

Іш сүзегінің алдын алу — ауруды ерте анықтап, оларды ауруханаға жатқызудаң мерзімді дәрілеуден, топырақ пен суды ластаудан қорғаудан, тамақ өнімдеріне санитарлық бақылау қоюдан, жеке бас гигиенасын мұқият сақтаудан тұрады.

Іш сүзегімен ауырған адаммен бірге болған балалар мен ересектер тексерілуге тиіс. Іш сүзегіне қарсы егу ауру қаупі өте жоғары болған жағдайда ғана жасалады. 7-ден 14 жасқа дейінгі балаларға іш сүзегінің моновакцинасы, ал 15 жастан жоғарыларға тифозды паратифозды столбняк вакцинасы салынады. Ауырып айыққандарда тұрақты табиғи иммунитет қалыптасады. Аурудың қайталануы сирек. Іш сүзегінен ауырып тұрған балалар толық айыкқаннан кейін нәжіс пен несеп екі қайтара тексерілген соң ғана коллективке жіберіледі. Оларға жақсы күтім, құнарлы, витамині мол тамақ қажет. Аурудың алдын алуға жұртшылықпен өткізілетін санитарлық-оқу ағарту жұмысының алатын маңызы айрықша. Бұл жұмысты санитарлық эпидемиялық станция ұйымдастырады.

Холера (тырысқақ). Аурудың қоздырғышы — холера виб­рионы — сыртқы ортаға мейлінше төзімді: нәжісте 150, майдың бетінде — 30, көкеністерде — 8 күнге дейін өмір сүреді, тө­мен температурадан қорықпайды, алайда кептіру кезінде және күн сәулесінің әсерінен тез жойылып кетеді. Организмге ауыз қуысы арқылы сумен, тамақпен және микробы бар заттар арқылы жұғады.

Холера — өте жұқпалы, аса қатерлі сырқат. Ол 2—3 күндік жасырын кезеңнен соң, ал кейде бірнеше сағаттан соң басталады. Жүрек қан тамырлары жүйесінде үлкен өзгерістер байқалады, бірақ әсіресе ащы ішек қатты зақымданады. Ауру кезінде іш өте жиі өтеді (тәулігіне 40-ретке дейін), нәтижесінде организм сусызданып адам кенеттен өліп кетеді.

Аурудан сақтану үшін ең бастысы іш ауруларының алдын алатын өте мұқият санитарлық гигиеналық шаралар жүргізілуі керек (тазалық, дезинфекция, дезинсекция), әсіресе, холераға қарсы бактериофаг егу моно және поливалентті вакцина жасау ұтымды. Холерадан қайтыс болған өліктер инфекцияның көзі болып кала береді, сондықтан оларды өртеп немесе ішіне әк салынған, мықтап бекітілген табытпен көмеді.



Полиомиелит. Жедел инфекциялы паралич немесе полиомие­лит үш түрлі вирустардың әсерінен болады. Вирустардың түсетін жері ішек жолы. Жасырын кезеңі 2 ден 35 күнге дейін созылады. Аурулармен карым қатынаста болған балалар коллективке 20 күннен соң жіберіледі. Ауру шұғыл басталып, темпе­ратура көтеріледі (38—39°), бас қатты ауырады, лоқсу баста-лады, адам өзін ауыр сезінеді. 3—4 тәулікте температура төмендейді, көп жағдайда аяқ-қолдың бір жақты, арагідік екі жақты семіп қалуы байқалады, себебі вирус жұлынның алдыңғы мүйізін зақымдайды. Емдеудің тиімді жолы табылған жоқ сондықтан көп аурулар өмір бойы мүгедек болып калады.

Сақтанудың жалпы шаралары басқа ішек ауруларындағы сияқты. Полиомиелиттің өзгерген вирустарының үш типін тазалау және іріктеу жолымен алынған вакцина тиімді келеді (Сейбин, АҚШ).

СССР-де тірі, бірақ әлсіретілген вакцина арқылы белсенді иммунитет қалыптастыру жоғары тиімділікпен жүргізілуде. Бұл тәсілді совет ғалымдары А. А. Смородинцев пен П. М.Чумаков жасап шығарған. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балаларға міндетті түрде егу жасалады. Бұл полиомиелитпен ауыруды Совет Одағының көптеген аймақтарында жоюға немесе күрт төмендетуге мүмкіндік берді.

Боткин сырқаты (сары ауру). Эпидемиялы (жұкпалы) гепа­тит —оның инфекциялы табиғатын ашқан орыс дәрігері Боткинннің атымен аталады. Қоздырғышы — сүзілгіш вирус — бауырды зақымдайды. Инфекция көзі — ауру адам. Ауру ауыз қуысы арқылы жұғады. Жасырын кезең 14 тен 50 күнге дейін (кейде 2—6 айға дейін) созылады. Бұл кезде ауру әлсіреп, шаршайды, тәбеті жоғалады, қабырғаның асты ауырады. Біраз күндерден соң несеп қоңыр сары тартады (қара кошқыл сыра түсіндей), ал нәжіс түссізденеді (сұр мақта тәрізді). Бірнеше күннен соң көздің кілегейлі қабығы мен тері лимон түсіндей сарғаяды. Ауырғандардың барлығы ауруханаға жатқызылады. Ау­рулармен бірге болған бірақ ауырмаған мектеп жасына дейінгі балаларға гаммаглобулин егіледі.

Аурудың алдын алу: ауырғандарды ертерек анықтау және бөлектеу, дәрілеу, су мен азық түліктерді инфекция түсуден сақтау.

Айыққан балаларды ауруханадан шыққан соң кем дегенде 10 күнге дейін коллективке жіберуге болмайды. Аурудан айыкқан балаларға 6 айлық диспансерлік бақылау қойылады, бір жылға дейін бауырға әсер ететін ішек құрттарына қарсы қолданылатын препараттарды беруге болмайды. Бұдан бізге, олар­ды дене шынықтыру сабағы мен спорт үйірмелері жұмысынан босатады.

Боткин сыркатымен ауырғандардың (ересектер немесе бала­лар) донор болуға (қан бөлуге) қақысы жоқ. Карантин — 45 күн, гамма-глобулин егілгенде — 21 күн.

Ішек құрт ауруларының алдын алу

Гельминтоздар — бұл аурулардың үлкен бір тобы. Оны туындататын құрттардың — гельминттердің 15-13-ден астам түрі бар. Гельминттер ішек-қарын жолдары арқылы жұғады. Олар адамдарды, жануарларды және өсімдіктерді зақымдайды. Адамдарға әдетте құрттың бір түрі, кейде 2 немесе 3 түрі қосыла өмір сүруі байқалады.Гельминтоздарды екі тірі организмнің — паразит пен оның иесінің күрделі өзара қарым қатынасы деп карастыру қалыптасқан. Әрбір ішек құрт ауруларының аты латынша атау мен қосымшадан құралып сырқаттың атын береді. Мысалы, ас­карида — аскаридоз, власоглов — трихоцефаллез, трихипелла — трихинеллоз, теннинді — тенниндоз.

Барлық гельминттер адам организмінде паразиттік өмір кеше отырып, ондағы нәрлі шырындарды сору және өзінің керексіз заттарын шығару арқылы зиянын тигізеді. Олар сондай-ақ жүрек қан тамырлары жүйесінің қызметін әлсіретеді, қан азаюына жағдай туғызады және басқа ауруларды өрбітеді.

Аурудың өтуі қоздырғыш гельминттің түріне, организмніц қай жеріне орныкқанына (көбіне ішек жолында), организмнің жалпы жай-күйіне, тұрмыс жағдайларына және сырқат кісінің ауруға деген қарым-катынасына байланысты.Аскаридалар мен острицалар кейде соқыр ішек пен бауырға өтіп кетіп, қатты ауыртып, операция жасауға мәжбүр етеді. Олар кілегейлі қабықшаны сорып, оны бүлдіреді, сөйтіп басқа инфекциялардың түсуіне «жол ашады», ал кейбір глистердің личинкалары қанмен бірге өкпеге өтіп, оны қабындырады.

Құрты бар балалар тым шаршағыш, және нерв жүйесі қозғыш келеді, тәбеті мен ұйқысы бұзылады, жиі-жиі лоқсиды.Ішек құрты ауруларының алдын алу: мектеп оқушылары мен ересектердің жеке бас гигиенасын мүлтіксіз сақтау, көкөніс пен жемісті таза күйінде пайдалану, көпшілікке арналған жерлерді таза сақтау, жуынды төгетін шұңқырлар мен қоқыс төгетін жәшіктерді таза ұстау, шыбындарды жою, асхана, буфет қызметкерлерінің жеке бас гигиенасын қатаң сақтау. Үй жануарларымен қарым-қатынас жасаған соң міндетті түрде колды жуу, үй жануарларына мал дәрігерлік бақылау, ет өнімдеріне мал дәрігерлік санитарлық бақылау орнату керек.Картоп пен көкеністерді жинау кезінде оқушылар еңбегі пайдаланылса, оқушыларды тыңайтқыш ретінде көң мен саңғырық төгілген учаскелерге жіберуге болмайды. Бақша мен егістікте жұмыс істеп болған соң қолды сабындап, тырнақ астында кір калмайтындай етіп щеткамен тазалау керек.Никотин қышқылы жоғары температура (100° дейін) мен ультракүлгін сәулеленуге төзімді. Ол сыра ашытқысында, дәнінің уызында, саңырауқұлақтарда, бауырда, бүйректе және мүйізді ірі қараның бұлшық еттерінде болады.Құнарлы тағам cay организмді РР витаминімен толық қанағаттандырады) ал авитаминоз болған жағдайда ауруларға түйіршік немесе инемен егу түрінде витамин беріледі.С витамині — аскорбин кышкылы — суда, спирт пен глицеринде ериді. Оттегінде бүлінеді. Оттегісіз ортада жылдар бойы сақталады.С витамині организмнің сыртқы ортаның зиянды әсеріне, оның ішінде инфекцияларға қарсы беріктігін күшейтеді: ол нерв жүйесінің, жүрек бұлшық етінің, эритроциттердің ойдағыдай қызмет етуі үшін керек.С витаминінің тәуліктің сұранысы 7 жаста 30—45 мг, ал ересектер үшін жеңіл жұмыс атқарғанда — 50 мг, ауыр жұмыс пен ой еңбегін атқарғанда 100 мг дейін артады. Организмде С витаминінің жетіспеуі қырқұлақ ауруына жол ашып, жұқпалы аурулардың өрбуіне жағдай жасайды.Төменде жануарлар және өсімдік өнімдерінде кездесетін С витаминінің құрамы келтірілген (100 г шаққанда 1 мг).

Су және балалар ауруы. Егер ауру адамдар мен жануарлардан суға жұқпалы микробтар түсксн болса, онда ол ауру таратудың көзі және жолы болуы мүмікін (іш сүзегі, дизентерия, холера). Сондықтан ауыз суға ұдайы химиялық және бактериологиялық анализ жүргізіп отырған жөн. Суда ішек таяқшалары 1 : 300 қатынасынан көп болса, яғни әрбір 300 грамм суда микроб бол­са, онда мұндай суды пайдалануға тыйым салынады.

Ішуге aшық су көздерінен (өзен, көл, канал) алынған су сүзіледі, хлорланады, салқындатылады және түрлі өңдеулерден өткізіледі сонан соң су құбырларына беріледі. Бұл процестердің барлығын санитарлық қызмет-керлер қадағалап отырады. Бір қызығы, судың дәмі оның темпе ратурасына қарай анықталады: ол 12 градустан темен және 15—16° жоғары болмауы керек. 12°-та ол салқын, 10°-та жылы болып сезіледі.

Құдықтың басында кір ыдыс-аяқ, машина жууға, малдарды суаруға рұқсат етілмейді. Бұл үшін 10—15 метрден арырақ қашықтықтан арнаулы орын белгіленіп, су оған кұбыр немесе науа арқылы жеткізіледі.Ауыз суда әрқашан кальций мен магний тұздарының белгілі бір. мөлшері болады. Бұл судың жалпы тұздылығы деп аталады. Оны градуспен. немесе миллиграмм-эквивалентпен таңбалайды (мг-экв/л). Тұздылықтың бір градусына 1 литр суға кальцийдің 10 мг тотығының сай келуі қабылданған.

Тұздылығы 10° дейінгі су — жұмсақ, 10-нан 20° дейін — орташа 20°-тан жоғары — тұзды, 40°-тан жоғары өте тұзды деп есептеледі. Судың қатаңдығы, тұздылығы неғұрлым жоғары болса, ол соғұрлым өндірісте (қазан, радиатор, қайнатқыш) соғұрлым аз пайдаланылады, тұрмысқа да жарамсыздау. Оны қышқыл (сірке) немесе сілті (ас содасы) қосу арқылы, сондай-ақ қайнатып, тұзын тұндыру арқылы да жұмсартады.

6. Организмде энергия мен жылу алмасуы. Нәрлі заттар потенциалдық энергиясының жылу мен механикалық жұмысқа айналуын алмасу деп атайды. Ересек адамның энергиясы организмді жылытуға және тамақ сіңіруге, дене еңбегіне жұмсалады. Мектеп оқушысы организмі ересектерге қа­раганда энергияны 1,5—2 есе көп жұмсайды.

Балалардағы энергия алмасу оның жасына, жынысына, бойына, нерв жүйесінің қызметіне, жалпы дене құрылысына, тері асты майынын мөлшеріне және басқа да себептерге тәуелді екендігі анықталған. Клетка ішіндегі алмасудың күшеюі нәтижесінде кез келген асты қабылдау зат алмасуды жоғарылатады. Әсіресе, белоктардың әрекеті күшті. Организмге аспен белок түскен кезде, май мен көміртегі түскеннен гөрі зат алмасу ана-ғүрлым күшті жүреді. Бұлшық еттер қызметіне байланысты жұмсалатын энергия балаларда да, үлкендерде де жасалатын козғалыстардың сипатымен анықталады.

Қозғалысқа бұлшық еттер тобы көп катысса, неғұрлым олар тез кимылдап бұлшық ет өсінділері неғұрлым күшпен жиырылса, энергия шыгыны да соғұрлым көп болады

Бір күнде бір килограмм салмаққа 7—10 жасар баланың жалпы энергия шығыны 60—70 ккал, ал үлкендерде ол 35— 40 ккал. Бұдан өзге ол организмнің жеке, дербес ерекшеліктеріне де тәуелді.Жылу құралу барлық органда жүреді, бірақ ол әртүрлі жиілікте жүзеге асады. Жылу құралумен бір мезгілде жылу бөліну жүреді. Бұл процестерді реттеуді ез қызметінің негізгі рефлексті механизмнен тұратын аралық ми, сопақша ми, жұлын ор­талықтары жүзеге асады.

Балаларды тамақтандыру режимі. Азық-түлік нормалары Тамақтану режимі. Төменгі класс оқушысы үшін төрт рет тамақтану ұсынылады: таңертенгілік, түскі ас, бесін кезіндегі ас және кешкі ас. Бұл тамақтанулардың әрқайсысы қатаң бел­гілі бір уақыт аралығында берілуге тиіс. Бұл дағдыға баулиды, ал ас қорыту жолының бездері осы мезгілге қажетті сөлді даярлап үлгереді.

Балалар мен жасөспірімдерді төрт рет тамақтандыру кезінде тамақ рационы энергия шығындарына орай бөлінеді: таңертеңгілік ас — калорияның тәуліктің рационының — 25%, түскі ас — 40—45%, бесін кезіндегі ас — 10—15% және кешкі ас —20—25% құрауға тиіс.

Түскі ас үстінде балалар калорияның ең мол бөлігін алады, себебі олар күндіз энергияны өте көп жұмсайды: мектептегі сабақ, ойын және үйге берілген тапсырманы орындау, спорт , секциялары мен мектептен тыс үйірмелер.Тамақтану режимін сақтамау организмнің үйлесімді жұмысы мен оның қызметін бұзады. Балалардың зат алмасуын зерттеу үстінде егер астағы май белокпен бірдей болса, ал көмірсуы 4 есе көп болса, белоктың жақсы сіңетіндігі байқалған, яғни 1:1:4 қатынасы сақталуға тиіс.

Әлсіз және аурудан айыққан балалар үшін нәрлі заттарға деген тәуліктік сұраныс 25-30% көтеріледі. ауа райын ескеру қажет.Жаз мезгілінде астағы белоктың мөлшеріне ерекше мән беріледі. Осы кезеңде балалардың анағұрлым жылдам өcvi байқалады, сондықтан белоктарды 15—20% көбейту қажеттігі туады. Қыста жылу бөлу күшейетіндіктен май мен углеводтардың мөлшерін көбейту қажет.



Тамақтану мөлшері. Тамақтану мөлшері астың қуаттылығына негізделеді. Бірақ тіршілік үшін бұл жеткіліксіз. Организмнің қажеттілігін толық қамтамасыз етуге белок, май, көмірсу, су, витаминдер және минерал тұздары міндетті түрде жеткілікті мөлшерде болу керек. Олардың қатынас мөлшері де есте болуы керек, әсіресе бұл балалардың тәулік мәзірінде ескеріледі. Бастауыш сынып оқушылары үшін органикалық заттардың қатынас мөлшері мынадай: белок - 1, май - 1, көмірсу - 6 есе. Ал мектепке дейінгі балаларда бұл көрсеткіштер 1:2:3 Балалардың тәулік азығында витаминдер мен амин қышқылдары мол болғаны жақсы. Тәуліктік азықтың барлық мөлшері жасына қарай 2000-2600 г шамасында болуы шарт. Піскен ас буы шығып, иісі аңқып, дөмді және көрер көзге жағымды болса, сілекей шұбырып, қарын сөлі көбірек бөлініп, тағам жағымды болып, бойға жақсы сіңеді.Тәуліктік азықта минерал тұздары, әсіресе кальций мен фосфор тұздарының мөлшері жеткілікті болуы тиіс, себебі балалардың сүйегінің өсіп жетілуіне бүл минералдар аса қажетті. Егер кальций, фосфор және Д витамині жеткіліксіз болса, сүйек ұлпасының өсіп, жетілуі нашарлайды да, баланың бойы еркін өспейді, нәрестелер ауруға шалдығады. Кальций мен фосфордың өзара қатынасы мектеп жасына дейінгі балаларда 1:1,5, бастауыш сыныптағыларға 1:1,7 жоғары сынып оқушыларына 1:1,4 болуы керек.Балалардың тамағында сүт, айран, көкөніс, жеміс жеткілікті мөлшерде болса, олардың организміне қажетті минерал заттары мен витаминдер толық мөлшерде болып, жастардың жақсы өсіп, денсаулықтары дұрыс қалыптасады.

Тамақтану тәртібі. Адамның тамақтануы белгілі бір уақытта болады. Мұның себебі күн мен түн, сергектік пен үйқы, жүмыс жағдайының төулік ішінде өзгеріп түрады. Осыған байланысты ас қорыту мүшелерінің қызметі, олардың сөл өндіруі төулік ішіндегі қалыптасқан ырғақпен отеді де, ас қорыту ферменттерінің белсенділігі жоғарылайды. Кезекті мерзімінде тамақтану ас қорыту нәтижесін арттырады.Төрт мерзімді тамақтану тәртібі адам өмірінде орын алып, қалыптасты. Жұмыс жағдайына қарай 3 мезгіл тамақтанса да жеткілікті, ал одан аз болса, тамақтану тиімсіз және ас қорыту мүшелерінің қызметі табиғи ырғағына сай болмайды.Тамақтану тәртібі сақталмай, қалыпты жағдайдан бұзылса, гастрит, қарын мен ішектің жаралы науқасы, атеросклероз, дененің мөлшерден тыс толуы және сырқаттар пайда болуы мүмкін. Мұндай сәтсіздік ересектерде де, балаларда да байқалады, әсіресе жұмыс істемей, қозғалмай бір жерде отыратын адамдарда сырқат өршіп кетеді.Күндіз тамақ ішу арасы 4-5 сағат болуы тиіс. Түнде тамақ ішпей, ас қорыту мүшелерінің демалуы 8-10 сағатқа созылады. Әрине, бүл төртіп, жүмыс істеу уақыты мен жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін. Тамақтанудың ертеден қалыптасқан тәртібі бойынша таңертеңгі ас тамақтың тәуліктік мөлшерінің 20-25 %, 2 сағаттан кейінгі жеңіл тамақ 10-15 %, түскі тамақтану 40-45 %, ал кешкі 20-25 % болу керек. Ал 3 мезгіл тамақтанғанда таңертеңгі ас 25-30, түскі - 45-50, ал кешкі 20-25 % болады.Тәуліктік азықтың құрамындағы қоректік заттардың арасында тепе-теңдік қатынасы сақталуы тиіс. Академик Т. Ш. Шармановтың қағидасы бойынша, белок, май, кемірсу, витамиңдер, минерал түздары мен судың тәуліктік азықтағы үлес қатынасы организм тіршілігі үшін қажетті мөлшерде болу керек. Оның ішінде валин, лейцин маңызды амин қышқылдары және қанықпаған май қышқылдары мен витаминдер жеткілікті мөлшерде болуы тиіс.Ауыл шаруашылығы және басқа өндіріс орыңдарының жұмыс ерекшелігіне сәйкес тамақтану тәртібінің басқадай түрлері де болуы мүмкін..Ішіп-жеген астың сіңімділігі оның дұрыс пісіп және әртүрлі тағамның жеу кезегіне де байланысты. Түскі тамақты салат жеуден бастап, содан соң сүйық ыстық ас (кеспе, сорпалар) ішкен организмге тиімді. Алғашқы тағамдарды қабылдағанда қарын сөлі уақытында өндіріліп, астың қорытьшуына жол ашылады. Осыдан соң негізгі тағамды, айталық етті тағамды жегеңде ас қорыту мүшелері толық дәрежеде қызмет істеуге дайын болады. Түскі тамақтануды сусынмен аяқтайды.Таңертең тамақ ішпей жұмысқа барғанда, еңбек нәтижесі төмен болады.Өсіп, дамуына байланысты балалардың тамақтану тәртібі ерекше. Олардың тамағының тәуліктік мөлшерінің құрамында белоктың үлесі жасына лайық болуы тиіс: 1-3 жаста - 55 г, 4-6 жаста - 72 г, 7-9 жаста - 89 г, 10-15 жаста -100-106 г.Балалар бақшасында тамақтану әрбір 3-3,5 сағаттан кейін, ал мектеп жасындағыларда 3,5-4 сағатта, жас өспірімдерде тәулігіне 4 рет болады. Тәулік төртібі мен тамақтану үлесі балалардың жасына байланысты.Балардың азығында көкөніс, сүт, айран үнемі болуы керек, өйткені оларда витаминдер мен минерал түздары жеткілікті шамада болады. Белокты тағамдарды балаларға түске дейін берген жән, себебі ол жүйке жүйесінің қызметіне өте қажет. Ал кешкілікте ол өте аз молшерде болуы тиіс, өйткені баланың үйықтауына бөгет жасайды. Ұйықтар алдында 1,5-2 сағаттай бұрын сүт, жеміс сияқты жеңіл тамақты ғана берген дұрыс.Тамақ әртүрлі, дәмді дайыңдалса, асхана таза болса, баланың зауқы ашылып, жақсы тамақтануына себеп болады. Қазақстан Республикасы тағамдану академиясының қызметкерлері балалар үшін емдік маңызы бар ғылыми зерттеліп, негізделген тағам түрлерін ұсынды. Олардың біразы сәбилерге арналған сүттен ашытьшып жасалатын "Балбөбек", "Балдырған," "Жігер" сияқты құрамы иммуңдық қасиетке бай және ана сүтіне өте жақын нәресте тағамдары.

Бақылау сұрақтар?

1.Тоқ ішектің қабыну аурулары.

2.Тітіркендірілген тоқ ішектің синдромы.

3.Тік ішектің обыры (раг)

4.Ас қорыту жолының аурулары.

5.Тік ішектің алдыңғы резекциясы.

6.Ішектің өткізгіштік қасиеттерінің бұзылуы.

7.Асқазан және он екі елі ішек аурулары.



8.Ас қорыту жолының соңғы бөлімі.

9.Бауыр, ұйқы безі және өт қуығы.

10.Асқазан мен ащы ішек.

11.Ауыз. жұтқыншақ және өңеш.



12.Ас қорыту үрдісі. Тағамның ыдырауы.

13.Ас қорыту жүйесінің ағзалары.


Лекция № 8

Тақырыбы: Қанның жас ерекшеліктері. Қан айналу органдары.

Жоспары:

1.Организмнің ішкі ортасы - қан, тканаралық сұйықтық, лимфа.Қан жүйесі, қанның жасалуы,оның тасымалдық функциялары.Қан ұюы. Қан топтары.Қан құю.

2.Қан аздық және оның балалар мен жасөспірімдердегі болдырмаудың жолдары.Қанды тексеру- денсаулықтың бірден – бір басты диагностикалық көрсеткіш.

3.Жүректің құрылысы мен қасиеттері.Жүрек етінің қасиеті. Жүрек қызметінің циклдері.Қан айналудың жалпы сызбанұсқасы. Туа болатын жүрек аққаулары.Қан және лимфа тамырлары.Әр түрлі жастағы жүрек жиырылуының жиілігі.Пульс және оның сипаты. Жүректің минуттық және систолалық көлемінің жасқа сай өзгерістері.Гипотония және гипертония.

4.Жүрек тамыр жүйесі. Оның жұмысының реттелуі және жас ерекшеліктері. Жүрек тамыр жүйесінің дене еңбегі шамасына реакциясының жас ерекшеліктері. Балалармен жас өспірімдердің статикалық жұмысы кезіндегі гемодинамикалық көрсеткіштерінің өзгерісі. Жүрек пен тамыр ауруларының профилактикасы.

Лекция мақсаты: Қан және қан тамырлары, жүректің құрылысы мен танысу.

Лекция мәтіні;

1.Қан - жүйесінің маңызы мен мөлшері және қан өндіру. Адам организмінің тіршілігі денеге қуат беретін қоректік заттарды қабылдап, оларды қорыту арқылы сақталады. Тамақ құрамындағы қоректік заттар организмде қорытылып, оттегінің қатысуымен болатын тотығу барысында энергия бөледі. Қоректік заттардың осы өзгерістерінің нәтижесінде адамның денесінде зат алмасудан пайда болған организмге қажетті заттармен қоса, қажетсіз, тіпті денені уландыратын заттар да пайда болады. Айталық, зат алмасуының нәтижесінде денеде аммиак, мочевина, фенол, индол, кетондар улы заттар пайда болады.

Сонымен, адамның өмірі клеткаларға аса қажетті қоректік заттар мен оттегіне және организмдегі зат алмасудан пайда болатын қажетсіз улы заттардың шығуына байланысты. Мүның бәрін тасымалдау қызметін денедегі қ а н атқарады. Қан күллі денені аралап, оның ұлпаларындағы клеткалардағы заттың алмасуына қажетті химиялық заттарды екеліп, қажетсіз заттарын әкетеді. Мұнымен қоса, қан дененің түрақты температурасын сақтауға қатысады, организмнің иммундық қасиеттерін қамтамасыз етеді және мүшелердің қызметін гуморальдық реттеуге қатысады. Ерте заманда адамдар қаңцы "тіршілік өзені" деп бекер атамаған. Яғни қан және өмір бір-бірінен айырылмай, қосарланып жүреді: қан бар жерде өмір бар, қан болмаса тіршілік тоқталады. Қанның маңызды қызметтерінің іске асып орындалуы, оның ерекше қүрылысы мен қасиеттеріне байланысты.

Адамның денесіндегі қан — организмнің сұйық негізгі ішкі ортасы. Қанның жалпы мөлшері ересек адамда 4,5-6 л шамасында, яғни дененің жалпы салмағының 6-8 %. Жаңа туған нәрестеде ол 10-20 %, 1 жаста 9-13%, 5-7 жаста 7-8 % болады. Организмдегі барлық қанның 50% қан деполарында қор болып сақталады. Ондай мүшелерге бауыр, көк бауыр, өкпе және тері жатады. Бұл мүшелердегі қан қоры адам жараланып, қансырағанда қан айналымына шығып, тіршілікті сақтап қалады, ал денедегі қанның 50-60% жоғалса, адам өліп қалады.

Қан өндіру ұрықтық кезеңде басталады. Бұл кезде қан сары денеде, бауырда, көк бауырда және сүйектің кемігінде өндіріледі. Ұрықтың мүшелері кезектесіп, яғни бірінің қан өндіру қызметі төмендегенде екіншісінің қызметі басталады да, қанның үнемі өндірілуін қамтамасыз етеді. Қан ұрықтың 2-3 апталық кезеңіңде сары денеде алғаш өндіріле бастайды. Сары дене семіп, азайып, кішірейе бастағанда, қан өндіру қызметі бауырға ауысады.

Б а у ы р ұрықтың 3-4 апталық өмірінде пайда бола бастайды. Жаңа туған сәбидің бауыры оның құрсақ қуысының 2/3 бөлігін алып жатады. Туғаннан кейін алғашқы айлардан бастап бауырдың аумағы кішірейеді де, 3-4 жаста бауырдың аумағы ересек адамдікіндей болады. Жаңа туған сәбидің бауырының салмағы жалпы денесінің 4,33 %-ына тең болса, ересек адамда ол 2,85 %-ға тең. 8-10 айда бауырдың салмағы 2 есе, 2-3 жаста 3 есе артады.

Бауырдың атқаратын қызметі өте көп. Ол барлық зат алмасуға қатысады, қорғаныс және усыздандыру қызметтерін атқарады. Ұрықтық кезде бауырдың қан өндіретін мүше ретіндегі маңызы күшті болады. Ұрықтың 5 апталық өмірінде ол қан өндірісінің орталығына айналады, ал бала туарда бауырдың бұл қызметі тоқталады. Дегенмен бала туғаннан кейін қан өндіру мүшелерінің қызметі әлсіз болғанда бауырдың қан өндіру қызметі жалғасады.

Ұрықтың 14 апталық өмірінде көк бауырда қан өндіру басталады. Ұрықтың көк бауырында қан клеткаларының бәрі де өндіріледі. Жаңа туған сәбидің көк бауырының салмағы баланың денесінің жалпы салмағы мен ұзындығына байланысты болады. Баланың денесі өсе келе, көк бауырының салмағы да артады. 5 айда оның салмағы жаңа туған кезіндегі салмағынан 2 есе, 1 жаста 3 есе, 10 жаста 10 есе артады.

Сүйектің қызыл кемігі ұрықтық мерзімнің 4-ші айында қызмет ете бастайды да 6-шы айдан бастап ол қан өндірудің орталығына айналады. Бала туар кезде барлық сүйектердің кемігі сүйек "майына" толы болады. Ол негізінен қан клеткаларынан түрады. Тек 3-4 жастан бастап қан клеткаларының арасында май клеткалары пайда бола бастайды да, 7 жаста майлы сүйек кемігі жілік сүйектерінің бастарында ғана қалады. 15 жаста барлық жіліктер майға толады деуге болады. Қызыл кеміктің маймен ығыстырылуы сүйектерде біркелкі емес. Алдымен кәрі жілік пен асықты жілікте, кейіннен тоқпан жілік пен ортан жіліктегі қызыл кемік маймен ығыстырылады. Сүйектің қызыл кемігіңдегі қан ендіру қызметі 3 жаста, 7, 10 жөне 13 жаста маңызды орын алады.

Лимфа түйіндері үрықтық кезеңнің 2-ші айында қан тамырлары жолының бойында пайда бола бастайды да, кейбіреулері бала туғаннан кейін түзіледі.4-8 жас арасында лимфа түйіндерінің ретикуло-эңдотелиалдық жүйелері күшті дамып, 8-12 жас аралығында лимфа түйіні мүше ретінде толық жетіледі.Лимфа түйіндерінің құрылысы баланың денесінің барлық жерінде біркелкі емес, олардың құрылысы тұрған орнына байланысты: терең орналасқан лимфа түйіндерінен горі тері астындағы лимфа түйіндерінде трабекулалар кобірек болады: Дененің тұла бойындағы және аяқ-қолдардағы түйіндердің милы қабаты күштірек дамиды, ал кеуде қуысы мен құрсақтағы түйіндердің милы заттары көбірек болады. "Лимфа түйіндерінің аумағы баланың жасы ұлғая келе өседі Лимфа түйіндері тікелей қан өндіру қызметінен басқа қорғаныс, сүзгіш, фагоцитарлық және лимфа сүйықтығының қозғалысын реттеу қызметтерін де атқарады.

Қан өндіру мүшелері қанды кан клеткаларымен қамтамасыз етеді және бірінің қан өндіру қызметі бұзылса, басқа мүшелер оның орнын басады. Қан өндіру мүшелерінің бері құрамындағы фагоцитарлық қасиеті бар ерекше клеткалардың көмегімен қанды бактериялардан, елі клеткалардан тазартады.Ұрықтың алғашқы апталарында сары денеде түзілген қан клеткаларында пигмент болмайды, кейіннен ғана гемоглобині бар эритроциттер түзіледі. Сары денеде лейкоциттер өндірілмейді. Бауырда ядролы және ядросыз эритроциттер, лейкоциттер мен тромбоциттер өндіріледі. Лимфа түйіндері мен көкбауырда эритроциттер, дәнді лейкоциттер, сүйек кемігінде эритроциттер мен тромбоциттер өндіріледі.Қан өндіру мүшелерінің қызметі жүйке жөне гуморальдық жолдармен реттеледі.Балалардың қан өндіру қабілеті сыртқы және ішкі орталардың жағдайларына байланысты болады. Тамақ, оның құрамыңдағы витаминдердің мөлшері, ауру, дене шынығу қалпы, сыртқы ортаның экологиялық жағдайларының қан өндіру қызметіне әсері күшті.



Қанның атқаратын қызметі. Қан дегеніміз формалы элементтер (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) мен плазмадан тұратын сұйық. Плазма құрамы күрделі ертінді болып табылады (тұздар, белоктар, зат алмасу өнімдері және т. б.).

Жаңа туған баланың организміндегі қан дене салмағының 14,75% құрайды, 15 жастағы балада — 8,25%, ал ересек адамда салмағының 8,3%-ін (1/14) құрайды.

Қан әр түрлі қызмет атқарады: зат алмасу мен сыртқы (өкпемен) тыныс алу процесіне белсене қатысады, барлық органдар мен тканьдерді оттегімен қамтамасыз етіп, оларды көмір қышқыл газынан арылтады, организмде қышқыл сілті тепе-теңдігін сақтайды, организмді инфекидядан қорғайды.

Қан нәрлі заттарды органдардан тканъдерге жеткізеді де олардан зат алмасу өнімдерін алып кетеді. Дененің температурасын тұрақты етіп ұстау –қанның маңызды қызметтерінің бірі, өйткені оның қан тамырлары арқылы үздіксіз қозғалысы белок, май, көміртегінің ыдырауынан организмде пайда, болған жылудың біркелкі бөлінуін қамтамасыз етеді.

Қан, лимфа және тканаралық сұйық — организмнің ішкі ортасын құрайды, бұл оның физикалық және химиялық құрамының (гомеостаз) салыстырмалы тұрақтылығымен сипатталады. Бұл тұрақтылық – әр түрлі органдар тканьдерінің және бүкіл организмнің ойдағыдай қызмёт етуі үшін қажетті шарт.

Эритроциттер. Бұл формасы жағынан екіге бүктелген дискаға ұқсас қанның ядросыз клеткасы, олардың құрамы гемоглобин ерітіндісі мен оның қосындылары арқылы көрсетілтен.

Жаңа туған нәрестеде орта есеппен эритроциттер 1 мл кубте — 7,2 млн, 5—6 айлықта 4—4,5 млн. болады. 1 жастан кейін олар кәмелетке толғанға.дейін бірте-бірте көбейе береді де ересектердегі секілді 1 куб. Мл-де 4,5—5 миллионға жетеді. Олар 30 күннен 120 күнге дейін өмір сүреді. Организмнен тыс кездің өзінде белгілі бір жағдайда олар бір айдан кем өмір сүрмейді.

Гемоглобин – құрамында темір бар белок тектес зат. Ол эритроциттер мен қанға қызыл түс береді.

Гемоглобин өкпеде оттегімен байланысып, тұрақсыз қосынды – оксигемоглобин құрайды, ал тканьдерде оттегінің шамалы бөлігін беріп көмір қышқыл газымен байланьісьгп карбогемоглобинге айналады. Организмде ол тынысалу қызметін атқарады. Гемоглобин көміртегі тотығымен байланысып, анағұрлым тұрақты қосынды метгемоглобин құрай алады, ол оттегі болмаған жағдайда организмге өлім қаупін тудырады. Бұл нәрсені, әсіресе, отқа күйгендерге алғашқы көмек көрсету кезінде есте сақтау керек. Зақымданған адамды таза ауаға шығарып, қажет болған жағдайда қолдан дем алдырған жөн.

Мектеп жасына дейінгі балалардың қанында гемоглобин құрамы 80—81%, 10—11 жастағыларда ересектердегі сияқты 85%-ке дейін болады. Құрамы 100% болғанда 100 мл қанда 17,3 г гемоглобин болады. Оның мөлшерінің 70%-тен төмен болуы (100 мл қанда 14 г) қан азайғандық немесе анемия деп аталатын ауруды керсетеді.

Бала неғұрлым жас болса, соғұрлым онда қан азаю ауруы жеңіл өрістейді. Бұл қан жасайтын органдардың анағұрлым әлсіз қызмет етуі мен тыныс жолдарының жас ерекшелігіне байланысты оттегінің жеткіліксіз түсуінің салдарынан болады. Қанның азаюына біркелкі тамақтану нәтижесінде витамин мен темірдің жетіспеуі, таза ауада жеткіліксіз болу әсер етеді, ал бұл қандағы гемоглобиннің азаюына, соның нәтижесінде қан мен қан жасаушы органдардың әлсіреуіне әкеліп соғады. Сондай-ақ аурулар (грипп, ревматизм, туберкулез, бүйрек аурулары, гельминтоздар) да қанның азаюына жағдай туғызады.

Қаны азайған балалар мен ересектер тез шаршайды, жиі-жиі басы айналады, олардың терісі боп-боз болады, есте сақтау қабілеті мен зейіні төмендейді. Қан азаюдың алдын алу оны емдеу үшін жақсы демалыс, таза ауада ұзақ болу (бау, парк, орман, шалғын), жұмыс және демалыс бөлмесін жүйелі түрде желдетіп отыру, витамині жеткілікті нәрлі тамақтану қажет. Әсіресе, малдың бауыры мен қанынан дайындалған тағам, алма, сәбіз, бүлдірген, көк және қызыл жүзім аса пайдалы.

Егер пробиркаға құйылған қанға ұйытпайтын зат қосса, біраз уақыттан соң эритроциттер шөге бастайды. Бұл қасиет эритроциттердің тұну жылдамдығы (СОЭ) деп аталады. Бұл медициналық практикада ауруды анықтау үшін қолданылады, өйткені көптеген аурулар кезінде СОЭ жылдам тұнады. Балалар мен ересектер эритроциттерінің тұну жылдамдығы бірдей – бір сағатта 4-12 мм. Өкпе қабынғанда, грипп, туберкулез және басқа аурулар кезінде СОЭ сағатына 20-50 мм болады.



Қанның құрамы және оның физикалық, химиялық қасиеттері. Қанның құрамы өте күрделі. Қан пішінді элементтер, яғни қан клеткаларынан және сұйық плазмадан тұрады. Қанның пішінді элементтеріне қанның қызыл клеткалары эритроциттер, ақ клеткалары лейкоциттер және қызыл пластинкалары тромбоциттер жатады.. Қанның бұл клеткалары күллі қанның 55-60%-ын, ал плазма 40-45%-ын құрады. Қан плазмасының құрамы да күрделі: оның 90%-ға жуығы су, 7-8 % белоктар, 2 % түрлі органикалық және бейорганикалық заттар. Оның құрамында белок 0,3-0,6%, май және липидтер 0,1%, 120 мг/% глюкоза қанты, 0,9% көмірсутегі, минерал заттар - натрий, калий, кальций, хлор тұздары, амин қышқылдары мен полипептидтер 4-10 мг%, мочевина 10-25 мг%, түрлі ферменттер, гормондар, түрлі витаминдер, холестерин заттар болады. Плазманың белоктарының негізгілеріне альбуминдер 4,5%, а, (3, углобулиндер 2-3 %, фибриногендер 0,2-0,3 % жатады.

Плазманың осмостық қысымы мен белсенді реакциясы қанның маңызды физикалық және химиялық қасиеттеріне жатады. Плазманың осмостық қысымы деп оның құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттардың ерітінділерін тудыратын қысымын айтады. Плазманың осмостық қысымы ондағы минерал заттарының мөлшеріне байланысты: неғұрлым олардың плазмадағы концентрациясы көп болса, соғұрлым осмостық қысым да көп болады. Қан клеткалары мен денедегі ұлпалардың тірлігі үшін, плазманың осмостық қысымының тұрақтылығының маңызы зор.

Қанның белсенді реакциясы оның құрамындағы сутегінің иондарының концентрациясына байланысты және оны рН реакциясы (сутегінің корсеткіші) деп белгілейді. Қанның белсенді реакциясының түрақтылығы денедегі күллі ферменттердің қатысуымен болатын реакциялар үшін маңызды. Қалыпты жағдайда қанның рН = 7,36 тең, бүл әлсіз сілтінің реакциясы.

Қанның белсенді реакциясының тұрақтылығына қанның б у ф е р л і к жүйесінің үлкен маңызы бар. Кейбір бейорганикалық қосындьглар, белок заттары қанға келетін зат алмасуының нәтижесінде қышқыл немесе сілтілік қасиеттері бар заттармен қосылыстар жасайды. Мысалы, дене еңбегімен шұғылданғанда қанға зат алмасуынан пайда болған қышқыл заттар келеді. Қанның буферлік қасиеті гемоглобин, карбонаттар, плазманың белоктарының буферлік жүйелеріне байланысты. Бұлардың ішіндегі аса маңыздылары гемоглобиндік және карбонаттық буферлік жүйелер.

Қанның меншікті салмағы ересек адамда 1,055-1,063 кг/м3. Жаңа туған нәрестенің қанының меншікті салмағы аздап жоғарырақ 1,060-1,080 кг/м3. Сәбидің өмірінің алғашқы айында ол 1,050 кг/м3 шамасына дейін төмендейді де кейіннен қайта көтеріліп ересек адамдікіндей болып, өмір бойы сол мөлшерде сақталады.

Қанның тағы да бір физикалық қасиеті - оның т ұ т қ ы р л ы ғ ы. Қанның тұтқырлығын судың тұтқырлығымен салыстырады. Судың тұтқырлығы 1-ге теңдеп алынса, жаңа туған сәбидің қанының тұтқырлығы алғашқы күндері 10,0-14,8 болады. 1-ші айдың соңында ол 4,8 дейін төмендеп шамамен тұрақты болып, осы күйінде сақталады. Оның ауытқуы онша көп емес, алғашқы 1 жаста орта есеппен 4,6, 1-3 жасқа дейін 4,57, 3-15 жас арасында 4,61 шамасында болады. Дегенмен 8-11 жас арасында ғана қанның түтқырлығы айтарлықтай 2,9-дан 5,5-ке дейін (орта шамамен 3,9) ауытқиды деген мәліметтер кездеседі. Қанның түтқырлық шамасы жынысқа байланысты емес, орта есеппен алғанда ер балаларда 4,6, ал қыз балаларда 4,58-ге тең болады.

Қан плазмасының тұтқырлығы оның жалпы тұтқырлығына қарағанда аз, не бары 1,88.Сонымен, қанның құрамы, оның мөлшері, физикалық және химиялық қасиеттері шамамен алғанда тұрақты болуы тиіс. Бұл тұрақтылықты жүйке жүйесі мен гуморальдық жүйелер реттейді.Адамның қанының температурасы тұрақты болады. Бір тәуліктің ішінде баланың денесінің температурасы 36,6-37°С шамасында ғана өзгереді. Температураның аз мөлшерде көбейгені - денедегі аурудың белгісі. Ал температура төмендесе адамда яғни әлсіздік байқалады. Қан бауырда және бұлшық еттерде жылытылып, теріде салқындатылады.Қанның құрамы мен қасиетіндегі өзгерістер орталық жүйке жүйесіне әсер етеді.

Бұл кестеде ішкі орта, яғни қанның құрамы, жүйке жүйесінің қызметінде қаншалықты маңызды орын алатынын көрсетеді. Қанның құрамының сәл ғана өзгерісі орталық жүйке жүйесіндегі клеткалардың жұмысына және адамның көңіл-күйіне, әсіресе балалардың мінез-құлықтарына үлкен әсер етеді. Бірақ қанның өте тамаша бір қасиеті бар: ол бір мезгілде өз құрамының тұрақтылығын сақтай отырып, құрамындағы барлық заттардың өзгеруін қамтамасыз етеді. Үнемі өзгере отырып, көптеген физиологиялық жүйелердің қызметіне байланысты өзінің құрамыңдағы маңызды заттардың бәрін сақтай алады.



2.Қанның мөлшері мен құрамының жасқа байланысты өзгерістері. Жаңа туған сәбидің қанынның мөлшері дене салмағымен үйлестіре алғанда, жасы үлкен балалар мен ересек адамдардан анағұрлым көп. Қанның мөлшері туралы айтылғанда денедегі қан айналымындағы мөлшерін айтады.

Қанның жалпы тұтқырлығы алғашқы күндері жоғары болып, 1-ші айдың соңыңда төмендейді де, осы мөлшерде шамамен тұрақталады, бірақ қан құрамындағы клеткалардың санына байланысты өзгермелі келеді. Ал қанның плазмасының тұтқырлығы 4 жасқа дейін төмеңдеп, содан кейін ғана тұрақтанады. Қанның құрамында кейбір заттардың мөлшерінің бала денесіне жеткіліксіз екенін баланың тамақ талғауынан білінеді. Мысалы, кальций жетіспеген жағдайда балалар бор, көмір, үйдің қабырғасындағы әкті, балшықты жейді, ал глюкоза жетіспесе, тәтті тағамдарға зауқы тартады.

Сыртқы ауада оттегі жетіспегенде көптеген балаларда "биіктік ауруы" пайда болады: әлсіздік байқалады, басы жиі ауырады, ұйқы "басады" (ұйқышыл болады). Ал егер оттегенің жетіспеушілігі ұзаққа созылса, балада селқостық күшейіп, өмірге қызығудан.Жалпы алғанда қанның химиялық құрамы тұрақты болады. Оның құрамыңдағы белоктың мөлшері жаңа туған сәбиде шамамен 5,8%, ал мезгілінен ерте туған нәрестеде сәл аздау - шамамен 4,44-4,48 %. Есейе келе белоктың мөлшері көбейеді Дегенмен алғашқы 3-4 жылда белоктың мөлшері біршама өзгеріп ауытқып тұрады. Ол кездегі ауытқу шамасы 7-8%. Жалпы алғанда адамның жасына байланысты қанның құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттардың мөлшерін зерттеушілер әртүрлі етіп береді. Бірақ айырмашылық онша көп бола қоймайды.

Қанның құрамындағы белоктың түрлерінің бір-біріне қатынасының да жас айырмашылықтары бар. Айталық, жаңа туған сәбидің қанындағы альбумин 57,71 - 56,78%

Қанның құрамыңдағы белоктың түрлерінің мөлшерінің де жас айырмашылықтары бар: глобулиндері 42,29 - 43,22%. Альбуминдері 6 айға дейін біртіндеп көбейеді (59,25%), 3 жаста 58,97 %. Ал глобулиндері төмендейді де, 3 жастан аса тұрақталады. 7-15 жаста ересек адамның альбумині мен глобулинінің қатынасындай болады. Қандағы глобулиндер бала туған сәтте жоғары болады да 1 жастан әрі төмендейді.

Глобулиндердің , Р, у түрлерінің мөлшері де осы заңдылықта байқалады. глобулиндер жарты жасқа дейін жоғары (4,23-5,43%) болып, 3 жаста 3,09% болады; ос2 глобулиндердің мөлшері алғашқы жарты жылда жоғарырақ (10,73-11,45%), ал 7 жастан аса ересектердегідей (9,20-9,98%) болады. р глобулиндер де туған кезде жоғары болып, 7 жастан аса ересек адамдардағы мөлшерге жуықталады. у глобулиндер туған кезде коп болады да, алғашқы 3 айда ұрықтық глобулиндер ыдырап 3 жаста ересектердей 17,39 % болады. Бұл жағдайда есінен айырылады, есінен танған адам сияқты жүреді, тіпті өліп кетуі де мүмкін. Минерал тұздарының жалпы мелшері ересек адамда 0,90-0,95%. Мүның ішінде калий, натрий, кальций, фосфор, мыс, кремний, титан, марганец, темір көптеген элементтер бар. 3 жасқа дейін калий, кальций, натрий түздарының мөлшері аздап жоғары болып, 6 жастан кейін тұрақталады. Қанның құрамында ферменттер көп болады. Амилаза, каталаза, липаза, трансаминаза сияқты қан ферменттерінің белсенділігі туғаннан кейін алғашқы күндері аздап артады. Бұған баланы тамақтаңдыру түрі, өмірінің жағдайы әсер етеді. Ферменттің мөлшерін 1 мл қандағы шартты санмен (шс/мл) өлшейді. Сүйектің пайда болуына әсер ететін сілтілі фосфатаза ферменті жаңа туған нәрестеде 44,6 шс/мл, 1 жаста 70,3 шс/мл, 3 жаста 62,7 шс/мл, 13 жаста 48 шс/мл, 16 жаста 41,7 шс/мл, 18 жаста қан ферменттері ересек адамдағыдай 22 шс/мл болады, яғни оның мөлшері баланың өсуі күшті кезінде жоғары болып, жас ұлғая келе, сүйектерінің өсуі аяқталғанда тұрақталады.

Балалардың қанындағы витаминдердің жас ерекшеліктері тым аз зерттелген. Олардың ішіндегі А және Е витаминдері жайлы аздаған ғана мәліметтер бар. А витаминінің мөлшері жаңа туған сәбиде 0,01-24,4 мг% шамасында өзгеріп тұрады. Оның мөлшері жыл мезгіліне тәуелді деген бірен-саран мәліметтер кездескенімен әлі нақты дәлелді зерттеулер жоқ. Е витаминінің мөлшері жаңа туған сәбиде шамамен 0,30 мг% болып, 3 жаста 0,80мг%, 8 жаста 0,83мг%, 16 жаста 0,94мг%, 20 жастан өрі 0,87 мг% шамасында болады, яғни бұл витаминнің мөлшері 3 жастан кейін онша көп өзгере қоймайды.

3. Қанның пішінді элементтері. Эритроциттер. Қанның пішінді элементтеріне эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады. Бұлардың ішіндегі ең көбі эритроциттер, яғни қанның қызыл клеткалары. Олардың саны адамның жынысына байланысты: ер адамда 1 мкл қанда 4,5-5 млн., әйелде 4-4,5 млн Қанның қызыл клеткалары ядросыз, диаметрі 7-8 мкм, ал қалындығы 2 мкм. Эритроциттердің пішіні екі жағы ойыңқы келетін линза іспетті болады." Мұндай пішін клетканың бетінің ауданын үлкейтіп, тасымалдау қызметін атқаруын жеңілдетеді, әсіресе оттегін өкпеден дененің күллі клеткаларына және ұлпаларына тасуға ыңғайлы етеді. Бұл қызметі эритроциттердің құрамындағы белок заты гемоглобиннің қатысуымен орындалады. Гемоглобин курделі зат. Ол г е м деп аталатын, құрамында екі валентті темірі бар бояулы заттан және

г л о б и н белогынан тұрады. Гемоглобин өкпе қуысында оттегімен оңай қосылып, оксигемоглоб и н г е айналады. Оксигемоглобин организмнің ұлпаларына қанмен тасылады да, ұлпаларға келгенде оңай ыдырайды, нәтижесінде глобин мен оттегі пайда болады. Босаған оттегі ұлпалардың клеткаларының тотығуына қатысады, ал глобин белогы ұлпаларда зат алмасуынан пайда болған көмір қышқылын қосып алып карбокси-гемоглобинге айналады. Бұл да жеңіл ыдырайтын қосынды, қанмен өкпеге барып, көмірқышыл газын босатады, глобинге қайтадан оттегі қосылады. Сойтіп гемоглобин өкпеден ұлпаларға оттегін, ұлпалардан өкпе қуысына көмір қышқыл газын тасиды. Көмір қышқьш газы деммен бірге сыртқа шығады. Оттегі мен көмірсутегін қосып алу екі валентті темірдің қасиетіне байланысты. Кейбір жағдайда (жыланның уымен немесе "иіс газымен" уланғанда) гемоглобиннің құрамындағы екі валентті темір үш валентті темірге айналып, ол С02 карбоглоб и н деп аталатын берік қосылысқа айналады, содан барып уланған адамның денесіндегі тотығуға оттегі жетіспей, гемоглобиннің көп мөлшері карбоглобинге айналғаңда бала өліп қалады. Мұндай жағдайда уланған адамды жылдам оттегі мол жерге шығару қажет, сонда гемоглобин екі валентті темірі бар дұрыс қалпына келіп, адам тірі қалады.

Эритроциттер қан плазмасының осмостық қысымының өзгерісіне аса сезімтал болады. Осмостық қысымның төмендеуі эритроциттерді бұзып, оның құрамындағы гемоглобин қан азмасына шығады. Соның нәтижесінде эритроциттер өзінің басты міндеті — оттегін тасымалдау қабілетінен айырылады. Гемоглобиннің қан аз шамасына шығуын г е м о л и з деп атайды. Гемолиздің әсерінен қанның тұтқырлығы айтарлықтай күшейеді де, қан жүрісін қиындатады.

Егер қанды алып, пробирканың ішіне біраз уақыт қойса, оның құрамындағы эритроциттер тұна бастайды да, бетіне қанның сары суы шығады. Эритроциттердің т ұ н у ж ы л д а м д ы ғ ы ( ЭТЖ; емханада орысша РОЭ немесе СОЭ дейді) қалыпты жағдайда ер адамда 3-9 мм/сағ, әйелде 7-12 мм/сағ шамасында болады. Эритроциттердің тұну жылдамдығы аурудың диагностикасында аса маңызды көрсеткіш.

Жаңа туған сәбидің қанында 2 түрлі эритроциттер бар: а) ұрықтық эритроциттер; 6) қалыпты эритроциттер. Бала туар алдында оның қанына көп мөлшерде қалыпты эритроциттер қосылады. Сондықтан жаңа туған сәбидің алғашқы сағатында 1 мм3 қанында 6,5- 7,2 млн эритроциттер болады. Өмірге жаңадан келген баланың қанына біраз шамада жаңа эритроциттер қосылады да алғашқы 5-6 сағатында 1 мм3 6,62-7,5 млн эритроциттер болады. Бірақ алғашқы күннен бастап, ұрықтық эритроциттер ыдырап орнына жаңа эритроциттер қосылады, сондықтан олардың саны бірінші тәуліктен бастап азая бастайды. 24 сағаттан кейін 1 мм3 қаңда 6,11-7,06 эритроциттер болса, 1 аптадан кейін 5,54-6,21 млн, 10 күннен соң 4,80-5,70 млн шамасына дейін азаяды. Бүл сәбидің ұрықтық эритроциттерінің бауырда ыдырауына байланысты жағдай. Алғашқы 1-2 жаста эритроциттердің саны баланың тұрмыс жағдайына, ауа райына сыртқы және ішкі әсерлерге байланысты өзгермелі келеді. Мүндай күшті өзгерістер 5 пен 7 жас, 12 мен 14 жас арасыңца да байқалады. Жалпы алғанда балалардың қанындағы эритроциттердің саны құбылмалы келеді. Оның мөлшеріне баланың ұйқысы, тамағының құрамы, күн кестесінің бұзылуы да әсер етеді. Мысалы, бала жасына лайық мөлшерден аз ұйықтаса, сол күні оның қанындағы эритроциттердің саны 0,7-1,2 млн-ға дейін азаяды.

Эритроциттердің құрамыңдағы гемоглобиннің мөлшері нәрестеде ересек адамнан жоғары болады. Егер ересек адамның эритроциттеріндегі гемоглобиңді 100 % деп алсақ, жаңа туған сәбидің қанындағы гемоглобин 140-145% болады яғни 100 мл қанында 17-25 г гемоглобин бар. Сонымен бірге сөбидің гемоглобиндерінің оттегін қосып алу қабілеті де аздап жоғары: ересек адамда 1 г гемоглобин 1,34 мл оттегін, ал сөбиде 1,40 мл оттегін қосып алады. Сондықтан жаңа туған сәбидің оттектік сыйымдылығы 35 мл (ересек адамда 18-21 мл) болып, зат алмасуының қарқынды өтуіне мүмкіндік береді.

Екі-үш жастың арасында эритроциттердің саны 5-5,5 млн/імкл. Бұл кезде эритроциттердің диаметрі аздап кішірейеді, ал гемоглобиннің мөлшері 2 жаста 80-90 %, 3 жаста қайтадан 100 % дейін көбейеді, яғни ересек адамдардағыдай болады, ал оттектік сыйымдылығы ересектерден әлі де болса жоғары. Тек 4-6 жаста эритроциттердің саны, пішіні, мөлшері және гемоглобинінің қасиеті, оттектік сыйымдылығы ересек адамдардағыдай болады.

Эиртроциттердің түну жылдамдығы жаңа туған нәрестеде 0,5 мм/сағ, туғаннан кейін біртіндеп ол артады: 1 жаста 2 мм/сағ, 2-3 жаста 3 мм/сағ, 5-6 жаста 4-5 мм/сағ, қыздарда 7-11 жаста, ер балаларда 7-13 жаста 3-9 мм/сағ болып, ересек адамдардың эритроциттерінің түну жылдамдығына (7-12 мм/сағ) жақындайды.

Адам денесіндегі эритроциттердің өмір ұзақтығы 90-120 күндей, бірақ олар үнемі жаңарып отырады: ескілері бауырда жөне басқа мүшелерде ыдырап, жаңа жас эритроциттер сүйек кемігінде өндіріліп, қан айналымына қосылады. Алғашқы аптадағы эритроциттер ыдырағанда босайтын темір иондары сәбидің терісінде қор ретінде жиналады да, тотығып баланың терісі сарғыш тартады. Мұны сәбидің "сары ауруы" деп атайды, бірақ ол жұқпалы Боткиннің сары ауруына байланысты емес, қордағы темірдің тотығуынан болған. Кейіннен терідегі темір иондары жаңа қан клеткаларын түзуге пайдаланылады да, терінің түсі дұрыс қалпына келеді. Лейкоциттер. Лейкоциттер - ядросы бар қан клеткалары. Ересек адамның 1 мкл қанында 6-8 мың лейкоциттер болады. Баланың иммундық қабілеті (ауруға қарсы тұру, қорғану қабілеті) лейкоциттерге байланысты. Лейкоциттер бала организмінің жұқпалы, яғни инфекциялық ауруларға қарсы түруын қамтамасыз етеді. Қан клеткаларының бүл маңызды қызметін Нобель сыйлығының лауреаты орыс ғалымы И. И. Мечников ашқан. Лейкоциттердің бірнеше түрлері бар: а) дәңді лейкоциттер немесе гранулоциттер; ә) дәнсіз лейкоциттер, яғни агранулоциттер; б) моноциттер.



Гранулоциттердің 3 түрі бар: нейтрофилдер, эозинофилдер және базофилдер. Ал агранулоциттерге лимфоциттер жатады. Қанның құрамындағы лейкоциттердің түрлері адамның жасына лайықты мөлшерде шамамен тұрақты болады . Бұл тұрақтылықты лейкоцитарлық формула деп атайды.

Лейкоциттердің саны мен бір-біріне қатынасы, яғни лейкоцитарлық формула түрлі әсерлерге (ауру, ауыр дене жұмысы, ас қабылдау, ұйқы ) байланысты өзгеріп отырады. Лейкоциттерді соғысқа кірейін деп тұрған майданнан кейін неше адам қалары белгісіз әскерлер тобымен салыстыруға болады. Лейкоциттердің саны да сыртқы және ішкі әсерлердің ықпалынан үнемі өзгеріп түрады. Сондықтан оның саны мен лейкоцитарлық формуласы тек шамамен айтылып, жазылады. Мысалы, егер баланың бір түнгі ұйқысы бұзылса, дереу лейкоциттердің жалпы саны мен лейкоцит арлық формуласы өзгереді. Ұйқысы жөнделгеннен кейін шамамен қалыпты мөлшеріне жетеді. Сондада болса лейкоцитарлық формуланың өзгерісі арқылы кейбір ауруларды анықтауға болады. Мысалы, баланың ас қорыту жүйесінде ішек құрттары пайда болса, эозинофилдердің пайыздық мөлшері күрт көбейеді. Сондықтан дәрігерлер баланың ауруын лейкоцитарлық формула арқылы шамамен анықтап алып, кейін оны тереңірек зерттеп, емдейді.Лейкоциттердің жалпы саны жаңа туған нәрестеде 10-20 мың шамасында болғанмен, өмірінің алғашқы сағаттарында оның саны күрт көбейеді. Айталық, туған сәтте 19500 болса, 6 сағатта 22000, 24 сағатта 28000 дейін кобейеді де екінші тәулікте азая бастайды: 48 сағатта 19500 болады. Ал 5-ші тәулікте баланың лейкоциттері күрт төмендейді де, 7-ші тәулікте 8000-11000 шегіне жетіп, шамамен ересек адамның жоғары деңгейіне шамалас Мезгілінен ерте туған сәбилердің лейкоциттерінің саны 3600-36000 шамасында өзгереді. Қыздардың қанындағы 10-12 жаста лейкоциттердің саны 6000-8000, яғнй ересек адамдай болады. Дегенмен айта кетерлік жай: 1 жастан кейін нейтрофилдердің жалпы саны кебейіп, лимфоциттердің жөне лейкоциттердің жалпы саны азаяды. Нейтройилдердің санының лимфоциттерден басым болуы әр зерттеушінің еңбегінде әртүрлі жазылған. Кейбіреулер 3 жастан, кейбіреулер 5 жастан деп жазыпты. Бұл айырмашылық әр баланың жеке басының даму ерекшеліктерінің нәтижесіне байланысты болса керек.



Тромбоциттер. Қанның құрамындағы үшінші пішінді элементтер - тромбоциттер немесе қан пластинкалары. Олар сопақша немесе диаметрі 2-5 мкм дөңгелектеу пішінді келеді. Тромбоциттердің жалпы саны 1 мкл 300 мыңнан 400 мыңға дейін. Тромбоциттер сүйек кемігінде пайда болады. Олардың өсіп жетілу мерзімі 7-8 күн, ал қан айналымында 5-11 күндей болады. Тромбоциттердің саны тамақ ішкеннен кейін, ауыр дене жұмысымен шұғылданғанда, әйел екіқабат болғанда көбейеді. Оның мөлшерінің тәуліктік өзгерісі де бар: күндіз көбірек, түнде азырақ болады. (Громбоциттердің қызметі көп. Оларда ферменттер де өндіріледі, фагоцитарлық қабілеті де бар, ұсақ қан тамырларының өткізгіштік қасиетіне де әсер етеді. Жалпы алғанда тромбоциттердің қызметтері оның арнайы жан-жақты қасиеттеріне байланысты.Тромбоциттердің саны баланың жасына қарай өте көп ауытқиды: 1 мкл қанда 150 мыңнан 600 мыңға дейін. Жаңа туған сәбидің қанында орта есеппен 150-350 мыңға жуық тромбоциттер болса, 1 жасқа дейінгі балаларда 15 мыңнан 424 мыңға дейін (орта есеппен 250000) жетеді. Дегенмен жеке бір баланың өзіндегі тромбоциттердің саны салыстырмалы түрде алғанда түрақты келеді. 1 жастан 16 жасқа дейін 1 мкл қандағы орта саны 300000, 20-40 жаста 311000, одан әрі қарай шамамен 114 мыңнан 335 мыңға дейін (орта саны 224000), ал 70 жастан аса тромбоциттердің саны азаяды: орта есеппен 208000. Тромбоциттердің ең күшті өзгеретін тұрақсыз мезгілі 1 жасқа дейін. Бүл кезде оның жас, әлі толық жетілмеген түрі қанда көп болады. Бұл емшектегі балаларда тромбоциттер көп өндірілетінін білдіреді. Баланың жасы үлғая келе тромбоциттердің өндірілуі төмендейді, ал қартая келе қан пластинкаларында кері даму күшейеді.

Қанның ұюы. Тромбоциттердің басты қызметі - қанның ұюына қатысуы. Қан тамырлары жарақаттанғанда әдетте жараның бетін тромб деп аталатын қойылған қан түйіршігі тез жабады. Біраздан соң ол тығыздалып, жараны бекітеді. Егер қанның мұндай қасиеті болмаса, кішкентай жарадан тоқтаусыз қан ағып, адам әлсіреп, тіпті өліп те кетер еді. Қанның ұюы күрделі ферментативті құбылыс. Оны шамамен 3 кезеңге бөлуге болады: 1 - қанда және ұлпада тромбопластиннің пайда болуы; 2 -тромбопластиннің тромбинге айналуы; 3-тромбиннің әсерінен плазмадағы фибриноген белогының ерімейтін ф и б р и н жіпшелеріне айналып, жараның бетінде тор құруы. Осы торға эритроциттер мен лейкоциттер тұрып қалады да

т р о м б пайда болады. Тромб сығылып, сарысудан арылады. Жараның беті қабыршақтанып қатып, жараланған тамыр бүтінделеді. Кейіннен қатқан қан қабыршағы түсіп қалады. Қанның ұюына эритроциттердің құрамындағы және қан плазмасындағы бірнеше ферменттер мен кальций иондары, бауырда түзілетін К витамині қатысады..

Жаңа туған сәбидің қанының ұюы өмірінің алғашқы күндері, әсіресе 2-ші күні, баяу болады, ал 3-ші күннен бастап 7-ші күнге дейін жылдамданып, ересек адамдардың қанының ұю уақытына жақындайды. Дегенмен қанның ұю уақытында баланың жеке басының қасиеттеріне байланысты аздаған айырмашылық болады. 5,5-6 жаста қанның ұюы 1-2 миноттен кейін басталып, 3-4 минутте аяқталады. Сонымен қатар, алғашқы күндері мөлшері аз тромбопластин 3 аптада ересектердегідей болады, ал қанының плазмасындағы фибриногені анасының қанындағы мөлшерден біршама аз болады. 1 жастан 12-14 жасқа дейін қанның ұюына қатысатын факторлар шамамен дұрыс қалыпта болады, бірақ өзгермелі келеді. Қанның ұю қасиетіне ықпалы бар эндокриндік жүйе мен жасөспірімдердің организміндегі функциялық басқа өзгерістер аяқталған соң, қанның ұюы 50-60 жасқа дейін тұрақталады.

Қан айналымы. Қан, лимфа және ткань сұйығы өз қызметтерін тек ұдайы қозғалыста болғанда ғана атқара алады. Жүректің жұмыс істеуі, қан тамырларының серпінділігі, бұлшық еттердің жиырылуы, тамырлар жүйесінің әр бөлімінде қысымның әр түрлі болуы осы қозғалысқа себеп болады.Қанның үздіксіз қозғалысының бұзылуы тканьдерде оттегі жетімсіздігін туындатып, күрделі асқынуларға тіпті өлімге душар етеді.

Организмдегі қан қорлары. Көкбауыр денедегі қанның қоры. Тыныштық кезінде көкбауыр қанға толып, аумағы үлкейеді. Бұлшық еттер жұмыс істей бастағанда қан көкбауырдан жұмыс істеп жатқан бұлшық еттерге тасымалданады. Ағылшын физиологы Баркрофт тамаша тәжірибе жасап, кокбауырдың қан жиналатын орын екенін алғаш дәлелдеді. Ол иттің кокбауырын абайлап, қан тамырларын үзбей, құрсақ қуысынан шығарып алып, тәжірибедегі иттің терісінің астына орналастырған. Көкбауыр көрінетіндей етіп теріге әйнек ретінде мөлдір целлулоид пластинкасын тігіп, мүшенің жағдайын байқап отыратын терезе жасаған. Жануар операциядан айыққаннан кейін сол терезе арқылы көкбауырды түрлі жағдайларда байқаған. Ит қозғалып жүрген кезде көкбауырдағы қан азайып, ол тынышталып демалғанда қайтадан көбейген. Иттің қимылына сай көкбауырдағы қанның қоры азайып отырған. Баркрофт озінің осы итін 1926 жылы физиологтардың съезінде көрсеткен. Кейіннен көкбауырдың қанның қоры жиналатын мүше екені, сонымен қатар, қанның кейбір клеткалары осы көкбауырда дамып жетілетіні толық анықталды.

Эритроциттердің ыдырауы бірнеше мүшелерде болады, соның ішінде көкбауыр да бар. Мұнымен бірге, көкбауырда лейкоциттердің бұзылуын тежейтін факторлар да бар, дегенмен, мұнда да біраз лейкоциттер ыдырайды. Көкбауыр тимус безімен және лимфа түйіндерімен бірге лимфациттердің өніп, өсіп, дамуына қатысады. Мұнда лимфациттер көптеп жиналады. Олар көкбауырдан лимфа айнылымына құйылып, одан тағы да қайтып келеді. Көкбауырдың қыртысында Т-лимфоциттер, ішкі ұлпасында В-лимфоциттер орналасады деген деген мәліметтер бар.

Бұған қоса, көкбауырда белгілі шамада антиденелер өндіріледі және токсиндер (улы заттар) усыздандырылады.

Көкбауырдан басқа қанның көп мөлшері теріде, бұлшық еттерде және басқа мүшелерде жиналады. Организмге қан көп қажет болған жағдайда қордағы қан дереу қан айналыс жолына құйылып, жұмыс істеген мүше толық қамтамасыз етіледі.

Оқу мен дене еңбегінің қанға әсері. Қанның құрамы шамамен тұрақты болғанымен, баланың еңбегіне мөлшерден тыс талап қойы лғанда бұл тұрақтылық өзгереді.

Мектеп жасындағы баланың жүмысы көбінесе - оқу, ми еңбегі. Оқу, ми еңбегі ретіңде, қан жүйесіне де әсер етеді. Оқушы баланың оқу бағдарламасы жасына сәйкес болмағанда, 12 жасқа дейінгі балаларда лейкоцитоз, яғни лейкоциттердің көбеюі, орын алады. Баланың қанында, әсіресе нейтрофилдер мен лимфоциттер көбейеді.

Бастауыш сынып оқушыларында (7-11 жас) оқудың әсерінен эритроциттердің түту жылдамдығы (ЭТЖ) аздап өзгереді, бірақ ол мұның сабаққа дейінгі қалпына байланысты болады. Айталық, сабаққа дейін ЭТЖ жоғары болса, сабақтың соңына таман ол баяулайды.

Қанның тұтқырлығы да ЭТЖ іспетті сабақтың алдындағы деңгейіне байланысты. Сабаққа дейін ЭТЖ орта шамамен 3,7 болса, сабақтың соңында 5,0, ал сабақ алдында 4,4 болған оқушыларда сабақтың соңында 3,4 дейін темендегені туралы мәліметтер бар.

Жалпы алғанда қанның құрамына оқудың әсері олардың қалыпты жағдайындағы мөлшеріне тікелей байланысты.

Дене еңбегі организмнің физиологиялық жүйелерінің қызметін, әсіресе қанның құрамын өзгертеді. Дене еңбегінен кейін балалар мен жастарда ересек адамдардағыдай миогендік лейкоцитоз байқалады. Бала жүгіргенде, қозғалысты ойын сияқты жеңіл-желпі дене еңбегінде лимфоциттері аздап көбейеді, ал велосипед тебу, сол сияқты қара күшті қажет ететін еңбекте нейтрофилдер кобейеді. 16-18 жастағы бойжеткендер мен жігіттерде жүгіру, суда жүзу сияқты спорт түрлерімен шұғылданғанда лейкоциттердің барлық түрлері көбейеді. Бірақ, сонда да лимфоциттердің көбеюі басым болады. Ал қыздар мен жігіттердің арасында жыныстық айырмашылықтар жоқ деп батыл айтуға болады. Жалпы алғанда миогендік лейкоцитоз бұлшық еттердің жұмысының ұзақтығына байланысты болады, ал жасқа байланысты ерекшеліктер байқалмайды. Мұндай қысқа мерзімді дене еңбектерінің эритроциттердің санына әсері онша күшті емес. Жүгіру, суда жүзу сияқты спорт ойындары кезінде олардың саны орта есеппен жарты миллиондай ғана артады. Ал 1,5-2 сағат велосипед айдағанда эритроциттер айтарлыктай көбейіп, тек бір тәуліктен кейін ғана қалпына келеді. Бұлшық еттердің қызметі тромбоциттерге күшті әсер етеді. Миогендік тромбоцитоз еңбектің ұзақтығына байланысты. Ұзақ уақыт спорт ойындарымен шұғылданғанда қанның құрамында жас қан пластинкалары көп болады. 16-18 жастағы бойжеткендер мен жігіттерде ғана жас ерекшеліктері байқалады. Жас жігіт велосипедпен 50 шақырымды жүріп өткенде миогендік тромбоцитоз кезіңде қаныңда қаңца жас тромбоциттер көп болады, ал сондай қимыл жасаған 23-27 жастағы ересек адамдарда миогендік тромбоцитоз болғанымен, жас пластинкалар болмайды деген мәліметтер бар (А. А. Маркосян, 1960). Осы сияқты 16-18 жастағы бойжеткендер мен жігіттерде ЭТЖ, қанның түтқырлығы, қанның ұюы сияқты қанның физикалық және химиялық көрсеткіштерінде де байқалады.



Трансмиссиялы инфекциялардың алдын алу

Қанға еніп иифекциялардың әсерінен организмде пайда болатын ауытқулар трансмиссиялы өзгерістер деп аталады. Олар антропонозды аурулар — безгек, бөртпе, сүзек және басқалар, сондай-ақ малдан жұғатын (зоонозды) — бруцеллез, туляремия, оба және деп бөлінеді.Безгек – ұстамаға ұласып отыратын ауыр дерт. Әсіресе, ол климаты ыстық жерлерде жиі кездеседі. Біздің елімізде безгек іс күзінде жойылған, сонда да оның бұрқ ете түсу қаупі бар. 2-4 күнге созылатын түрі жиі кездеседі. Аурудың қоздырғышы эритроцитте паразиттік өмір сүретін плазмадий. Адам организміне безгек масасы шаққан кезде енеді. Аурудың жасырын (инкубациялы) кезеің 10-12 күн.

Ауру 1,5-2 сағатқа созылатын қалшылдаудан, температураның көтерілуінен (40—41°) басталып, сонан соң ағыл-тегіл тер шығып, температура төмендейді.

Күрт әлсіреу сезімі, бас ауруы кейде лоқсу және пайда болады. 1 немесе 2 күннен соң ұстама тағы қайталанады. Диагноз қаннан плазмадий табылғанда ғана расталады. Безгекті хинин (акрихин) препаратымен емдейді. Аурудан айыққан адамдарда тұрақты иммунитет қалыптаспайды.

Аурудан алдын ала сақтану үшін инфекция көздерін анықтау, массаларды қыру шараларын жүргізеді. Безгек көп тараған аймақтарда ауырған және сау адамдарды масалардың шағуынан қорғау үшін неше түрлі құралдар қолданылады. Жазғы демалы кезінде балаларды. қорғауға ерекше көңіл бөлінеді.Бөртпе сүзек — аса қатерлі жұқпалы ауру, оны сондай-ақ эпидемиялы «бит» сүзегі деп те атайды. Инфекция көзі сырқат кісі, ал оны таратушы –көйлек биті. Аурудын жасырын кезеңі 7-23 күн (орта есеппен 14—15күн). Бөртпе сүзек бірден өршіп, оған шалдыққан адамның денесі қалтырап, қызуы көтеріледі (39-40,5°), басы сыздап ауырады, ауру зардабынан сандырақтайды, көзіне әр нәрсе елестейді. Аурудың 5-күні теріде бөртпе пайда болады. Бөртпе сүзекпен ауырған және күмәнділердің барлығы ауруханаға жатқызылады. Қанға арнайы анализ жасау арқылы диагноз қойылады. Емдеу барысында аурудың күтімі мен тамағына ерекше көңіл бөлінеді.

Ауру шыққан жердегі барлық жұмсақ мүліктерді, төсек-орын, мен іш киімдерді дезинфекциялап шығарған, сондай-ақ оған күмәнді адамдардың барлығы санитарлық дәрілеуден өткізіледі. Ауруы күдікті адамдардың күн бойы температурасын өлшеп бақылауға алады.

Бөртпе сүзектің арнайы сақтық шараларына — Кронтовская-Маевскийдің вакцинасымен бүкіл жұртшылыққа белсенді түрде иммунитет қалыптастыру.

Ауруханалардың медицина қызметкерлеріне (дәрігерлер, емші бибілер, дәрілеушілер, кір жуушылар, аурухана шаштараздары) егу ең алдымен және ұдайы жасалады. Егу аурудан толық қауіпсіздендірмейді, бірақ сырқат жеңіл өтеді.

Совет Одағында бұл сырқат жойылған, бірақ оны мүлдем есептен шығарып тастауға болмайды, өйткені халық тығыз орналаскан жерлерде және сақтық ережелері бұзылған жағдайда, аурудың бұрқ ете түсуі мүмкін. Сондықтан жүйелі, бір тұтас сақтық шараларын жүргізу қажет.

Бруцеллез сирек кездеседі. Қоздырғышы таяқша формалы бруцелла. Өте жұқпалы ауру. Адамдарға сырқат малдан жұғады (оның ішінде төлден де). Аурудың қоздырғышы өте тиімді, суыққа шыдамды. Несеп пен сүт азықтарында 10-45 күн, су мен дымқыл топырақта 70 күнге дейін сақталады. Жасырын кезеңі 1 аптадан 3 аптаға дейін Ауру таңертеңгі мезгілде температураның 38-39° дейін көтерілуінен басталады, ал кешке қарай ол қалыпты жағдайға дейін төмендейді. Қанда қоздырғыштар байқалса ғана диагноз анықталады.

Ауырған адам міндетті түрде ауруханаға жатқызылып, толық сауыққанша емделеді. Сақтық шараларды малға мұқият мал дәрігерлік бақылау қою; ауруды анықтау және сауықтыру, тұрғындар арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу. Ферма жұмысшылары мен мал дәрігерлік қызметкерлер арнаулы киімдерді пайдалануға, ауру малды күткен соң қолын мұқият жууға және дизенфекциялауға міндетті. Арнайы сақтық шарасы — егу ферманың барлық жұмысшыларына жасалады. Балалар ауру малдарға жіберілмейді.



Туляремия — балаларға да, ересектерге де жұғатын ауру. Қоздырғышы таяқша тәрізді жабайы кеміргіштерде (көр тышқан, сарышұнақ, сутышқандары және үй қояны) мекендейді.

Инфекция жануарларға ауадағы ылғалды тамшылар арқылы, адамдар арасында қарым-қатнас (өлі аңның терісін сыпыру) және ауадағы ылғалды тамшылар арқылы жұғады. Инфекция көбіне тыныс жолдары, кейде асқорыту жолдары арқылы жұғады.

Аурудың жасырын кезеңі — 6—21, көбіне 1—14 күнге дейін созылады. Туляремия ауруы бірден қалтыраудан және температураның 38—39° көтерілуінен басталып, бас ауруына, буындардың қақсауына, кейде лоқсуға ұласады. Мойындағы лимфатикалық бездер ісіп, өкпе, ас қорыту жолдары закымданады.

Аурудың сақтық шаралары: кеміргіштерді барлық тәсілдермен жою, азық-түліктер мен су көздерін кеміргіштерден қорғау, маяланған егінді және зығырды дала тышқандарынан сақтау.

Туляремия анағұрлым өршіген жерлерде зығыр өңдеу мен егін бастыруға оқушыларды жіберуге рұқсат етілмейді. Балалардың жабайы кеміргіштерді кәсіби мақсатта аулауына тыйым салынады.

Аусыл — қоздырғышы сыртқы ортаға (сабан мен пішенде бір айға дейін сақталады) мейлінше төзімді вирусы бар ауру. Организмге ауыздың кілегейлі қабықшасы және тері арқылы енеді (көбіне сүт арқылы, ауру жануарлардан). Вирус қанда айналым жасайды да түкірік, несеп және нәжіс арқылы сыртқа шығады.

Аусылмен сырқаттанудың алғашқы белгілері — бас ауру мен температураның көтерілуі.

Сақтық шаралары: ауру шыққаң жердегі жануарларға карантин қою, сүтті жануарлар мен түйелерге қатаң мал дәрігерлік бақылау қою. Ауру малдың сүтін мұхият қайнатып барып пайдалануға болады, бірақ оны балаларға бермеген жөн. Ауру малдарды күтуді арнайы мал дәрігерлік санитарияны оқып үйренген ересек адамдарға жүктейді:

Құтыру — тез жұғатын жұқпалы ауру, оның қоздырғышы ауру жануарлар адамдарды қапқан кезде түкірік арқылы енетін вирус.

Құтырумен барлық жылы қандылар ауырады. Мұндай вирустар итте, қасқырда, түлкіде болады. Аурудың жасырын кезеңі 20—25 күн, кейде 6 айға дейін. Құтырма ауру нашар көңіл күйден басталып, жұту, тыныс алу бұлшық еттерінің түйілуіне ұласады. Кейінірек, ол судың сылдырынан да қысылып қалуға әкеп соғады. Осы себепті ауруды гидрофобия (судан қорқу) деп

те атайды.Ауру жануарлардың қабағы салыңқы болады, баяу қозғалады, кұйрығы салбырап, жүні жығылады. Ауру иттің үргені қырылдаңқы шығады, аузынан көбікті түкірік шашады, ол жеуге келмейтін заттарды (шеге, шыны бөліктерін) тістелеп, жұтып жібереді. 2—3 күннен соң жолда кездескендерді қаба отырып үйден қашып кетеді. Ит тыныс жолдары, бұлшық еттерінің паралич болуынан өледі.Қазіргі кезде кұтырма аурумен сырқаттанғандарды антирабикалық вакцинамеи бірге антира гамма-глобулинді қолданады.Құтырудан сақтандыру үшін, онымен ауырған жануарлардың көзін жояды, сау жануарларға мал дәрігерлік қатаң бақылау орнатып, антирабикалық вакцина егеді.

Обаересектерге де, балаларға да жұғатын аса қатерлі ауру. Ауру сырқат жануарлармен тікелей жанасқан кезде, немесе ауру адамдардан, аурудың заттарынан, сырқат малдан алынған тері мен жүннен жұғады.Оба таратуға ауру кеміргіштер (тышқан, мысық) аса қауіпті, өйткені олардың қанын бүргелер сорып, ауруды сырқат адамнан (жануардан) сауына жұқтырады. Оба ауруы қалтыраудан, жоғары температурадан, күрт бал ауруынан, буындардың әлсіреуінен басталады. Диагноз Лимфа бездеріндегі заттар мен сілекейдің лабораториялық анализі бойынша қойылады.Ауруды емдеу комплексті түрде жүргізіледі. Ауырған адамды міндетті түрде емханаға жатқызады. Аурумен қарым-катынаста болғандарға обсервация жасалады. Ауру болған жерлерде аса қауіпті инфекцияларға қарсы жасалатын сақтық шаралар (дезинфекция, дезинсекция, дератизация) жүргізіледі.Обсервация мекемесінің дәрігерлері мен барлық қызметкерлері киім формасын (арнаулы киім көзілдірік және т. б.) қатаң сақтайды. Ауруларды емдеу кезеңінде дәрігерлерге, емші, бибілер мен кіші медициналық қызметкерлерге туған-туысқандармен қарым-қатынас жасауға рұқсат етілмейді, тек қана телефон, радио, ішкі теледидар арқылы тілдесуге болады.

Оба қаупі бар аймаққа вакцина егіледі. Обаның алдын алу үшін тұрғылықты жұртшылықтан жұмыс орны мен үй ішінде санитарлық-гигиеналық қағидаларды сақтау талап етіледі.



Ревматизм — созылмалы инфекциялы ауру. Ол трансмиссивті ауруларға жатпайды. Ревматизмнің қоздырғышы дәл анықталмаған. Біреулер ревматизмді созылмалы стрептококк инфекциясы, ал екіншілері — вирусты ауру деп есептейді. Стрептококк арқылы туындайтын скарлатина, ангина, созылмалы тонзиллит, жоғарғы тыныс жолдарының қабынуынан кейін балалар организмінде еніп кетуіне қолайлы жағдай пайда болады. Одан бөлек, аурудың асқынуына ұдайы шаршау режимінің бұзылуы, дымқыл, суық пәтер септігін тигізеді.

Ревматизм жүрек-қан тамырлары жүйесін, буындар мен орталық нерв жүйесін зақымдайды. Ауру ұзақ жылдарға созылып, кейде бәсеңсіп, кейде өршіп отырады. Бұл ауруды зерттеу оның ересектерден гөрі балаларда көбірек кездесетінін көрсетеді.

Балаларда ревматизм нерв жүйесінің зақымдануы – хорея түрінде көрініс беруі мүмкін. Бұл ауруларға баланың көңіл-күйінің жылдам алмасуы мен тез қозғалғыштығы қолдың және мимикалық бұлшық еттердің жыбырлауы тән. Ауырған бала жылауық келеді. Оның жазуы, сөзі бұзылады, сабақ үлгерімі нашарлайды.

Хорея секілді ауру туралы педагогтар мен баланың айналасындағылар ұмытпауға тиіс. Егер балада осындай байқалса оны жазалап, кіналамау керек. Бұл оның жағдайын одан әрі нашарлатады, оны емдеу үшін дәрігерге жіберу қажет.

Емдеу дәрі-дәрмектер арқылы жүргізіледі: ұйқы, демалу және тағам режимін сақтау кәміл сауықтыру тиімділігін арттырады.

Ревматизмнің алдын алу үшін-организмнің қорғаныс күштерін нығайту, аталған ауруларды дер кезінде емдеу, құнарлы тағамдармеи қамтамасыз ету, ұйқымен демалыс режимін қатаң сақтау керек. Баланы шынықтыру шараларын тек қана дәрігер белгілейді.

3.Жүректің құрылымы және жұмысы. Бала жүрегінің ерекшелігі. Микроскопиялық зерттеулер арқылы жасөспірімдер, балалар жүрегінің жасқа байланысты динамикалық құрылымы 7—10 жастағы балалардың жүрек бұлшық етінде жинақы орналасқан нәзік әрі қысқа талшықтар бар екендігі, олардың арасында ересектерде кездесетін май ткані жоқ екендігі анықталған. Бұл кезде жүректің нерв аппаратының дифференциясы аяқталған және ол 12 жастағы балаларда өздерінің структуралық көрсеткіштері бойынша (көлемінен өзге) ересек адамның жүрегіне ұқсас.

Жүрек жақтаулары үш қабаттан тұрады: ішкі қабат эндокард, ортаңғы қабатт – миокард және сыртқы қабат – эпикард. Эпикард жүрек қабы перикардтың ішкі астары болып табылады.

Балалардың эпикарды ересектердікіне қарағанда жұқа және дәл соңдай мөлдір. Сондықтан оның астына орналасқан қан тамырлары анық көрінеді.

Эндокард жүректің ішкі жағын қаптап жатыр. Одан екі жақты жүрек қақпақшалары жасалған. Бала жүрегінің эндокарды әлдеқайда іркілдек келеді әрі аздаған өзгешелігі болады.

Жүрек жақтаушыларының анағұрлым күшті қабаты миокардында болып табылады. Оның талшықтары балаларда анағұрлым жіңішке, нәзік келеді, ол нашарлау дамыған, қысқа әрі тығыз болады. Балалар миокардында май клеткалары жоқ.

7—12 жас аралығындағы балалардың жүрек өсуінің жалпы жылдамдығы салыстырмалы түрде баяулайды, қарыншалар жүрек қалқаншаларынан жылдамырақ өседі, ер балалар мен қыз балалардың жүректерінің салмағы бірдей өседі. Осы мерзімде қан тамырларының шеңбері де артады, сөйтіп 11—12 жасқа дейін өсіп келе жатқан жүрек пен қан тамырларының тесігі арасында тұрақты қатынас сақталады.

Жыныстық пісіп жетілуі кезеңінде жүрек қан тамырларынан гөрі жылдамырақ өседі, сол себепті қан әлдеқайда жіңішке тамырлармен жүреді. Бұл миды оттегімен қамтамасыз етуге және нәрлендіруге қолайсыз жағдайлар туғызады, қан қысымы жоғарылайды, жүректің қағуы, ырсыл, жүректің ауыруы, тез қалжырау пайда болады. Бұл құбылыстар қызздарда анағұрлым күрт көрініс береді, өйткені олардың жүрек салмағының өсуі ерте басталады да ертерек аяқталады. Ер балалар жүрегінің жалпы салмағы қыз балалардікінен гөрі көбірек. Алайда, бұл кұбылыстардың бәрі уақытша және олар жыныстық пісіп-жетілуі аяқталған соң басылады.

Жасөспірімдер жүрек-қан тамырлары жүйесінің ерекшеліктері физкультура, еңбек сабақтарын, экскурсиялар ұйымдастыруда мұхият есепке алынуға тиіс. Жүрекке шектен тыс салмақ салудан аулақ болу үшін эмоциялық тітіркенуден, спорт жаттығуларын шамадан тыс орындаудан бас тартқан дұрыс.

Оқушылар жүрегінің және қан тамырларының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етуде ұйқының, тамақтың, киім мен аяқ киімнің гигиеналық ұйымдастырылуының аса зор маңызы бар.Жүректің жұмысына, миокарда да патологиялық өзгерістердің пайда болуына темекі тарту, алкогольді ішімдіктерді пайдалану, аурулар (мысалы ревматизм), психиялық зардаптар әсер етеді. Бұдан шығатыны, аталған факторларға жол бермеу, жүректің берік болуына септігін тигізеді. Баланың жасы өскен сайын жүрек камерасының (қалқанша мен қарынша) сыйымдылығы бірте-бірте ұлғаяды. Бұл өсу әсіресе алғашқы жеті жылда айрықша байқалады. Мәселен, жаңа туған сәбиден ол 2,4 мл-ге, 7 жастағыда — 23,0, 12 жастағыда — 41,0, ересек кісіде — 60,0 мл-ге тең.Сыртқы түрі бойынша сәбидің жүрегі ересектің жүрегінен көлемі, жақтауларының қалыңдығы, жүректегі тесіктердің көлемі бойынша біраз айырмашылықтары болады.Жас өскен сайын жүректің ішкі құрылымы әжептәуір өзгереді: қабаты, бұлшық ет қабықшаларының конструкциясы, қақпақшаларының құрылысы, яғни анатомиялық, гистологиялық, гистохимиялық жағынан ғана емес, қызметі жағынан да өзгеріске ұшырайды. 4.Жүректің жұмысы. Артерияға ырғақты түрде қайталанып отыратын қан айдау — жүректің функциялық қызметінің негізі. Ол жүрек қалқаншалары мен қарыншаларының рет ретімен жиырылуы мен босаңсуының арқасында жүзеге асады.

Жиырылу кезеңі систола, ал босаңсу кезеңі диастола деп аталады. Жүрек жиырылған кезде байқалатын систола мен диастоланың және керісінше алмасып отыруы жүрек циклі немесе дәлірек айтқанда жүрек жұмысының циклі деп аталады.

Жүрек қызметінің үш фазасы болады: 1) жүрек қалқаншасының систоласы, бұл кезде қан қалқаншадан босаң қалыпта ұрған қарыншаға түседі; 2) қарынша систоласы, бұл кезде систола фазасындағы қан қарыншалардан қолқа мен өкпе артериясына айдалады (бұл кезде қалқаншалар босаңсиды); 3)жалпы үзіліс, бұл кезде жүрек тыныш қалыпта болады. Осы кезде босаңсыған ірі вена тамырларынан қан келіп түседі. Жалпы үзілістен кейін жүрек жұмысының жаңа циклі басталады.

Жүрек жұмысы циклінің ұзақтығы 6-7 жасар балада 0,63 секундқа, 12 жастағыда — 0,75, ал үлкен адамда — 0,8 секундқа тең, 6—7 жасар баланың жүрегі минутына 95—100 рет, 12 жастағыда 80—90, ал үлкен адамда 68—70 рет жиырылады.

Бір мезгілде жүректің оң және сол жақ бөлігі арқылы бірдей мөлшерде қан өтеді.

Жүректіқ бір секунд ішінде айдап шығатын қан мөлшері систоликалық немесе жүрек соғуының көлемі деп аталады. Бала жүрегі камерасының сыйымдылығы ересектерінен кішірек болғандықтан олардағы систоланың көлемі де аз. Оның мейлінше улғаюы өтпелі кезеңде байқалады.

Бір минутттағы барлық систоланың көлемі жүректің минуттық көлемін құрайды. 7 жасар балада ол 2120 мл-ге, 12 жасарда — 2740 және үлкен кісіде 4080-нен — 5600 мл-ге дейінге тең. Мұның үстіне жүректің минуттық көлемі өсіп келе жатқан организмнің тканьдері пайдаланатын оттегіне салыстырмалы түрде пропорционалды.

Қарыншалардың систоласы кезінде жүрек көлденеңнен кішірейеді, оның төбе жағы қысылады, жоғары көтеріліп кеуде клеткасының алдыңғы жағына соғылады. Бұл құбылыс жүрек дүрсілі деп аталады. Оның сол жақ кеудедегі IV қабырғаның аралығына алақанды қою арқылы сезуге болады. 7—8 жасар балаларда сондай-ақ ашаң адамдарда оны көзбен-ақ көруге болады.



Жүрек жұмысының ырғағы. Белгілі бір уақыт аралығында бірінен соң бірі, кезекпен қайталанып отыратын жүректің жиырылуы мен босаңсуы жүрек жұмысының ырғағы деп аталады.

Қолды көкірекке қойып жүректің бір минуттағы жиырылысын есептеуге немесе электрокардиографтың, көмегімен оның жұмыс ырғағын жазып алуға болады. Кейде ырғақ сирек – минутына 40-50 жиырылады (брадикардия) немесе, керісшше жиі – минутына 100-ден аса (тахикардия) жиырылады. Брадикардия көбінесе шыныққан спортшыларда, ал тахикардия күшті дене еңбегі кезінде, корқынышты бастан өткергенде кездеседі.

Мектеп жасына дейінгі балаларда нервінің тежегіш әсері ересектерге қарағанда аз, сондықтан оларда жиырылу ырғақ анағұрлым жиі, 7—3 жасқа карай ол жүрек бұлшық еті мен қан тамырларының парасимпатикалық нервтену дамуының аяқталуына байланысты анағұрлым біркелкі бола бастайды.

Электрокардиография. Электрокардиограммада жазудың тәсілі (ЭКГ) жақсы ойластырылған әрі қарапайым келеді. Электрокардиограммада тісшеліер мен арақашықтьтқты түсіндіру (расшифровка) әлдеқайда қиын (80-урет). Бұны арнайы дайындықтан өткен дәрігерлер жасайды.

Мұғалімдер мен педагог-тәрбиешілердің кейде дайын ЭҚГ-ге тап болатын кездері болады. Оларға жүрек жұмысының сипаты мен денсаулықты бағалауда ЭКГ-нің ролін білу көптік етпес еді.

Миокардадағы қозудың пайда болуы, ұлғаюы және тоқтауын ЭКГ арқылы түсіндіретін теория едәуір кең таралған. ЭКГ-нің графикалық жазуының өзіндік түрі болады, белгілі бір тісшелер мен арақашықтарға жүректің соларға сай келетін жай-күйі тән болады.

ЭКГ-нің эволюциялық жане клиникалық түсіндірулерінің және жүрек циклінің фазаларының мәліметтері жүрек жұмысындағы үзіліс оның жиырылу жиілігі секілді адам өмірінің ұзақтығына тікелей қатысы бар.

Демек, спорт жаттығуларын өткізгенде, балалар еңбегін ұйымдастырғанда немесе олардың денсаулығының жай күйіне бақылау жасағанда систола мен диастолаға ғана емес, жүрек жұмысындағы үзілісіне де көңіл аудару керек. Өйткені бұл кезеңде жүрек қуысы қанға толып, тамырларға айдалатын қанның көлемі көбейтіледі.

Демек, тыныштық фазасын жүрек қызметі мен жалпы организмнің мүмкін болатын бұзылуының «қайнар көзі» болуы ықтимал.

Жүректің өздігінен жұмыс істеуі. Органның, ткань мен клеткалардың сыртқы тітіркендіргішерінсіз өздерінде пайда болатын импульстердің әсерімен қозуы оның өздігінен жұмыс істеуі деп аталады. Бұл қасиетті жануардың жүрегін бөліп алып және белгілі бір жағдайлар жасап (ауа, тамырлар арқылы жүретін ертінділердің температурасы) көз жеткізуге болады. Аритмияны жүректегі өткізгіш жүйе арқылы түсіндіруге болады.

Жүректің өткізгіш жүйесі. Жүрек бұлшық етіндегі типсіз клеткалар мен Пуркинье ұлпалары (зерттеген ғалымның атымен аталған) жүректің өткізгіш жүйесін кұрайды. Оның бас жағы синус түйіні жоғары қуыстағы венаның төменгі етегіне орналасқан.

Синус түйінінде пайда болатын импульстер жүрекше-қарынша түйініне тарайды, сонан соң екіге тармақталып жатқан жүрекше-қарынша шоғырына жетеді, сонан соң миокардамен қарыншадағы бүртік тәріздес бұлшық еттермен байланыс жасайды. Бұл бір мезгілде ең әуелі жүрекшенің сонан соң қарыншалардың және осы фазалардын белгілі бір уақыттан соң ырғақты түрде қайталанып отыруын қамтамасыз етеді.

Әрбір қозудан (жиырылудан) соң жүрек қозбайтын күйде болады. Қозбайтын кезең жүрек жұмысының үзілісіне сай келеді. Жүрек жұмысындағы барлық үзілісті есептейтін болсақ, ол тәулігіне 8 сағаттай дем алады.

Жүрек қызметінің нервтік реттелуі. Жүрек жүмысын реттеуге нерв жүйесі белсене қатысады. Парасимпатикалық өсінділер арқылы жүретін импульстер жүректі әлсіретеді және оның соғысын баяулатады. Мұндай кезде, жүректің күші азайып жиырылуы сиректейді, кейде тіпті тоқтап та қалады. Симпатикалык өсінділердің импульстері күшейтпелі және жылдамдатушы әрекет береді.

Гуморальды реттелу. Жүректің қызметіне қанда, организмнің басқа сұйықтықтарында еріген заттар әсер етеді. Бұны гуморальдық реттелу дейді. Мысалы, бүйрек үсті гормоны адреналин қанға табиғи түрде-немесе қолдан ендірілсе жүректің жиырылуын күшейтеді, яғни симпатикалық нерв сияқты әрекет етеді; организмнің көптеген тканьдерінде кұралатын ацетилхолин жүректің жиырылуын баяулатады, яғни кезеген нерв секілді әрекет етеді.

Жүрек қызметін реттейтін орталық сопақша, аралық мида және жарты шаралардың маңдай бөлігінде орналасқан. Қанда еріген заттардың әрекеті қан тамырларының рецепторлары арқылы жүзеге асатынын ескерсек, онда жүрек қызметінің гуморальдық реттелуі – нервтік регуляция деген сөз.

Жүрек-қан тамырларының қызметі әр түрлі тітіркендіргіштердің импульстеріне орай өзгеріп отырады (жылу, суық, ауру және т. с. с). Бұл импульстер ми орталығына, сонан соң эфферентті өсінділер арқылы жүрек бұлшық етіне беріледі, олардың жұмыс ырғағы өзгереді, яғни бүкіл жүректің жұмысы өзгереді.

Қан қысымы. Жүректен қолқаға айдап шығарылған қан оның кенересіне сынап бағанасы бойынша 150—160 мм күш түсіреді. Қолқаның тарамдалып кетуіне байланысты және тарамдар қосындысының өсуіне орай артериядағы қысым 120 мм дейін, артерияларда — 40 мм дейін, жүрекпен бір деңгейде жатқан капиллярларда 15—20 мм дейін төмендейді. Кеуде қуысына жақын жатқан венадағы қанның қысымы атмосфералық қысымға жақын, бірақ ол тыныс алу актісінің фазасьша тәуелді. Мәселен, тыныс алынғанда ол төмендеп теріске айналады. Кәдімгі тыныс шығаруда жоғарылайды (сынап бағанасымен 2—5 мм-ден көп емес).

Терең тыныс шығару (әсіресе, күшенгенде) қуыс веналардағы қысымды арттырады, бұл қарын қуысының және аяқ-қолдың веналарынан келетін қанның жүрекке түсуін қиындатады. Бұл артериялық қысымды азайтады, тым қатты күшенгенде адамды естен тандыруы мүмкін.

Демек қан тамырларындағы қысымның айырмашылығы, кеуде қуысының сору күші қан айналымына жағдай жасайды. Шеткі тамырлардағы қанның қысымы жүрек жұмысының фазасына тәуелді. Қарыншалардың систоласында ол мейлінше жоға\ры, ал диастолада мейлінше төмен болады.

Қанның қысымы екі цифрмен белгіленеді: жоғары цифр ең жоғарғы немесе систолалық қысымды, ал төменгі цифр ең төменгі немесе диастолалық қысымды көрсетеді. Өлшеуді артерияда жүргізгендіктен ол артериялық қысым деп аталады. Алайда, қысымды артерияда ғана емес, венада да өлшеуге болады. Бірақ ол үшін әлдеқайда күрделі аппарат қажет. Адамның, артериялық қысымы тәулік ішінде құбылып отырады. Мәселен, ол ұйқы кезінде төмендейді, ал жұмыс үстінде және қатты қорыққанда жоғарылайды. Бірақ оның орташа көрсеткіші мейлінше тұрақты. Мысалы, 7—8 жасар балаларда ол сынап бағанасы бойынша 99/64 мм, 12 жастағыларда — 105/70, 13—15 жастағыларда — 107/73, және ересектерде (20—40 жастағы) — 110/80 мм. Оның үстіне ер балаларда 5—9 жаста артериялық қысым қыз балаларға қарағанда жоғары, ал 9—14 жаста керісінше жыныстық пісіп-жетілудің басталумен ер балалардың қан қысымы қыз балалардікінен едәуір жоғары бола бастайды. Қыздар мен боз балалардың (17—19 жас) қан қысымы ересектердің нормасына жуықтайды (110/75 мм, сынап бағанасы бойынша). Қан айналымының бұзылуына байланысты сырқаттанғанда, сондай-ақ сұйықты көп ішкенде қан қысымы өзгереді. Кей жағдайларда ол жоғарылап гипертонияға әкеліп соқса, кейде төмендеп гипотония тудырады. Қатты қалжыраған кезде де гипотония байқалады.

Гипертония мен гипотония көптеген себептерге байланысты ересектерде, балаларда жиі кездереді.

Тамырдың соғуы. Жүректің әрбір жиырылған кезіндегі артерия кенересінің ырғақты кұбылуы тамырдың соғуы деп аталады. Мұндай кезде тамыр кенересінің серпімділігінің арқасында қан тамыірлары созылады, ал қанның кернеуі жоғалған диастола кезінде қайтадан тарылады.

Тамырдың соғуың сезінуге болады. Бұл үшін әдетте білектегі күре тамырды пайдаланады. Тамырдың соғуы жүректің соғуына әрқашан сәйкес келеді.

Жаңа туған нәрестенің тамыры минутына 130 рет, 7-10 жастағы балалардікі — 85-90, 14-15 жастағы жасөспірімдердікі — 75-80, ересектердікі 68—70 рет соғады.

Тамыр соғуының жиілігі кейде нерв жүйесі симпатикалық бөлімнің тітіркенуіне және зат алмасудың анағұрлым жиілігіне байланысты. Қыздардың тамыры әдетте ер балалардан гөрі жиірек соғады (5—10 рет). Күш түскенде, қозғалысты ойын үстінде гимнастикамен айналысқанда т. б. тамырдың соғуы артады. Күш түсіп болғаннан кейін тамырдың соғуы, неғұрлым тезірек қалпына түссе, соғұрлым жүректің төзімді болғаны.

Қан ағысының жылдамдығы. Қан айналымы жүйесінде бір

мезгіл аралығында барлық артерия, капиллярлар мен веналар арқылы бірдей мөлшерде қан ағып өтеді. Жылдамдық қан арнасының кең немесе тарлығына байланысты. Мәселен, ірі артерияларда ол секундына 50 см, веналарда — 20 см, ал капиллярларда—0,5 мм.

Артериядағы қан жылдамдығының жоғары болуы оның айналу жылдамдығын қамтамасыз етіп, тканьдерді нәрлі заттармен және оттегімен жабдықтауға мүмкіндік береді. Капиллярларда қанның баяу ағуы ткань аралық зат алмасуға жағдай жасайды, яғни тканьдерге қажетті заттар беріліп, организмге қажет емес заттар әкетіледі.

Туа біткен және кейін жүре пайда болған қан айналудың бұзылулары

Адамның жүрек қан тамырлары қызметінің бұзылуын туа біткен және жүре пайда болған деп бөлу қалыптасқан. Туа біткен жүрек ақаулары мен қан тамырларының дамуындағы алшақ кетушілік салыстырмалы түрде сирек кездеседі. Ал жүре пайда болған, яғни өмір бойы өрістеген ақаулар (ырғақсыздық, венаның кеңеюі, аневризм, ревматизмнің салдары) анағұрлым жиі кездеседі. Туа біткен көптеген жүрек қан тамырлары жүйесінің ақаулары хирургиялық жолмен емделеді.

Жасөспірімдердің жыныстық кемелденуі кезеңінде жүрекқан тамырлары жүйесінің жұмысының уақытша бұзылуы байқалады. Бұл ішкі секреция бездерінің қайта құрылуына байланысты. Кейбір дәрігерлер организмдегі мұндай өзгерістерді оның толық сау еместігі деп санайды, ал мұның өзі жасөспірімді үрейлентіп алуы мүмкін. Алайда, төменгі класс оқушыларының жүрегі көптеген ересектердікінен гөрі әлдеқайда таза. Ол никотинмен, ішімдікпен уланбаған, психикалық жағынан жарақаттала қоймаған және организмге сыртқы ортадан түсетін бактериялардың әрекеттеріне азырақ ұшыраған болып келеді. .

Балаларда жүрек пен қан тамырларының мықтылығын төмендететін инфаркт, жүрек бұлшық етінің склерозы және басқа бұзылулардың болмайтындығын бақылаулар көрсетіп отыр.



Бақылау сұрақтар?

1.Жүрек қан айналым жүйесі.

2.Жүректің құрылысы.

3.Жүректің жұмысы.

4.Жүректік қақпашалар.

5.Қан тамырлары және қан.

6.Қанның қызыл жасушалары.

7.Қанның айналымы.

8.Жүректің тәждік аурулары.

9.Тәждік аурудың хирургиялық емі.

10.Жүрек ақаулары.



11.Жүректің ырғағы мен соғуының бұзылыстары.

12.Жүрек аурулары және жүрек жетіспеушілігі.

13.Қан айналымның бұзылуы.



Лекция № 9

Тақырыбы: Тыныс алу мүшелері және олардың қызметінің жас ерекшеліктері

Жоспары:

1.Баланың тыныс алу жүйесінің маңызы, құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері.



2.Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Өкпедегі газдың алмасуы.

3.Тыныс алу мүшелерінің қызметінің реттелу жолдары қандай.



4.Сыртқы ортаның жағдайларының тыныс алу жүйесінің қызметіне әсері қандай.

Лекция мақсаты: Тыныс алу жүйесінің маңызы, құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері мен таныстыру.

Лекция мәтіні:

1.Тыныс алу жүйесінің маңызы. Адам организмі өзін қоршаған сыртқы ортамен қатты, сұйық және газ түріндегі заттармен алмаспай өмір сүре алмайды. Адам үнемі сыртқы ортадан қоректік заттарды, суды және оттегін алады. Адам организмінде қоректік заттардың қоры болады, сондықтан 25-30 тәулік аштықты өлместен көтере алады. Сусыз адам бірнеше апта өмір сүре алады, ал оттегінсіз бірнеше минуттің ішінде өліп қалады. Олай болса, оттегі адам өмірі үшін аса маңызды. Организмде оттегінің қоры жоқтың қасы - не бары бірнеше минөттік қана. Сондықтан тіршіліктің сақталуы үшін оттегі үнемі денеге жеткізілуі тиіс. Оттегі ұлпалардағы тотығуға қатысады. Тотығу кезінде заттардың ыдырауынан көмір қышқыл газы пайда болып, денеден сыртқа шығарылады. Дем алғанда организм мен сыртқы орта өздерінің құрамындағы газдарымен алмасады. Бұл оттегінің үнемі денеге кіріп және көмір қышқыл газының денеден сыртқа айдалып тұруын қамтамасыз етеді. Бұл қызметті кеуде қуысында орналасқан өкпе орындайды.

Оттегінің қысымының ең көбі біз дем алғанда жұтатын сыртқы ауада, өкпе альвеолаларында төмендейді, қан тамырларында мүлде азаяды. Сондықтан ауадағы оттегі организмге қарай диффузды түрде қозғалады, бірақ бұл өте өлсіз қозғалыс. Бұл қозғалысты тыныс мүшелері күшейтеді.

Тыныс алу мүшелері оттегі мен көмір қышқыл газын таситын негізгі міндеттерінен басқа да қызмет атқарады.

Дем алу мен дем шығарудың ырғақты түрде ауысуы біздің денеміздегі барлық ішкі мүшелерге әсер етеді. Көк еттің (диафрагманың) дем алып, дем шығарғанда көтеріліп жене төмен түсуі ас қорыту мүшелеріне қысымдық әсер етіп, ішек-қарындарға уқалау (массаж) іспетті әсер етеді. Егер адам терең дем алса, бұл әсер күштірек болады. Кеуде қуысындағы өкпе сығылып және босау арқылы жүрекке, қолқа, өкпе артериялары, жоғарғы және төменгі қуыс веналарына да, ас қорыту мүшелеріндегідей әсер етеді де, жүрек қанды сорып алуына көмектеседі.

Мұнымен қатар, дем алу ырғағы жүйке жүйесі арқылы да организмге әсер етеді. Нәрестелерде тыныс аритмиясы деген ерекшелік болады: дем алғанда пульс жиілеп, дем шығарғанда және пауза кезінде азаяды. Тыныс аритмиясы, әсіресе жыныстық жетілу кезінде жақсы байқалады. Ересек адамдарда мұндай әсер болғанымен балалардағыдай айырмашылық онша көп емес.

Тыныс ырғағының аз да болса, қанның қысымына, капиллярлық қан айналысына да ықпалы бар. Өз еркімен тәжірибеге қатысқан студенттерде дем шығарғанда қолдың бұлшық еттерінің күші аздап көбейгені байқалған. Тыныс ырғағы көздің жарық сезімталдығына да аздап әсер етеді.

Тыныс ырғағы адамның миының қызметіне де, әсер ететінін білу педагогтер үшін аса маңызды. Кейбір күнделікті бақылауда орын алатын жағдайларды естеріңізге алыңыз: адам аса зор ықыласпен тың тындағанда дем алу сәл уақытқа кідіреді. Дем шығарғанда ынта күшейеді, ал дем алған сәтте төмендейді. Тыныс алу жиілігі жоғары болғанда, айталық, ашуланғанда адам көңіл қойып, бар ынтасымен ойлана алмай қалады. Мұндай жағдайда ол өзін-өзі басып, тыныштандыруы тиіс. Тыныш отырып, қалыпты ырғақпен демалғанда адамның ойлау қабілеті жоғары болады. Сондықтан сабақ оқып жатқанда, оның алдында баланың көңілін өзгертетін әсерлер болмауы тиіс. Осыған байланысты гигиеналық талаптар бойынша мектепте қиын пәндердің алдына дене шынықтыру сабағын қоюға болмайды. Кей кезде баланың сабағының нашар болуы оның мұрын қуысында пайда болып өсіп кеткен аденоидтарға (мұрын қуысындағы бездердің өсуі) байланысты болады. Аденоидтарды алып тастағаннан кейін басының ауырғаны, кейбір балалардың түнде төсекке дәретке отыруы, т. б. басылады, ұйқысы жөнделеді, сөздері анық болып, сөйлеу қабілеті дұрыс дамиды.

Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысының жас ерекшелігі. Тыныс мүшелері мұрыннан басталады. Тыныс жолдары екіге бөлінеді: а) дем алғанда және дем шығарғанда ауаның жылжитын қуыстары; ә) ауа мен қанның арасында газдардың алмасатын орыны - өкпе альвеолалары (лат. альвеолус — ойма қуыс, науа).

Тыныс алуға қатысатын мүшелер тыныс алу жүйесін құрады. Бұл жүйенің мүшелерін екіге бөледі: тыныс жолдары және басты тыныс алу мүшесі - өкпе.

Ауа сырттан өкпеге және өкпеден сыртқа қозғалатын қуыстар - тыныс жолдарына мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, және бронхылар жатады. Дегенмен, тыныс жолдарының қызметі ауаны өткізу ғана емес. Мұрын қуысында, көмейде, кеңірдекте және бронхыларда дем алғанда ішке кіретін ауа шаңнан, микробтардан тазартылып, тыныс жолдары мен өкпе қуысының шырышты қабаты кеуіп қалмау үшін ылғалдандырылып, өкпені суық ауаның әсерімен сақтау үшін жылытылады.

Ауа танay арқылы мұрын қуысына кіреді. Мұрын қуысы кеңсірік шеміршегі арқылы оң және сол жақ бөліктерге бөлініп, жұптанау тесіктері арқылы сыртқа ашылады да ішкі жағы хоан тесігі арқылы жұтқыншақпен қосылады. Мұрын қуысы шырышты қабатпен қапталған. Мұнда ауаның құрамындағы шаң-тозаңдарды, микроорганизмдерді ұстап, өлтіріп, сыртқа шығарылуын қамтамасыз ететін эпителий клеткаларының түктері бар және ол өкпеге баратын ауаны жылытып, ылғалдайтын қан тамырларына бай. Мұрын қуысы арқылы дем алу ауызбен дем алғаннан гөрі организмге ауаны 25%-ға көбірек өткізетіп көрінеді. Бұл оның қабырғасындағы өкпенің жұмысын қоздыратын жүйке талшықтарының болуына байланысты. Қазіргі кезде ауру тудыратын микроорганизмдердің "қақпасы" - тыныс жолдары екені толық дәлелденген. Сондықтан тыныс жолдарының дұрыс қызмет етуі организмге қажетті қорғаныш қасиеттерін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мұрын қуысында иіс рецепторлары орналасқан, жұтқыншақ - ас қорыту жүйесінің мүшесі, ал көмей — сөйлеу мүшесі.

2. Тыныс алу жүйесінің маңызды бөлігі - өкпе. Бұл бронхылардың ұсақ тармақтарының қуыстарынан жасалған альвеолалар мен серпімді дәнекер ұлпалардан тұратын жұп мүше. Альвеолалар немесе өкпе қуыстары өте ұсақ, шар тәрізді домалақ, оларды микроскоп арқылы ғана көруге болады. Олардың қабырғалары жұқа, көптеген қан тамырларының капиллярларымен қоршалған. Өкпе альвеолаларының жалпы ауданы 200 м2. Мұндай құрылыс альвеолалардағы ауаның және қанның құрамындағы газдардың тез алмасуын қамтамасыз етеді.

Өкпеің дәнекер ұлпасы өте серпімді және өкпенің жиырылу күшін қамтамасыз етеді. Ішкі күш деп аталатын өкпенің жиырылу күші дем алу мен дем шығаруда аса маңызды.

Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына және жеке басының ерекшелігіне байланысты.

Жаңа туған сәбидің өкпесінің ұлпасы нашар дамыған, бірақ қан тамырларына өте бай болады. Алғашқы 3 айлық өмірінде және жыныстық жетілу шағында өкпе қарқынды өседі. Өмірінің алғашқы кезінде барлық нәрестелер ішпен дем алады (еркекке тән дем алу), бірақ жүре бастағанда баланың кеудесі төмен түседі де, диафрагмалық-кеуделік дем алу пайда болады. 3-7 жаста ғана кеудемен дем алу басым болады. Дем алудың минуттік мөлшері дене салмағымен салыстырғанда бала өсе келе азаяды: жаңа туған сәбиде - 220 см3, 6 жаста 168 см3, 14 жасқа таман 128 см3, ал ересек адамда 96 см3, дем алу көлемі жаңа туған сәбиде - 25 см3, 1 жаста - 80 см-ге дейіи артады, 2 жаста - 140 см3, ересек адамда - 400 см1. Өкпесінің мөлшері жаңа туған сәбиде – 50 см3, 1 жаста - 210 см3, 13 жаста - 707 см3, 20-25 жаста - 1680 см3, ал 30-40 жаста орта шмамамен 1788 см3.

Өкпе альвеолаларының диаметрі ересек адамда 0,2 мм, ал жаңа туған сәбиде - 0,07 мм. Олай болса өкпенің жалпы көлемі жаңа туған балада - 1,617 см3, ал ересек адамда -67,7 см3. Осы көрсеткіштерді пайдаланып ғалымдар өкпенің шар тәрізді альвеолаларының әрқайсының көлемі жаңа туған нәрестеде 4,10s тең болатынын есептеп шығарған. Олай болса, өкпе қуыстарының жалпы ауданы жаңа туған сәбиде - 6 м2, ересек адамда - 50 м2, яғни 8 есе артық.

Көмейдің жалғасы кеңірдектің ұзындығы балаларда - 4 см, 10 жаста — 7 см, ересек адамда - 10-12 см.



Кеуде қуысының пішіні адамның жасына және жынысына байланысты өзгереді. Туған кезде баланың кеуде қуысы конус тәрізді болады, себебі ұрық кезінде өкпе нашар дамыған, ал бауыры қарқынды өсіп, дамиды. Баланың кеуде қуысы көтеріңкі болып, қабырға сүйектері ересек адамдардағыдай төмен түспейді. Сондықтан бала терең дем алып, дем шығара алмайды да, қажетті мөлшердегі ауа мен оттегін тынысының жиілігі арқылы қамтамасыз етеді. Қабырға сүйектерінің қиғашталуы күшейе бастағаннан кейін терең дем алатын мүмкіндік туғаннан соң дем алу жиілігі азаяды. Қартайғанда қабырға аралық еттердің әлсіздігіне байланысты қабырғалардың қиғашталуы артады. Әйел адамның кеуде қуысы ерлермен салыстырғанда қысқарақ келеді.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС). Өкпенің тіршілік сыйымдылығы, яғни өкпеге кіретін және шығатын ауаның мөлшері адамның жасына сай өзгереді. Адам қалыпты жай дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді. Мұны дем алу ауасы деп атайды. Қалыпты жағдайда жай ғана дем алғаннан соң, демін шығармай тұрып, тағы да 1,5-2 литрдей ауаны сіміруге болады. Мұны қ о с ы м ш а а у а деп атайды. Қалыпты дем шығарудан кейін дем алмай тұрып, тағы да күшпен дем шығарып 1 -1,5 литрдей ауаны сыртқа айдауға болады. Бұл - қ о р д а ғ ы ауа . Егер дем алу, қосымша және қордағы ауаны қосса, өкпенің тіршілік сыйымдылығы шығады.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6-7 және 15-16 жастарда дереу және айтарлықтай көбейеді. 16-17 жаста өкпенің тіршілік сыйымдылығы ересек адамдармен бірдей болады. Балалардың өкпе алвеоласындағы газ бен дем шығарғандағы газдың құрамында айырмашылық бар. Балалардың альвеолалық газының құрамында оттегі көбірек болып, көмірқышқыл газы азырақ болады. Бала неғұрлым жас болса, соғұрлым бұл айырмашылық көп болады.



Балалар мен жас өспірімдердің өкпесінің тіршілік сыйымдылығы

1-кесте

Бала

Жасы


6

7

10

12

15

17

Ер бала


1200

1400

1630

1975

2600

3520

Қыз бала

1100

1200

1460

1905

2530

2760


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет