Биология кафедрасы



бет97/137
Дата08.02.2022
өлшемі1,59 Mb.
#123539
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   137
Байланысты:
Биология кафедрасы

Қан қысымы. Жүректен қолқаға айдап шығарылған қан оның кенересіне сынап бағанасы бойынша 150—160 мм күш түсіреді. Қолқаның тарамдалып кетуіне байланысты және тарамдар қосындысының өсуіне орай артериядағы қысым 120 мм дейін, артерияларда — 40 мм дейін, жүрекпен бір деңгейде жатқан капиллярларда 15—20 мм дейін төмендейді. Кеуде қуысына жақын жатқан венадағы қанның қысымы атмосфералық қысымға жақын, бірақ ол тыныс алу актісінің фазасьша тәуелді. Мәселен, тыныс алынғанда ол төмендеп теріске айналады. Кәдімгі тыныс шығаруда жоғарылайды (сынап бағанасымен 2—5 мм-ден көп емес).
Терең тыныс шығару (әсіресе, күшенгенде) қуыс веналардағы қысымды арттырады, бұл қарын қуысының және аяқ-қолдың веналарынан келетін қанның жүрекке түсуін қиындатады. Бұл артериялық қысымды азайтады, тым қатты күшенгенде адамды естен тандыруы мүмкін.
Демек қан тамырларындағы қысымның айырмашылығы, кеуде қуысының сору күші қан айналымына жағдай жасайды. Шеткі тамырлардағы қанның қысымы жүрек жұмысының фазасына тәуелді. Қарыншалардың систоласында ол мейлінше жоға\ры, ал диастолада мейлінше төмен болады.
Қанның қысымы екі цифрмен белгіленеді: жоғары цифр ең жоғарғы немесе систолалық қысымды, ал төменгі цифр ең төменгі немесе диастолалық қысымды көрсетеді. Өлшеуді артерияда жүргізгендіктен ол артериялық қысым деп аталады. Алайда, қысымды артерияда ғана емес, венада да өлшеуге болады. Бірақ ол үшін әлдеқайда күрделі аппарат қажет. Адамның, артериялық қысымы тәулік ішінде құбылып отырады. Мәселен, ол ұйқы кезінде төмендейді, ал жұмыс үстінде және қатты қорыққанда жоғарылайды. Бірақ оның орташа көрсеткіші мейлінше тұрақты. Мысалы, 7—8 жасар балаларда ол сынап бағанасы бойынша 99/64 мм, 12 жастағыларда — 105/70, 13—15 жастағыларда — 107/73, және ересектерде (20—40 жастағы) — 110/80 мм. Оның үстіне ер балаларда 5—9 жаста артериялық қысым қыз балаларға қарағанда жоғары, ал 9—14 жаста керісінше жыныстық пісіп-жетілудің басталумен ер балалардың қан қысымы қыз балалардікінен едәуір жоғары бола бастайды. Қыздар мен боз балалардың (17—19 жас) қан қысымы ересектердің нормасына жуықтайды (110/75 мм, сынап бағанасы бойынша). Қан айналымының бұзылуына байланысты сырқаттанғанда, сондай-ақ сұйықты көп ішкенде қан қысымы өзгереді. Кей жағдайларда ол жоғарылап гипертонияға әкеліп соқса, кейде төмендеп гипотония тудырады. Қатты қалжыраған кезде де гипотония байқалады.
Гипертония мен гипотония көптеген себептерге байланысты ересектерде, балаларда жиі кездереді.
Тамырдың соғуы. Жүректің әрбір жиырылған кезіндегі артерия кенересінің ырғақты кұбылуы тамырдың соғуы деп аталады. Мұндай кезде тамыр кенересінің серпімділігінің арқасында қан тамыірлары созылады, ал қанның кернеуі жоғалған диастола кезінде қайтадан тарылады.
Тамырдың соғуың сезінуге болады. Бұл үшін әдетте білектегі күре тамырды пайдаланады. Тамырдың соғуы жүректің соғуына әрқашан сәйкес келеді.
Жаңа туған нәрестенің тамыры минутына 130 рет, 7-10 жастағы балалардікі — 85-90, 14-15 жастағы жасөспірімдердікі — 75-80, ересектердікі 68—70 рет соғады.
Тамыр соғуының жиілігі кейде нерв жүйесі симпатикалық бөлімнің тітіркенуіне және зат алмасудың анағұрлым жиілігіне байланысты. Қыздардың тамыры әдетте ер балалардан гөрі жиірек соғады (5—10 рет). Күш түскенде, қозғалысты ойын үстінде гимнастикамен айналысқанда т. б. тамырдың соғуы артады. Күш түсіп болғаннан кейін тамырдың соғуы, неғұрлым тезірек қалпына түссе, соғұрлым жүректің төзімді болғаны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет