Биология кафедрасы


Жоғары жүйке әрекеті және оның жасқа сай



бет33/137
Дата08.02.2022
өлшемі1,59 Mb.
#123539
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   137
Байланысты:
Биология кафедрасы

Жоғары жүйке әрекеті және оның жасқа сай ерекшеліктері.
Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады. Жоғары жүйке әрекеті адам организмінің сыртқы ортамен қарым-қатынасының тиімді қалыптасуын зерттейді. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, көңіл-күйі, ұйқы, түс көру, гипноз ми сыңарлары мен олардың қыртысының негізгі қызметі болып есептеледді
Мұғалімдері жоғары жүйке әрекетін жете түсіну арқылы балалардың мінез-құлықтарын біліп, оқыту, үйрету, тәрбиелеу жүмыстарын жөнге келтіріп, жан-жақты білімді, дұрыс дамыған жастарды тәрбелей алады.
Адамның мінез-құлқы мен мидың арасындағы байланысты ең алғаш Платон, Гиппократ секілді алдыңғы қатарлы ғалымдар болжап айтқан болатын. Ал ғылыми негізде жазылған еңбек, ол орыстың ұлы ғалымы физиолог И. М. Сеченовтың "Ми рефлекстері" (1863) атты кітабы. Осы еңбегінде ол психикалық әрекеттердің рефлекторлы табиғатын алғаш рет дәлелдеген. Еш әрекет өзінен-өзі пайда болмайды, тітіркендіргіштің әсерінен туады. Қобалжу, сезім, адамның ойы белгілі бір жауапты тудырады, мұның барлығы да бұлшық еттердің қызметімен аяқталады. Ғалым мидың қызметі рефлекторлы түрде іске асады, - деп түсіндіреді
И. М. Сеченовтың бұл ілімін И. П. Павлов шартты рефлекстер тұрғысынан дәлелдеген және дамытқан. Ол жоғары жүйке әрекетін шартты рефлекстерді тудыру арқылы зерттеп, адам мен жануарлардың психологиясының заңдылықтарын алғаш рет түсіндірген. Шартты рефлекстердің пайда болуы ми қыртысының нервтік байланыс іздерінің қалыптасып, нығайып, күшеюіне негізделгендігі туралы ғалымның ілімі жоғары жүйке әрекеті туралы көзқарастың қалыптасуында маңызды орын алды. Уақытпен шындалған бұл ілімнің маңызы осы кезге дейін төмендеген жоқ, қайта көптеген ғалымдардың зерттеуі арқылы кеңейіп, шындалып отыр. Жаңа зерттеу әдістері пайда болысымен-ақ психикалық әрекеттердің шартты рефлекторлы механизмдері одан да тереңірек зерттеліп жатыр. Ол зерттеулер мидың жоғары дәрежедегі қызметіне жаңа көзқарастардың пайда болуына себеп болып отыр.
Балалардың шартты рефлекстері манызы және олардың шартсыз рефлекстерден айырмашылығы. И. П. Павлов барлық рефлекстерді екі топқа шартты жөне шартсыз рефлекстер деп белгені айтылған. Шартсыз рефлекстер алғашқы кезде организмнің тірлігін сақтау үшін қажет. Балалардың шартсыз рефлекстерін туысыменен тексеру арқылы олардың жүйке жүйесінің дамуын анықтайды. Шартсыз рефлекстер туа пайда болып, өздерінің орындалуы үшін ешқандай қосымша жағдайларды қажет етпейді: тітіркендіргіш әсер етісімен шартсыз жауап пайда болады. Олар тұқым қуалайды, сондықтан организмнің әр түріне тән өздерінің шартсыз рефлекстері болады. Бұл рефлекстердің рефлекторлы доғасы жүйке жүйесінің төменгі дәрежедегі жұлын, сопақша ми секілді бөлімдері арқылы қалыптасады да, ми сыңарларының қыртыстары қатыспай-ақ іске аса береді. Шартсыз рефлекстер негізінен ұрықтық кезеңде де, бала туғаннан кейін де қалыптаса береді. Айталық, қорғаныс рефлекстері туғаннан-ақ болады, ал жыныс рефлекстері жыныстық жетілу мерзімінде пайда болады. Олардың рефлекторлы доғасы өзгермейді.
Шартты рефлекстер тұқым қуаламайды, тек өмір тәжірибесінің негізінде, сыртқы ортамен байланыстың арқасында пайда болып отырады. Әркімнің өзінің тұрмыс жағдайына қарай әртүрлі шартты рефлекстері болады. Олардың рефлекторлы доғасы ми сыңарларының қыртысыңда қалыптасады. Сондықтан ми сыңарларының қыртысы болмаса, шартты рефлекстердің кейбіреуі пайда болғанымен, олардың тіршілікке маңызы онша емес. Ал ми қыртыстары бар жануарлардың ми қыртыстары бұзылса немесе сылып алып тасталса (тәжірибенің мақсатына қарай), шартты рефлекстер пайда болмайды, бұрын пайда болған шартты рефлекстері жойылады. Шартты рефлекстер пайда болған сыртқы ортаның жағдайы өзгергенде ол рефлекстер жойылады да, жаңа жағдайда жаңа рефлекстер туады, яғни олар түрақты емес, өзгеріп отырады. Бұған қоса, қандай да болмасын шартты рефлекс пайда болуы үшін сыртқы ортаның қосымша бір тұрақты белгілі жағдайлары болуы қажет.
Шартты рефлекстер организмді сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына бейімдейді. Балалардың шартты рефлекстерін бақылау арқылы олардың миының даму дәрежесін, ақыл-ойының дамуын бақылауға болады. Барлық балаларда шамамен бір мезгілде пайда болатын шартты рефлекстерді (түрақты шартты рефлекстерді) бақылай отырып, бала дәрігерлері оның жоғары жүйке әрекетінің дамуын біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет