«Биология» мамандығы үшін Құрастырғандар


Дәріс 4. Дәріс тақырыбы: Анализаторлар, олардың жасқа байланысты ерекшеліктері



бет3/4
Дата07.05.2017
өлшемі1,61 Mb.
#15692
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4

Дәріс 4.

Дәріс тақырыбы: Анализаторлар, олардың жасқа байланысты ерекшеліктері.

Дәріс мақсаты: Анализаторлар, олардың құрылысы мен қызметі, көру және есту анализаторлары, олардың гигиенасы, мектептің жарық режиміне қойылатын гигиеналық талаптарды қарастыру.

Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:

  1. Анализаторлар туралы түсінік И. П. Павлов ілімі.

  2. Анлизаторлардың құрылысы мен қызметі.

  3. Балалар мен жасөспірімдердің көру қабілетінің бұзылмауын және естімеушілікті болдырмау.

Анализаторлар немесе сенсорлық жүйе - жүйке жүйесінің бір бөлігі. Анализаторлар бір-бірімен тығыз байланысты үш бөлімнен тұрады.: шеткі бөлім - рецепторлар, өткізгіш немесе аралық бөлім және орталық бөлім.

Организмге әсер ететін әртүрлі тітіркендіру рецепторлар қабылдайды, тітіркендірудің түріне қарай талғамалы жауап қайтарылады. Мысалы, көз рецепторлары жарық тітіркендіруін, құлақ рецепторлары дыбыс тітіркендірулерін, тері рецепторлары механикалық, температуралық тітіркендірулерді қабылдайды. Осыған орай көру, есту иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу мүшелеріне ажыратады. Дененің кез-келген жерінде орналасқан рецепторларды сезім мүшелеріне жатқызады. Мысалы, жиырылу мен созылуды қабылдайтын бұлшықет рецепторлары, қан қысымын және химиялық құрамын бейнелейтін қан тамырларының қабырғаларының рецепторлары т.б. Сезім мүшелерінің әрекеті объективті тұрғыдан алғанда олардың рецепторларында қозудың, субъективті тұрғыдан алғанда түйсіктің пайда болуынан байқалады. Түйсік пайда болу үшін қозу сезім мүшелерінен орталыққа тебетін жол арқылы орталық жүйке жүйесіне келуі керек. И. П. Павлов осының негізінде физиологияға анализаторлар ұғымын енгізді, бұл барлық анатомиялық түзінділердің жиынтығын білдіреді, түйсіктің пайда болуы анализаторлардың қызметіне байланысты. Анализаторлар функциясы жөнінен өзара байланысқан, мынандай бөлімдерден тұрады: шеткі, өткізгіш, ми қыртысының тиісті аймағынан тұратын қыртысты бөлім. Шеткі бөлім жүйке ұштары рецепторлардан тұрады, ол тітіркендіргіштерді қабылдайды. Өткізгіш бөлім қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізеді. Ми қыртысының ядролары анализаторлардың ең жоғарғы бөлімі болып табылады. Бұл бөлімде қозуға анализ жасалып, ол түйсік ретінде қабылданады.

Әсер ететін тііркендіргіштердің физиологиялық табиғатына сәйкес рецепторлары бірнешеге бөлінеді: фонорецепторлар (дыбыс), фоторецепторлар (жарық), механорецепторлар (механикалық), хеморецепторлар (химиялық), барорецепторлар (қысым), терморецепторлар (жылу, суық).

Түйсік пен жауап әсерлерінің сипатына қарай көру, есту, иіс, дененің кеңістіктегі қалпы т.с.с. анализаторларға ажыратылады. Тікелей рецепторлармен жанасатын тітіркендіруді (дәм, ауырсыну, сипап сезу) қабылдайтын мүшелерді - жанасу сезім мүшелері деп атайды. Тітіркендіруді оның шығу көзінен едәуір қашықтықта қабылдайтын көру, есту, иіс рецепторларының мүшелерін - дистантты сезім мүшелері деп атайды. Сезім мүшелерінің рецепторларының қозғыштығы бірдей болмайды. Ол рецепторалрдың күйіне, Орталық жүйке жүйесінің қызметіне, рефлекторлық доғадағы нейронның күйіне, адам жасына, дене құрылысының жетілуіне, психикалық ұстамдылығынан байланысты. Анализаторларлардың (көру, есту, қимыл т.б.) қызметінің бұзылуы адамды жартылай немесе толық мүгедек етеді. Сондықтан анализаторлардың өзара бірін-бірі алмастыруының маңызы зор. Мысалы, көзі көрмейтін адамда қалыптан тыс ұлғайған есту және қимыл анализаторлары белгілі дәрежеде қоршаған дүниені танып білудегі көру кемістігін толықтырады. Оларда сипап сезу мүшелері жақсы жетіледі. Мұның өзі Брайль әдісімен басылған трафаретті кітапты саусақтарының ұшымен оқуға мүмкіндік береді. Мұнда анализаторлардың қыртысты аймақтары арасында жойылған қызметін ішінара толықтыратын уақытша байланыстар түзіледі. Көру анализаторы көз алмасынан, көру жүйкесінен, қосымша аппараттардан тұрады. Көз алмасы бас сүйектің алдыңғы жағындағы көз шарасының ішінде орналасқан. Көз алмасы 3 қабаттан тұрады: сыртқы ақ қабық немесе склера, ортаңғы - тамырлы қабық, ішкі - торлы қабық. Тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігі нұрлы қабық деп аталады. Нұрлы қабықтан кейін екі жағы дөңес мөлдір линза - көз бұршағы орналасқан. Көздің ішкі қуысын шыны тәрізді дене толтырады. Жарық сәулесін сындыратын орта - нұрлы қабық, көз бұршағы, шыны тәрізді дене және торлы қабық (ретина) көздің негізін құрайды. Есту анализаторы орналасуына қарай, атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы және ішкі құлаққа бөлінеді. Сыртқы құлақ дыбыс толқынын жинақтап ортаңғы құлаққа өткізеді, ортаңғы құлақ ішкі құлақтың қабылдау рецепторларына береді. Ішкі құлақта есту (кортиев) мүшесімен басқа тепе-теңдік аппаратында жатады.



ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990

2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985.

3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.

4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.

5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.

6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.

7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.

8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.

Дәріс 5.

Дәріс тақырыбы: Тірек-қимыл аппараты, оның жасқа байланысты ерекшеліктері.

Дәріс мақсаты: Тірек-қимыл аппартының құрылысы мен қызметі, олардың жасқа байланысты даму ерекшеліктері, тірек-қимыл аппаратының бұзылуларын алдын алу, жетілдіру жолдарын меңгеру.

Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:


  1. Тірек-қимыл аппаратының құрылысы мен қызметі.

  2. Балалар қаңқасының өсу ерекшеліктері.

  3. Бұлшық ет жүйесінің жасқа байланысты ерекшеліктері.

  4. Сүйек-ет системасының гигиенасы.

Тірек-қимыл аппараты мүшелердің 3 жүйесінен тұрады: сүйектерден, олардың қосылыстарынан, бұлшықететерден. Сүйек туралы ілім – osteologia, остеология. Қаңқа (sceleton грек тілінде – кептірліген скелет) – механикалық маңызы бар, мезенхимадан дамитын тығыз түзілістердің жиынтығы болып табылады. Олар өзара дәнекер, шеміршек немесе сүйек ұлпаларының көмегімен байланысқан жеке сүйектерден тұрады. Қаңқаның механикалық қызметі тірек, қорғаныш және қозғалысты іске асыру қабілетінен көрінеді. Тірек болу – жұмсақ ұлпалар мен мүшелердің қаңқаның түрлі бөліктеріне бекінуі арқылы іске асады. Қозғалыс жылжымалы бунақтармен қосылған және жүйке жүйесі арқылы басқарылатын бұлшықеттің көмегімен қозғалысқа келтіретін ұзын және қысқа рычагтар түріндегі сүйектердің құрылысы арқасында мүмкін болады. Қорғау қызметі жеке сүйектерден сүйек қуысын, жұлынды қоғайтын омыртқа қуысын, бас миын қорғайтын ми сауытын, көкірек қуысының басты мүшелерін (жүрек, өкпе) қорғайтын көкірек қуысын, түрдің одан әрі сақталуы үшін қажет көбею мүшелерін қорғайтын сүйекті орын – жамбас астау түзу арқылы іске асырылады. Сүйек жүйесінің жалпы функциясы қаңқаның зат алмасуға, әсіресе, минералды алмасуға қатысуына байланысты.

Сүйек заты химиялық заттардың 2 түрінен тұрады: органикалық, бейорганикалық заттардан тұрады. Бала сүйектерінде органикалық заттар көп, сондықтан олардың сүйегі иілгіш, эластикалық болып келеді. Жасы келе минералды заттар артады. Сүйектің құрылымдық бірлігі остеон, яғни тамырлары мен жүйкелер бар, орталық каналды айнала сақиналы орналасқан сүйек пластинкалары жүйесі болып табылады.Остеондар бір-біріне тығыз жабысып жатпайды, олардың арасы аралық сүйек пластинкаларымен толтырылған. Сүйек сүйек қабығы, сүйек ұлпасы, сүйек қызыл майы, қан және лимфа тамырлары мен жүйкелерден тұрады. Сүйек қабығына буындар мен бұлшықеттер бекиді, ішкі қабаты бөлінетін жасушалардан тұрады, бұл клеткалар сүйекті қалыңдатады.

Жас сүйектер ұзына бойы шеміршек көмегімен өседі, сүйек өсуі аяқталғанда шеміршек сүйек ұлпасына айналады. Бала өскен сайын, оның сүйегінде сү азайып, минералды заттар артады. Ер адамда сүйектің дамуы 20-24 жаста аяқталады, әйел 2-3 жыл бұрын аяқталады.

Қаңқаны 2 бөлімге бөледі: білікті (осевой) (бас қаңқасы, омыртқа бағанасы, кеуде сүйектері), қосымша (қол және аяқ сүйектері).

Қаңқа бөліктері:


  • бас қаңқасы (ми сауыт, бет сүйектері);

  • тұлабой қаңқасы (омыртқа сүйектері, қабырғалар, төстік);

  • қол сүйектері (иық белдеуі – бұғана, жауырын, қол бас сүйектері- тоқпан жілік, шыбық және шынтақ сүйек, білезік сүйектері, алақан, саусақ сүйектері);

  • Аяқ сүйектері (жамбас белдеуі, ортан жілік, асықты жілік, тізе тобығы, табан, башпай сүйектері).

Ересек адам қаңқасына кіретін жекелеген сүйектердің саны 200-ден асады, олардың 36-40 дененің орта сызығы бойымен орналасқан. Сырқы пішіндері жағынан сүйектерді ұзын, қысқа. Жалпақ және аралас деп ажыратады.

Буындардың құрылысы мен қызметі: қозғалмайтын- сүйек бұдырлары бір-бірімен тігіс тәрізді бекиді (бас сүек), аз қозғалатын – сүйек арасындағы берік шеміршектер жатады (омыртқа сүйектері), қозғалатын – сүйек ұшы гиалинді шеміршекпен жабылған, бұл шеміршек эластикалық, жылтыр, тегіс болып келеді.

Омыртқа бағанасы. Омыртқа бағанасы жоғарғы жағы баспен, төменгі жағы жамбас сүйекпен бекиді. Омыртқа жотасы 5 бөлімнен: мойын омыртқалары – 7, арқа омыртқалары-12, бел омыртқалары – 5, сегізкөз омыртқалары -5, құймышақ 4-5 омыртқа сүйектерден тұрады. Жаңа туған баланың омыртқа жотасының сырттай иілулері байқалмайды.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990

2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985.

3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.

4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.

5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.

6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.

7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.

8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.
Дәріс 6.

Дәріс тақырыбы: Қан және қан айналу жүйесінің физиологиясы, оның жасқа байланысты ерекшеліктері.

Дәріс мақсаты: Қан, оның құрамы, қызметі, қан топтары, қанның қан тамырлар арқылы қозғалуы, жүрек құрылысы мен қызметі, жүрек-тамыр жүйесінің жасқа байланысты ерекшеліктерін, гигиенасы туралы білімдерін кеңейту.

Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:


  1. Қан құрамы және топтары.

  2. Жүректің құрылысы мен қызметі.

  3. Қан айналу жолдары.

  4. Жүрек-тамыр жүйесінің гигиенасы.

Қан, лимфа және жасуша аралық сұйықтық организмнің ішкі ортасын құрайды. Қан дегеніміз формалы элементтер (эритоциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) мен плазмадан тұратын сұйық. Плазма құрамы күрделі ерітінді болып табылады (тұздар, ақуыздар, зат алмасу өнімдері т.б.). Плазма қан құрамының 52-58 %-іне, қан клеткалары - 42-48 %-не тең.

Жаңа туған баланың организміндегі Қан дене салмағының 14,75% құрайды, 15 жастағы балада - 8,25,% ал ересек адамда салмағының 8,3 %құрайды.

Қан әртүрлі қызмет атқарады: зат алмасу мен сыртқы тыныс алу процесіне белсене қатысады, барлық организм мен ұлпаларды оттегімен қамтамасыз етіп, көмір қышқыл газын шығарады, организмде қышқыл-сілті тепе-теңдігін сақтайды, организмді инфекциядан қорғайды, қоректік заттарды ұлпаларға жеткізіп, одан зат алмасу өнімдерін алып кетеді, дене температурасын тұрақты сақтайды.

Гомеостаз деп қан көлемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығын, яғни барлық биологиялық константаларды (артериялық қан қысымы, дене температурасы) айтады. Бұл терминді 1929 жылы америка физиологі В. Кэннон ұсынған.

Эритроциттер - (грекше eritros - қызыл, cytos- клетка) қанның қызыл түйіршіктері. Бұл формасы жағынан екіге бүктелген дискаға ұқсас қанның ядросыз клеткасы, олардың құрамы гемоглобин ерітіндісі мен оның қосындылары арқылы көрсетілген. Жаңа туған нәрестеде орта есеппен эритроциттер 1 мл кубте 7,2 млн., 5-6 айлықта 4-4,5 млн болады. Бір жастан кейін олар кәмелетке толғанға дейін бірте-бірте көбейе береді де ересектердегі секілді 1 куб. мл-де 4,5-5 млн-ға жетеді. Олар 30 күннен 120 күнг дейін өмір сүреді. Организмнен тыс кездің өзінде белгілі бір жағдайда олар бір айдан кем өмір сүрмейді. Гемоглобин - құрамында темір бар белок тектес зат Ол эритроциттер мен қанға қызыл түс береді. Гемоглобин 1 молекула глобиннен, 4 гем молекуласынан тұрады. Әрбір гем молекуласында екі валентті темір атомы бар. Гемоглобиннің бір молекуласы оттегінің 4 молекуласымен әрекеттеседі. Гемоглобин өкпеде оттегімн байланысып, тұрақсыз қосылысты - оксигемоглобинді құрайды, ал ұлпаларда оттегінің шамалы бөлігін беріп көмір қышқыл газымен байланысып карбогемоглобинге айналады. Организмде ол тыныс алу қызметін атқарады. Мектеп жасына дейінгі балалардың қанында гемоглобин құрамы 80-81%, 10-11 жастағыларда ересектердегі сияқты 85 % дейін болады. Құрамы 100 болғанда 100 мл қанда 17,3 г гемоглобин болады. Оның мөлшерінің 70 төмен болуы (100 мл қанда 14г) қан азайғандық немесе анемия деп аталатын ауруды көрсетеді. Егер пробиркаға құйылған қанға ұйытпайтын зат қосса, біраз уақыттан соң эритроциттер шөге бастайды - бұл қызмет эритроциттер тұну жылдамдығы деп аталады. Ер адамдарда - 1-10 мм/сағ., әйел адамдарда - 2-15 мм/сағ., жаңа туған балаларда - 1-2 мм/сағ., 3 жаста - 2-17 мм/сағ., 7-12 жаста 12 мм/сағ. Бұл медициналық практикада ауруды анықтау үшін қолданылады, өйткені көптеген аурулар кезінде ЭТЖ жылдам жүреді.

Эритроцит функциясының маңызы:



  1. тыныс алу;

  2. қан реакцияларының тұрақтылығын қамтамасыз етеді;

  3. осмостық буфер;

Лекоциттер. Бір литр қанда 4,5 - 9*10 лекоцит болады. Лейкоцит () қанның ақ клеткасы, ядросы бар, дм 12 мкм, амеба сияқты протоплазмасынан жалған аяқтарын шығарып (псевдоподий) қозғалады. Қанда лейкоцит санының көбеюі лейкоцитоз деп, азаюы лейкоцитопения деп аталады. Лейкоцит саны сау адамда да ауырған адамда да өзгеріп отырады.

Лейкоцит түрлері:



  1. гранулоцит немесе түйіршікті лейкоцит

  2. агронулоцит немесе түйіршіксіз лейкоцит.

Гранулоцит түрлері: эозинофиль, базофиль, нейтрофиль, ал агронулоцит лимфоцит, моноцит деп ажыратылады. Бір куб мм жас балалар қанында 7-10 мың, ересектерде 6-8 мың лейкоцит болады. Лейкоцит қорғаныш қызметін атқарады. Олар организмге еніп кеткен бөгде заттар мен микроптарды сіңіріп жоюға қабілетті, оны фагоциоз деп атайды. (И. И. Мечников).

Қанның түзілуі. Қан ұрықтық дамудың 2-ші айының аяғына дейін уыздық қапшықтағы капиллярлық тамыр қабырғаларында жасалады. Алғашқы түзілген клеткаларында пигмент болмайды, біраздан соң гемоглобині бар алғашқы эритроциттер түзіледі. Бұл кезеңге дейін лейкоциттердің түзілуі жүрмейді. 2-ші айдың аяғынан бастап, қан түзілуінің бауырлық кезеңі басталады: бауырда ядролы және ядросыз эритроциттер жасалады. Лейкоциттер мен тромбоциттер де бауырда жасалады, бірақ қарқыны баяу болады. 2 айлық эмбрионда көкбауыр мен лимфа түйіндерінінің түзілуі басталады. Бұларда 3 айдан бастап эритроциттер мен дәнді лейкоциттер жасалады. Сүйек кемігінің түзілуі де ұрықтық дамудың 2 айында басталады, 4-5 айда бұлар қан жасай бастайды. Сүйек кемігінің бұл қызметі өмір бойы сақталады. Бауырдың қан жасау қызметі ұрықтық дамудың 5-6 айында баяулайды да, бұл туғаннан кейін соң бір жылдан кейін тоқталады. Көкбауырдың дәнсіз лейкоциттер жасауы ұрықтық дамудың 3-ші айынан басталып, туғаннан кейін де жалғаса береді.Бала ауруға шалдықса, онда оның ұрықтық кезіндегі қан жасаушы ағзалары бұрынғы қызметіне қайта көшеді, сонымен қатар айырша без, бүйрек, ішек т.б. ағзалар қатысады. Қан түзілу жүйкелік және гуморалдық жолмен реттеледі, оған сытқы және ішкі факторлар әсер етеді.

Қан топтары. Жарақаттанып қаны азайған адамға қан құйып, ағып кеткен қанның орнын толтырады. Эритроциттердің желімденуін Прага университетінің профессоры Ян Янский ашты. Ол адам қанында эритроциттің мембранасында 2 түрлі (А және В) агглютиноген, ал плазмада агглютинин желімдейтін альфа және бетта болатынын анықтады. А- агглютиногені бар эритроцитті плазмалық - агглютинин жабыстырса, В агглютиногені бар эритроциттерді - агглютинин жабыстырады. Қан араластырған кезде аттас агглютиноген мен агглютинин бір-бірімен кездес қалса, эритроциттер бір-бірімен желімденіп, үйме-агрегат құрады. Желімделген эритроцит жарылып, оның ішіндегі гемоглобин плазмаға шығып, сөйтіп осыдан эритроцит гемолизге ұшырайды. Осыған сәйкес адамның қанын 4 топқа бөледі.

І топтағы қанын барлық қан топтарына құюға болады, ал IV топқа қай топтың болсын құюға болады. Қаны І топқа жататын адамды әмбебап донор, IV топты әмбебап реципиент деп атайды.

Қан айналу. Қан қызметі қан айналу жүйесі арқылы орындалады. Ол жүйеге жүрек және қан тамырлары жатады. Жүректен шығатын қан жолдары артериялық тамырлар, ал жүрекке келетін қанның жолдарын веналық тамырлар деп атайды. Қан жүрек қарыншаларынан шығып, жүрекшелерге құяды. Қан айналысының үлкен шеңбері жүректің сол қарыншасынан шығып ең үлкен артериялық тамырға - қолқаға өтеді. Қолқадан артериялық тамыр тармақталады. Артериялық тамырлар артериолаларға, ал олар капиллярларға тармақталады. Капиллярлар ағзалар мен ұлпаларды торлап жатады. Капиллярлар бір-бірімен қосылып веноздық жіңішке тамырларды - венулаларды түзеді. Венулалар өзара бірігіп веналық тамырлаға айналады. Қан айналудың кіші шеңбері оң қарыншадан басталады. Оң қарыншадан қан өкпе артериясына өтеді. Өкпе артериясы екіге тармақталып қанды өкпенің оң және сол бөліміне апарады. Өкпеде бұл тамырлар бірнеше рет тармақталып, өкпе капиллярына айналады. Бұл жерде газ алмасу жүреді: оттегі альвеоладан қанға, көмір қышқыл газы қанға қаннан альвеолаға өтеді. Өкпе артериясымен келген вена қаны артериялық қанға айналады. Бұл қан өкпе венасы арқылы сол жүрекшеге құйылады.

Жүрек (лат. соr, гр. cardia) - қалың жолақты еттен тұратын төрт қуысты ағза. (250-300 г) Жүрек көкірек қуысында екі өкпе аралығының алдыңғы жағында орналасқан, ірі қан тамырларға ілініп тұрады. Ұзындығы 12-15, ені 8-11см, жүрек үшы көкірек қуысында сол жақтағы бесінші қабырға не қабырға аралығына тіреледі. Жүрек қуысын бітеу перде екіге бөлді. Жүрекше мен қарынша арсында ативентрикулярлық тесік болады. Бұл тесікті жабатын екі, үш жақтаулы атривентрикулярлық қақпақшалар бар. Жүрек жақтаулары 3 қабаттан тұрады: эндокард, миокард, эпикард,. Жүрек қабы перикард. Балалардың эпикарды ересектерге қарағанда жұқа және мөлдір, сондықтан оның астында орналасқан қан тамырлары анық көрінеді. Эндокард жүректің ішкі ішкі жағын қаптайды. Одан екі жақты жүрек қақпақшалары жасалған. Бала жүрегінің эндокарды әлдеқайда іркілдек келеді. Миокард талшықтары балаларда ағұрлым жіңішке, нәзік келеді, ол нашарлау дамыған, қысқа әрі тығыз болады. Балалар миокардында май клеткалары жоқ. 7-12 жас аралығында балалардың жүрек өсуінің жалпы жылдамдығы салыстырмалы түрде түрде баяулайды, қарыншалар жүрек қалқаншаларынан жылдамырақ өседі, ұл балалар мен қыз балалардың жүректерінің салмағы бірдей өседі. Осы мерзімде қан тамырларының шеңбері де артады, 11-12 жасқа дейін өсіп келе жатқан жүрек пен қан тамырларының тесігі арасында тұрақты қатынас сақталады. Жыныстық кезеңде жүрек қан тамырлардан гөрі жылдамырақ өседі, сол себепті қан жіңішке тамырлармен жүреді. Бұл миды өттегімен қамтамасыз етуге және қоректендіруге қолайсыз жағдайлар туғызады, қан қысымы жоғарылайды, жүректің қағуы, ырсыл, жүректің ауруы, тез қалжырауы болады.

Сыртқы түрі бойынша сәбидің жүрегі ересектің жүрегінен көлемі, жақтауларының қалыңдығы, жүрек тесіктерінің көлемі бойынша т.б. айырмашылықтары болады. Жүрек циклының ұзақтығы 6-7 жасар балада 0,63 сек., 12 жаста 0,75 сек., ересек адамда 0,8 сек. тең. 6-7 жасар баланың жүрегі минутына 95-100 рет, 12 жаста 80-90 рет, ересек адамда 68-70 рет жиырылады. Бір мезгілде жүректің оң және сол жақ бөлігі арқылы бірдей мөлшерде қан өтеді. Жүректің бір секунд ішінде айдап шығатын қан мөлшері систолалық немесе жүрек соғуының көлемі деп аталады. Бір минуттағы барлық систолалық көлемі жүректің минуттық көлемі дет атайды. Белгілі бір уақыт аралығында бірінен соң бірі кезекпен қайталанып отыратын жүректің жиырылуы мен босаңсуы жүрек жұмысының ырғағы деп аталады. Жүректің жиырылу кезеңін систола, ал босаңсу кезеңін диастола деп атайды. Жүрек жиырылған кезде байқалатын систола мен диастоланың және керісінше алмасып отыруын жүрек циклі немесе жүрек жұмысының циклі деп атайды.

Жасөспірімдер жүрек, қан тамырлары жүйесінің ерекшелігін дене шынықтыру, еңбек сабақтарын, экскурсиялар ұйымдастыруда мұқият есепке алу керек. Жүрекке шектен тыс салмақ салудан аулақ болу үшін эмоциялық тітіркенуцден, спорт жаттығуларын шамадан тыс орындаудан, тұзды, майлы тағамдардан бас тартқан дұрыс.



ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990

2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985.

3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.

4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.

5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.

6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.

7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.

8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.
Дәріс 7.

Дәріс тақырыбы: Тыныс алу жүйесі, оның жасқа байланысты ерекшеліктері.

Дәріс мақсаты: Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі, жасқа және байланысты ерекшеліктерін, гигиенасы туралы білімдерін кеңейту.

Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:

1.Балалар мен жасөспірімдердің тыныс алу органдарының құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері.

2.Тыныс алу қозғалысы жиілігі мен тереңдігінің, өкпенің тіршілк сиымдылығының, тыныс алудың минуттық көлемінің жасқа сай өзгерістері.

3.Тыныс алу мүшелдері мен дауыс аппаратының гигиенасы.

Тыныс алу – организмнің өмірлік маңызы бар қызметтерінің бірі. Ол сыртқы орта мен организм арасындағы газ алмасуды қамтамасыз етеді. Тыныс алу организмде бір мезгілде өтетін, бір-бірімен тығыз байланысқан үш процестен тұрады. Бұл сыртқы немесе өкпе тынысы, ішкі тыныс алу, газдардың қанға өту процесі. Сыртқы тыныс алу дегеніміз - өкпе түйіршіктерінде жүзеге асатын атмосферадағы ауа мен қанның газ алмасуы болып табылады. Ішкі тыныс алу – бұл ұлпалар мен қандағы газ алмасуы, нәтижесінде ұлпалар жаңа заттарды алып, қажет еместерінен айырылады. Оны ұлапалардағы тыныс алу деп атайды. Тыныс алу мүшелерімен иіс сезу, дауыс және сөз құрау қызметтері тығыз байланысты. Тыныс алу жолдарының кілегейлі қабықтары ауамен бірге енген бөгде заттардан қорғайды. Мұрын арқылы тыныстау тазалықтың кепілі, жұтылған ауа мұрын қуысында жылынады, бөгде заттарды ұстап қалады, ылғалданады.

Тыныс алу деп ауадн оттегін сіңіріп, көмір қышқыл газын шығаруын қамтамасыз ететін өзара байланысқан көптеген процестерді атайды. Тыныс алу негізінен 5 кезеңнен тұрады:



  1. Сыртқы тыныс алу – ауадағы газдарды өкпеге әкеліп, өкпеден қайтадан атмосфераға шығарып тұру.

  2. Өкпе көпіршіктеріндегі (альвеола) газдар мен қан құрамындағы газдардыңғ алмасуы.

  3. Газдардың өкпеден ұлпаға, ұлпадан өкпеге қан ағысымен тасымалдануы.

  4. Ұлпа мен қан арасындағы газ алмасуы.

  5. Ішкі тыныс алу – жасуша құрамындағы органикалық заттардың тотығуы. (бұл биохимиялық процес).

Тыныс алу мүшелері: мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек (трахея), бронхылар, өкпе. Көмекей – 4-6 мойын омыртқаларының тұсында орналасқан, бір-бірімен буындар арқылы байланысқан шеміршектерден құралады. Көмекейдің ортаңғы бөлігінде екі түп қатпарлы бар жоғарғысы қарыншалық және төменгісі дауыстық. Дауыстық қатпарлар көмекейдің кеніресінен едәуір шығып тұрады. Олардың кілегейлі қабықшасының астында дауыс желбезектері мен дауыс бұлшықеттері орналасқан, ол бұл қарыншалық қатпарда болмайды, сол себепті оларды жалған желбезектер деп атайды. Екі дауыстық қатпардың арасында көмекейдің шіңішке бөлігі дауыс қуысы орналасқан. Дауыс қатпары 1 жасқа толғанша және мутация кезеңінде қарқынды өседі. Көмекей 3 қызмет атқарады: тыныс алу, қорғаныш, дауыс құрау. Тыныс алу кезінде ол ауа өткізгіш қызметін атқарады. тарамдала бөлініп, қан тамырларына және жүйкелермен өкпеге ұласады. Тыныс алу актісі өзара алмасып тұратын екі фазадан – тыныс алу (инспирация) және тыныс шығару (экспирация) тұрады. Жаңа туған нәрестенің алғашқы тыныс алуы бірқатар факторлардың нәтижесінде организмнің өзеріске ұшырауына байланысты: планцетарлы қан айналудың тоқтауы және жаңа туған нәрестенің қанында көмір қышқыл газының жинақталуы; ол тап болған ауа ортасының анағұрлым төмен болуы, ауа атмосферасы қысымының анағұрлым жоғарғы болуы. Тыныс тарту бұлшықеттері жиырылу арқылы кеуде қуысының көлемін кеңейтеді де, тыныс жолдары, ауа түйіршіктері ауаға толады, оның химиялық құрамы тыныс алу процесін ұдайы өзгертіп отырады. Тыныс алу актісі – бұл қабырға аралық бұлшық еттер жиырылуының белсенді процесі. Сыртқы бұлшықеттерінің жиырылуы тыныс алуды, ал ішкі бұлшықеттерінің жиырылуы тыныс шығаруды қамтамасыз етеді. Сыртқа қабырға аралық бұлшықеттері бөлек тыныс алу актісіне диафрагма, ал тыныс шығару актісіне кеуденің көлденең бұлшықеттері қатысады. Тыныс алу кезінде қабырғаның көтерілуі есебінен кеуде қуысының көлемі көлденең және алға, артқа қарай, желбіршектердің төмен түсуі нәтижесінде жоғарғы жаққа қарай ұғаяды. Бұл кезде көк ет қуысының қысымы төмендейді, өкпе көлемі ұлғаяды да атмосфералық ауа түйіршіктерге еркін енеді. Терең тыныс алу актісіне кеуде қуысы қоршап тұрған барлық бұлшық еттер: кеуденің үлкен, кіші, арқаның тіс тәрізді, аса жалпақ және ұзынша бұлшықеттер қатысады. Тынысалу тыныс шығаруға ұласады да, нәтижесінде қабырға аралық бұлшық еттер босаңсып, кеуде қуысы төмен түседі, өкпе ұлпасы қысылып, түйіршіктерден, кеңірдек тарамдарынан, түйіршік қуысынан ауаны шығарады. Бұл жағдайда өкпе ұлпа серпінділігі мен кеуде қуысының көлемінің кішіреюінің арасан зор маңызы бар. Тыныс алу кезіндегі кеуде қуысының көлемінің өзгеруіне қарай тыныс алудың 3 типі болады: кеуделік, қарындық, аралас немесе кеуделі-қарындық. Жаңа туған баланың тыныс алуы қарындық тыныс, 7 жасар баллада тыныс алудың кеуделік типі байқалады, 10 жастан бастап тыныс алудың жыныстық ерекшеліктері көрініс бере бастайды: қыз балаларда тыныс алудың кеуделік типі, ұл балаларда қарындық типі орныға бастайды. Тыныс алуды жиілігі кеуде қуысы немесе қарын бұлшықеттерінің бір минута жасаған қозғалысымен анықталады және ол организмнің оттегіне деген физиологиялық сұранысына тәуелді болады. Жаңа туған бала минутына 40-60 рет тыныстайды, төменгі сынып оқушылары 22-20, 12 жаста – 18, жоғарғы сынып оқушылары нормаға жақын – минутына 16 рет тыныстайды. Тыныс алудың тереңдігі организмнің сыртқы тыныс алу аппараты қызметінің көрнекі көрсеткіштерінің бірі. Ол бір тыныс алу кезеңінде өкпеге келіп түскен ауаның мөлшері арқылы анықталады. Өкпенің бір минуттағы ауа айналымы немесе бір минуттық көлемі деп бір рет тыныс алу көлемінің бір минута жасалған тыныстау жиілігіне қатынасын атайды. Мысалы, ол 5 жасар баллада – 6400 мл тең. Ересектерде 6000-8000 мл, әйелдерде 5000 мл.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990

2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985.

3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.

4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.

5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.

6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.

7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.

8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.
Дәріс 8.

Дәріс тақырыбы: Асқорыту жүйесі, оның жасқа байланысты ерекшеліктері.

Дәріс мақсаты: Асқорыту жүйесінің құрылысы мен қызметі, оның жасқа байланысты ерекшеліктері, зат және энергия алмасу, тамақтану гигиенасы туралы білімдерін тереңдету.

Дәріс жоспары және қысқаша мазмұны:


  1. Асқорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі.

  2. Тістер. Тістің алмасуы.

  3. Зат және энергия алмасу.

  4. Тамақтану гигиенасы.

Ас құрамындағы қоректік заттар адам денесіндегі ұлпалардың жаңаруына, жасуша түзілуіне, адамның өсу-дамуын қамтамасыз ететін құрылыс материалы, тіршілікке жұмсалатын энергия көзі. Тағам құрамындағы қоректік затарды қарапайым қосынды – мономерлерге дейін ыдыратуды асқорыту деп атайды. Асқорыту – өте күрделі процесс. Ол алдымен физикалық жолмен өңделеді, соңынан химиялық реакцияға түсіп, қорытылып организмге сіңетін сатыға жетеді. Физикалық өңдеу барысында ас кесектері ұсатылып, бөлшектенеді, сілекей шырынымен шыланып, жұмсарады. Химиялық өңдеуге ішек-қарын ферменттері қатысады, бұлардың әсерін күрделі заттар қарапайым заттарға ыдырайды.

Су, минералды тұздар, ас құрамындағы кейбір қарапайым органикалық заттар ішек-қарында өзгерместен тікелей қанға сіңеді. Гидролаза ферменттері түзілу ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөлінеді:



  1. Аутолитикалық ферменттер – тағамдық заттар (ана сүті құрамындағы ферменттер).

  2. Симбионттық гидролазалар – бактериялар мен бір клеткалы жасушалы жәндіктердің қатысуымен гидролиздік процестерді іске асырады (мысалы, күйіс қайыратын малда клечатканы ыдырататын ферменттер). Адамда симбиоттық гидролиз тоқ ішекте ғана кездеседі.

  3. Меншікті гидролазалар – жануарлар, адам организмінде осқорытуға қатысатын ішек-қарын сөліндегі негізгі ферменттер.

Гидролиз ферменттерінің орналасуына қарай жасуша ішіндегі және одан тысқары жердегі асқорыту болып екіге бөлінеді: жасуша ішіндегі асқорытуда фагоцитоз, пиноцитоз арқылы жасушаға өтетін қоректік заттар лизосомалық ферменттердің қатысуымен гидролизге ұшырайды (лейкоцит, лимфоциттерде, ретикулоциттер және гистоциттерде ас осылай қорытылады).

Жасушадан тыс жерде асқорыту – дистанттық (қуыстық) және контактық (мембраналық) асқорыту болады. Дистанттық асқорыту ферменттер түзілетін жасушадан оқшау жерде, ішек-қарын түтігінде өтеді, ал контактық асқорыту дегеніміз ішек түтігінің ішкі бетінде, онымен жанасқан эпителий жасушаларда гликолистік ферменттердің әсерінен болатын гидролиз. Қуыстық гидролиз кезінде пайда болған өнімдер гликоликс қабатынан өтіп, мембрана бетінде бірнеше мономерлерге айналады да, ішек эпителий бетіндегі микротүтіктер арасында орналасқан микроканалдар арқылы ішек жасушаларына өтеді.

Асқорыту жүйесі ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, он екі елі ішек, аш ішек, тоқ ішек, сөл шығаратын бездер, бауырдан тұрады.

Асқорыту жүйесінің қызметі:



  1. Сөл шығару (секреция, секреторлы қазмет) қызметі. Оны асқорыту, сілекей, ішек-қарын бездері, ұйқы безі, бауыр атқарады. Сөл құрамында органикалық қоректік заттарды ыдырататын ферменттер (гидролазалардан) тұрады: протеаза (белоктарды пептид, амин қышқылдарына ыдыратады), липаза (майды – май қышқылы мен глицеридке), карбогидролазалар – полисахаридтерді (крахма, гликоген) моносахаридтерге дейін ыдыратады.

  2. Қимыл (моторлық қызмет) қызметін бірыңғай салалы еттер атқарады. Салалы ет талшықтары сақина тәрізді және бойлай тартылған екі түрлі талшықтардан құралған. Асқорыту жолының бір бөлімі екінші бөлімімен түйіскен жерінде салалы ет талшықтары сақина тәрізденіп топталып, сфинктер еттерін құрады. Сақина тәрізді ет талшықтары жиырылса, өңеш, ішек-қарын түтігі тарылып, ұзарады, ал ұзыннан орналасқан ет талшықтары жиырылса түтік кеңейіп қысқарады. Бұл қимылдар ас кесегінің ішек-қарын сөліне шыланып ондағы ферменттер әсерімен ыдырауға, бұдан пайда болған өнімдердің денеге сіңуіне септігін тигізеді. Ішек-қарын біресе жиырылып, біресе жазылып толқын тәрізді қимылдар жасайды (перистальтика), мұның нәтижесінде ішектегі заттар жоғарыдан төмен тоқ ішекке қарай жылжиды, қорытылмаған, бойға сіңбеген заттар сыртқа шығарылады.

  3. Қоректік заттарды сіңіру қызметі. Адамға қажетті қоректік заттар қарапайым қосындыларға ыдырап, биологиялық мембраналардан өтіп, қанға немесе лимфаға сіңеді. Жалпы алғанда қоректік заттар ащы ішекте сіңеді.

  4. Экскреторлық қызмет- тіршілікке қажетсіз заттарды сыртқа шығару қызметі.

  5. Эндокриндік қызмет. Ішек-қарын кілегейлі қабығында, қарын пилорусы мен он екі елі ішекте (ұлтабарда) көптеген гормондар түзіледі. Олар қанға енеді де, алдымен асқорыту процесін, зат алмасу, өсіп-өну, есею процестерін реттеп, басқарып отырады. Мұндай гормондар – гатроинтестиналдық гормондар деп атайды. (гастрин, секретин, панкиреозимин – холецистокинин, энтерокинин, гастрон).

Сонымен ішек-қарын гастроинтестиналдық гормондары:

  1. Асқорыту бездерінің сөл шығару қабілетін күшейтіп, қоректік заттардың қорытылуын үдетеді.

  2. Арэнтерин деп аталатын гормон жасөспірім денесінде ассимиляция (түзіліс) процесін күшейтеді, сөйтіп, өсу, есею қарқынын үдетеді, адамның тәбетін жақсартады, диэнтерин гормоны зат алмасу қарқынын реттейді.

  3. Түрлі ағзаларда қан айналысын қалпына келтіреді, биологиялық мембрананың өткізгіштік дәрежесін реттеп отырады, сөйтіп пофилактикалық әсер етеді.

Асқорыту түтігінің қабырғасы күрделі 3 қабаттан тұрады: ішкі- шырышты, ортаңғы-етті, сыртқы –дәнекер ұлпасы, ір қабаты.

Тамақтану- адамның қалыпты тіршілік қызметтері мен дамуы үшін қажет бірден-бір әлеументтік және биологиялық фактор болып табылады. Рационалды тамақтану – ол ғылыми негізінде құрылған, ағзаның өсуі мен қалыптасуын, денсаулықты сақтау мен жұмыс қабілетін арттыруын қамтамасыз етеді. Тамаққа қойылатын гигиеналық талаптар:



  1. Адам организмінің барлық энергиялық шығынын толық қалпына келтіретіндей болуы керек.

  2. Тамағамның құрамында ағза үшін қажетті ақуыз, май, липид, көмірсу, минералды заттар, дәрумендер, су жеткілікті мөлшерде және оптималдық арақатынаста болу қажет.

  3. Тағам алуан түрлі болып келуге тиіс. Оның құрамына өсімдіктен және жануарлардан алынатын сүт, ет, балық т.б. тағамдар енуі керек.

  4. Ас жақсы сіңірілетін, тәбетін ашатын, дәмді, жақсы иісі, көлемі және калориясы жағынан да жеткілікті болуға тиіс.

  5. Тамақ сапалы болуға тиіс және құрамында зиянды қоспасы, ауру тудыратын микробтары, улы заттар болмау керек.

  6. Тамақты бір күнге дұрыстап бөлу керек. Тамақты үнемі белгілі бір сағаттарда ғана ішу қажет.

Тамақтану – зат алмасуы мен энергия алмасуының физиологиялық негізі. Сапасыз немесе жеткіліксіз тамақтану организмнің тіршілік қызметін бұзу мүмкін: өсудің кешеуілдеуі, жұмысқа қабілеттілігінің нашарлауы, түрлі ауруларға деген қарсылығының кемуі, қоршаған ортаның зиянды әсерлері алдындағы организмнің төзімділігінің төмендеуі.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990

2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985.

3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.

4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.

5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.

6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.

7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.

8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.
Дәріс 9.

Дәріс тақырыбы: Зәр шығару жүйелері, оның жасқа байланысты ерекшеліктері.

Дәріс мақсаты: Зәр шығару жүйесінің құрылысы мен қызметі, оның жасқа байланысты ерекшеліктері, гигиенасын қарастыру.

Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:


  1. Зәр шығару мүшелерінің құрылысы мен қызметі.

  2. Зәр шығару жүйесін аурудан сақатандырудағы жеке бастың гигиенасының ролі.

Адам организімінде зат алмасу үздіксіз жүреді. Оның барысында түзілген өнімдердің кейбірін организм пайдаланбайды, сондықтанда олар сыртқа шығарылуы керек. Сыртқа шығару мүшелері: бүйрек, тер бездері, өкпе, асқорыту түтігі. Экскрециялық мүшелердің негізгі қызметі – денедегі зат алмасудың соңғы өнімдерін өзге текті басқа заттарды, мысалы, дәрі – дәрмектерді сыртқа шығарып отыру. Гомеостаздық – қан құрамы мен қасиеттерін лимфаның интерстициялық сұйық пен ликвар құрамының тұрақтылығын сақтайды.

Сыртқа шығару ағзаларының қан құрамындағы және денедегі басқа сұйықтар құрамындағы иондар концетрациясының тұрақтылығын (изоиония) және қан мен басқа биологиялық сұйықтықтардың осмостық қысымының тұрақтылығын (изоосмия). Денедегі қышқылдар мен негіздер тепе-теңдігінің тұрақтылығын (изогидрия) қамтамасыз етеді. Экскрециялық ағзалар денедегі басы артық қышқылдар мен сілтілерді сыртқа шығарып отырады. Мұнымен қатар жасуша ішіндегі және сыртқы сұйықтармен әрдайым алмасып тұратын қанның тамырдағы көлемдік тұрақтылығын (изоволемия) сақтайды. Денедегі белгілі бір жағдайда су мен тұздар тепе-теңдігін (балансын) қамтамасыз етіп олардың артығын организмнен шығарады. Тері бездері дене температурасын тұрақтылығын сақтауға (изотермия) қатысады.



Бүйрек. Бүйректің негізгі қызметі – несеп түзу. Несеп түзілуі, оны сыртқа шығару үрдісі диурез (несеп шығарушы) деп аталады. Қалыпты жағдайда тәуліктік диурез мөлшері сыртқы қоршаған ортаның температурасына, желінген тамақтың құрамына, мөлшеріне және ішкен су мөлшеріне байланысты. Ересек адамда тәулігінде 1000-1800 мл несеп түзіледі. Ауруға шалдыққан кезде кейде тіпті сау адамда да диурез өзгеріп отырады. Физиологиялық жағдайда оның 3 түрін байқауға болады: алигурия – тәуліктік диурездің азаюы; полиурия – тәуліктік диурездің көбеюі; анурия – несеп түзілуінің тоқтайы. Ауруға шалдыққан кезде туатын өзгерістер – энурез (түнде несеп ұстамау), никтурия (түнде несептің шектен тыс көп болып түзілуі).

Бүйрек жұп мүше, салмағы 120 – 200 г. Бүйректің негізгі морфофункционалдық құрылымы – нефрон, ол мальпигий шумақтары мен бүйрек түтікшелерінен тұрады. Әрбір бүйректе 1 млн – ға жуық нефрон бар. Олар қан, лимфа тамырларымен жиі торланған және араларында интерстицияльдық сұйықтық болады. Нефрон құрылысы - өте күрделі. Ол Шумлянский – Боумен капсуласымен, артериялық капилляр шумағынан, яғни Мальпигий шумағынан және түтікшелерден тұрады. Нефронның шумақтық бөлігі гиомерулалық бөлім деп аталады. Шумлянский – Боумен капсуласы бүйрек түтікшелеріне айналады (нефронның түтікше бөлігі деп аталады). Бұл құрамында (проксималь) және (дисталь) ирек түтікшелері бар, бүйректің құрылысты бөлімінде, ал гекле ілмешегі және несеп жиналатын түтікшелер ми бөлімінде болады. Бүйрекке ағып келетін қанның 85% -ке жуығы, бүйректің қыртыс қабатындағы қан тамырларында. Қанды алып келуші артериялы тамыры қабырғасында, оның шумаққа кіретін жерінде микроэпителиялық жасушадан пайда болатын тығыз түйін. Оны юкстагломеруларлық (шумақ қасы) аппарат деп аталады. Егер де бүйректің қанмен қамтамасыз етілуі нашарласа, бұл аппарат ренин бөледі. Ренин артерия қан қысымын реттеп, қандағы электролиттың мөлшерін қалыпты жағдайға келтіреді.

Бүйректің қан әкелуші тамыры бүйрек артериясынан басталады. Бүйрек артериясы іш қалқасының бір бұтағы. Мальпигий шумағы капиллярында қан қысымы жоғары (с.б.б. 78-80 мм). Бүйректің қан әкелуші тамырына қарағанда қан әкетуші тамырының дм екі есе тар. Нефрон түтікшелерінің ұзындығы 35 – 50 см, ал бүйректің жалпы барлық түтікшелерінің ұзындығы 70 – 100 см. Нефрон түтікшелерінің құрылымдық ерекшелігі , оның жоғарғы бөлімі цилиндр тәрізді эпителийден тұрады, олардың ішкі бетінде микробүрлер, яғни кері сіңіру қабілеті күшті протоплазмалық өсінділер бар. Кейін эпителилердің пішіні өзгеріп куб тәрізді болады. Микробүрлер бүйрек аппаратын түтікшелерінің ішкі ауданының көлемін бірнеше рет ұлғайтады. Ферменттік жүйелер түтікше эпителиінің әр бөлімінде әркелкі орналасады: гексокиназа жоғары иірім түтікшелерінде көбірек болады, сукцинатдегидроза негізінен гекле ілмешегінің жоғарғы бөлімі эпителиінде көбірек, ал төменгі бөлігінде өте аз шоғырланған. Гиалуронидаза ферменті көбіне көп мөлшерде жинайтын түтіктің эпителиінде орналасады. Бұл айтылған ерекшеліктер несеп түзілу нефронның қай бөлімінде болса да өте күрделі үрдіс екенін көрсетеді.

Алғашқы (провизорлық) несеп пен соңғы (дефинитив) несеп айырмашылықтары:



  1. Алғашқы несептің көлемі – 150-180 л, соңғы несеп көлемі 1,5 – 2 л, орта есеппен 1 – 1,5 л.

  2. Соңғы несеп құрамында қант, амин қышқылы, альбуминдер болмайды, мочевинаның, несеп қышқылының және т.б. белок аломасу барысында пайда болатын заттың мөлшері бірнеше есе көп, кейбір тұздар (хлорид, сульфат, фосфат) концентрацияда көп болады.

  3. Соңғы несеп құрамында қанда жоқ заттар – гиппур қышқылы, аммоний тұзы, пенциллин, диодраст, ПАГ (пара – амингиппур қышқылы). Түтікшелерде несеп түзілу барысында алғашқы несептену, кейбір заттар қайта сіңеді. 150- 180 л алғашқы несептегі судың орнына, 1,5 л таяуы (1%) сыртқа шығады, ал 99% қайта сіңеді.

Зәр - өзіне тән иісі бар, сарғыш түсті сұйық. Оның меншікті салмағы 1,010- 1,025, реакциясы әлсіз қышқылды. Оның құрамында 98 – 99 % су және 150 түрлі химиялық заттар болады. Зәрдің құрамында белок алмасуының өнімдері (мочевина, несеп қышқылы, креатин), минеар тұздар (ас тұзы), пигменттер (урохром,уробилин) болады. Тәуліктік зәрдің мөлшері 1,5 л.

Зәрдің түзілуі.Бүйректе зәрдің түзілуі 2 фазада өтеді. Алғаш 1-ші фазада алғашқы зәр, 2-де соңғы зәр түзіледі. Алғашқы зәр нефронда пайда болады. Капсуладағы тамырлар шоғырында қан қысымы жоғары, сондықтан қанның сұйық бөлімі капсула ішіне сүзіледі. Капсула қуысына сүзілген сұйықтықты алғашқы зәр деп атайды. Ересек адамда тәулік ішінде нефрондық тамырлар шумағы арқылы 2000 л қан өтеді де, 150 – 180 л жуық алғашқы зәр түзіледі. Екінші фазада каналдарындағы алғашқы зәрдің құрамындағы организмге қажетті су, глюкоза, амин қышқылы, минералдық тұздар қанға сіңеді. Организмге қажетсіз мочевина, несеп қышқылы, сульфат т.б. кері сіңбейді. Кері сіңу каналдар қабырғасындағы эпителий клетканың қызметіне байланысты, нәтижесінде соңғы зәр түзіледі.

Зәрдің сыртқа шығарылуы. Соңғы зәр жинағыш каналдарға, одан ағыс жолдарына өтіп емізікшелерге, одан тостағаншаға, одан бүйрек түбегіне, бұдан несепағар арқылы қуыққа жиналады. Несепағар ұзындығы 30 см жуық түтік. Зәр жолы арқылы қуықтағы зәр сыртқа шығады. Зәр жолы түтігінің ұзындығы әйелдерде 3-4 см, ал ер адамдарда 18 см шамасында. Қуықтың зәр жолы басталар жерінде оны сақина тәрізді қоршап тұратын 2 сфинктер бар. Қалыпты жағдайда олар зәр жолын жауып тұрады. Бұл сфинктер ашылған кезде қуықтағы сұйық зәр шығару жолына ағады. Нефрон мен оның каналының қан тамыры нерв талшықтарын мол жабдықталған, Симпатикалық нерв зәрдің түзілуін күшейтеді. Зәрдің түзілуіне гумаральдық әсерлер бар: нейрогипофиздік антидуретикалық гормон, бүйрек үсті бездің қыртыс қабат гормоны - минералокортиноид зәр түзілуін азайтады, ал бүйрек үсті безінің ми қабаты гормоны – адреналин оны көбейтеді.

Жаңа туған баларда бүйректің массасы 11-12г, 1 жаста 36-37г, 3 жаста 55-56г. Бүйрек өсуінің алғашқы 3 жыл ішінде, жыныстық жетілуі кезеңінде және 20-30 жас аралығында байқалады. Жаңа туған балаларды бүйректің сыртқы беті бөлікті болып келеді. 2 жаста балаларда бөліктер едәуір тегістеледі, 5 жасар балаларда мүлде байқалмайды. Бүйректің қыртыс қабатының қалыңдығы жаңа туған балаларда 2 мм-ге тең, ал ми қабатының қалыңдығы 8 мм. Жаңа туған балалардың бүйрегінде нефрондар көп, бірақ майда, каналдардың иірімделуі аз. Иірім каналдарының өсуі 1-ші жылы қарқынды жүреді, 3-4 жаста саңылаулар кеңдігі, канал қабырғасының клеткалары құрылысы мен қызметі ересектерге ұқсас.



ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990

2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985.

3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.

4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.

5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.

6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.

7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.

8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.
Дәріс 10.

Дәріс тақырыбы: Ішкі секреция бездерінің физиологиясы.

Дәріс мақсаты: Ішкі секреция бездері, олардың қызметі, бөлетін гормондарының ағза тигізетін әсерін, жыныстық жетілу және жыныстық тәрбие беруді қарастыру.

Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:


  1. Ішкі секреция бездері туралы түсінік.

  2. Гормондар гумарльдық реттелудің факторы.

  3. Жыныстық жетілу кезеңінің ерекшеліктері және бұл кезеңнің гигиенасы.

Ішкі секрециялы бездердің сыртқы секрециялы бездерден айырмашылығы, олардың бөлген сұйықтығын шығаратын түтікшелері болмайды. Сол себептен сұйықтығын тікелей ішкі ортаға қанға, лимфаға бөледі.Олар өте қан тамырлы келеді. Ішкі секрециялық бездердің қанға бөліп отыратын сұйықтығын гормон деп атайды. Гормондар организмдегі түрлі тіршілік процестеріне (зат алмасу, даму, өсу, жыныстық жетілуне т.б.) қатты әсер етеді.Оларды не үдетіп, не тежеп отырады. Осы гормондар арқылы организмге тигізетін химиялық әсерін гуморальдық реттеу деп аталады.

Эндокриндік бездердің (гр.endon – ішкі, crineo - бөлемін немесе шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа капиллярымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Экзокринді бездердің өзегі бар, әрі ол өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады.

Ішкі сөлініс бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқанша серік бездері, айырша без, бүйрекүсті безі, ұйқы және жыныс бездері жатады. Ұйқы және жыныс бездері – аралас бездерге жатады. Гормондар қан мен лимфа тамырларына еніп барлық ұлпалар мен мүшелерге және бүкіл организмге әсер ете алады:


  1. метаболизмдік – зат алмасу процестердің түрлі жағдайлары мен жиілігіне әсері;

  2. морфогенетикалық – конформациялық құрылымдық процестерде ажырату (дифференциялық, ұлпалардың өсуіне, өзгеріске, метаморфозға);

  3. кинетикалық – қызмет орындаушы ағзалардың белсенділігіне және оларды қызметке қосуға немесе тежеуші факторалға әсері;

  4. түзетілуші (коррекциялық) – ұлпалар мен ағзалар қызметінің қарқынын өзгертуге әсері (жоғарылауы, төмендету, жылдамдату, тездету, бәсеңдету қозғалыстары).

Адам мен жоғары сатыдағы жануаралардың гормондарын химиялық құрылым ұқсастығын, физико – химиялық, биологиялық қасиеттердің ортақтығын негізге ала отырып 3 класқа бөледі.

  1. Белоктың – пептидті қосылымдар (инсулин, глюкоген, сомататропин т.б.);

  2. Стероидтар (бүйрек – үсті безі қабығының және жыныс безі гормондары);

  3. Амин қышқылының туындылары (тироксин, катехоламиндер – адреналин, норадреналин).

Гормондардың түзілуі арнайы эндокриндік құрылымдардың генетикалық аппаратында жоспарланған, сондықтан әр ішкі секреция бездері тек белгілі бір гормондарды жасап шығарады. Организм ішкі сұйықтық ортасына өткен гормондардың белгілі бір мөлшері бас қалпында, ал шамалысы қан плазмасы белоктарымен қосылған күйде болады. Мысалы, транскортизон, альбумин және α – глобулинмен бірігеді, бұдан белсенділігі төмен байланысқан гормон бөлінеді.

Эндокринология ішкі секреция бездердің физиологиясы мен патологиясы ғылым ретінде ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында қалыптасқан. Бұл бағытта ғылыми зерттеулердің негізін А. Бертольд салды.

Гормондар өте активті заттар. Олардың қанға бөлініп отыруы вегетативті жүйке жүйесімен, жоғарғы ми қызметіне байланысты болып кетеді. Бұл бездердің көлемі өте шағын, жалпы салмағы 100 г-нан аспайды. Эндокринді бездер жұмысы өзара өте күрделі байланыста болады. Сол себепті бір бездің бұзылуы басқа да бездердің жұмысына әсер етеді.

Аденогипофизде бірнеше гормондар түзіліп қанға құйылады:



  • сомататропин және өсу гормоны (СТГ);

  • тиреатропин (ТТГ)

  • адренакатикатропин (АКГТ) (бүйрек үсті безі);

  • гонотдотропин (ГТГ) – лютеинді (ЛТГ), лютеотроп (ЛТГ), фалликуластимулдаушы (ФСГ).

Эндрокринді бездерді орналасқан жағдайы мен шығу тегіне байланысты 5 топқа бөлінеді:

  1. нейрогенді бездер – гипофиз және эпифиз;

  2. бронхиогенді бездер – қалқанша безі, қалқанша маңы безі, айырша безі;

  3. хромофинді бездер – бүйрек үсті безі, параганглиялар;

  4. қарын асты безі (ұйқы безі);

  5. жыныс бездері (эндокринді бөлігі жатады).

Без қызметінің кенеттен тыс күшейіп, қанға гормондық көп бөлінуін гиперфункция деп атайды, ал без қызметінің нашарлап, гормонның аз шығуын – гипофункция деп атайды.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990

2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985.

3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.

4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.

5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.

6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.

7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.

8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.

айтын ойындармен және спорт ойындарымен айналысуын қамтамасыз етуі тиіс. Тұрғын үйдің немесе топ үйлердің қасында тек балалар алаңы ғана болып қоймай, қысқы уақытта мұз айдыны, қар төбешіктері және т.б. жасалғаны жөн.



ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. 1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990

  2. 2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985.

  3. 3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.

  4. 3.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.

  5. 4. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.

  6. 5. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.

  7. 6.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.

  8. 7. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.


Практикалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік құрал

№1 ТАҚЫРЫП: Кіріспе. Балалар мен жасөспірімдер организмнің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары.



САБАҚ МАҚСАТЫ: Оқушылар денесінің өсуі мен денсаулық жағдайын бағалауды үйрену және алынған мәліметтерді оқушылардың оқу үлгеріміне және мінез-құлқына тигізетін себептерді анықтау барысында қолдана білу.

СҰРАҚТАР:

  1. Тірі организмнің өсуі мен дамуы туралы түсінік.

  2. Адам организмінің өсуі мен дамуының өзіне тән ерекшеліктері.

  3. Өсу және дамудың біркелкі еместігі, даму гормониясы және гетерохронизм.

  4. Акселерация туралы түсінік. Акселерация теориялары.

  5. Дене өсуін зерттеу методикалары және оны бағалау.

  6. Жас шақтарын кезеңге бөлудің негізгі принциптері.

ТАПСЫРУ ФОРМАСЫ: жазбаша есеп.

ТӘЖІРИБЕГЕ ҚАЖЕТТІ ЖАБДЫҚТАР: Бойды өлшеуіш (ростомер), медициналық таразы, сантиметрлік лента, спирометр, қол динамометрі, спирт, мақта.

ЖҰМЫС БАРЫСЫ:

  1. Дене ұзындығын өлшеу (тура бой).

  2. Дене салмағын өлшеу.

  3. Кеуде клеткасы аумағын өлшеу: тыныштықта және тыныс шығарған кезде.

  4. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшеу.

  5. Қол басының сығу күшін өлшеу (оң және сол қолдың).

2- тәжірибе. Тексерілетін адамның өсуін бағалау.

А) Антропометриялық зерттеу барысында алынған мәліметтерді сол жастағы балалар денесінің өсуінің орташа көрсеткіштерімен салыстыру.

В) Барлық есептеулерді жүргізу. Тиісті мәліметтерді антропометриялық таблицаға енгізу және дененің өсу пішінін анықтау.

Кесте 2.


Көрсеткіш

Нег. Көрс.

Орташа жас нормасы

Айырмашылығы

Сигма

Сигма айыр.

Даму көрс.

Жалпы дене дамуы

Бойы






















Кеуде клеткасының шеңбері






















Дене салмағы





















Кесте 2.


Көрсеткіштері.

-3б.

-2б.

-1б.

+1б.

+2б.

+3б.

Бойы



















Салмақ



















Кеуде клеткасының шеңбері








































1-сурет. 13 жастағы оқушы денесінің өсу профилі.

Өлшеулер нәтижесі оқушы денесінің өсуі кең норманың шегінде деп санауға негіз болады, басқаша айтқанда, ол қалыпты дамуда. Бірақ болашақ ұстаз оқушы денесінің өсуін жан-жақты бағалау үшын оның денсаулық жағдайын жақсылап тексеру қажет.

Мектеп оқушыларының денесінің өсуі мен денсаулық жағдайын сипаттау.

Адамның бойын тиісті өлшеуішпен анықтайды, дене салмағы медициналық таразымен өлшенеді, көкірек клеткасы сантиметрлік лентамен өлшенеді. өлшеу методикасы «Мектеп гигиенасы» оқулығында айтылған.

Әрбір тапсырманы орындаудағы келесі кезең – жиналған материалды талдау. Тап осы жағдайы бой, дене салмағы және көкірек клеткасы дамуының көрсеткіштерін №1 табл. Көрсеткіштерімен салыстыру. Табылған айырманы сигмаға (С) бөлу керек. Егер бөлінді 1-ден жоғары немесе төмен болмаса, онда дененің өсуі норманың шегінде деп есептейміз: егер бөлінді 1,2- нің маңында болса, онда дененің өсуі нормадан жоғарғы не төмен, ал 3-тің маңында болса, онда дененің өсуі жақсы немесе төмен деп жіктеледі.

Былай деп ұйғарайық: оқушы К.13 жаста, бойы 148,3 см, салмағы 42,3 кг, көкірек клеткасының шеңбері 69,5 см (тыныштық жағдайда). Бұл жасқа лайықты орташа көрсеткіштер (немесе стандарттардың орташа шамасы - М), тиісінше -144,8 см (С-7,9), 36,4 (С-5,9), 99,5 (с-4,3). Анықталған шама мен орташа шаманың айырмасы - 148,3-144,8 см +3,5 (оң таңба, себебі бойдың анықталған шамасы орташа шамадан көп).

Табылған айырманы сигмаға бөлеміз С (3,5:7,9) 10,44, сонан соң бөліндінің шамасын таблицаға түсіріп, нүктесін табамыз. Осы сияқты есептеу дене салмағы мен көкірек клеткасының шеңбері бойынша жүргізіледі.

Салмақ: 42,3 кг - 36,4 кг 5,9 кг. С 5,9 : 5,9 +1.

Көкірек клеткасының шеңбері: 69,5 - 69,5 0. С 0:4,3 0

Егер анықталған шама орташа шамадан аз болғанда, олардың айырмасы теріс (-) таңбамен белгіленеді. Анықталған мәліметтерді антропометриялық карточкаға түсіру және табылған нүктелерді сызықпен қосып дененің өсу профилін Мартиннің методы бойыншы анықтаймыз.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Әдебиеттер: А. Г. Хрипкова, М. В. Антропова, Д. А. Фарбер «Возрастная физиология и школьная гигиена». М., 1990 ж.

С. Жұмабаев. «Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы» А., 1991 ж.


№2 ТАҚЫРЫП: Жүйке жүйесінің физиологиясы. Адамның проприорецепті тізе рефлексін анықтау.

МАҚСАТЫ: Адам тізе және ахилл рефлексін туғыза алуға үйрену және осы рефлекстердің қарқынына орай тексерілетін адамның қозғыштығын бақылау.

ТӘЖІРИБЕГЕ ҚАЖЕТТІ ЖАБДЫҚТАР: Орындық резинка, балғашық.

СҰРАҚТАР:



  1. Жүйке жүйесінің маңызы мен құрылысы.

  2. Нейрон- жүйке жүйесінің құрылымдық және функционалдық бірлігі.

  3. Қозу, қоздырғыш, тітіркену және тітіркендіргішке түсініктеме.

  4. Рефлекс – жүйке қызметінің негізгі формасы. Рефлекторлық доға және сақина.

  5. Нейрондар арасындағы байланыс. Синапстар және олардағы қозуды жеткізу механизмі.

  6. Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу және оның пайда болу жолдары.

ТАПСЫРУ ФОРМАСЫ: жазбаша есеп.

ЖҰМЫС БАРЫСЫ:


Адамның проприорецепторлық рефлексін бақылау.

  1. Тізе рефлексі 2) Ахилл рефлексі.

Бұлшық еттерде, тарамыстарда, буындарда болатын рецепторлар проприорецепторлар деп аталады. Осы рецепторлардан қозу бұлшық ет жиырылғанда немесе босансығанда орталық жүйке жүйесінеберіледі. Тексерілетін кісінің жүйке жүйесінің қозғыштығы неғұрлым жоғары болса, пайда болатын рефлекс соғұрлым қарқынды болады. Осындай рефлекстерге тізе және ахилл рефлекстері мысал бола алады.

а) Тізе рефлексін былайша тудырамыз. Тексерілетін кісіні орындыққа отырғызамыз. Одан бір аяғының екінші аяғының үстіне қоюын талап етеміз. Сонан соң резинка балғашықпен (немесе алақанның қырымен) тізе көзінен төменірек санының төрт басты бұлшық етінің тарамысын ақырындап ұрамыз. Сол кезде тізе жазылады. Рефлекторлық доға жұлынның 3-4 бел сегменттерінде тұйықталады. Аяқ жазылуының шұғыл және биіктігін ескере отырып тексерілетін адамның рефлексін бағалаймыз. б) Ахилл рефлексі. Тексерілетін адамды орындыққа екі тізесімен (аяқ басы салбырап тұратындай етіп) отыруды талап етеміз. Ахилл тарамысын ақырындап ұрған кезде аяқ басы табанға қарай бүгіледі. Бұл рефлекстің доғасы жұлынның 1-2 құймышақ сегментінде тұйықталады. Тізе және ахилл рефлекстері доғаларының схемасын салу керек.



ҚОРЫТЫНДЫ:

Бақылау сұрақтары:

  1. Жүйке жүйесінің маңызы қандай?

  2. Жүйке талшықтарының құлымы мен қасиеті қандай?

  3. Синапс, синапс түрлері, оның физиологиялық қасиеттері.

  4. Рефлекс туралы түсінік, рефлекстік әрекет, рефлекстің жіктелуі.

  5. орталық жүйке жүйесі қандай бөлімдерден тұрады?


Әдебиеттер: А. Г. Хрипкова, М. В. Антропова, Д. А. Фарбер «Возрастная физиология и школьная гигиена». М., 1990 ж.

С. Жұмабаев. «Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы» А., 1991 ж.

№3 ТАҚЫРЫП: Балалардың жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесінің типологиялық және жастық ерекшеліктері. Ассоциативті эксперимент.

МАҚСАТЫ: Жоғарғы дәрежелі жүйке қызметінің механизмінің нейрофизиологиялық негізі, шартты және шартсыз рефлекстер, шартты рефлекстердің пайда болу және сөну әрекеттерін қарастыру.



ТӘЖІРИБЕГЕ ҚАЖЕТТІ ЖАБДЫҚТАР: Столға қоятын шам, штатив, Ричардсон баллоны, резина түтік.

СҰРАҚТАР:

  1. Шартты рефлекстер туралы И. П. Павловтың ілімі. Шартты және шартсыз рефлекстердің сипаттамасы.

  2. Шартты рефлекстердің түзілу жағдайлары және жолдары.

  3. Үлкен ми сыңарлары қыртысының анализдік синтездік қызметі.

  4. Динамикалық стеоретип. Оның қалыптасу жолымен және оқыту процессіндегі ролі.

  5. Болмыстың екі сигналдық жүйесі.

  6. И. П. Павловтың жоғарғы дәрежелі жүйке қызметінің типологиялық ерекшеліктері.

ТАПСЫРУ ФОРМАСЫ: жазбаша есеп.

ЖҰМЫС БАРЫСЫ:

1 тәжірибе. Ассоциативті эксперимент.

Адам миының үлкен жарты шарларының анализдік-синтездік әрекетінің негізі болып, сөздер арасындағы уақытша байланыстардың, яғни ассоциацияның түзілуі болып табылады. Осы байланыстарды зерттеу барысында өмір сүруі кезінде қалыптасқан шартты рефлекстердің көп түрлілігі мен олардың негізін, белгілердің көрінуін, адамның ЖДЖЖ-нің кейбір жеке ерекшеліктерін анықтауға болады. ЖДЖЖ-нің барлық ерекшеліктерін ассоциативті эксперимент қою арқылы анықтауға болады.

Құрал-жабдықтар: Баған бойынша 10-20 сөз жазылған карточкалар, секундомер.

Жұмыс барысы: Карточкадағы сөздерді зерттелуші оқиды (тек зат есім). Зерттелуші әрбір айтылған сөзге ойына келген сөз ассоциациясын айтуы қажет. Жауап беру кезеңі белгіленеді. Ассоциация түзілген уақыты мен айтылған сөздерді кестеге толтырады. Оларды талдап, қорытынды жасаңдар.

Ассоциация эксперимент нәтижелері



Зерттелушіге берілген сөздер тізімі

Сөз-ассоциация

Ассоциация пайда болуға кеткен уақыт, с





































Алынған нәтижелердің анализі ЖДЖЖ-нің мынадай ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді.

  1. Уақытша байланыстардың көптігі. Егер берілген сөздердің ассоциациясы бірде-бір рет қайталанбаса, онда уақытша байланыстың көптігі туралы айтуға болады.

  2. ЖДЖЖ-нің типтері. Егер берілген сөздер ассоциясында бейнелі, көркем сөздер болса, онда ЖДЖЖ-нің типі- көркем, егер сөздердің ассоциясы жинтықты, қорытынды негізде болса, онда бұл тип – ойшыл. ЖДЖЖ-нің орта типіне түрлі деңгейдегі ассоциацияға 1 және 2 типтер тән.

2 тәжірибе. Шартты кірпік қағу рефлексін жарық әсерінен қалыптастыру.

ТӘЖІРИБЕ БАРЫСЫ: Тексерілетін адамды штативке жақын отырғызамыз. Штативте Ричардсон баллонымен жалғасқан резинка түтік орналасқан. Резинка түтіктің тесігі тексерілетін адам көзінің деңгейінде 5-7 см қашықтықта болуы тиіс.

Шартты рефлекс былайша қалыптастырады: алдымен шам жағылады (жарық шартты тітіркендіргіш). 1-2 сек. Содан соң Ричардсон баллоны қысу арқылы ауа ағысымен кірпік қағу рефлексін тудырамыз. (шартсыз қуаттандыру). Осыны көп мәрте қайталаған соң шамды жаққан кезде шартсыз қуаттандырусыз, яғни Ричардсон баллонын сығымдамасақта, кірпік қағу рефлексі пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет