10. Баға қою саясаты Әрбір студент пән бойынша жеткілікті рейтинг алуы үшін белгілі балл санын жинуы тиіс. Баллдардың максималды саны:
1-рейтинг нәтижесі бойынша 1-8 апталарда – 300 балл,
2-рейтинг нәтижесі бойынша 9-15 апталарда – 300 балл.
Пән бойынша семестрде максималды балл саны – 600.
Баллдар келесі жұмыс түрлері үшін қойылады:
1. Модульдар бойынша тапсырманы орындағаны үшін (1 және 3 модуль бойынша максимум 150 балл, 2-модуль бойынша – максимум 120 балл)
2. Межелік тестілерді орындағаны үшін (максимум 30 баллдан)
Курстық жұмыс жеке бағаланады.
Пән бойынша баллдардың бөлінуі төменде 5-кестеде берілген.
Бақылау мерзімдері 8-аптаның соңы және 15-аптаның соңы. Уақытында өткізілмеген тапсырма мен тестерді 15-аптада тапсыруға болады, бірақ егер студент себепсіз уақытында орындамаса, оларға айыппұл салынып, баллдың 60% ғана қойылады.