11. Студент білімін бақылау
Студенттің білімін бақылау келесі түрде жүргізіледі:
ағымдағы бақылау (әр модуль соңында жүргізіледі)
межелік бақылау тестілеу түрінде (8 және 15 апталарда)
қорытынды бақылау – семестр соңында бір рет жүргізіледі (емтихан).
Студент пән бойынша емтиханға жіберілуі үшін оның семестрдегі жиынтық рейтингілік бағасы 50% тең немесе артық болуы тиіс. Қорытынды баға 1 және 2 рейтинг пен емтихан нәтижесі бойынша есептеледі: 1-рейтинг нәтижесінің 30% + 2-рейтинг нәтижесінің 30% + емтихан нәтижесінің 40% қосындысына тең.
Пән бойынша қорытынды баға келесі шкала бойынша анықталады (кесте).
Әріптік, баллдық және пайыздық эквиваленттегі бағалар шкаласы
кесте
Әріптік жүйедегі баға
|
Баллдың цифрлық эквиваленті
|
Пайыздық мөлшері
|
Дәстүрлі жүйе бойынша баға
|
А
|
4,0
|
95 – 100
|
Өте жақсы
|
А–
|
3,67
|
90 – 94
|
В+
|
3,33
|
85 – 89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80 – 84
|
В–
|
2,67
|
75 – 79
|
С+
|
2,33
|
70 – 74
|
Қанағаттанарлық
|
С
|
2,0
|
65 – 69
|
С–
|
1,67
|
60 – 64
|
D+
|
1.33
|
55 – 59
|
D
|
1,0
|
50 – 54
|
F
|
0
|
0 – 49
|
Қанағаттанарсыз
|
I
|
NA
|
-
|
Аяқталмаған
|
P
|
-
|
өтті
|
Пәнді өтті
|
12. ГЛОССАРИЙ
Арабеска- бұл өте күрделі геометриялық өрнектерден тұратын күрделі орнаментті құрайтын гүлзарлар. Арабескаларды парктер мен скверлерде немесе үлкен алаңдарда газондардың үстінде пайдаланады.
Ассимиляция - ассимиляция. Организмдердің сыртқы ортадан заттарды қабылдап, өздеріне тән күрделі органикалық заттарды синтездеуі. Бұл процесс энергия пайдалану арқылы жүзеге асады.
Ацтеки –мал азығы ретінде,тағам ретінде пайдаланған. Ацтеки-опунцияның кейбір түрлерінің жемісінен шырын, сироп, желе алған оны тағам ретінде пайдаланған. Мексиканың шөлді далаларында кактустардың кейбір түрлерінен сусын алады.
Балауыз өңезі - восковой налет. Жапырақ бетіне, кейде өсімдік сабағына балауыздың жұғуы. Бұл өсімдіктің артық буланудан сақтайды.
Безді клеткалар - железистые клетки. Ішінде әртүрлі - эфир майлары, қымыз қышқылды ізбес кристалдары бар, көлемінен немесе ерекше пішінімен оңай көзге ілінетін паренхима тканінің арнайы клеткалары.
Бейімделу - адаптация. Организмнің құрлысы мен атқаратын қызметінің тіршілік жағдайларына бейімделуі, сыртқы жағдайларының өзгеруіне организмнің бейімделуін қамтамасыз ететін жауаптардың жиынтығы.
Бордюр- француздың “көмкөру” (окаймленный) деген сөзінен шыққан. Ол гүлзарлардың шетін көмкере отырғызылған өсімдіктер. Бордюрдің ені 50- 70 см, мұнда жатаған бір жылдық немесе көп жылдық өсімдіктер отырғызылады.
Гелиофиттер - гелиофиты. Күн жарығы мол түсетін жерлерде өсіп, жарықты көбірек ұнататын өсімдіктер.
Гемикриптофиттер - гемикриптофиты. Жертаған өсімдіктер. Жылдың қолайсыз мерзімінде олардың бастама бүршіктері жерде сақталады.
Гемиксерофиттер - гемиксерофиты. Қуаңшылық аймақтар мен ылғалдылығы орташа аралығында өсетін өсімдіктер. Олардың тамырлары өте тереңдеп өседі, транпирация арқылы қарқындылығы жоғары және сусыздануға төзімділігі төмен келеді.
Гетеротрофты мүшелер (органдар) - гетеротрофные органы. Фотосинтезге қабілетсіз өсімдік мүшелері (тамыр, ұрық, жапырақтың түссіз ұлпалары).
Жазғы тыныштық - летний покой. Құрғақ, шөл далада өсетін кейбір өсімдік түрлерінің жаздың құрғақшылық кезеңдеріндегі қолайсыз жағдайларға бейімденуіне байланысты тыңыштық күйге өтуі.
Жапырақтың ширатылуы - скручивание листьев. Бактерия, саңырауқұлақ немесе вирустардың әсерінен пайда болатын аурулардың бір белгісі.
Жапырақтың бұйралануы - курчавость листьев. Әртүрлі топтағы саңырауқұлақтардың әсерінен пайда болатын өсімдіктер ауруы. Жапырақ бетінде көптеген дөңестер пайда болып, жапырақ пішіні бұзылады.
Интродукция - басқа табиғи климаттардан алып келіп, жергілікті жерде өсірілетін өсімдік түрлері немесе сорттары.
Клумба- гүлзарларды құруда ең негізгі элемент. Клумба- ағылшынның “геометриялық дұрыс пішіндегі гүлзар” деген ұғымын береді. Гүлзарлар парктерде, скверлерде, ашық алаңдарда, жол бойында, фонтандардың маңын көгалдандыруда кеңінен пайдаланылады.
Ксерофиттер - ксерофиты. Құрғақшылық аймақтарға бейімделген өсімдіктер. П.А. Генкельдің ұйғаруы бойынша ксерофиттер мынандай топтар,ға бөлінеді: суккуленттер, эвксерофиттер, гемиксерофиттер.
Қалемше - өсімдіктерді вегетативті көбейтуде пайдаланыталын сабақтың немесе жапырақтың бір бөлігі.
Рабатка - сопақша келген, көшелердің бойынша орналастыратын гүлзар түрі.
Солитер- бұл француздың “жеке отырғызу” деген мағынасын береді, яғни гүлзарларды жасауда өте ірі декоративті бір жылдық өсімдіктерді ашық алаңдардағы, парктердегі, скверлердегі газондардың ортасында немесе шеттерінде жекелеп орналастырады.
Суккуленттер – паренхима клеткаларында су қорын жинайтын, етженді өсімдіктер.
Достарыңызбен бөлісу: |