12. Лобулярия - Lobularia
Күрделі бұтақтанған, биіктігі 10- 40 см аралығында болатын бір жылдық декоративті әсем гүлді өсімдік. Жапырақтары ұсақ, ланцет тәрізді. Қос жынысты, аморфты гүлдері өте ұсақ, реңі де әр алуан. Тұқымы- сопақша, ұсақ, қара. Шілде- қазан айларында гүлдеп тұрады.
VI. Күрделігүлділер - Сложноцветные-Compositae
13. Астра- Aster
Басқа декоративті гүлді өсімдіктерден айырмашылығы- вегетациялық кезеңінің ұзақтылығында. Тік сабағы жақсы бұтақтанған. Гүлшоғыры- себет. Жапырағы ланцет тәрізді, төменгі жағының жапырақтары ромб пішінді. Гүлдерінің диаметрі 5 см- ден 10 см-ге дейін жетеді, әр алуан түсті. Өсімдіктің биіктігі 15 см-ден 80 см-ге дейін жетеді. Маусым- қазан айларында гүлдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |