6. Гүлтәжі - Амарант (Щирица) – Amaranthus Шырынды әрі нәзік, тік сабақты бір жылдық декоративті гүлді өсімдік. Биіктігі 80-90 см аралығында. Жапырағы ірі, күлгін түсті, кері жұмыртқа пішінді. Гүлшоғыры- күрделі собық. Гүлдері өте ұсақ әрі көп, күлгін түсті. Жемісі- қорапша, тұқымы- ұсақ. Шілде- қыркүйек айлары аралығында гүлдейді.
7. Целозия- Celosia Саңырауқұлаққа ұқсайтын гүлшоғырмен аяқталатын сабағының биіктігі 20- 40 см аралығында. Жапырағының түсі ашық жасыл. Гүлдері өте ұсақ, көп, қызыл, сарғыш, күлгін түсті болып келеді. Жемісі- шар пішінді. Тұқымы- ұсақ, қара, жылтыр.
Пирамида тәрізді сортының биіктігі 40- 100 см аралығында болады. Гүлшоғыры пирамидаға ұқсас өте әдемі, жапырақтары қызыл теңбілдері бар ашық жасыл түсті. Гүлдері өте ұсақ қызғылт. Маусым- қыркүйек айларында гүлдейді.