19. Календула (Ноготки)- Calendula Тік, жуан сабақты, ерекше иіс шығаратын бір жылдық гүлді өсімдік. Ұзындығы 70- 80 см. Жапырағы тақ қауырсынды тілімденген ашық жасыл түсті, сабақта қарама- қарсы орналасқан. Гүлінің мөлшері орташа, сары, сарғыш түсті. Тұқымы- тырнақ тәріздес тұқымша. Маусымнан күн суытқанға дейін гүлдеп тұрады.
20. Кореопсис- Coreopsis Тамыр жүйесі жақсы жетілген. Сабағы бұтақтанған, біктігі 20- 100 см. Жапырақтары сабақта қарама- қарсы орналасқан. Гүлшоғыры- себет. Гүлдері өте ұсақ, түсі- алқызыл. Жемісі- тұқымша. Шілде- қазан айлары аралығында гүлдеп тұрады.