Хлорофитум(Chlorophytum),лала гүлділер тұқымдасына жатады.
Отаны – Оңтүстік Африка. Хлорофитум - әдемі көпжылдық шөптесін ампельдік өсімдік. Оның жапырақтарының ұзындығы 30-40см, ені 1-2,5см. Жапырақтарының бетінде ақ және сары жолақтары бар. Бөлме жағдайында жақсы өседі. өсімдік жарықты талап етеді, бірақ аса жарықта жапырақтары дақтанып кетеді. Хлорофитумға ең қолайлы температура 10-18º. өсімдік суық ауаны және желді сүймейді. өсу кезеңінде өсімдік жиі суаруды талап етеді, қыста сиретеді бірақ тоқтатпайды. Хлорофитумды жылына бірнеше рет көшіріп отырғызады. Атпа сабақ арқылы көбейтеді. Гүлдеу мерзімі көктемде немесе жазда басталады.