Дәрістің мақсаты:Кактустар мен суккулентті бөлме өсімдіктері туралы мағлұмат алу.
Дәріс мазмұны: Кактустың 3500-ге жуық түрлері бар.Олар негізіне экватор бойындағы (Оңтүстік және Солтүстік Америкада) шөлді құмдарда,тасты жолдарда,биік құздардың,жартастардың жарықтарында,құнарсыз әк тастары бар топырақтарда өседі.
Орталық Америкада жауын-шашы тым аз болады. Бұл жерде құрғақ ауалы мерзім тамыздан (кейде мамыр айынан) қазанға дейін созылады.Қазаннан мамыр айына дейін жауған жауын-шашынның жалпы мөлшері жылына 200-250 мл-ден аспайды.Кейбір қуаншылық жылдары жауын-шашы тек қана 100 мл болады.
Кактус өсімдіктері тек құмды,тасты жерлерде ғана емес,сонымен бірге Бразилия, Колумбия, Перу, Боливия сияқты елдердің мәңгі жасыл тропика ормандарында да кездеседі.
Оның осы жерлерде,ағаштың бұтақтарында,жартастардың күн жақ ашық жерлерінде өсетін түрлерін ботаника тілінде эпифитті кактустар деп атайды.
Кактустар әдемі гүлді өсімдіктер қатарына жатады.Гүлдерінің көз тартарлықтай әдемілігін ескермегенде де,оның алуан түрлі сүйкімді (ваниль, алма, магнолия,жидек т.б) иістері болады.Бұл ғажап иістер кактустың тікен басқан сыртқы көрінісімен үйлесе қоймайды.Жергілікті халық кактустердің жемісін пайдаланады.Оның үлкендігі бұршақтай және тауықтың жұмыртқасындай жемістерін шикідей де, пісіріп те, кептірген күйде де жей береді.Олардың кейбіреулерінен, яғни опунцияның балғын сабағынан салат жасайды.Селиницереустерден жүрек ауруларына қарсы дәрі әзірлейді.
Кактустердің осындай қасиетіне және күтімді көп керек етпейтініне байланысты көптеген жерлерде өсіреді.
Кактустердің жуан да етті сабақтары алуан түрлі болады.Олардың ішінен биіктігі бірнеше сантиметрден,бір жарым метрге жететін бағана, шар тәрізді түрлерін, немесе бұтақталған бұтақты түрлерін кездестіруге болады.Ал цереустың кейбір түрлерінің биіктігі 25 метрге жетеді.Олар тегіс те, қырлы да, бұрышты да, шұқырлы да бола береді.Кактус сабағының жапыраққа ұқсаған жалпақ түрлері де бар.Оның орнына түсі және ұзындығы әр түрлі тікендер мен қылтанақ бітеді.Ондай қылтанақтардың ұзындығы кейде 15 сантиметрге дейін жетеді.Бұлар өсімдікте ылғал мен жылудың сақталуына жәрдемдеседі және өсімдікке көрік беріп тұрады.Ал пейреския деп аталатын кактустер әдетте жапырақты болады.Ондай жапырақтардың пішіні лимон өсімдігінің жапырағына ұқсайды.Гүл әуесқойлары көбірек өсіретін кактустерді үш топқа бөледі.Олар: пейреския, опунция,цереус топтары деп аталады.Пейреския тобына сабағы дөнгелек, жапырағы жалпақ ағаш тектес формалары жатады.Бұлар үйде көп өсіріле бермейді.Опунция тобына етті де жуан, кейде жалпақ не дөнгелек, бұтақталған сабағы бар бұта тектес формалары жатады.Олардың жапырақтары ерте түсіп қалады.Үйде өсіргенде гүлдемейді.Өздері тікенекті келеді,суыққа төзімді болады.Сондықтан еліміздің оңтүстігінде Қырымда, Кавказда, Түркменстанда опунция кактусын ашық ауада өсіреді.Ұсақ түкті және ақ түкті опунцияның екі түрі ғана үйде өсіріледі.
Кактус өсімдігіне әуестенген, гүл әуесқойлары опунцияның түтік сабақты, көп тікенді, жұлдыз тікенді өте көрікті түрлерін өсіруге талпынады.
Суккулентті оның ішінде кактустерді өсіретін гүл әуесқойлардың коллекциясында, кактустердің цереустар, эхинокактустар,хелокактустар көбірек кездеседі.
Кактустардың жабайы түрлері Европаға әкелініп, олар жеке коллекцияларда өсіріле басталды.Бөлме өсімдігі ретінде европалықтарға белгілі болған алғашқы кактустар,мелокактус(Melocactus), цереус (Cereus) және опунция (Opuntia) ,бұл кактустардың ірі коллекцияларын 14 ғасырда Лондон аптекарі Морган құрды (Турдиев,Беспаев,1964).Бөлме кактустары туралы алғашқы ресми мағлұматтар Ресейде 18 ғасырдың басында пайда болды.Ол Ленинградта бұрынғы аптекарь бағының орнында ботаникалық бақтың ашылуымен байланысты болды.
1714 жылы Петр І-дің бұйрығы бойынша Санкт-Петербург аптекарь бақшасы ашылған.1749ж осы аптекарь бағында кактустардың 35 түрі өсіріледі.Бұл кактустар цереус тобына жатты, олардың түрлері Ресейге Европадан әкелінген.
1830 жылы Бразилияның Ресейдегі консулы,ғылым-этнограф Г.Лангсдорф Бразилиядан кактустың жаңа түрлерін жеткізді.1889ж Санкт-Петербург ботаника бағында кактустар мен басқа суккуленттердің 1026 түрі өсірілді.
19-20 ғасырларда Европада және Ресейде кактустың ірі коллекциялары пайда болып,кактустарды өсіру тарату жұмыстары революциядан кейін дұрыс жолға,жүйеге келтірілді.Кактустарды өсіретін,коллекцияларды құратын кактусистер, яғни ғылыми түрде зерттеуші адамдардың тобы пайда болды.Кактустарды өсіретің қоғамдар 1950-1960 жылда Москвада, Ленинградта, Краснодарда, Минскіде тағы басқа қалаларда құрылды.
Қазақстан Республикасы бойынша алғашқы кактусистер клубы («Астрофитум») клубы 1964 жылы Алматыда құрылды.1972 жылы Алматыда кактусистердің алғашқы съезі өткізілді қазіргі кезде ТМД-елдерінде,Евразия көлемінде 70 астам кактустер коғамы белгілі.
Кактустер(Cactaceae) жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішінде, өте жоғары деңгейде маманданған өсімдіктердің бірі болып саналады.Тарихи эвалюциялық дамуда кактустар ылғалды аз жұмсайтын және су қорын жинайтын,шөлді-шөлейтті жерде кездесетін өсімдіктер болып саналады.
Кактустардың денесі 3 дене мүшелерінен тұрады: тамырдан,сабақтан және тікенекті метаморфозданған жапырақтан.
Кактустердің негізгі тамыры жақсы жетілген,оларда жанама тамырлар пайда болған.Тамырдың негізгі атқаратың қызметі кактус денесін субстратқа бекіту және топырақта ылғал көп болған жағдайда суды, минералды заттарды сіңіру. Кактус тамырларының бір ерекшелігі 5-6см топырақ терендігінде, ылғалдың аз мөлшерін сезіне алады. Кактус тамырлары өте тереңге кетеді,мысалы: Мексикада кездесетін мелокактус тамыры 7 м тереңдікке кетеді.Эпифитті кактустер(Epiphillym) қосалқы тамырлар пайда болады, бұл кактус тропикалық ормандарда кездеседі.Оның тамырлары ауадағы ылғалды сіңіре алады.(Талызин ,1967)
Кактус сабағында су қорын жинайтын паренхималық ұлпалардың жетілуіне байланысты 80-90% дейін су қоры жиналады.Мысалы: 20 жылдық цереуста ылғалдың 90% сабақта жиналады.(Турдиев 1982).Кактус сабақтың тағы бір ерекшелігі гиподерма-қабықтың болуына байланысты,жапырақтың болмауына суды аз буландырады.Ф.Пахоут және басқалар 1963 жылғы дерегі бойынша опунция сабағы қуаншылықта ылғалдың 5-6% ғана жоғалтады.Кактус сабағының пішіні әр түрлі болып келеді: бағана тәрізді (карнегия туысында –Carnegica), лемероцереуста (Lemaireocereus), шар тектес маммилярияда (Mammillaria),көп қырлы пішінде эхинофосулокактус (Ehinofossulocactus).Кактус сабақтары бұтақтанған және бұтақтанбаған болып бөлінеді.Кактус сабағының тағы бір ерекшеліктерінің бірі ареолдарының болуы.Ареол латын «ареола»-площадка,аудан деген мағынаны білдіреді.Ареол-кактус сабағының үстіндегі гүлі пайда болатын немесе жас кактус бұтақтары(детки) пайда болатын сабақтың ең жоғарғы бөлімі (Киселев,1973).
Кактустарда жапырақ болмайды,эвалюциялық дамуда жапырақ редукцияға ұшыраған.Метаморфозданған яғни түрлене өзгерген,жапырақ орнына кішігірім бүрлер,қабыршақтар немесе тікенектер пайда болады.Тікенектердің ұзындығы кактус түрлеріне байланысты бірнеше мм-ден-1см жетеді.Олар қорғаныш қызмет атқарады.
Кактустердің гүлдері жеке немесе шашақ гүлшоғырынан тұрады.Көптеген кактустарда гүлдері қондырмалы қос жынысты.Кактустердің ішінде тек қана мамиллярия ғана екі үйлі кактус түрлері кездеседі(мамиллярия двудомная)(Mammillaria dioica).Кактус гүлдері әр түрлі болып келеді,ірі гүлді,гүлдерінің ұзындығы 20-25см(селеницереус және гилоцереус)-(Selenicereus Hylocereus).Ұсақ гүлді кактустарда эпителант кактустар жатады.Кактус гүлдерінің рені ақ,қызыл сары, қызыл-сары,қоңыр болып келеді.Гүлдеу уақыты бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылады.Табиғи ортада кактус тозандануы насекомдар құстар арқылы жүреді,сонымен қатар өздігімен тозанданатын кактустар бар.
Кактустердің жемісі жидек тәріздес шырынды және тікенекті жіпшелі тұқым өкілдері бар,құрғақ жемістерден тұрады,табиғи жағдайда кактустер құстар,жануарлар арқылы таралады.
Кактус тұқымы өте жұқа жамылғысы болады.Кактустердің бір жемісінде 1-1000 тұқымы болады,көптеген түрлеріне байланысты.Бөлме және теплица жағдайында кактус тұқымы 7-10 күнде өсе бастайды.Тұқымның өсу ұзақтығы 7-10жыл.Кактустердің негізгі шыққан ортасы Оңтүстік Америка, Мексиканың, Перудың, Чилидің, Аргентина және Боливияның шөлейтті жерлерде кең таралған (Левданская,1978).
Бұл шөлейтті далаларда опунцияның көптеген түрлері кездеседі.Бөлме өсімдіктері ретінде ең алғашқы өсірілген кактус түрлері опунцияға жатады. Қазіргі кезде опунцияның кейбір түрлері Оңтүстік Қырымда ашық грунттарда өсірілуде.Олар -10С тағы дейінгі қысқа уақытқа созылған суықты көтере алады. (Левданская,1978)
Оңтүстік Американың таулы аудандарында,700-3000 мың биіктікте кактустар тұқымының эспостоя және мелокактус сияқты тұқымдастары ірі таулы ландшафты құрайды.Бұлар аласа бойлы жатаған түрлер. (Левданская,1979). Бұл таулы аудандарда ауаның температурасының өзгеруі 20 С. Күндіз 38 С болса,түнде 7-қа төмендейді.Кей жағдайларда кактус ландшафтының үстінде қор жамылғысы болады.Бұл кактустар 7-5С температураға төзімді.(Масюкова,1972).
Кактустар Американың Амазонка өзенінің бассейінінде орналасқан тропикалық мәңгі жасыл ормандарда кездеседі.Бұл кактустардың сабағы жапырақ пішіндес болып келеді,тікенектері аз немесе болмайды көп жағдайда эпифитті түрлері кездеседі,яғни ағаштардың дінің субстрат ретінде пайдаланады.ХVІІІ ғасырдың аяғында кактустарды систематикалық жүйелеу жұмысы басталды.Кактустарды дұрыс жүйелеуде олардың климат,рельефтік жағдайы тез өзгеріске түсуі көп кедергі келтірді.Сондықтан да ең алғашқы жасаған кактустардың систематикалық жүйесінде(Буксбаун 1958.,Бухгейм,1967)
көптеген қарама-қарсы деректері болды.Бүл авторларда кактустардың түр саны 800-2000 дейін берілген.(Сааков,1983).
Қазіргі уақытта системалар кактус тұқымдасын 3 трибаға бөледі:
1) Пейрескиялар(Pereskiodea)
2) Опунциялар(Oputiaidea)
3) Кактустар (Cactaidea).(Талызин,1967)
Пейрескиялы-кактустарға бұталы,жартылай бұталы,жатаған формадағы кактустар жатады.Олар суккулентті сабақты және суккулентті жапырақты болады.Гүлдері шашақты гүл шоғырларда орналасқан немесе гүлді болады.Гүл реңі ақ,қызыл,қызғылт,сары,жатыны төменде орналасқан.Тұқымының сыртында қара түсті қабығы болады.Бұл трибаға 2 туыс жатады: пейреския мен майуния.Кактус тұқымдасының бұл трибасындағы түрлер және туыстар Вест.Индияның,Мексикалық,және оңтүстік Саванада кездеседі.(Кесилев,1964)
Опунция трибасындағы кактустар-тік немесе жатаған бұталы және жартылай бұталы өсімдіктер.Олардың жатаған формалы түрлерін тефракактустар деп атайды.Опунцияның сабағы цилиндр,диск,шар тәрізді формалары болады,бұтақталған.Гүлдері жеке,қондырмалы,реңі сары,кейде ақ, жатыны төменгі,тұқымының сыртында өте қатты ақ түсті қабықшасы болады.Опунциялар 10 туыстарға жатады,350 түрден тұрады (Корнеев,1954). Опунциялардың сабағының пішініне байланысты 3 топқа бөлінеді.(Жизнь растений,Т.5).Бразелопунция (Лэм,1954).Бұл опунциялардың сабағы жалпақ, екінші топта птерокактус-сабағы цилиндр тектес, үшінші топта сабағы шар тектес кактустар.(Залатаева,1972)
Кактустер трибасына жататын түрлері ағаш тектес,бұталы және көп жылдық шөптесін болып келеді.Бұл трибадағы кейбір кактус түрлері эпифитті-тропикалық ормандарда кездеседі.Гүлдері жеке,қондырмалы,жатыны төменгі, тұқымының сыртын өте жұқа қабықша қаптап жатады.Бұл трибадағы кактустар орталық Америкада және Оңтүстік Америкада кездеседі.Кактустар трибасындағы туыстары өте көп.(Левданская,1979)
Кактустар табиғатта және адам өмірінде маңыз атқарады. Оңтүстік Америкадағы үндістер кактустарды медицина саласында пайдаланған. Ацтеки –мал азығы ретінде,тағам ретінде пайдаланған. Ацтеки-опунцияның кейбір түрлерінің жемісінен шырын, сироп, желе алған оны тағам ретінде пайдаланған. Мексиканың шөлді далаларында кактустардың кейбір түрлерінен сусын алады.(Дьяконов,1953)
Бөлме өсімдігі ретіндегі өсірілетін кактустар эстетикалық,санитарлық гигиеналық маңыз атқарады.(Пажоут,1963)