VII. Крестгүлділер - Крестоцветные- Brassicaceae
10. Иберис (Стенник)- Iberis
Биіктігі 20- 50 см аралығында болатын тік немесе жартылай жатаған сабақты декоративті әсем өсімдік. тамыры- шашақ тамыр жүйесіне жатады. Жапырақтары ланцет пішінді, ұзындығы 9- 10 см. Гүлдерінің диаметрі 1 см болатын ұсақ гүлді өсімдік. Гүлшоғыры- шатырша. Жемісі- дәнек. Шілдеден суық түскенге дейін гүлдеп тұрады.
11. Левкой (Маттиола)- Matthiola
Тік сабақты, биіктігі 15- 50 см аралығында болатын әсем өсімдік. Жапырақтары ланцет пішінді немесе кері жұмыртқа тәрізді, сабақта кезектесіп орналасқан. Түсі- ашық немесе қою жасыл. Гүлдері- дұрыс гүл, түсі: ақ, сары, сарғыш, көкшіл, қызыл және күлгін. Жемісі- ұзынша келген дәнек. Маусым- тамыз айлары аралығында гүлдеп тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |