14. Арктотис- Arctotis Тік сабақты, биіктігі 20 см- ден 120 см- ге дейін жететін әсем өсімдік. Тамыры тереңге бойламайды. Тілімденген жапырақтары сабақта кезектесіп орналасқан. Гүлшоғыры- себет. Гүлдерінің түсі алуан түрлі: ақ, қызғылт, сары, мыс түстес. Жемісі- тұқымша. Маусым- қазан айлары аралығында гүлдеп тұрады.
15. Барқытшөп - Бархатцы- Tagetes Сабағы әдемі бұтақтанған, биіктігі 30- 60 см аралығындағы бір жылдық декоративті шөптесін өсімдік. Жапырақтары тақ қауырсынды тілімденген, ашық жасыл түсті. Гүлі сары, сарғыш, қызыл- қоңыр себет гүлшоғырына жинақталған. Маусым айынан күн суытқанға дейін гүлдейді.