Биология онлайн мектеп жауаптары асетик



Дата07.02.2022
өлшемі17,96 Kb.
#91933
Байланысты:
Биология


БИОЛОГИЯ ОНЛАЙН МЕКТЕП ЖАУАПТАРЫ АСЕТИК
T.ME/HW11KAZ
2-ТАПСЫРМА ФИШЕР МЕН КОШЛАНД ТЕОРИЯЛАРЫН САЛЫСТЫРА ОТЫРЫП,КОШЛАНД ТЕОРИЯСЫНЫҢ ҚАНДАЙ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ БАР ЕКЕНІН АНЫҚТАҢЫЗ
1958ж. Дениел Кошланд «ключ-замок» моделінің модификациясын ұсынды. Ферменттер , негізінен, — қатты емес, иілгіш молекулалар. Ферменттің активті орталығы субстратпен байланыстан кейін конформацияны өзгертуі мүмкін. Активті орталықтың аминоқышқылдарының жанғы топтары ферменттерге өзінің каталиткалық функциясын орындайтын жағдайды қабылдайды. Кейбір жағдайда субстрат молекуласы активті орталықпен байланыстан кейін конформациясын өзгертеді. «ключ-замок» моделіне қарағанда, индуцирлі жағдайөткінші жағдайдың стабилизациясын да түсіндіреді. Бұл модель «рука-перчатка» атауын алды.
ӘР АМИНҚЫШҚЫЛЫНА ТЕК БЕЛГІЛІ БІР,БАСҚА АМИНҚЫШҚЫЛЫ ҮШІН ҚОЛДАНА АЛМАУЫ ГЕНЕТИКАЛЫҚ КОДТЫҢ ҚАЙ ҚАСИЕТІ?
АРНАЙЫЛЫҚ
ХЛОРОПЛАСТАРДЫҢ НЕШЕ ТҮРІ БАР?
3
ХЛОРОПЛАСТТЫҢ ҚЫЗМЕТІ?
Хлоропласт (грек. chloros — жасыл және plastos — соғып жасау) — фотосинтез процесін жүзеге асыратын өсімдіктердің жасуша ішкілік органоиды. Жарықсыз өсірген өсімдіктерде болатын этиопластар жарықтың әсерінен жасыл түске боялып, хлоропластқа айналады. Осы айналу барысында ішкі мембрана қатпарлана өсіп тилакоид (бір қабат мембранадан тұратын жұқа құты-қапшық) түзеді. Тилакоидтар өзара топтасып граналар пайда болады. Тилакоидты граналар жуып, дестелеп қойған тостаған-табақшаны елестетеді.
ФОТОСИНТЕЗДІҢ ЖАРЫҚ КЕЗЕҢІНДЕГІ ҮШ НЕГІЗГІ ПРОЦЕССТІ СИПАТТАҢЫЗ:
Фотосинтездің жарық фазасы реакцияларының әлементарлық өлшем бірлігі — квантосомалар болып табылады. Оның құрамына хлорофилдің 230 молекуласы және электрон тізбегін тасымалдауға қатысатын нәруыздар — цитохром b, с және ферредоксин кіреді.
ХЕМОСИНТЕЗ БЕН ФОТОСИНТЕЗДІҢ ҰҚСАСТЫҒЫ МЕН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ
Хемосинтез бен фотосинтездің ұқсастығы бірінші кезекте – автотрофтылығы. Хемотрофтар да, фототрофтар да бейорганикалық заттардан өздігінен органикалық заттарды түзуге қабілетті. Осыған байланысты олар продуценттер болып табылады. Бірақ фотосинтез үдерісі едәуір тиімді және бірқалыпты, барлық фотосинтездеуші ағзалар продуценттер болады. Фотосинтетиктер арасында қандай айырмашылықтар болса да, фотосинтездің химиялық нәтижелері іс жүзінде айырмашылық жасамайды. Барлық фотосинтетиктер жарық энергиясы, су мен көмірсуды көмірқышқыл газы түрінде сіңіреді, ал органикалық зат – глюкозаны синтездейді. Хемосинтез бен фотосинтездің айырмашылығы. Хемосинтезге бактериялардың өте алуан түрлі топтары кіреді. Олардың химиялық үдерістерінде едәуір айырмашылықтар болады. Хемосинтетиктердің әртүрлі топтары пайдаланатын және бөлінетін заттар мүлде алуан түрлі. Міне, сондықтан көптеген хемосинтетиктер продуценттер ретінде айтарлықтай «танымал» емес. Себебі суқойма түбінде және оттексіз ортада, тіпті ыстық су көздерінде де тіршілік ететін хемобактериялар бар. Ол жерде осындай продуценттермен қоректенетін консументтер тіршілік етпейді. Екінші бір айырмашылығы – хемосинтетиктер эукариоттар емес, олардың барлығы – 100% прокариоттар. Ал фотосинтетиктердің негізгі массасы өсімдіктер – эукариоттық ағзалар. Дегенмен қазіргі кезде де биосферада тіршілік ететін алғашқы фотосинтетиктер цианобактериялар болды. Олар өсімдіктер сияқты маңызды рөл атқармайды. Үшінші маңызды айырмашылығы – үдеріс атауынан көрініп тұр. Фотосинтетиктер энергия көзі ретінде жарықты, ал хемосинтетиктер химиялық реакцияларды пайдаланады. Осы тұрғыдан олар энергияны органикалық заттар, ал хемотрофтар – бейорганикалық заттар тотыққан кезде алатын гетеротрофтарға жақын. Сондықтан кейбір ғалымдар хемогетеротрофтар деген термин енгізіп, барлық жануарлар мен саңырауқұлақтарды автотрофты емес бактериялар деп атады. Оған қарама-қарсы термин – хемоавтотрофтар хемотрофты бактерияларды білдіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет