- Биологияны оқытуда мұғалім жан-жакты тәрбиелеудің барлық мүмкіндіктерін қолдана алады. Сонымен бірге мұғалім өз пәнінің спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие жұмысын жүргізеді. Оған көптеген мүмкіншіліктер бар. Мысалы, биологияны оқытудағы көптеген түрлі формалар: сабақ, сабақтан тыс және сыныптан тыс жұмыстар, мектепіші және мектепаралык жұмыстар, топсеруендер, оку-тәжірибе учаскесіндегі жұмыстар, оқушылардың жазғы экологиялык лагерде демалуымен қатар табиғаттағы құбылыстарды, тірі организмдерді зерттеу жұмыстары т.б.
- Әрбір ұстаз биология ілімінің терең сырын, маңызын қоғамдағы, өмірдегі және әрбір жеке адамның күнделікті қызметіндегі орнын түсіне отырып қана, жаңа жас ұрпақты тәрбиелей алады. Сондықтан биология пәнінің мұғалімін – осы білімді насихаттаушы деп есептеуге болады. Тек биология курсы пәндерін оқыту арқылы ғана, әдістерін жетілдіру нәтижесінде тереңдете дәйекті түрде адамның табиғаттағы ролін ашып көрсетіп, экологиялық мәдениеті мен сауаттылығын арттырып, өз өміріне сауаттылықпен қарауды жолға қоюға болады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!! Орындаған: Бағдатова Жұлдызай Қабылдаған: Сүлейменова Назерке Маратқызы Тобы: Биология «5В011300» 3курс
Достарыңызбен бөлісу: |