Жұмыс мақсаты: өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау.
Құрал-жабдықтар: сұйық, ауа немесе электрондық спирометр.
Жұмыс барысы
1. Спирометр — өкпе көлемін және өкпедегі өмір сыйымдылығын (тіршілікті) өлшеу үшін қолданылатын құрал.
2. Отырып ,барынша терең тыныс алдық. Спирометрге бүкіл демімізді шығардық.
3. ӨТС көрсеткіші: Өкпенің тіршілік сыйымдылығы → тыныстық сыйымдылық (500 мл) + тыныс алудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл) + тыныс шығарудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл). ӨТС=500 мл+1500 мл+1500 мл=3500 мл
4. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) 3 құрамды бөліктен тұрады. Адам тыныштық қалыпта әрбір демалғанда және әрбір дем шығарғанда шамамен 500 мл ауаны жұтады, әрі шығарады. Бұл ауа мөлшері тыныстық сыйымдылық деп аталады.
Қорытынды: Өкпенің тіршілік сыйымдылығы – адамның максимальді дем алып, дем шығарғандағы ең үлкен көлемді ауа. Өкпенің көлемдері және сыйымдылығы көрсетілген,олар өкпенің функциялық жағдайын көрсетеді. Сонымен қатар дем алу қозғалысы мен өкпенің көлемі жәнесыйымдылығының байланысын сипаттайтын пневмограмма көрсетілген. Өкпенің функциялық жағдайы адамның жасына, бойына, жынысына, физикалық дамуына және т.б факторларға байланысты болады.
№ 9 Зертханалық жұмыс
Сүйектің макро және микроскопиялық құрылысы. «Сүйектің химиялық құрамы» деген көрнекі көрсетілген тәжірибе.
Жұмыс мақсаты: табиғи және өзгертілген сүйектің микроскопиялық және микроскопиялық құрылысын зерттеу негізінде сүйектің химиялық құрамы мен құрылымының әртүрлі құрам бөліктерінің рөлдерін анықтау.
Құрал-жабдықтар: сүйек ұлпасының микропрепараттары,сүтқоректі жануарлардың араланған жалпақ және түтік тәрізді сүйектері, жануарлардың күйдірілген және кальцийсіздірілген сүйектері (мысалы,тауықтың); препараттық ванна немесе табақ.
Жұмыс барысы
1. Араланған сүйектің макроскопиялық құрылысын қараңдар. Мынадай элементтерді анықтаңдар:
Тығыз шағын сүйек заты – ол денеде жалпақ және түтік тәрізді сүйектің басында болады.
Кемікті зат – сүйек механикалық жүктемеге ұшырайтын бағытқа сәйкес доға тәрізді орналасқан табақшалардан тұрады.
Сүйек қабығын табыңдар. Оның қабатын тығыз заттан бөлуге бола ма? Сүйек сыртынан онымен , тұтасып өскен, созылғыш ұлпа сүйекқаппен жабылған. Сүйек сүйекқап жасушаларының ішкі қабатының бөлінуі есебінен өседі.
Сүйек басынан гиалинді (тегіс шеміршекті) таптық;
Қуысты сары сүйек кемігін таптық.
Зерттелетін сүйек типтерін анықтадық;
2. Сүйектің макроскопиялық құрылысын қараңдар. Мынандай элементтерді анықтаңдар:
1. Сүйек цилиндрлерінің пластиналарының жасушалары остеон деп аталады.
2. Остеоциттер және олардың өсінділері;
Остеоциттер – сүйектердің бірнеше жасушасының негізгі типі. Бұлар – өсінділері бар домалақ немесе сопақша жасушалар.
3. Остеондардың орталық қуысы – орталық өзек орналасқан.
3. Сүйектің үш: күйдірілген, кальцийсіздендірілген және өзгертілмеген (табиғи) типтерінің қасиеттерінің көрнекі түрде зерттедік.
Сүйек типтері
|
Созу
|
Ию
|
Құрамының өзгеруі
|
Алынған нәтиже себептері
|
Қалыпты
|
Сүйек органикалық заттар және минералды тұздардан тұрады.
|
Органикалық заттар сүйектің иілгіштігіне, минералды тұздар қаттылығына жауап береді.
|
Уксусқа салып қойсан минералды тұздары еріп кетеді де сүйек жұмсарып қалады.
Конец формы
|
Ал өртегенде керісінше органикалық заттары жанып кетеді да минералды тұздары ғана қалып, морт сынғыш болады.
Начало формы
|
Кальцийсіздендірілген
|
Мықтылық қасиет түзеді.
|
|
Кальций сүйектің беріктігін ұстайды, егер ол сүйекте болмаса ол морт сынғыш болып келеді.
|
Кальцийсіздендірілген сүйекте органикалық
ұнтақ қалады!
|
Күйдірілген
|
сүйектің жылтырлығы, серпімділігі оның органикалық затына, ал мықтылығы бейорганикалық затына байланысты.
|
Органикалық затына байланысты
|
Бейорганикалық заттар қалады,ал органикалық заттар
|
Күйдірген сүйекті оп-оңай сындыруға немесе үгуге болады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |