Азық-түлік құрамындағы С дәруменін анықтау
Жұмыс мақсаты: азық-түлік құрамындағы С дәруменін анықтаудың қарапайым
әдістерін меңгеру.
Құрал-жабдықтар: қара қарақат, лимон, алма, ашыған қырыққабат, апельсин, картоп
шырыны, дистилденген су, крахмал суспензиясы немесе коллоид1, дәріханалық йод, 5%-дық спирт ерітіндісі, химиялық ыдыс.
Жұмыс барысы
Әртүрлі сынауыққа 20 мл-ден шырын құйдық.
Шырынға дайындалған крахмал суспензиясынан шамамен 5 мл- ден құядық. Сосын сынауықтағы қоспаны араластырдық.
Йод ерітіндісін 40 есе сұйылттық. Енді осындай йодтың 1 мл-іне 0,875 мг Сдәрумені сәйкес келеді.
Арнайы химиялық ыдыс арқылы шырыны бар сынауықтарға тамшылатып (титрлеу) дайындалған йод ерітіндісін қостық. Жұмсалған йод мөлшерін мұқият санап алдық.
Шырыны бар ерітіндінің көкшіл түске айналуы бұл – йод- тың С дәруменін тотықтырып, крахмалмен әрекеттесе бастағанына дәлел болды.
Йод сынамасы бояуының өзгеру дәрежесі және жұмсалған йод мөлшері бойынша әртүрлі өсімдік шырынындағы С дәруменінің мөлшері туралы қорытынды жасадық.
Шырындарды С дәрумені мөлшерінің арту реті бойынша орналас- тырып, кестені толтырдық.
Қорытынды:
Лимон шырынына 10 мл йод ерітіндісін тамызғанда түсін өзгертеді.
Апельсин шырынына 11 мл йод ерітіндісін тамызғанда түсін өзгертеді.
Алма шырынына 5 мл йод ерітіндісін тамызғанда түсін өзгертетіндігін байқадық.
Йод сынамасы бояуының өзгеру дәрежесі және жұмсалған йод мөлшері бойынша әртүрлі өсімдік шырынындағы С дәруменінің мөлшері туралы қорытынды жасайтын болсақ, бірінші кезекте аскарбин қышқылының мөлшері өте жоғары көрсеткішті көрсеткен апельсин шырыны болса, екінші кезекте лимон шырыны, ал үшінші кезекте алма шырынының құрамында аскарбин қышқылы яғни С дәруменінің мөлшері анықталды.Шырындарды С дәрумені мөлшерінің арту реті бойынша орналастырып, кестені толтырдық.
Шырынның атауы
|
Шырын көлемі (мл)
|
Йод ерітіндісінің мөлшері
|
С дәруменінің мөлшері
|
Алма шырыны
|
20
|
5
|
4,375
|
Лимон шырыны
|
20
|
10
|
8,75
|
Апельсин шырыны
|
20
|
11
|
9,625
|
20 мл лимон шырыны = 10 мл йод ерітіндісі, демек 10 мл *0,875 мг (1 мл йод ерітіндісіндегі аскорбин қышқылының мөлшері) = 8,75. Зертханалық жұмысты қорытындылай келе анықтағанымыз, С дәрумені негізінен өсімдіктекті тағамдардың құрамында кездеседі. С дәрумені тіршілікке маңызы зор дәрумен болып табылады.
№ 6 Зертханалық жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |