«Биология» пәнінен оқу бағдарламасы Түсінік хат



бет49/75
Дата13.11.2023
өлшемі146,06 Kb.
#191145
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   75
Байланысты:
Биология 6 - 11 сынып күнтізбелік жоспар

VIII бөлім. Тыныс алу (3 сағат).




40.

Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелері: ауа тасымалданатын жолдар және өкпе. Мұрын, аңқа, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек және негізгі бронхылар, олардың құрылысы мен қызметі. Өкпенің құрылысы және қызметі. Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу.
Көрсетілім.
Тыныс алу және тыныс шығару кезіндегі көкірек қуысының (кеуденің) сыртқы шеңберін өлшеп салыстыру.

1

41.

Тыныс алу қозғалыстары, олардың реттелуі. Тыныс алу орталығы. Қорғаныш рефлекстері: жөтелу және түшкіру. Өкпенің тіршілік сиымдылығы. Тыныс алу мүшелері зақымданған жағдайда алғашқы көмек көрсету.
Практикалық жұмыс:
Тыныс алу тоқтап қалған кезде алғашқы көмек көрсету.

1



42.

Тыныс алу мүшелерінің аурулары: тұмау, өкпе туберкулезі - ауа арқылы берілетін аурулар. Кох таяқшасы - туберкулездің қоздырушысы. Өкпе рагы. Тыныс алу гигиенасы. Жасанды тыныс алдыру.

1




IX бөлім. Ас қорыту (6 сағат).




43.

Тамақтанудың маңызы. Тағамдық өнімдер және қоректік заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер, су, минералды тұздар. Тағам-денсаулықтың аса маңызды экологиялық факторы. Тағамдық өнімдердің экологиялық тазалығы.

1

44.

Ас қорытудың маңызы. Ас қорыту жүйесі: ас қорыту жолы, ауыз қуысы, жүтқыншақ, өңеш, асқазан, ішек; ас қорыту бездері (сілекей бездері, асқазан бездері, ұйқыбез, бауыр, ішек бездері).

1

45.

Астың ауыз қуысында қорытылуы. Тістің құрылысы мен қызметі, сүт тістердің түрақты тістермен алмасуы. Тістің күтімі. Астың корытылуында сілекейдің маңызы. Жұту. Жұтқыншақ бадамша бездері, олардың қызметі.
Көрсетілім:
Бассүйекке байланысқан жақ сүйектері.
№13 зертханалық жұмыс.
Қайнатылған крахмалға сілекейдің әсері.

1

46.

Астың асқазанда қорытылуы. Асқазан сөлі ферменттерінің нәруыздарға әсері. Ұйқыбез сөлі мен бауырдан бөлінетін өттің әрекетінен астың ұлтабарда қорытылуы.
Көрсетілім:
Асқазан сөлінің нәруыздарға әсерінің тәжірибесі.

1

47.

Ішек сөлінің асқа әсері. Астың қорытылуы және сіңірілуі. Ішек бүрлерінің құрылысы мен қызметі. Ас қорытуда тоқ ішектің рөлі. Ас қорытудың реттелуі. Тамақтану және денсаулық.

1

48.

Ас қорыту мүшелерінің жұқпалы аурулары: дизентерия, тырысқақ, іш сұзек т.б., олардың алдын алу шаралары. Паразиттік құрттар туғызатын аурулардың алдын алу. Тағамнан улану, алғашқы көмек көрсету шаралары.

1






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет