«Биология» пәнінен оқу бағдарламасы Түсінік хат


Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны



бет3/75
Дата13.11.2023
өлшемі146,06 Kb.
#191145
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
Байланысты:
Биология 6 - 11 сынып күнтізбелік жоспар
Идеал газ күйінің теңдеуі. Газ заңдары – ҰБТ, Қорытынды аттестаттау және ОЖСБ сынақтарына дайындайтын онлайн жаттықтырғыш құралы, 49571-География КТЖ 10-11 сынып ЖМБ-2023
3. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны

21. 7 –сыныпқа арналған биология пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімдер мен тараулардан тұрады.


22. «Кіріспе» (1 сағат). Зоология - жануарлар дүниесі туралы ғылым. Жануарлардың көптүрлілігі, олардың Жер бетінде таралуы. Жабайы және үй жануарлары.Табиғатта жануарлардың өзара байланысы. Жануарлардың табиғи
бірлестіктердегі орны мен рөлі. Жануарлар тіршілігінің адамға тәуелділігі. Жануарларға жағымсыз әсер ету және қамқорлық жасау. Жануарларды қорғау.
23. «Жануарларды жіктеу» (2 сағат). Жануарлардың негізгі жүйелік топтары: Дүние, Дүние тармағы, Тип, Класс, Отряд, Тұқымдас, Туыс, түр, популяция. Жануарларды жіктеудің маңызы. Зоология ғылымының қысқаша даму тарихы. Зоологияның Қазақстан Республикасында ғылым ретінде дамуы.
24. «Біржасушалы жәндіктер (жануарлар) дүние тармағы немесе Қарапайымдар типі» (4 сағат).

  1. «Бір жасушалы организмдер ретінде қарапайымдардың жалпы сипаттамасы». Қарапайымдардың табиғаттағы алуантүрлілігі. Олардың су қоймаларында, топырақта және адам мен өсімдік организмінде кездесетін саналуан өкілдері;

  2. «Тамыраяқтылар» (1 сағат). Кәдімгі амёба. Сыртқы және ішкі құрылысы (цитоплазма, ядро, вакуольдері). Біржасушалы организмдердің тіршілік әрекеттері: қозғалысы, қоректенуі,тыныс алуы, ыдырау өнімдерін шығаруы, осмостық реттелуі, көбеюі,циста түзуі;

  3. «Талшықтылар» (1 сағат). Жасыл евглена — жануарлар мен өсімдіктерге тән белгілердің қатарынан екеуін де алып жүрген қарапайым жәндік. Колониялы талшықтылар;

  4. «Инфузориялар» (2 сағат). Кірпікшелі кебікше — күрделі құрылысты қарапайым жәндік. Жынысты көбеюі. Жер бауырлап қозғалатын және отырықшы инфузориялар. Ірі қара малдармен селбесіп тіршілік ететін ифузориялар. Ауру қоздырғыш қарапайымдар: дизенериялық амёба, безгек паразиті. Дизентриялық амёбаны жұқтырудың алдын алу. Безгек ауруы таралған аймақтар. Безгекпен күресу. Қарапайымдылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Зертханалық жұмыс: Ашық су қоймасынан не аквариумнан алынған су тамшысын микроскоп астында қарап, қарапайымдардың өкілдерін табу.

25. «Көпжасушалы жануарлар дүние тармағы» (4 сағат):

  1. «Ішекқуыстылар тип»і (3 сағат). Ішекқуыстылар типінің жалпы сипаттамасы.Тұщы су гидрасы. Сыртқы және ішкі құрылысы. Денесінің қосқабаттылығы. Эктодерма. Энтодерма. Жасушаларының әртүрлілігі. Гидраның қоректенуі, тыныс алуы, тітіркенгіштігі, көбеюі, регенерациясы. Табиғаттағы маңызы;

  2. «Теңіз ішекқуыстылары» (1 сағат). Олардың көптүрлілігі және маңызы. Маржан полиптері және медузалар. Ішекқуыстылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

26. «Жалпақ , Жұмы және Буылтық құрттар типтері» (9 сағат):

  1. Құрттардың жалпы сипаттамасы. Құрттардың алуантүрлілігі. Құрттардың типтері. Табиғатта емін-еркін тіршілік ететін және паразиттік құрттардың негізгі топтары. Мекен ету орталары;

  2. «Жалпақ құрттар типі» (3 сағат). Ақ сұлама — табиғатта емін-еркін тіршілік ететін жалпақ құрттардың өкілі. Сыртқы құрылысы. Екі жақты

симметриялығы. Дене жамылғысы. Бұлшық еттері. Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері. Қозғалуы. Қоректенуі. Тыныс алуы. Көбеюі.Сиыр цепені — жалпақ таспа құрттардың өкілі. Оның құрылыс ерекшелігі мен паразиттік тіршілікке бейімділігі. Даму циклы мен иелерін алмастыруы. Сорғыш құрттар.Даму циклы және иелерін алмастыруы;



  1. «Жұмыр құрттар типі» (3 сағат). Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы. Нематодтар, Ішексорғы (аскарида), үшкір құрт (острица) тағы басқа да нематодтар. Олардың құрлысы, мен тіршілік әрекеттері,адам және жануарлар үшін маңызы. Адамның және ауыл шаруашылығы жануарларының паразиттік құрттарын жұқтырудан сақтану. «Паразитизм» түсінігі және оның биологиялық мәні. Паразит пен иесінің өзара қарым-қатынасы. Паразиттік құрттардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы;

  2. «Буылтық құрттар типі» (3 сағат). Буылтық құрттардың көптүрлігі. Шұбалшаң. Мекен ету ортасы. Сыртқы және ішкі құрылысы. Ұлпалар және мүшелер туралы түсінік. Қозғалуы. Асқорытуы, қан айналымы, зәр шығаруы, тыныс алуы. Көбеюі және дамуы. Шұбалшаңның биогеоценоздардағы,табиғаттағы және жануарлар дүниесінің даму тарихындағы орны мен маңызы. Зертханалық жұмыс: «Шұбалшаңның қозғалу ерекшелігін, тітіркендіргіштерге жауап қайтару реакциясын бақылау», «Сыртқы құрылысымен танысу», «Даяр дымқыл препараттағы құрттың ішкі құрылысына назар аударып зерттеу».

27.«Ұлулар типі (3 сағат):

  1. Ұлулардың жалпы сипаттамасы. Олардың көптүрлігі. Түрлі класс өкілдерінің мекен ортасына байланысты құрылысы мен мінез-құлық ерекшеліктері. Бақалшақтарының енжар қорғаныштық рөлі;

  2. «Бауыраяқты ұлулар класы» (1 сағат). Үлкен тоспаұлуы (немесе жүзім ұлуы) және жалаңаш шырыш, олардың мекен орталары. Құрылысы. Қоректенуі. Тыныс алуы. Көбеюі және дамуы. Биоценоздардағы рөлі және практикалық маңызы;

  3. «Қосжақтаулы ұлулар класы» (1 сағат). Айқұлақ және мидиялар. Олардың мекен орталары. Құрылыс ерекшеліктері. Қозғалуы. Қоректенуі. Тыныс алуы. Көбеюі. Биоценоздағы рөлі және практикалық маңызы;

  4. «Басаяқты ұлулар класы» (1 сағат). Сегізаяқтар, кальмар, каракатица. Олардың құрылыс ерекшеліктері. Қозғалуы, Қоректенуі. Мінез-құлығы. Биоценоздағы рөлі және практикалық маңызы. Зертханалық жұмыс: «Ұлулардың сыртқы құрылысын зерттеп білу және салыстыру», «Тоспаұлудың (немесе жүзім ұлуының) қозғалу ерекшелігін, сыртқы тітіркендіргіштерге жауап қайтару реакциясын бақылау», «Бақалшағының пішінін, оның сыртқы және ішкі қабаттарының құрылысын қарап зерттеу», «Әртүрлі тұщы су және теңіз ұлуларының бақалшақтарын салыстырып зерттеу».

28. «Буынаяқтылар типі» (14 сағат):



  1. Буынаяқтылар типінің жалпы сипаттамасы. Буынтаяқтылардың буылтық құрттармен ұқсастығы және айырмашылығы.

  2. «Шаянтәрізділер класы» ( 4 сағат). Класс өкілдерінің жалпы сипаттамасы. Өзен шаяны. Мекен ортасы және тіршілігі. Құрылыс ерекшелігі. Қоректенуі. Тыныс алуы. Көбеюі. Басқа шаянтәрізділер. Шаянтәрізділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы;

  3. «Өрмекшітәрізділер класы» (4 сағат). Өрмекшітәрізділердің жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі. Өрмекшінің сыртқы құрылысы. Мекен ортасы, тіршілік ету ерекшеліктері және мінез -құлығы. Өрмектіңқұрылысы мен рөлі. Өрмекшілердің биогеоценоздардағы рөлі. Кенелер. Мекен ортасы паразиттік тіршілік етуі. Сыртқы құрылысындағы және мінез-құлығындағы ерекшеліктері. Кенелердің ауру қоздырғыштарын тасымалдауы. Кенелер жұқтыратын энцефалит ауруы. Кенелерден қорғану шаралары. Кенелердің табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі;

  4. «Бунақденелілер класы» (6 сағат). Класс өкілдерінің жалпы сипаттамасы. Бунақденелілердің көптүрлілігі. Олардың сыртқы құрылысының ерекшеліктері (мысалы зауза қоңызының немесе бөлме шыбынының, тағы басқа). Қозғалуы. Қоректенуі. Тыныс алуы. Бунақденелілердің көбеюі және дамуы. Даму типтері. Шала түрленіп дамитын бунақденелілердің негізгі отрядтары: тікқанаттылар, теңқанаттылар және қандалалар. Толық түрленіп дамитын бунақденелілердің негізгі отрядтары: көбелектер, инеліктер, қатқылқанаттылар (қоңыздар), қосқанаттылар, жарғаққанаттылар. Осы отрядтардың бірқатар өкілдері орман және ауылшаруашылығы өсімдіктерінің зиянкестері. Бунақденелілерді қолға үйрету, мысалы тұт және емен жібек көбелектері.Бунақденелілер - адам ауруларын тасымалдаушылар. Ауру тасымалдаушылармен күресу. Аралар мен құмырсқалар - қоғамдасып тіршілік ететін бунақденелілер. Олардың тіршілігі мен отбасын құру ерекшеліктері. Мінез-құлықтары. Түйсігі (инстинкт). Аралардың және басқа жарғаққанаттылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Бунақденелілердің шөпқоректі, жыртқыш, паразиттік өкілдері. Олардың биоценоздық және практикалық маңызы. Зиянкес бунақденелілермен күресудің биологиялық әдісі. Бунақденелілерді қорғау. Зертханалық жұмыстар: «Бөлме шыбынының сыртқы құрылысы». «Жеміс шыбыны дрозофиланың дернәсілін және ересек дарағын қарап, оның құрылыс ерекшеліктеріне назар аудару». «Бау және бақша зиянкестерінің жинақтамасын зерттеп қарау». «Зиянкес бунақденелілерді ажырата білу».

29. «Желілілер типі» (28 сағат):

  1. Желілілер типіне қысқаша сипаттама;

  2. «Бассүйексіздер тип тармағы» (1 сағат). Қандауырша — бассүйексіздер тип тармағының өкілі. Мекен ортасы және құрылыс ерекшеліктері. Қандауыршаның табиғаттағы рөлі және практикалық маңызы;

  3. «Балықтар класс үсті» ( 5 сағат). Балықтарға жалпы сипаттама. Шеміршекті балықтар класы. Сүйекті балықтар класы. Сүйекті балықтардың құрылысындағы ерекшеліктер. Сыртқы құрылысы. Дене бөліктері мен жамылғысы. Балықтардың қозғалуында жүзбеқанаттардың рөлі. Сезім мүшелерінің орналасуы және маңызы. Сүйекті балықтың ішкі құрылысы: тірек — қимыл, жүйке, асқорыту, тыныс алу, қан айналым және зәр шығару жүйелері. Торсылдағы және оның маңызы. Балықтардың көбеюі және дамуы. Мінез-құлық ерекшеліктері. Өрістеуі (миграция) өсімталдығы және ұрпақтарына қамқорлық жасауы. Балықтарда түйсіктің (инстинкт) байқалуы. Популяция туралы түсінік. Шеміршекті балықтар класы: акулалар, скаттар. Шеміршекті балықтардың көптүрлілігі. Бекірелер. Бекірелердің маңызы және оларды қайта көбейтіп қалпына келтіру шаралары.Қостынысты балықтар. Саусаққанатты балықтар, олардың құрылықтың омыртқалы жанауарлардың шығу тегіндегі маңызы. Балықтардың түрлі тіршілік орта жағдайларына бейімділіктері. Балықтардың кәсіптік маңызы. Кәсіптік балықтардың негізгі топтары: майшабақтар, сетінектер (трескалар), көзауықтар (камбалалар), тұқы балықтар (карптар) және тағы басқалар. Балықтар байлығын үнемді пайдалану, оларды қорғау және көбейту. Балықөсіру зауыттары және олардың маңызы. Тоған шаруашылығы. Сазан және оның қолға үйретілген формасы — тұқы балық (карп). Тоған шаруашылығында өсірілетін балықтардың басқа да түрлері. Балықтарды жерсіндіру. Жерсіндірудің биологиялық және шаруашылықтық негіздемесі. Аквариумдық балықшаруашылығы. Зертханалық жұмыс: «Сулы ортадағы тірі балықтарды бақылау», «Олардың сыртқы құрылысына назар аударып зерттеу», «Қабыршақтарындағы дөңгелектеу келген сызықтарға қарап балықтың жасын анықтау», «Балықтың қаңқасын қарап зерттеу», «Балықтың ішкі құрылысына қарап мүшелерін анықтап табу, олардың орналасуына назар аудару»;

  4. «Қосмекенділер класы» (3 сағат). Қосмекенділерге жалпы сипаттама. Бақаның сыртқы және ішкі құрылысы. Оның қосмекенді тіршілігі. Қоректенуі. Қосмекенділер тіршілігінің жылдық циклы. Қыстақтары. Бақалардың көбейуі және дамуы. Қосмекенділердің түрөзгерістері. Дернәсілдерінің балықтарға ұқсастығы. Қосмекенділердің көптүрлілігі. Құйрықты (тритон, саламандра) және құйрықсыз (құрбақа, көл бақасы, шұбар бақа, тоған бақасы) қосмекенділер. Қосмекенділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Қосмекенділерді қорғау. Өліп біткен қосмекенділер және олардың ертедегі саусаққанатты балықтардан пайда болуы. Зертханалық жұмыс: «Тірі бақаларға бақылау жүргізу». «Бақаның сыртқы құрылысын зерттеп білу. Қаңқасының ерекшелігіне назар аудару». «Даяр ылғал препараттан бақаның ішкі құрылысына қарап мұқият зерттеу»;

  5. Жорғалаушылар класы (4 сағат). Жорғалаушылар класына жалпы сипаттама. Құрлықтық-ауалы тіршілік ортасы. Жорғалаушылардың сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері (мысалы кесіртке).Құрлықтық-ауалы ортада тіршілік етуге бейімділігі. Қоректенуі және мінез-құлығы. Тіршілігінің жылдық циклы. Көбеюі және дамуы. Жыландар, оның түрлері. Жыландар мен кесірткелердің ұқсастығы және айырмашылықтары. Жыланның ұлы аппараты. Жылан уының әсері. Жыланның шағуынан қорғану және улы жылан шаққан жағдайда көрсетілетін алғашқы көмек. Жорғалаушылардың басқа отрядтары: тасбақалар, қолтырауындар. Жорғалаушылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Жорғалаушыларды қорғау. Ертедегі жорғалаушылардың алуантүрлері. Олардың жойылу себептері. Жорғалаушылардың ертедегі қосмекенділерден пайда болуы. Зертханалық жұмыс: «Тірі кесірткенің қозғалысын, басқа да тіршілік әрекеттерін бақылау (улы емес жыландарды немесе тасбақаларды бақылауға болады»). «Олардың сыртқы құрылыстарына назар аударып зерттеу». «Кесіртке мен бақаның қаңқаларын салыстыру». Топсеруен: «Өлкетану мұражайына немесе хайуанаттар бағына барып туған өлкенің алуантүрлі жануарларымен танысу»;

  6. Құстар класы (6 сағат). Класстың жалпы сипаттамасы. Құстардың мекен ортасы. Олардың сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері. Құстардың ұшуға бейімділігі. Зат алмасу қарқындылығы. Жылықандылығы. Жорғалаушылармен салыстырғанда жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің, мінез-құлығының, дене жашылғысының, ішкі құрылысының күрделенуі. Көбеюі мен дамуы. Ұрпақтарына қамқорлық жасауы. Жылдық тіршілік циклы мен маусымдық құбылыстары. Құстардың қайтуы. Құстардың шығу тегі. Археоптерикс. Құстардың көптүрлілігі. Пингвиндер. Қыртөсті (ұшатын) құстар. Таралуы. Құрылыс ерекшеліктері мен тіршілік орта жағдайларына бейімделуі. Құстардың экологиялық топтары: орман және су қоймалары мен жағалауларының құстары, ашық далалы алқаптардың және ауада ұшып жүріп қоректенетін құстар. Бунақденелілермен, жануартектес азықтармен қоректенетін және жыртқыш құстардың пайдасы. Құстарды қорғау және қолға үйрету. Құстардың биогеоценоздардағы және адам өміріндегі маңызы. Кәсіптік құстар оларды тиімді пайдалану және қорғау. Үй құстары: құстардың шығу тегі және аса маңызды қолтұқымдары, оларды адамның пайдалануы. Зертханалық жұмыс: «Құстардың сыртқы құрылысы». «Қауырсынды жамылғысы, қауырсындарының әртүрлі типтері». «Құстардың қаңқасы, ішкі құрылысы (ылғалды препарат)». «Тауық жұмыртқасының құрылысын зерттеу». Топсеруен: «Орман құстарымен танысу (саябақ, мектеп бағының құстары). Тірі құстардың мінез-құлығын бақылау»;

  7. Сүтқоректілер класы немесе Аңдар (9 сағат). Класс өкілдерінің жалпы сипаттамасы. Сүтқоректілердің мекен ортасы. Сыртқы және ішкі құрылыс ерекшеліктері. Жорғалаушылармен салыстырғанда дене жамылғысының, асқорыту,тыныс алу, қан айналым, зәр шығару, жүйке жүйелерінің, сезім мүшелерінің, мінез-құлығының күрделенуі. Көбеюі және дамуы. Ұрпақтарына қамқорлық жасауы. Жылдық тіршілік циклі және маусымдық өзгерістері. Сүтқоректілердің ертедегі жарғалаушылардан пайда болуы. Сүтқоректілердің көптүрлілігі. Жұмыртқасалушылар. Қалталы және ұрықжолдасты сүтқоректілер. Биологиялық ерекшеліктері. Таралу аймақтары және алуантүрлілігі. Ұрықжолдасты сүтқоректілердің аса маңызды отрядтары. Олардың биологиялық ерекшеліктері. Бунақденеқоректілер, қолқанаттылар, кемірушілер, қоянтәрізділер. Жыртқыштар (ит, мысық, аю, сусар тұқымдастары). Ескекаяқтылар. Китәрізділер. Жұптұяқтылар. Тақтұяқтылар. Приматтар. Сүтқоректілердің негізгі экологиялық топтары: ормандарды, ашық далалы алқаптарды, су қоймалары мен олардың жағалауларын, топырақ астында мекендейтін сүтқоректілер. Қолға үйретілген аңдар. Түрлі қолтұқымдары және оларды адамның пайдалануы. Олардың жабайы ата-тектерден шығуы. Сүтқоректілердің маңызы. Олардың табиғаттағы және антропогендік ландшафттардағы сан мөлшерінің реттелуі. Кәсіптік аңдар және кәсіпшілік. Аңдарды жерсіндіру. Сүтқоректілерді тиімді пайдалану және қорғау. Зертханалық жұмыс: «Аңдардың тіршілігін бақылау». «Сыртқы құрылысын, қаңқасының құрылыс ерекшелігін зерттеп білу». «Даяр ылғал препараттардан ішкі құрылысын қарап танысу». Ескерту: (Зертханалық жұмыстарды орындауға қажетті құрал-жабдықтар болмаған жағдайда оларды көрсетілімдермен немесе электрондық нұсқалармен алмастыруға болады). Топсеруен: «Қолға үйретілген және жабайы аңдар тақырыбы бойынша өлкелік мұражайға немесе хайуанаттар бағына бару».

30. Жерде жануарлар дүниесiнiң дамуы (1 сағат). Жануарлар дүниесінің тарихи дамуы. Жерде жануарлар дүниесі тарихи дамуының дәлелдемелері. Эволюция туралы түсінік. Жануарлар дүниесінің алуантүрлілігі тірі табиғат эволюциясының нәтижесі екендігі. Биологиялық әртүрлілік табиғат пен қоғамның тұрақты дамуының негізі екендігі.
31. Табиғи бiрлестiктер (1 сағат). Биогеоценоздар, агроценоздар және экожүйелер туралы түсінік. Жануарлардың табиғи бірлестіктердегі орны және рөлі. Табиғи бірлестіктердің трофикалық байланыстары. Қоректік тізбектер. Экологиялық (қуыстар) орындар. Жануарлардың табиғаттағы сан мөлшері және оның ауытқуының себептері. Агроценоздардағы жануарлар сан мөлшерінің ауытқуы. Топсеруен: «Табиғи бірлестіктердегі көктемгі тіршілік». «Сулы ортаның табиғи бірлестіктеріндегі көктемгі құбылыстар».
32. Қорытынды (1 сағат). Жануарлар дүниесі организмдердің, популяциялар мен түрлердің және бірлестіктердің көптүрлілігінің көрінісі. Тірі табиғаттың құрылым деңгейлері. Жануарлар дүниесін орынды және тиімді пайдалау, қорғау. Біздің ғаламшарымыздағы жануарлар дүниесінің көптүрлілігін сақтауда адам және қоғамның рөлі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет