«Биология» пәнінен оқу бағдарламасы Түсінік хат


Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны



бет4/75
Дата13.11.2023
өлшемі146,06 Kb.
#191145
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
Байланысты:
Биология 6 - 11 сынып күнтізбелік жоспар
Идеал газ күйінің теңдеуі. Газ заңдары – ҰБТ, Қорытынды аттестаттау және ОЖСБ сынақтарына дайындайтын онлайн жаттықтырғыш құралы, 49571-География КТЖ 10-11 сынып ЖМБ-2023
4. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны

33. 8 –сыныпқа арналған биология пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:



  1. «Кіріспе» (1 сағат). Адам туралы ғылымдар: анатомия, физиология, және гигиена. Өз денсаулығы мен айналысындағы адамдардың денсаулығын сақтау үшін адам организмінің құрылысы мен қызметінің білімдері туралы ғылымдардың қалыптасуына ғалымдардың үлес қосуы. Салауатты өмір салты туралы түсінік. Адамның биоәлеуметтік табиғаты;

  2. «Адам биологиялық түр ретінде. Адам организміне жалпы шолу» (8 сағат). Ішкі мүшелердің топографиясы. Жасуша және оның құрылысы: ядро және цитоплазма, хромосомалар және гендер. Жасушалық мембрана. Жасушаның органоидтары: эндоплазмалық тор, рибосомалар, митохондриялар, лизосомалар, жасуша орталығы. Жасушаның химиялық құрамы: су, минералды тұздар. Органикалық заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар, нуклеин қышқылдары. Жасушалардың тіршілігі. Рибосомалардағы биосинтез процестері, органикалық заттардың энергия бөле отырып жүретін биологиялық тотығу процестері және олардың митохондрияларда аяқталуы. Жасушалардың бөлінуі, олардың өсуі мен дамуы, мамандануы. Тітіркенгіштік және қозғыштық қасиеттері. Адамның негізгі ұлпалары: эпителий, дәнекер, бұлшық, ет, жүйке. Зертханалық жұмыс «Эпителий, дәнекер, бұлшық ет және жүйке ұлпаларын микроскоп астында қарау, немесе «Ұлпалардың құрылысы» атты электрондық нұсқаны көріп танысу»;

  3. «Адам организмінде мүшелер жүйесінің қызмет бірлігі. Мүшелер жүйесі қызметінің гуморальдық реттелуі» (3сағат). Ішкі және сыртқы секреция, аралас секреция бездері. Эндокриндік жүйе. Гормондардың қасиеттері, олардың организм дамуының түрлі кезеңдерінде мүшелер жұмысын реттеудегі маңызы. Бүйрек үсті бездерінің гормондары: адреналин, норадреналин. Олардың қан тамырларына, жүректің жұмысына, бауырға әсері. Зат алмасудағы, организмнің өсуі мен дамуындағы гормондардың рөлі. Гипофиздің жүйке жүйесімен байланысы. Өсу гормоны. Гипофиздік ергежейлілер мен алыптар. Қалқанша без, оның гормонының зат алмасуға, өсу мен дамуға әсері. Тағамдық заттарда йодтың жеткіліксіздігіне байланысты қалыптасатын қалқанша без аурулары. Қалқанша бездің қызметі жеткіліксіз болып төмендеген жағдайда: жас балаларда кретинизм, ал ересек адамдарда шырыштық немесе сілемейлі ісік ауруы қалыптасады. Қалқанша без қызметінің шамадан тыс жоғарылауы базедов ауруына себепші болады. Қазақстанда қалқанша без ауруларының алдын алу мақсатында топырақ пен судағы йодтың мөлшері жеткіліксіз аудандарда бұл жағдайдың қатаң есепке алынуы. Бүйрек үсті бездері, гипофиз және қалқанша без гормондарының жыныстықжетілуді реттеудегі рөлі. Жыныс бездерінің дамып жетілуі және олар бөліп шығаратын гормондардың екінші реттік жыныс белгілерінің қалыптасуына әсері. Ұйқыбез бөліп шығаратын инсулин гормонының қандағы глюкоза мөлшерін реттеудегі рөлі. Ұйқыбез қызметінің төмендеуінен болатын қантты диабет ауруының қалыптасуы. Көрсетілім. «Суы мен топырақ құрамында йод жетіспейтін аймақта тұратын, қалқанша бездері ұлғайған бірнеше әйелдің портреттерін көрсету (Рубенс бойынша)»;

  4. «Жүйке жүйесі» (5 сағат). Жүйке жүйесінің маңызы, оның құрылысы мен қызметі. Нейронның құрылысы: нейрон денесі, дендриттер, аксон, рецептор, синапс. Қозу және тежелу органимзді реттеуге қажетті жағдайлар екендігі. Синапстар арқылы ақпараттың берілуі. Рефлекс және рефлекстік доға: рецептор және сезімтал, ендірме, қозғалтқыш нейрондар, синапс, жұмыс атқарушы мүшелер. Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері. Жұлын. Жұлынның ақ және сұр заттары, орталық өзегі. Жұлыннан шығатын жүйкелер. Жұлынның маңызы, оның рефлекстік және өткізгіштік қызметі.Ми. Мидың сұр және ақ заттары. Мидың қыртысы және ядролары, мидан шығатын 12 жұп жүйкелер. Мидың бөлімдері, олардың құрылысы мен қызметі: сопақша ми, көпір, мишық, ортанғы және аралық ми, үлкен ми сыңарлары. Ми бөліктері және үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтары: қимыл-қозғалыс, тері-бұлшық, ет, көру, есту, иіс сезу, дәм сезу. Еркін қозғалысты қамтамасыз етуде маңдай бөлігінің рөлі. Ми қыртысының сөйлеу орталықтары. Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері, олардың құрылысы мен қызметі.Көрсетілім. Сопақша мидың рефлекстері: көзді жыпылықтату, жұтыну. Мишықтың қызметі: қимылды үйлестіру, тепе-теңдікті сақтау.Зертханалық жұмыс: «Тізе рефлексін зерттеу», «Терінің тітіркенуі кезінде жолақтардың түзілуін бақылау: вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімінің әсерінен терідегі қан тамырлары тарылып теріде ақ жолақтар көрінеді, ал одан кейін байқалатын қызыл жолақтардың парасимпатикалық бөлімнің әсерінен қан тамырларының кеңеюіне байланысты жүреді», «Көзді жыпылықтату рефлексінің түзілуі және оның тежелуі»;

  5. «Сезім мүшелері – анализаторлар» (4 сағат). Сезім мүшелері және анализаторлар туралы түсінік. Анализаторлардың қасиеттері, олардың маңызы және өзара байланысы.Көру мүшесі. Көздің құрылысы мен қызметі. Көру анализаторлары. Түрлі кескін, бейнелерді анықтап ажыратуда үлкен ми сыңарлары қыртысының рөлі, ондағы көру орталығы. Көздің зақымдануы және аурулары. Сығырлық және қырақтылық, олардың алдын алу. Көру гигиенасы. Көз зақымданғанда көрсетілетін алғашқы көмек. Ландшафт экологиясы және көруге жайлы жағдай. Есту мүшесі және есту анализаторы, оның маңызы. Сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтың құрылысы және қызметі. Есту анализаторының бөліктері. Дыбыстарды ажыратып тануда үлкен ми сыңарлары қыртысының рөлі, оңдағы есту орталықтары. Есту гигиенасы. Шумен күресу. Есту мүшелерінің аурулары, олардың алдын алу. Тепе-теңдік мүшелері: вестибула аппараты. Қапшықтар мен жартылай иірім өзегінің құрылысы мен қызметі. Сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелері мен олардың анализаторлары. Бұлшық ет сезімінің рөлі. Анализаторлардың өзара әрекеті. Көрсетілім. «Белгісіз заттардың иісін анықтау тәсілдері». Зертханалық жұмыс:«Көздің нұрлы қабығы мен көзбұршақтың қызметін анықтау, Соқыр дақты табу, Құлақтың есту мүмкіндігін анықтау, Саусақтардың ұшындағы төмпешіктердегі және сыртқы бетіндегі сезімталдықты анықтау»;

  6. «Тірек-қимыл жүйесі» (6 сағат). Сүйектер, бүлшық ет, сіңірлер-тірек қиымыл жүйесінің құрамдас бөліктері. Олардың маңызы. Қаңқа сүйектерінің байланысуы. Буындардың құрылысы. Сүйектердің құрамы және құрылысы, олардың пііпіндері мен қызметі. Түтікті сүйектердің ұзарып және жуандап өсуі. Сүйектің ішкі құрылысы: сүекқап, тығыз және кеуекті заттар, түтікті сүйектің қуысы, сүйектің қызыл және сары кемігі, сүйектің қызыл кемігінің қан тұзілудегі рөлі.Қаңқаның негізгі бөлімдері: бассүйек, түлға қаңқасы, иық және жамбас белдеулерінің қаңқасы, қол-аяқ қаңқасы. Омыртқа жотасының бөлімдері. Адам қаңқасының ерекшеліктері. Сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек. Бұлшық ет, бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы. Адам организміндегі бүлшық еттердің негізгі топтары. Бұлшық еттердің жүмысы. Бұлшық етқозғалысының реттелуі. Бұлшық ет жиырылудың және динамикалық жүмысының энергетикасы. Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақтабандылық қалыптасудың алдын алу. Гиподинамияның салдары. Қаңқа мен бұлшық еттің дұрыс қалыптасуына жаттықтырудың әсері. Күнделікті дене еңбегін дұрыс ұйымдастыру: ертеңгілік жаттығулар, дене шынықтыру сабағы, спортпен шүғылдану. Көрсетілім: «Қолын жоғары көтеріп, алақанын жоғары не төмен қаратып қолын айналдырып қозғалыстар жасау арқылы иық белдеуі сүйектерінің атқаратын рөлін өзіндік бақылау. Бұлшық еттердің динамикалық және статикалық жүмыс атқаруы барысында қажуы. Дене бітімінің дұрыстығын және жалпақтабандылықтың анықтау тәсілдерін қолдану. Білекке шендеуіш салу және оны қолда бар заттардың көмегімен бекіту. Модельдік тәжірибе көрсету: бірдей екі бет қағаздың біреуін түтік тәрізді орап, олардың беріктігін салыстыру»; Зертханалық жұмыс: «Кальцийсіздірілген және күйдірілген сүйектің қасиеттерін зерттеу, Омыртқа жотасының иілгіштігін , бұлшық еттер мен сүйектерінң орналасуын анықтау,.Организмнің өсу және даму деңгейін антропометрлік әдіспен анықтау»;

  7. «Организмнің ішкі ортасы» (7 сағат). Қан, ұлпа сүйықтығы және лимфа-организм ішкі ортасының құрам бөліктері. Олардың айналымы және байланысы. Қанның құрамы: плазма және формалы элементтер- эритроциттер, тромбоциттер, лейкоциттер. Қанның ұюында тромбоциттердің рөлі. Эритроциттердің оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдауы. Гемоглобиннің рөлі. Артериялық және веналық қан. Лейкоциттер, олардың құрылысы мен қызметі. И.И.Мечников, фагоцитоздың ашылуы. Қабыну процестері. Лимфоциттердің қызметі, иммунитет. Иммундық жүйенің мүшелері: қызыл сүйек майы, тимус, лимфа түйіндері. Иммундық реакция. Антигендер және антиденелер. Ауру қоздырғыш микробтар мен вирустардың жұқпалы аурулар дамуындағы рөлі. Э.Дженнер және Л.Пастер. Вакциналар мен емдік сарысулардың ойластырылып шығарылуы. Енжар және белсенді, табиғи және жасанды иммунитет. ЖИТС-тің (жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы ). (СПИД) алдын алу. Қан топтары және қан құю. Зертханалық жұмыс: «Адам қанын микроскоп астында қарап, құрылысымен танысу»;

  8. «Жүрек-қан тамырлары жүйесі» (5 сағат). Жүректің құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалардың қызметі. Жүрек қақпақшалары. Жүрек жүмысының кезеңдері. Қан тамырлары: артериялар, капиллярлар, веналар. Веналық қақпақшалары. Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері. Лимфаайналымы. Қанның тамырлардың бойымен қозғалуы. Қанның артериялық қысымы, оны өлшеу тәсілдері; жоғарғы және төменгі артериялық қысым; гипертония және гипотония, олардың себептері. Миокард инфаркті. Жүрек- қантамырлар жүйесінің жүмысын бұзатын экологиялық және әлеуметтік себептер мен жағдайлар. Тамырдың соғуы (пульс). Организмде қанның таралуы. Жүрек және қан тамырлар жүмысының реттелуі. Жүрек жұмысының автоматизмі. Орталық жүйке жүйесінің қатысуымен жүрек жүмысының рефлексті реттелуі. Гуморальдық реттелу. Шамадан тыс бұлшық ет әрекетінің жүрек пен қантамырларына әсері. Жүректі жаттықтырудың маңызы. Жүрек- қантамырлар жүйесі жұмысының сынамалары-адамның өзін-өзі бақылауамалы екендігі. Капиллярлық, веналық және артериялық қан кетуде көрсетілетін алғашқы көмек. Аяқ-қол қан тамырлары зақымданған кезде жгутты пайдаланып көмек көрсету. Мүрыннан қан кеткенде көрсетілетін алғашқы көмек. Көрсетілім: «Сфигмоманометр және фонендоскоптың көмегімен артериялық қысымды өлшеу; бұрауышты пайдаланудың тәсілдері». Зертханалық жүмыс: «Жарақаттанған саусақты қатты қысып байлау себепті веналық қақпақшалар жабылып, қолды төмен түсіргенде саусақтың веналық қан тамырларында қан айналым тоқтайды. Тамырдың соғуын қолдың білезігінен кәрі жілік артериясын саусақпен басып өлшейді; Жүрек қан-тамырлар жүмысын тексеру үшін адамды 20 рет отырғызып-түрғызудың алдындағы және одан кейінгі тамыр соққыларын салыстырып анықтайды»;

  9. «Тыныс алу» (3 сағат). Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелері: ауа тасымалдайтын жолдар және өкпе. Мұрын қуысында ауаның тазаруы және жылынуы. Аңқа, жұтқыншақ, көмекей (көмей). Дыбыс сіңірлері, олардың дыбыс шығарудағы және сөйлеудегі рөлі. Кеңірдек және негізі бронхылар. Өкпенің құрылысы: өкпеқап, бронх ағашы, өкпе көпіршіктері (альвеолалар). Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу. Тыныс алу қозғалыстары.Тыныс алу қозғалыстарының реттелуі. Сопақша мидағы тыныс алу орталығының рөлі. Тыныс алу орталығының жұмысына үлкен ми сыңарларының әсері. Қорғаныш рефлекстері: жөтелу және түшкіру. Тыныс алудың гуморальдық реттелуі: қан құрамындағы көмірқышқыл газы мөлшерінің тыныс алу орталығына әсері. Тыныс алу мүшелерінің аурулары: тұмау, өкпе туберкулезі - ауа арқылы берілетін аурулар. Кох таяқшасы - туберкулёздің қоздырушысы. Өкпенің қатерлі ісігі. Флюорография - өкпе ауруларын ең алғашқы кезеңдерінде диагностикалау жолы. Тыныс алу гигиенасы. Адам денсаулығына таза ауаныңмаңызы. Химиялық заттармен, бактериялар жәневирустармен ластанған ауаның әсеріне тыныс алумүшелерінің тез шалдыққыштығы. Аллергия. Атмосфералық ауаны ластанудан қорғау. Ауақұрамындағы зиянды заттар концентраңиясының шегі туралы түсінік. Темекі шегу қауіп-қатердің факторы екендігі. Шаң-тозаңмен күрес. Өкпенің тіршілік сиымдылығы, оның өлшемі. Тыныс алу гимнастикасы. Тыныс алу мүшелері зақымданған жағдайда: ауа тасымалдау жолдарына бөгде заттардың енуі, суға кету, түншығу, топырақ астында қалу кезінде көрсетілетін алғашқы көмек. Жасанды тыныс алдыру және жүрекке тікелей емес массаж жасау. Көрсетілім: «Тыныс алу және тыныс шығару кезінде көкірек қуысының (кеуденің) сыртқы шеңберін өлшеп салыстыру». Сарамандық жұмыс. «Тыныс алу тоқтап қалған кезде алғашқы көмек көрсету»;

  10. «Ас қорыту» (6 сағат). Тамақтанудың маңызы. Тағамдық өнімдер және қоректік заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер, су, минералды тұздар. Тағам-денсаулықтың ас маңызды экологиялық факторы. Тағамдық өнімдердің экологиялық тазалығы. Ас қорытудың маңызы. Ас қорыту жүйесі: ас қорыту жолы (ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ішек), ас қорыту бездері (сілекей бездері, асқазан бездері, үйқыбез, бауыр, ішек бездері). Астың ауыз қуысында қорытылуы. Тістің құрылысы мен қызметі, сүт тістердің тұрақты тістермен алмасуы. Тістің күтімі. Астын корытылуында сілекейдің маңызы. Жұту. Бөбешік пен тілшенің қызметі-жұтылған тамақтың тыныс жолына түсуіне мүмкіндік бермейді. Жұтқыншақ бадамша бездері, олардың қызметі. Астың асқазанда қорытылуы. Асқазан сөлі ферменттерінің нэруыздарға әсері. Ұйқыбез сөлі мен бауырдан бөлінетін өттің әрекетінен астың ұлтабарда қорытылуы. Ішек сөлінің ас қорытылуға әсері. Тағамның құрамындағы нәруыздардың аминқышқылдарына дейін, майлардың глицерин мен май қышқылына, ал көмірсулардың глюкоза молекулаларынадейін толық қорытылуы. Астың сіңірілуі. Аш ішек бүрлерінің құрылысы мен қызметі. Ас қорытуда тоқ ішектің рөлі. Ас қорытудың реттелуі. Ашығу және тамаққа тою. Шартсыз және шартты сілекей бөліну рефлекстері. Олардың тежелуі. Тамақтану және денсаулық. Ас қорыту мүшелерінің жұқпалы аурулары: тырысқақ,дизентерияжәне басқа ауру қоздырғыштары, осы аурулардың тасымалдаушылары. Алдын алу шаралары: шыбындармен, тарақандармен күресу, жеке бастың гигиенасын сақтау. Паразиттік құрттар туғызатын аурулардың алдын алу. Тағамнан улану, алғашқы көмек көрсету шаралары. Тағамдық өнімдерді сақтау және пайдалану ережелері. Көрсетілім: «Үстіңгі және астыңғы жақ сүйектерінің бассүйекке байланысу ерекшелігі. Асқазан сөлінің нәруыздарға әсерін тәжірибе жүргізіп бақылау»; Зертханалық жұмыс. «Қайнатылған крахмалға сілекейдің әсерін байқау»;

  11. «Зат алмасу және энергия айналымы» (3 сағат). Организм құрылымын қалпына келтіру, олардың өсуі мен энергия жинақтауы үшін қоректік заттардың маңызы. Тамақтанудың мөлшері және оның организмін энергия жұмсау шамасына байланысы. Негізгі және жалпы алмасу. Қоректік заттардың энергия сыйымдылығы. Адамның жасына, жынысына, дене еңбегінің белсенділігіне байланысты тамақтану мөлшерін анықтау. Витаминдер, олардың ферменттермен және басқа биологиялық белсенді заттармен байланысы. Витаминдердің болмауы (авитаминоз), жеткіліксіздігі (гиповитаминоз) немесе артық мөлшерде (гипервитаминоз) болуы. А витамині болмаса ақшам соқыр ауруы, В1 витамині болмаса -бери-бери ауруы, С витамині болмаса— қырқұлақ (цинга), ал Д витамині болмаған жағдайда мешел (рахит) ауруы дамиды. Бұл аталған витаминдердің гиповитаминозы. Тағам құрамындағы витаминдерді сақтау. Витаминдер- антиоксиданттер. Майда және суда еритін витаминдер. Көрсетілім. Витаминдік препараттар. Зертханалық жұмыс: «Тамыр соғуының санына сәйкес шамамен энергия жұмсау мөлшерін анықтау. Тамақтану мөлшерін анықтау, тамақ рационын құру»;

  12. «Зәр шығару» (2 сағат). Ыдырау өнімдерін өкпе, бүйрек, тер бездері арқылы сыртқа шығару оның маңызы. Зәр шығару мүшелері: бүйрек, несеп ағар, қуық, зәр шығару өзегі. Бүйректің құрылысы. Нефрондар, олардың құрылысы. Бүйректің қыртысты және ми қабаттары, бүйрек пирамидалары, зәр түзілу. Организм ішкі ортасының тұрақтылығын сақтауда бүйректің рөлі: ыдырау өнімдерінің сыртқа шығарылуы, ішек бүрлері арқылы сіңірілген заттардың қайта сүзілуі. Бүйрек жұмысының реттелуі.Бүйрек ауруларының алдын алу. Өрлеме және төмен түсетін инфекциялар. Тамақтану режімін бұзу немесе экологиялық ластанған су мен тағамдық өнімдерді пайдалану бүйрек ауруларының себебі екендігі.Ішімдіктің зияны. Су мен минералды заттардың организм үшін маңызы. Су ішу режімі. Көрсетулер. Сүтқоректі жануардың бүйрегі (ылғал препарат), оның құрылысы. Табиғи су көздерінде органикалық заттарды анықтау (йодты түссіздендіру арқылы). Зертханалық жұмыс: «Еріген қар суының мөлдірлігін анықтау арқылы оның ластану дәрежесін бағалау»;

  13. «Тері және жылу реттелу» (2 сағат). Терінің тосқауылдық (барьер), қорғаныштық рөлі. Терінің құрылысы: эпидермис, нағыз тері (дерма), майлы шел қабаты (гиподерма). Тер және май бездері, терінің қан тамырлары, рецепторлары, олардың қызметі. Тері туындылары: шаш және тырнақтар. Терінің типтері: майлы, құрғақ және қалыпты тері. Тері күтімі. Тері жамылғысының жарақаттануы, диетаның бұзылуы, гормональдық реттелудің жеткіліксіздігі, аллергендермен жанасу, витаминдердің жетіспеуі тері ауруларының себебі екендігі. Терінің күюі және үсуі кезінде көрсетілетін алғашқы көмек. Паразиттік саңырауқұлақтар тудыратын тері аурулары. Қотыр кенесі-қышыма қотыр ауруының қоздырғышы. Жылу реттелуде терінің рөлі. Адамның суық және ыстық климатқа бейімделуі. Шынығу. Жылу өту және күн өту кезінде көрсетілетін алғашқы көмек. Жылутүзілу және жылуберудің реттелуі арқылы дене температурасының тұрақты сақталуы. Терінің және киімнің гигиенасы. Көрсетілімдер: «Жылуреттегіш көрсеткіші мен бақылау лампысы бар электр үтігін мысалға алып жылуреттелуді түсіндіру». Зертханалық жұмыс: «Қолдың алақанын және сыртқы бетін ұлғайтқыш әйнекпен (лупа) қарап зерттеу. Терінің терморецепторларын (суық және жылу), жанасу рецепторларын табу. Майлық қағаздың көмегімен беттің түрлі учаскелеріндегі терінің майлылығын анықтау»;

  14. «Организмнің жеке дамуы» (4 сағат). Адамның жыныс және жас ерекшеліктері. Болашақ нәрестенің жынысы. Жыныс хромосомалары. Адамның дамып жетілуінде биологиялық және әлеуметтік факторлардың рөлі. Аналық жыныс жүйесі. Жұмыртқа жасушасының дамуы. Етеккір кезеңдері: овуляция, менструация. Аталық жыныс жүйесі: Сперматогенез. Поллюциялар. Бозбалалар мен бойжеткен қыздардың жыныстық жетілуі. Биологиялық және әлеуметтік жетілу. Жөнсіз ерте некелесу, түсік тастау қауіптілігі, бедеулік, олардың жалпы биологиялық және әлеуметтік маңызы. Отбасын құруды жоспарлау. Ана мен баланы қорғау. Ұрықтану. Жүктілік. Ұрықтық дамудың алғашқы кезеңдері. Іштегі нәрестенің қалыптасуы және дамуы. Ананың босануы. Жаңа туған нәрестенің күтімі, оның өсіп, жетілуі. Дене бітімінің өзгеруі. Өсу және даму динамикасы. Адам өмірінің кезеңдері, оның биологиялық және күнтізбелік жасы. Тұқым қуалайтын және туа біткен аурулар. Жыныстық жолмен берілетін аурулар: ЖИТС, мерез, гонорея. Темекі шегудің, ішімдіктің, есірткінің организмге зияны. Іштегі баланың ішімдік синдромы. Адам өмірінің түрлі кезеңдеріндегі денсаулығы мен еңбек етуге қабілеттілігі. Қарттарға қамқорлық жасау — әр азаматтың жалпыадамзаттық борышы және мемлекеттің міндеті;

  15. «Мінез-құлық және психика» (7 сағат):

мінез құлықтың туа біткен түрлері: шартсыз рефлекстер, инстинктер. Мінез-құлықтың жүре пайда болған түрлері: шартты рефлекстер, динамикалық стереотип, ақылды іс-әрекет. Ми қызметінің заңдылықтары. Шартсыз және шартты тежелу. Жүйке орталықтарында қозу мен тежелудің өзара алмасу заңдылығы —индукция құбылысы. Биологиялық ырғақтар. Ұйқы және оның маңызы. Ұйқының кезеңдері. Баяу ұйқы, тез ұйқы. Түс көру. Адамның жоғары жүйке әрекетінің ерекшеліктері. Сөз, сана, еңбек әрекеті. Адамның қоршаған ортаға тәуелділігін жеңуі және оның салыстырмалылығы. Адамның іс-әрекеті —аса маңызды экологиялық фактор. Оның табиғи ортаға әсерінің нәтижелері. Қоршаған ортаны қорғау —Жер бетінде тіршілікті сақтап қалудың ең маңызды шарты. Еңбек пен мәдениет —адамзаттың негізгі жетістіктері. Адамның танымдық әрекеттері:
түйсіну, сезіну, есте сақтау, елестету, ойлау. Жігерлік процестер: қажеттілікті сезіну, мақсат қою және әрекет ету тәсілін таңдау, ойын іске асыру, нәтижелерін сараптап бағалау және оларды түзету. Еріктің сапасы. Сезім (эмоция): сезімталдық реакциялар (күлкі, жылау), сезімталдық жай-күйі (көңіл-күй, есеңгіреу, жабығу) сезімталдық қарым-қатынас (сезіну), олардың туындауы, дамуы, сөнуі, ауыстырылуы. Зейін:
еріксіз және ерікті. Зейіннің ауытқуы. Ұмытшақтық және жинақылық. Зейіннің алмасуы. Жұмысқа қабілеттілік: жұмысты игеріп алу, жұмысқа қабілеттіліктің оңтайлы кезеңі,әлсіреу кезеңі. Күн тәртібі. Тұлға және оның қабылеттілігі: тұлғаның қалыптасуы, қажырлылық, мінез, қызығушылық, бейімділік. Мамандық таңдау. Адам және оның биосферадағы орны. Әлеуметтабиғи экожүйе, агросфера;
көрсетілім: «Адамның шартсыз рефлекстері. Сөзбен бекіту арқылы адамда шартты рефлекс қалыптастыру. Тест жүргізу арқылы байқағыштық, зейін, есте сақтау, ойлаудың консерватизмін тексеру».
34.Уақыт қоры 2 сағат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет