Тоқсан бойынша жиынтық бағалау Кіріктірілген білім беру бағдарламасына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тесеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9 сыныптарына арналған «Биология» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
Білу:
бастапқы биологиялық ұғымдарды;
негізгі биологиялық теориялар мен заңдардың мәнін;
тірі ағзаларға қоршаған орта факторларының әсерін;
адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсерін біледі.
Түсіну:
өсімдік және жануарлар ағзаларының ішкі ортасы мен мүшелер жүйесінің функцияларын;
өсімдік пен жануарлардың негізгі топтарының жіктелу қағидаттарын;
жердегі биокөптүрлілікті сақтаудағы Қызыл кітаптың рөлін түсінеді.
Қолдану:
Талдау:
биологиялық процестер мен құбылыстардың заңдылықтарын;
тірі ағзалардың мүшелер жүйесінің құрылысы мен функциясын талдайды.
Жинақтау:
кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды;
эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын;
тірі және өлі табиғатта болатын процестер туралы білімдерді жинақтайды.
Бағалау:
жасалған эксперименттің нәтижелерін бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |