Key words: information and communication technologies, skills, cognition, communication, interactive whiteboard.
Кіріспе. Қазіргі кезде еліміздегі білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және педагогикалық жаңа технологияларды меңгеру. Заманауи оқыту әдістерінің ішінде ең тиімдісі де, маңыздысы да ақпараттық-коммуникативтік технология болып табылады. Ақпараттық-коммуникативтік технология – оқытудың және қарым қатынастың ерекше құралы. Ол көпфункционалды, оперативті, қолжетімді және өнімді болып табылады. Бұл технология білім алушының өзін-өзі дамытуға және білім траекториясының кеңістігін кеңейтуге даңғыл жол ашады.[1] Биология сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
білім алушының өзіндік жұмысы;
аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
көзбен көріп, қолмен ұстауға мүмкіндік болмайтын табиғат процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі. [7]