Биология сабағында мектеп оқушыларының акт қолдану дағдыларын жетілдіру



бет4/5
Дата12.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#131575
1   2   3   4   5
Байланысты:
маржан статья

Негізгі бөлім. Жаңартылған бағдарламаны жүзеге асыру ең алдымен әрине мұғалімнің табанды еңбегі мен терең білімін талап етеді. Алдында отырған әрбір оқушыға сапалы білім беру үшін әрбір мұғалім заман талабына сай ақпараттық коммуникативтік дағдыларды меңгерген, үздіксіз дамып жатқан биология ғылымының жаңалықтарынан хабардар болуы тиіс. Биология пәні адам өміріне өте қажетті ғылым саласы. Сондықтан қазіргі кезде талап етіп отырған функционалды білім беру дәл осы биология пәнін оқытуда аса қажет. Мысалы, қарапайым дұрыс тамақтанудан бастап, дәрілік шөптердің атын және оның қолданылу әдістерін, түрлі аурулардың алдын алу, гигиеналық ережелерді сақтау сияқты күнделікті өмірге дайындау биология пәнінен басталады.[3]
Инновациялық және ақпараттық-коммуникативтік технологиясын оқу процесінде үздіксіз пайдалану сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізетіні анық. Берген білім есте қаларлықтай болуы үшін сабақты үнемі түрлендіріп, қызықты әдіс-тәсілдерді әр сабақта пайдалану қажет.
Білім беру саласындағы көп қолданылып жүрген АКТ құралдары:

  • интерактивті тақта;

  • мультимедия;

  • интернет кеңістігі;

  • электронды оқулық. [8]

АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында білім алушылардың өзінің жеке іс-әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді. Мысалы, 8-сынып биологиясында «Қан топтары және қан құю. Резус-фактор» тақырыбына сабақ өту барысында интерактивті тақтаның көмегімен биологиялық диктант беруге болады (1-сурет).

1-сурет.
Биология сабағында оқушылардың материалды жақсы меңгеруі үшін көрнекілік көп болуы керек. Кестелер, плакаттар, оқулықтар, әдістемелік құралдар ақпараттық технологиялар сияқты үлкен иллюстративті материал бола алмайды. Сондықтан заманауи сабақта АКТ пайдаланбау мүмкін емес.
Биология сабақтарында қарапайым флипчартта да көптеген жұмыстар жасауға болады. Мысалы мұғалім алдын ала кестелер, сызбалар, бағдарша қоятындай бағытпен циклдарды сызып дайындап қойса, түрлі тапсырмаларды флипчартта орындауға болады.
АКТ құраладарын тек сабақта ғана емес, сабақтан тыс уақытта да пайдалануға болады. Қазіргі таңда әлемдегі жағдайларға байланысты қашықтан оқыту тәсілі қолға алынған. Қашықтықтан оқыту тәсілінің негізгі бөлігі АКТ-ны меңгеру болып табылады. АКТ құралдары оқушылардың сыни ойлауға белсенділігін, жылдамдығын арттыруға, өзіндік ойларымен бөлісуге, дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Мысалы, қазіргі кезде бағалау және тақырыптарды бекіту кезінде Kahoot, Quizlet, OnlineTestPad, Quizizz тест бағдарламаларын қолдануға болады. Білім алушы тест сұрақтарына жауап береді де, оның нәтижесі автоматты түрде есептеледі. [5]
Сабақта ақпараттық технологияларды қолданудың бірнеше тәсілдері мен формалары бар. АКТ модельдерінің кең тараған түрлерінің бірі презентация болып табылады.
Презентация-бұл тақырыптың негізгі тезистерін үлкен экранда демонстрациялау, ол әр түрлі иллюстрациялардан тұрады. Оларды жасау үшін PowerPoint, Prezi.com, Movie Maker бағдарламалары қолданылады. Бұл бағдарламалармен презентацияны кез келген мұғалім жасай алады. Оқушылар үшін презентациялар - өз шығармашылық мүмкіндіктерін көрсету құралы болып табылады. АКТ-ны пайдалану оқу процесінің тиімділігін арттырады. Мысалы, интерактивті тақтаның көмегімен 8-сыныпта «Жасушалық биология» бөлімінде жасуша құрылысы бойынша жақсы презентация көрсетуге болады[3] (2-3 суреттер).

2-3 суреттер.

Биологияны оқыту барысында сонымен бірге электронды энциклопедияларды қолдануға болады. Олар негізгі ұғымдар бойынша ыңғайлы іздеу жүйесін қолдайды; аудио және бейнефрагменттерді қамтуы мүмкін; уақытты үнемдеп, қажетті ақпаратты табуға мүмкіндік береді. Бейнефрагменттерді, дыбыстық сүйемелдеумен анимацияларды (оқыту бағдарламасы) пайдалануға болады, кез келген уақытта оларды тоқтатуға және түсініктеме беруге болады. Биология сабақтарында интерактивті тақтаның көмегімен ұяшық түрінде кесте жасап, ойын түрінде ұяшықтардытаңдатып, сұрақтарға жауап алу, білімдерін байқау әрі қызықты, әрі әділ болады.[4]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет