Биология тапсырмалары 11 сынып і-бөлім



бет10/15
Дата09.11.2022
өлшемі47,48 Kb.
#157345
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
11-сынып олимпиада биология

Биология тапсырмалары
8 сынып
І-бөлім. Төмендегі тест тапсырмасынан 1 ғана дұрыс жауабын табыңдар.Жоғарғы балл-20
1.Ең ежелгі бактерияға жатады:
а/оксифитобактерия, б/архебактерия, в/цианобактерия, г/түйнек бактериясы
2.Саңырауқұлақтардың түбіртегі мен қалпағы аталады:
а/мицелий, б/өсімдік, в/гиф, г/жемісті денесі
3.Көкек зығырының қақпағы бар қауашағы аталады:
а/жапырақ, б/спорофит, в/бүршік, г/гаметофит
4.Тамыры болмайды:
а/қыранот, б/түйеқұсшөп, в/шыбынсалы, г/усасыр
5.Ашық тұқымдылардың көбеюі және жаңа жерге орнығуының жүзеге асуы :
а/мегаспора арқылы, б/тұқым арқылы, в/спора арқылы, г/тұқым және жеміс арқылы.
6.Қосжарнақты өсімдіктерге жатады:
а/жауқазын, б/жүгері, в/картоп, г/сарымсақ
7.Жер жаңғағы жатады:
а/күрделігүлділер тұқымдасына, б/бұршақ тұқымдастарына, в/раушангүлділер тұқымдасына, г/астық тұқымдастарға.
8.Дәнекер ұлпасына жатпайды:
а/май ұлпасы, б/қан, в/сүйек, г/бұлшықет.
9.Фораминифераларда болады:
а/екі ядро, б/кірпікше, в/талшық, г/бақалшақ
10.Гидраның қорегін қорытуы жүреді:
а/ішек қуысында, б/атпа жасушасында, в/энтодерма жасушасында, г/ ішек қуысы және энтодерма жасушасында.
11.Зауза қоңызының тыныс алу жүйесі:
а/өкпемен, б/желбезекпен, в/демтүтікпен, г/ішекпен
12.Сиыр цепені жатады:
а/сорғыштар класына, б/таспа құрттар класы, в/жалпақ құрттар класы, г/кірпікшелі құрттар класы
13.Өрмекшітәрізділердің шығару жүйесі аталады:
а/жасыл бездер, б/мальпигий түтігі,в/бүйрек, г/желбезек.
14.Торсылдақ бұл-
а/желбезек өсіндісі, б/асқорыту түтігінің өсіндісі, в/өкпе бөлімі, г/қанайналым жүйесінің бөлімі
15.Сүтқоректілердің жүрегінде болады:
а/тек вена қаны, б/тек артерия қаны, в/аралас қан, г/артерия және вена қаны
16.Адамға тән белгілер:
а/екі жұп аяқ, б/тірі туу, в/гаметасында 23 жұп хромосома, г/сүт безі болуы
17.Қандай бездер ішкі секреция бездеріне жатады:
а/бауыр, б/май безі, в/қалқанша без, г/ұйқы безі
18.Сұр зат неден түзілген:
а/аксоннан, б/нейрон денесі мен дендриттен, в/нейрон денесінен, г/аксон мен нейрон денесінен
19.Адамның әлеуметтік эволюциясына жатады:
а/өзгергіштік, б/еңбек әрекеті, в/тіршілік үшін күрес, г/тұқымқуалаушылық
20.Инсулин әсерінен қант бауырда айналады:
а/гликогенге, б/крахмалға, в/майға, г/нәруызға




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет