Биология тапсырмалары 11 сынып і-бөлім



бет2/15
Дата09.11.2022
өлшемі47,48 Kb.
#157345
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
11-сынып олимпиада биология

ІІ-бөлім..Берілген тапсырмалардан тек біреуін белгіле. Әр жауапқа 2 балл.Жалпы балл-20
1.Симбиотикалық қатынас мысалдарын көрсет.
1. Қайың мен ағашқұлақ арасындағы , 2.мүйізтұмсық пен теріжегіш құс, 3.жабысқақ балықтар мен акулалар арасы, 4.кірпілер мен жертесерлер арасы, 5.тақуа шаян мен актиния арасы,6.сарышымшық пен тышқан арасы.
а/ 1,2,3, б/ 1,2,6, в/1,3,4, г/ 2,5,6, д/2,3,5
2.Экожүйеде агроценоз неге тұрақты емес:
1.онда қоректік тізбек жоқ, 2.онда қоректік тізбек қысқа, 3.онда редуценттер болмайды, 4.онда консументтер болмайды, 5.онда продуценттің бір түрі ғана бар, 6.онда түрлер саны аз.
а/ 1,3,5, б/ 1,4,6, в/ 1,2,4, г/ 2,5,6, д/ 3,5,6
3.Аш ішектегі асқорытылу кезеңдерін көрсет.
1.қуыстық асқорыту, 2.қабырғалық асқорыту, 3.ұйқы безінің белсенділігі, 4.ас ботқасының түзілуі, 5.судың көп бөлігінің сіңірілуі, 6.негізгі қоректік заттардың сіңірілуі
а/ 1,3,4, б/ 1,2,6, в/ 2,3,6, г/2,4,5, д/ 3,5,6
4.Асқорыту процесіндегі тұз қышқылының қызметін көрсет.
1.ауру тудырушы организмдерді жояды, 2.өздігінен қорытылу кезінде қарын қабырғасын механикалық зақымданудан қорғайды , 3.қарын сөліндегі ферменттердің белсенділігін арттырады, 4.ұйқы безінен сөлді бөлуді және ішектің қозғалысын қамтамасыз етеді, 5.нәруыздың қорытылуын қамтамасық етеді, 6.онда көптеген барлық органикалық заттарды ыдырататын ферменттер бар.
а/ 1,2,4, б/ 1,3,5, в/ 1,4,5, 2,3,6, д/ 2,5,6
5.Адам адамтәрізді маймылдан ажыратылады:
1.төрт бөлімді жүрек, 2.тік жүру, 3.күмбез тәрізді табан, 4.тырнақтың болуы, 5 S-тәрізді омыртқа, 6.сүт тістің тұрақты тіске ауысуы
а/ 1,4,6, б/ 3,4,6, в/ 2,3,5, г/ 2,5,6, д/ 3,5,6
6.Қосмекенділер класының отрядтарын анықта:
1.қабыршақтылар отряды, 2.құйрықтылар отряды, 3.жыртқыштар отряды, 4.құйрықсыздар отряды, 5.тасбақалар отряды, 6.аяқсыздар отряды.
а/ 1,3,5, б/1,2,6, в/1,3,4, г/2,3,5, д/2,4,6
7.Мүктәрізділер бөліміне жататын өсімдіктерді көрсет
1.көкек зығыры, 2.аталық усасыр, 3.плауын,4.сфагнум,5.шолпаншаш, 6.маршанция
а/ 1,3,5, б/1,5,6, в/1,4,6, г/2,3,4, д/3,4,6
8.Берілген мысалдардан араморфозға жататындары қайсысы:
1.ашықтұқымды өсімдіктердің тұқыммен дамуы, 2.орамжапырақты домбықтаудан кейін жанама тамырларының санының артып дамуы, 3.құтырған қиярдың жемісінің шырынды жұмсағының түзілуі, 4.хош иісті темекінің иісті заттарды шығаруы, 5.гүлді өсімдіктердің қосарынан ұрықтануы, 6.өсімдіктерде механикалық ұлпалардың түзілуі.
а/ 1,3,4, б/ 1,5,6, в/ 2,3,4, г/ 2,4,5, д/ 3,5,6
9.Тұқымқуалау өзгергіштігі түрлерін анықта:
1.мутациялық, 2.модификациялық, 3.үйлесімді, 4.цитоплазмалық, 5.топтық, 6.айқын
а/1,2,4, б/ 1,3,4, в/1,4,5, г/2,3,5, д/2,5,6
10.Эволюцияның палеонтологиялық дәлелдемелеріне жатады:
1.адамдағы үшінші қабақтың қалдығы, 2.тас көмір бетіндегі өсімдік таңбалары, 3. қырықжапырақтардың тасқа айналған қалдықтары, 4.туылған адамдардың денесіндегі қалың түктер жамылғысы, 5.адам қаңқасындағы құйымшақ, 6.жылқының филогенетикалық қатары
а/ 1,4,6, б/1,3,4, в/2,4,5, г/ 2,3,6, д/ 3,5,6,




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет