Биология тапсырмалары 11 сынып і-бөлім



бет3/15
Дата09.11.2022
өлшемі47,48 Kb.
#157345
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
11-сынып олимпиада биология

ІІІ-бөлім.Берілген тапсырмалардың дұрыс немесе дұрыс емес екендігін анықта.
Жоғары балл-20.
1.Табиғи сұрыпталу материалы эволбцияға қызмет етеді.
2.Өсімдіктердің бір түрінің жиынтығын адамның жасанды жолмен алуы тұқым деп аталады
3.Аутосомды доминантты белгілер тұқымқуалауда ерлер мен әйелдерде бірдей болып кездеседі.
4.Организмдердің сыртқы орта әсері арқылы фенотиптің әртүрлілігі үйлесімді өзгергіштік деп аталады.
5.Аллополиплоидия әр түрлерді будандастыру нәтижесінде алынған будан хромосома санының артуы
6.Толық жетілген жұмыртқа жасушасының пісіп жетілуінде үш бағыттаушы денешік түзіледі.
7.Бластуланың ішкі қуысы бластомер деп аталады.
8.Сперматогенездің өсу кезеңінде хромосома саны және ДНҚ молекуласы тең 2п4с
9.Генетикалық кодтың бірлігі нуклеотид болып саналады.
10.Кребс циклі митохондрия мембранасында өтеді.
11.Өсімдік жасушасында жартылай автономды органоид- вакуоль және пластид кездеседі.
12.Центоромера-эукариоттардағы ДНҚ молекуласының үлескісі.
13.Жасушадағы митохондрия саны оның оның қызметінің белсенділігіне байланысты.
14.Қарапайымдар жасушасында жасуша қабығы болмайды.
15.Моносахаридтерден көбірек таралғаны –сахароза және лактоза
16.Ересек тіссіздің қоректенуі биофильтрлеу арқылы жүреді
17.Паразиттік құрттардың дернәсілінің дамуы негізгі иесі болып табылады.
18.Балықтардың аккомодациялық қабілеті болмайды.
19.Камбий жасушасының көбірек бөлімі сүрекке қарай бөлінеді.
20.Егер гүлдер бүйірлік осьте орналасса, онда олар күрделі гүлшоғыры деп аталады.


ІV-бөлім.Сәйкестігін табыңдар. Жоғары балл-25
1.Өсімдік белгісін оның жататын бөліміне сәйкестендір.

Өсімдіктің белгілері

Бөлімі

А.Тіршілік циклінде гаметофиті басым.
Б.Тіршілік циклінде спорофиті басым
В.Спорамен көбейеді.
Г.Тамыр жүйесі жақсы дамыған
Д.Тозаңы бар тозаңқап қалыптасады

1.Мүктәрізділер


2.Ашықтұқымдылар

2.Жануарлардың белгілеріне қарап олардың қай типке жататынын сәйкестендір.



Жануарлардың белгілері

Типі

А.Дамуы мен өсуі түлеу арқылы жүреді.
Б.Дене бөлімі құрылысы және өлшемімен ерекшеленеді.
В.Тері-бұлшықет қапшығы бар.
Г.Аяқтары буындардан тұрады
Д.Жабыны тығыз хитиннен тұрады.

1.Буылтық құрттар


2.Буынаяқтылар

3.Мысалдарды орта факторымен сәйкестендір





Мысалдары

Орта факторы

А.Судың химиялық құрамы
Б.Планктондардың әр түрлілігі
В.Топырақ температурасының ылғалдығы
Г.Бұршақтұқымдастардың тамырында түйнек бактериялардың болуы
Д.Топырақтың тұздылығы



1.Абиотикалық


2.Биотикалық

4.Мүшелерді олардың ұрықжапырағында түзілуімен сәйкестендір



Мүшелер

Ұрық жапырақшалары

А.Бауыр
Б.Көру мүшесі
В.Қаңқа
Г.Тері
Д.Бас миы

1.Эктодерма


2.Энтодерма
3.Мезодерма

5. Нәруыз биосинтезін және фотосинтезді салыстыр

Процесс ерекшелігі

Процессі

А.Көмірсу түзілуімен аяқталады
Б.Түзетін заттары- амин қышқылы
В.Негізі матрицалық синтез реакциясына жатады
Г.Түзетін заты- көмір қышқыл газ және су
Д.Процесс барысында АТФ синтезделеді.

1.Нәруыз биосинтезі
2.Фотосинтез





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет