1. Өзіндік құрылысы бар белгілі бір қызмет атқаратын организмнің бір бөлігі:
А) Жасуша D) Организм
В) Ұлпа Е) Мүше
С) Жасуша жүйесі
2. Бір гүлде аталық пен аналық болатын гүлдер:
А) Бір жынысты D) Бір үйлі
В) Қос жынысты Е) Қос үйлі
С) Аталық-аналық жынысты
3. Жасушаға келіп түсетін және одан сыртқа шығарылатын заттарды реттеп тұратын жасушаның
сыртқы қабықшасы:
А) Цитоплазма D) Өң
В) Жабын Е) Жарғақша
С) Митохондрия
4. Оттегі бар ортада тіршілік ететін организм:
А) Анаэроб D) Продуцент
В) Аэроб Е) Консумент
С) Редуцент
5. Бактерия жасушасына енетін вирустар:
А) Паразиттер D) Бактериофагтар
В) Микробтар Е) Антибиотиктер
С) Темекі теңбілі
6. Цитрусті жеміс:
А) Алмұрт D) Алхоры
В) Өрік Е) Айва
С) Мандарин
7. Күрделігүлділер тұқымдасына жататын көкөніс өсімдігі:
А) Күнбағыс D) Мақсыр
В) Ассүттіген Е) Итошаған
С) Қырмызыгүл
8. Ағза денесінің сыртында паразиттік жолмен тіршілік ететін таспа жәндіктер:
А) Эктопаразиттер D) Эндопаразиттер
В) Ішексорғы Е) Үшкірқұрт
С) Қылқұрт
9. Ұсақшаянтектестерге жатады:
А) Циклоп D) Таңқышаян
В) Омар Е) Асшаян
С) Шаян
10. Қосмекенділерде алғаш рет пайда болған без:
А) Бауыр D) Ұйқы С) Ас қорыту
В) Сілекей Е) Сүт
11. Оба ауруын таратушы бунақдене:
А) Бүргелер D) Масалар
В) Бөгелектер Е) Шаншарлар
С) Биттер
12. Рецепторлардың атқаратын қызметі:
А) Қозуды орталық жүйке жүйесінің жұмысшы мүшесіне жеткізу В) Тітіркендіргіштерді тежеу С) Тітіркендіргіштерді қабылдау D) Қозуды сезімтал нейрондардан қозғалтқыш нейрондарға жеткізу
Е) Қозуды сезімтал нейрондардан аралық нейрондарға жеткізу
13. Шартты рефлекстің түзілуінің негізгі жағдайы болып саналмайды:
А) Тітіркендіргіштердің уақыт бойынша сәйкес келуі
В) Үлкен ми сыңарының басқа іс әрекеттен бос болуы
С) Ағазның функциональды жағдайы D) Жас ерекшеліктері
Е) Адамның денсаулығы, сергектігі, қалыпты ұйқысы
14. Ағза қызметінің гуморальды реттелуінің негізі:
А) Мүшелерге жүйке серпіністерінің берілуі
В) Қан арқылы жасуша, мүше және мүшелер жүйесінің хииялық өзара әрекеттесуі С) Диффузия жолымен Е) Тыныс алу кезінде оттегінің түсуі
D) Тамақпен қоректік заттардың келіп түсуі
15. Гиподинамия бұл - ...
А) Белсенді өмір сүру D) Жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі
В) Қозғалыстың төмендеуі Е) Тірек-қимыл қабілетінің төмендеуі
С) Дене бітімінің
16. Лимфа жүйесінің қызметін реттейді:
А) Тимус D) Гипофиз
В) Ұйқы безі Е) Бүйрек үсті бездері
С) Қалқанша безі
17. Тыныс шығарғанда ауа көпіршіктерінің жабысып қалуынан сақтайтын және
тұрақтандыратын қабық:
А) Көкет D) Эктодерма
В) Коацерват Е) Сурфактант
С) Мезодерма
18. Сіңу процесі – бұл:
А) Күрделі заттардың жай заттарға ыдырауы
В) Еритін қоректік заттардың түзілуі
С) Қан және лимфаға ас қорыту түтігінің жасушалар қабаты немесе қабаттар қатары
арқылы заттардың өтуі
D) Бауырда улы заттардың залалсыздануы
Е) Қоректік сілекеймен ылғалдануы
19. Алғашқы зәрдің түзілу кезіндегі шумақтардағықан қысымы:
А) 20-30 мм с.б. D) 80-90 мм с.б.
В) 40-50 мм с.б. Е) 100-110 мм с.б.
С) 60-70 мм с.б.
20. Балалық шақта ерте жыныстық жетілуді тежейтін без:
А) Гипофиз D) Орталық без
В) Эпифиз Е) Жұмыртқа безі
С) Гипоталамус
21. Хромосома ауруы:
А) Миокард талмасы D) Альцгеймер
В) Көк жөтел Е) Паркинсон ауруы
С) Даун ауруы
22. Бейорганикалық заттардан органикалық заттарды синтездейтін организм:
А) Автотроф D) Консумент
В) Гетеротроф Е) Олиготроф
С) Редуцент
23. Жануарлардың дене пішіні мен түсінің өзін қоршаған айналадағы заттарға сәйкес келуі:
А) Бүркеніш рең D) Қорғаныш рең
В) Жасырын рең Е) Табиғи сұрыптау
С) Сақтандырушы рең
24. Бұл заманның дамуы 67 млн. жыл бұрын басталған және қазіргі кезге дейін жалғасуда:
А) Архей D) Мезозой
В) Протерозой Е) Кайнозой
С) Палеозой
25. Хромосома санының өзгеруіне әкелетін мутациялар:
А) Геномды D) Дигибридті
В) Хромосомалық Е) Полигибридті
С) Гендік
26. Сулы ортада тіршілік ететін кез келген организм:
А) Стенобионттар D) Олиготрофтылар
В) Эврибионттар Е) Мутаген
С) Гидрофиттер
27. Қоректену барысында органикалық заттарды ыдырататын организмдер:
А) Продуценттер D) Фототрофтылар
В) Редуценттер Е) Эукариоттар
С) Консументтер
28. Дененің беткейінде тіршілік ететін сыртқы паразиттер:
А) Монопаразиттер D) Эктопаразиттер
В) Олигопаразиттер Е) Эндопаразиттер
С) Полипаразиттер
29. Атмосфера арқылы өту кезінде сіңірген күн сәулесі энергиясының мөлшері:
А) 60 % D) 20 %
В) 50 % Е) 0,1-0,2 %
С) 30 %
30. Арал теңізіндегі тұз концентрациясы:
А) 10 г/л D) 45 г/л
В) 20 г/л Е) 60 г/л
С) 30 г/л