Биология тест тапсырмалары жинағы



бет6/20
Дата23.11.2022
өлшемі464 Kb.
#159538
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
3138 test bio ent

Вариант 6

1. Жасушаның көбеюіне қатысады:


А) Ядро D) Рибосома
В) Вакуоль Е) Митохондрия
С) Цитоплазма
2. Сабақтың әр буынында екі жапырақтың бір-біріне қарама-қарсы бекініп орналасуы:
А) Жұп D) Буынды
В) Қарама-қарсы Е) Кезектесіп
С) Топтанып
3. Бақбақтың гүлшоғыры:
А) Шатыр D) Шоқпарбас
В) Собық Е) Қалқанша
С) Себет
4. Құс денесінің ауада ұстайтын қалықтау бетін құрайтын қауырсындары:
А) Қанат үсті D) Бағыттаушы
В) Қанатты қағушы Е) Мамық
С) Жабындық
5. Тірі ағза жасушаларындағы дайын ағзалық заттармен қоректенетін бактериялар:
А) Автотрофтылар D) Консументтер
В) Сапрофиттер Е) Паразиттер
С) Продуценттер
6. Жерортатеңіздік орталық отаны болып саналады:
А) Орамжапырақтың D) Күріштің
В) Құмайдың Е) Мақтаның
С) Томаттың
7. Жапырағы саусақ-салалы күрделі раушангүлділер тұқымдасына жататын өссімдік:
А) Таңқурай D) Итмұрын
В) Шетен Е) Құлпынай
С) Қазтабан
8. Әр түрлі мүшелер жүйесі түзілер жасушаның аралық қабаты:
А) Эктодерма D) Энтодерма
В) Мезодерма Е) Гиподерма
С) Кутикула
9. Сия қапшығында түсі қоңыр сұйықтығы бар басаяқты былқылдақдене:
А) Кальмар D) Каракатица
В) Сегізаяқ Е) Жалаңаш шырыш
С) Ұлу
10. Бассүйексіз тип тармағының өкілі:
А) Минога D) Миксина
В) Балық Е) Қандауырша
С) Сегізаяқ
11. Қойдың арғы ата тегі:
А) Тарпан D) Арқар
В) Тур Е) Шибөрі
С) Таутайлақ
12. Жүйке жүйесінің негізгі функциональды қасиеті болып саналмайды:
А) Ойлау D) Аккомодация
В) Сана Е) Мінез-құлық (психика)
С) Есте сақтау
13. Шеткі жүйке жүйесіне жатады:
А) Жүйкелер және жүйке түйіндері D) Ортаңғы ми
В) Бас миының үлкен ми сыңары Е) Сұр зат
С) Ақ зат
14. Үш дыбыс сүйекшесі орналасады:
А) Жоғары жақ сүйегінде D) Ортаңғы құлақта
В) Қарақұс сүйегінде Е) Ішкі құлақта
С) Сыртқы құлақта
15. Сіңір созылғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем:
А) Тарту керек D) Дәкемен таңу қажет
В) Созу керек Е) Жылу басу керек
С) Өздігінен түзетуге жағдай жасау
16. Иммунитет болмайды:
А) Туа біткен D) Жасанды
В) Жүре пайда болған Е) Бейтарап (нейтральды)
С) Табиғи
17. Кеңірдекті түзетін ұлпа:
А) Шеміршек D) Бұлшық ет
В) Сүйек Е) Эпителий
С) Сүйек-шеміршек
18. Сілекей әсерінен ыдырауға ұшырайды:
А) Нәруыздар D) Нәруыз және көмірсулар
В) Майлар Е) Витаминдер
С) Көмірсулар
19. Жүйке жүйесі мен бүйрек функцияларын реттеу жүзеге асырылады:
А) Аралық мимен D) Мишықпен
В) Сопақша мимен Е) Жұлынмен
С) Ортаңғы мимен
20. Май бездерінің қызметі:
А) Дене беткейін салқындатады D) Жартылай бүйрек қызметін атқару
В) Терінің үстін майлайды Е) Терінің сезімталдығына жауап береді
С) Бактерияны жояды
21. Хромосомалар:
А) Бөлінбейтін клеткаларда айқын байқалады
В) Тек сома клеткаларында болады
С) Ядроның құрылымдық элементі, онда клетканың тұқымқуалаушылық белгілері сақталған
D) Бір белгінің дамуына жауап береді
Е) Бөлінбеген, ересек клеткаларда анық көрінеді
22. Клетка қабықшасымен ядро арасындағы қоймалжың зат:
А) ДНК D) Рибосома
В) РНК Е) Лизосома
С) Цитоплазма
23. Органикалық дүниенің дамуының күрделі және ұсақ процесі:
А) Онтогенез D) Этология
В) Филогенез Е) Фенология
С) Эволюция
24. Организмде тіршілік жағдайларына сәйкес алуан түрлі ұсақ бейімдеушіліктердің пайда
болуы:
А) Акклиматизация D) Биологиялық прогресс
В) Адаптация Е) Эволюция
С) Идиоадаптация
25. Клетканың жыныс хромосомаларынан басқа хромосомалары:
А) Гаметалар D) Аутосомалар
В) Сперматозоид Е) Аллельді
С) Геном
26. Қажетті белгілері бар особьтарды (дараларды) бөлу және олардан ұрпақ алу:
А) Жаппай сұрыптау D) Гибридтену
В) Жеке сұрыптау Е) Әріден будандастыру
С) Туыстық жағынан будандастыру
27. Белгілі бір уақыт аралығында популяция особьтарының өлімге ұшырағандарының
санын бейнелейтін көрсеткіш:
А) Саны D) Өлім
В) Тығыздығы Е) Өсім
С) Туылым
28. Жануарларды үркітетін өсімдіктердің бөліп шығаратын заттары:
А) Консументтер D) Антрактанттар
В) Продуценттер Е) Репелленттер
С) Редуценттер
29. Биосфера деңгейінде жүретін кіші айналымдар:
А) Биологиялық айналым D) Физиологиялық айналым
В) Химиялық айналым Е) Биогеохимиялық айналым
С) Физикалық айналым
30. Ультракүлгін күн сәулесінің негізгі бөлігін сіңіретін атмосфераның жұқа қабаты:
А) Тропосфера D) Мезосфера
В) Озон Е) Термосфера
С) Стратосфера


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет