Вариант 2
1. Өсімдіктер жасушасына ғана тән органоид:
А) Рибосома D) Ядро
В) Ядрошық Е) Пластид
С) Митохондрия
2. Інжугүлдің түрі өзгерген өркені:
А) Сояу D) Шырынды сабақ
В) Түйнек Е) Пиязшық
С) Тамырсабақ
3. Түйнек арқылы көбейеді:
А) Бүлдірген D) Қарағай
В) Құлпынай Е) Гиацинт (сүмбілшаш)
С) Картоп
4. Қан ұюына қатысатын омыртқалы жануарлардың қан жасушалары:
А) Антидене D) Эритроцидтер
В) Лейкоциттер Е) Тромбоцидтер
С) Пластидтер
5. Жасушалары екі-екіден орналасқан бактериалар:
А) Коккалар D) Спирилдер
В) Диплококкалар Е) Сарциналар
С) Стафилококкалар
6. Қосжарнақтылар класына жатады:
А) Құртқашаштар тұқымдасы D) Астық тұқымдасы
В) Лалагүлдер тұқымдасы Е) Пияз тұқымдасы
С) Асқабақ тұқымдасы
7. Раушангүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік:
А) Қара сұлы D) Шыршай
В) Қыша Е) Қанат жеміс
С) Ақбасқурай
8. Ішекқуыстылардың қозғалмайтын өкілі:
А) Гидра D) Медуза
В) Маржан Е) Актиния
С) Құлақты медуза
9. Басаяқты былқылдақденелілердің өкілі:
А) Жалаңаш шырыш D) Тоспаұлуы
В) Мидия Е) Айқұлақ
С) Кальмар
10. Желілілерге жатпайтын жануарлар:
А) Қандауырша D) Былқылдақденелілер
В) Балықтар Е) Қосмекенділер
С) Құстар
11. Суда тіршілік ететін сүтқоректі:
А) Көртышқан D) Құндыз
В) Түрпі Е) Кенгуру
С) Бұлғын
12. Дәнекер ұлпаның түріне жатпайды:
А) Өткізгіш D) Сүйек
В) Талшықты Е) Қан
С) Шеміршек
13. Бас миының қабынуы – энцефалитті таратады:
А) Үй жануарлары D) Кенелер
В) Құстар Е) Бунақденелілер
С) Кемірушілер
14. Адам «ақшам соқыр» ауруы кезінде:
А) Алыс заттарды көрмейді D) Күндіз заттарды ажырата алмайды
В) Заттарды жақыннан көрмейді Е) Заттардың түсін ажырата алмайды
С) Кешкі уақытта заттарды ажырата алмайды
15. Сүйек түзіледі:
А) Жасуша аралық заттан D) Жүйке ұлпасынан
В) Эпителий ұлпасынан Е) Әр түрлі ұлпалардан
С) Дәнекер ұлпасынан
16. Лейкоциттердің негізгі қызметі:
А) Қоректік D) Қан ұюға қатысу
В) Тыныс алу Е) Қорғаныш
С) Тасымалдау
17. Жүрек жиырылуын жиілететін, қан қысымын арттыратын гормон:
А) Тироксин D) Эстроген
В) Паратгормон Е) Адреналин
С) Инсулин
18. Сүт тістердің саны:
А) 10 D) 25
В) 15 Е) 30
С) 20
19. Бүйректің атқаратын функциясы:
А) Ағзадан қанттың артық мөлшерін шығарады D) Глюкозаны гликогенге айналдырады
В) Ағзадан қорытылмаған заттарды шығарады Е) Катализатор қызметін атқарады
С) Ыдырау сұйық өнімдерін шығарады
20. Терінің күбірткі ауруында:
А) Тері эпидермисі қабынады D) Саусақтағы тырнақ көбесінің іріңдеп қабынуы
В) Май бездері қабынуы Е) Тері бездерінің қабынуы
С) Шаш ұясы қабынады
21. Таулы климат жағдайында организмнің өтем реакциясы:
А) Реабсорбция және клеткаларда судың жиналуының күшеюі В) Гемоглобиннің оттегін қажетсінуінің артуы, қор жинақтайтын мүшелерден қан кетуі
С) Тер болу арқылы организмнің температураны сақтауы
D) Қан айналымының күшеюі, зат алмасуының артуы
Е) Артериялық қан қысымының артуы
22. Жай қанттар:
А) Моносахаридтер D) Крахмал
В) Дисахаридтер Е) Мальтоза
С) Полисахаридтер
23. Ұрық жапырақшаларының ішкі қабаты:
А) Эктодерма D) Зигота
В) Мезодерма Е) Бластула
С) Энтодерма
24. Түр немесе басқа систематикалық топтардың тіршілік үшін күрестегі жеңісі:
А) Макроэволюция D) Биологиялық прогресс
В) Микроэволюция Е) Биологиялық регресс
С) Морфологиялық критерий
25. Организмнің ата-анадан алынған барлық гендерінің жиынтығы:
А) Хромосомалар D) Генотип
В) Гаметалар Е) Гетерозигота
С) Фенотип
26. Аутосомды хромосомалардың 21-ші жұбында артық бір хромосома болатын аурудың түрі:
А) Даун ауруы (синдромы) D) Альбинизм ауруы
В) Клайнфельтер ауруы Е) Дальтонизм ауруы
С) Шершевский ауруы
27. Организмнің күннің ұзақтығына, күн мен түннің алмасуына реакциясы:
А) Биоценотика D) Фотопериотизм
В) Фототрофтылар Е) Биологиялық ырғақ
С) Биоиндикатор
28. Екі түрдің де болуы міндетті, екі жаққа бірдей пайда әкелетін симбиозды қарым-қатынастар:
А) Конкуренция (бәсекелестік) D) Мутуализм
В) Паразитизм Е) Зоохория
С) Комменсализм
29. Экожүйедегі организмдердің сандық көрсеткіштерін анықтайды:
А) Сандық пирамида D) Өнімділік
В) Биомаса пирамидасы Е) Сукцессия
С) Энергия пирамидасы
30. Космоспен шектелетін біздің планетамыздан кеңістігі:
А) Гидросфера D) Батиаль
В) Литосфера Е) Абиссаль
С) Атмосфера
Достарыңызбен бөлісу: |