Орындаған:Аманкелдиева Айдана Тобы: М014 – Биология пед. Тексерген: Асқарова З.А.
Биологиялық ырғақ - биологиялық процестер мен
құбылыстардың қарқыны мен сипатындағы мезгіл-мезгіл қайталанып отыратын өзгерістер реттілігі. Биологиялық ырғақ барлық тірі организмдерге
тән және ол клеткалық процестерден бастап популяциялық, биосфералық құбылыстарды қамтиды. Мұны зерттейтін ғылым саласы — биоритмология.
Биологиялық ырғақ табиғи жағдайда қоршаған ортадағы құбылыстар өзгерістеріне сәйкес жүреді, “Биологиялық сағат” қызметін атқарады, организмніңуақыт пен кеңістікте бағдарлануына, қоршаған ортадағы өзгерістерге алдын-ала дайындалуға мүмкіндік береді.
Биологиялық ырғақ өсімдіктерде жапырақтар мен күлте жапырақшалардың тәуліктік және физиологиялық өзгерістері (күзгі жапырақ тастау, қыста өркендердің қатаюы, т.б.) түрінде байқалады.
Ал жануарларда биологиялық ырғақ әр түрлі физиологиялық-
биохимиялық процестер (температура ауытқулары, гормондар бөлінуі, РНҚ синтезі, рибосома құрылуы, клеткалардың бөлінуі, т.б.) активтілігінің кезеңділігімен бейнеленеді. Жеке органдардың,тіндердің, клеткалардың тәуелсіз ырғақтары биологиялық құбылыстардың мерзімдік реттілігін құрайды, тірі организмдерде жүретін барлық процестердің үйлесуіне негіз болады.
Биологиялық ырғақ тұқым қуалайды.
Биологиялық ырғақ пайда болу себептеріне қарай 2-ге бөлінеді:
- экзогенді
-эндогенді
Экзогенді биологиялық ырғақ -организмнің сыртқы күш әсеріне, қоршаған ортаның мерзімдік өзгерістеріне жауабы
Эндогенді (дербес, ырықсыз) биологиялық ырғақ тірі организмнің өзінде туындайтын активті процестердің толқынына сәйкес қалыптасады. Ол қайтарымды байланыс механизмімен реттеледі.
Осы байланыс тұйықталатын
биологиялық құрылым деңгейіне қарай клеткалық, мүшелік, организмдік, популяциялық биологиялық ырғақтар болып жіктеледі. Маңызына байланысты биологиялық ырғақ физиологиялық (тыныс алу, қан айналу, т.б.) және экологиялық (организмнің сыртқы ортаның құбылмалы жағдайына бейімделуіне мүмкіндік беретін) болып бөлінеді.
Биологиялық ырғақтың қайталану кезеңі бірнеше секундтан ондаған жылдар аралығын қамтуы мүмкін. Қайталану мерзімінеқарай биологиялық ырғақ ультрадианды (1 минуттан 10 —12 сағат аралығында), циркадианды, тәуліктік (бір тәулік ішіндегіжануарлардың физиологиялық құбылыстары мен қылығының бірзаңдылықпен тербелуі; бұл жарық, температура, ылғалдылық әсеріне байланысты), айлық (айналымы жағынан ай фазасына айдың толуына, 29, 53 тәулікке жуық), жылдық немесе маусымдық (жыл сайын қайталанып отыратын процестер: жануарлардың ұя салуы, қоныс аударуы, өсу қарқынының өзгеруі), көп жылдық (ауа райының, тіршілік жағдайының планетарлық өзгеруіне байланысты) және теңіздің көтерілу
ырғағына сәйкес (24,8 немесе 12,4 сағат сайын байқалатын теңіздегітіршілік заңдылықтары: қимыл белсенділігі, газ алмасу қарқыны, планктондардың жоғары-төмен ығысуы, т.с.с.) болып бөлінеді.
Жұмысқа қабілеттілік пен қажу кезеңдеріне, әсіресе, адам
психикалық белсенділігінің тәуліктік биологиялық ырғақ әсер етеді. Оның ерекше маңызы бар:
ең үлкен белсенділік таңертең (сағат 8 — 12),
ең аз белсенділік — тәулік ортасында (сағат 12—16),
екінші ең үлкен белсенділік — кешкі мезгілде (сағат 16 — 2),
барынша байқалатын ең аз белсенділік — түнде (сағат 2 — 8) болады.
Таңертеңгі және кешкі мезгілдегі белсенділіктің сергектігі организмдеболып жататын ішкі биохимиялық процестерге байланысты. Мысалы, адам психикалық белсенділігінің ішкі биологиялық ырғағының тәуліктегі күшеюі мен бәсеңдеуі организмдегі адреналин мен норадреналин гормондарының кө беюіне тәуелді.
Мұндай қатаң тәуелділік ішкі биологиялықырғақтар мен сыртқы тіршілік әрекетінің ұйымдасуы арасында нақты үйлесімнің болуын қажет етеді. Егер бұл үйлесім бұзылатын болса, оның нәтижесі жүйке
жүйесінің түрлі ауруларына (мысалы, ұйқының бұзылуы, невроздар, жүрек-
қан тамырларының аурулары) соқтырады. Сондықтан психологиялық тексеру мен психокоррекцияда міндетті түрде адамның психикалық белсенділігінің биологиялық ырғақ құрылымы ескерілуі тиіс.
Денсаулық -организм функциясының нормасы. Егер денсаулықты биоырғақтылық тұрғысынан бағалайтын болса, онда осы тұрғыдан норманы
анықтау қажет, өйткені онсыз патологияны анықтау мүмкін болмайды.
Организмде функциялар тербелісі болатындықтан, олардың қалыпты жағдайдың орташа көрсеткіштерінен ауытқушылықтарын білу қажет, бірақ оны патологиялық көрініс деп қарауға болмайды.
Организм үшін табиғи ырғақтарды:ішкі(организмнің тіршілігіне байланысты)
және сыртқы (қоршаған ортадағы өзгерістер) деп екі топқа бөледі.
Ағзадағы барлық ішкі ырғақтар бірбірімен байланысты, бір жүйеге кіріктірілген және ақырында ағзаның жағдайына байланысты ауыспалы болып келеді. Ағза өзінің физиологиялық фунциясын атқара отырып, уақыт оздырады. Сондықтан да уақыт – тірі ағзаға әсер етуші экологиялық факторлардың ең негізгі элементі болып саналады.
Ішкі циклдар — ең алдымда организмнің физиологиялық ырғақтары.
Организмдегі жүріп жатқан физиологиялық процестердің ешқайсысы үздіксіз жүре бермейді. Клеткадағы белок, ДНҚ жӛне РНҚ синтезделуінде, ферменттер жұмысында ырғақтылық байқалады. Сондай-ақ клеткалардың бөлінуі, ішкі секреция бездерінің жұмысы, жүрек соғуы, тыныс алу, жүйке жүйесінің қозуы, яғни, организмнің бүкіл мүшелері, ұлпалары, клеткалары белгілі бір ырғақтылыққа баағытталады.
Жердің Күнге қатысты және Айдың Жерге қатысты айналуына байланысты сыртқы циклдарға геофизикалық табиғат құбылыстары тән. Осы айналымдардың әсерінен заңдылықты түрде біздің планетамыздағы көптеген
факторлар — жарық, температура, қысым және ауа ылғалдылығы,
атмосферадағы электромагниттік өpic, мұхиттардағы су деңгейінің көтерілуі мен судың қайтымы және т.б. өзгеріп отырады. Мұнан басқа тірі табиғатқа уақытымен өзгеріп тұратын күн белсенділігі сияқты космостық ырғақтар
әсер етеді.
Назарларыңызға рахмет !!!
Достарыңызбен бөлісу: |