Эндокринді мүшелердің қызметі бұзылуы кезіндегі мамандандырылған мейіргерлік күтімді ұйымдастыру



бет1/3
Дата06.02.2022
өлшемі29,64 Kb.
#79318
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
эндокринді мүшелердің қызметі бұзылуы кезіндегі мамандандырылған мейіргерлік күтім



Сабақтың тақырыбы: Эндокринді мүшелердің қызметі бұзылуы кезіндегі мамандандырылған мейіргерлік күтімді ұйымдастыру.
Жоспар:
Эндокринді мүшелердің қызметі бұзылған кездегі белгілері.
Науқасты объективті тексеру әдістері.
Эндокринді мүшелерінің қызметі бұзылған кезде пациент күтімі.
Ағзаның түрлі функцияларына ішкі бездердің тигізетін әсеріне байланысты, науқастарда әр түрлі өзгерістер дамуы мүмкін. Оларға психикалық қозудың жоғарылауы, ұйқының бұзылуы, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, ашушандылық, тершеңдік, жүрек қағысы, тоңғыштық, құлақтың шуылдауы, салмақтың төмендеуі жатады.
Сұрастыру кезінде науқастың психикалық келбетін анықтау қажет. Ол ішкі бездер ауруларын анықтауға көмектеседі (күйгелектік, қимылдың шапшаңдылығы немесе немқұрайлылық, енжарлық). Ішкі бездер ауруларында сана сезімнің дамуы төмендеуі мүмкін.
Аурудың дамуына әкелген себептерді анықтау маңызды. Мысалы, қобалжу, қорқу, психикалық жарақаттанулар, тиреотоксикоз ауруының дамуына әкеледі. Кейде ішкі бездердің аурулары жыныстық жетілу кезінде дамуы мүмкін.
Ішкі бездер ауруларының дамуына тұқым қуалау факторының да тигізетін әсері зор. Бүйрек үсті безінің туберкулезы олардың функцияларының жетіспеушілігіне әкеледі. Гипофиз және қалқанша без қызметінің жетіспеушілігінің этиологиясында жүре пайда болған, әсіресе туыла пайда болған мерез маңызды рөл атқарады.
Науқастарды объективті тексеру әдістері
Жалпы қарау. Эндокриндік бұзылыстарды диагностика жасауда жалпы қараудың маңызы зор. Науқасқа бір қарағаннан –ақ кейбір диагнозды қоюға болады. Бұл диффузды –токсикалық ұра, микседема, акромегалия, алыптылық, ергежейлілік. Иценко-Кушинг синдромына байланысты белгілер.
Науқастың бет -әлпетіне эндокриндік жүйенің аурулары әсерін тигізеді. Қалқанша безінің гиперфункциясы кезінде үлкейген жыпықтамайтын жылтыраған, тасырайған көз, адамның бет -әлпетіне қорқыныш кескінін береді. Қалқанша безінің қызметі төмендегенде науқастың беті дөңгелек, жалпақ болады.
Науқастың бет - әлпеті немқұрайлылықты немесе ақылы кем адамды еске салады.
Акромегалия кезінде мұрын, ерін, тілдің өлшемдері үлкейеді, төменгі жақ сүйектерінің тым үлкеюі тіс аралығының ажырауына әкеледі.
Гипофиздің қызметі төмендегенде науқас семіреді, ер адамның бет -әлпеті (әйелге тән) нәзік болады.
Алыпты бой (195см –ден биік) көбінесе гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметі жоғарылағанда (акромегалиялық алыптылық) немесе жыныс бездерінің қызметі төмендегенде (әтектік алыптылық) кездеседі.
Ергежейлілік (135см-ден аласа) гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметі төмендегенде дамиды. Ол кезде ересек кісіде балалық шақ кезеңіндегі дене пропорциялары сақталып, жыныс мүшелері дамымайды, екіншілік жыныстық белгілері болмайды. Мұның симптомдар қалқанша без қызметінің төмендеуіне микседема белгілері мен ақыл естің дамымауы қосылған кезде пайда болады.
Терінің бозарып, сарғыш түстес болуы – микседемаға, беттің қызаруы Иценко-Кушинг синдромына тән. Кілегей қабаттар мен тері жамылғыларының әсіресе, тері қатпарларының (алақан және т.б.) қола түстес болуы.
Аддисон ауруымен сырқат науқастарда анықталады (бүйрек үсті безі қызметінің жетіспеушілігі). Құрғақ, қабыршақтанған тері, қалқанша және қалқанша маңы бездерінің қызметі төмендегенде байқалады.
Гипотиреоз кезінде тері құрғақ болуымен қатар, сипаған кезде салқын болады. Ал, гипертиреоз кезінде теріні сипағанда –ол жұмсақ, ылғалды болады. Емізікті қабатының гипертрофиясымен байланысты терінің қалыңдауын акромегалияда көруге болады.
Иценко-Кушинг синдромы кезінде – жамбас пен іштің тері жамылғылары қызыл күлгін түсті болады, атрофияға ұшырайды. Тері жамылғыларының бетіндегі тырнақ іздері және фурункулез, қабақ терісінде холестериннің жиналуы қантты диабет ауруына тән. Тырнақтың сынғыштығы гипотиреоз ауруында байқалады.
Бүкіл денеге майдың біркелкі таралуы тиреогендік семіруеге тән. Бет пен денеге майдың көптеп жиналуы Иценко –Кушинг синдромының белгілері болып табылады.
Жүдеу қантты диабеттің кейбір түрлерінде, тиреотоксикоз ауруларында байқалады. Гипофиздің зақымдалуына байланысты дамитын кахексия Симмонде ауруына тән симптом болып қаралады.
Отектік кезінде түтікті сүйек түзілуінің кешігулері байқалады. Сүйектердің бірден қалыңдауы акромегалия кезінде көрінеді.
Бұлшық ет жүйесі.
Қалқанша маңы бездерінің гармондары қанға жеткіліксіз түскен кезде науқастарда тоникалық тырысулар байқалады. Қолдың алақандары «акушерлік қол» қалпына келеді. Бет бұлшықеттерінің тырысуы кезінде мәжбүрлі күлкі бет -әлпеті білінеді.
Бұлшық еттің қалыптан тыс дамуы акромегалияға тән. Жалпы қарау әдісін ішкі секрециялық бездердің ішіндегі жыныс және қалқанша бездеріне ғана жүргізуге мүмкіншілік бар.
Пальпация ең бірінші қалқанша безін тексеру үшін қолданылады. Болжамалы пальпациядан кейін арнайы пальпацияға көшу керек.
Ұлғайған қалқанша безін динамикалық бақылау үшін оның өлшемдерін анықтау маңызды. Оның көлденең өлшемі, мойынның айнымалы және жеке түйіндердің үлкендігі анықталады.
Айналымды өлшеу кезінде см –лік лентаның бір жақ шетін 7-ші мойын омыртқасының өсіндісіне бекітеді. Ал алдынғы жағынан лентаны қалқанша безінің шығынқы бөлігіне орналастырылады.
Қалқанша безінің алдынғы сыррқы бетінің көлденең өлшемін анықтау кезінде өлшеуіш лентаны төс – бұғана – емізікті бұлшық етінің артқы шетіне қойып, оны қалқанша безінің алдыңғы бетінің бетінің үстіне орналастырады.
Қалқанша безінің жеке лимфа түйіндерінің диаметрін соңы дөңгеленген өлшеуіш циркульдің көмегімен анықтайды.
Пальпация әдісі эндокринді аурулармен сырқат науқастардың тұлғасының құрылыс ерекшеліктерін, тері жамылғыларының жағдайын анықтауға көмектеседі.
Перкуссия жасағанда төс артында орналасқан ұра(струма) байқалады. Аускуьтация. Тиреотоксикозбен сырқат науқастарда ұлғайған қалқанша безінің үстінен әртүрлі үндер мен шуылдарды естуге болады. Ол қалқанша безінің жылдам және күшейген түрде қанмен қамтамасыз етілуімен түсіндіріледі.
Қант диабеті 2 түрге бөлінеді.
І түрі инсулинге тәуелді диабет (ИТД).
ІІ түрі инсулинге тәуелді емес диабет (ИТЕД).
І түрі – бұл аутоиммунды ауру, қоршаған ортаның факторларының әсерінен дамиды. Жалпы қант диабетімен ауратындарының екі пайызын құрайды көбінесе балалар мен жас адамда дамиды.
Себептері: генетикалық факторлар (тұқым қуалаушылық), вирус инфекция (тұмау, гепатит В, қызамық).
ІІ түрі – бұл гетерогенді ауру, бұнда инсулиннің секрециясы бұзылып, перефериялық ұлпалардың инсулинге сезімталдығы бұзылады.
Себептері: болуы мүмкін.
1.Тұқым қуалаушылық (егер ата-анасы ауыратын, балаларды 2-6 есе жиі кездеседі)
2.Семіздік.
3.Аз қозғалу (гиподинамия).
4.Көп мөлшерде тәтті тағам ішетін адамдарды.
5.Ішімдікке салыну.
Қант диабетінің клиникалық белгілері.
1.Жалпы және бұлшық еттерінің әлсіздігі.
2.Шөлдеу (науқас тәулігіне 3-5 литрге дейін су ішеді, көбінесе түнде) аузы құрғайды.
3.Көп мөлшерде зәр бөледі (полиурия).
4.ИТД түрінде науқас жүдейді, ал ИТЕД түрінде науқас семіреді.
5.Тамаққа тәбеті жоғарылайды (декомпенцияда төмендейді).
6.Терісі қышыйды (әйелдерде сыртқы жыныс мүшелері).
Жоғарыда аталған шағымдар қант диабетінің І түрінде тез дамиды, ІІ түрінде біртіндеп пайда болады, кездейсоқ анықталады.
Басқа мүшелермен жүйелер жағынан пайда болатын симптомдарды атап өтсек:
Тері және бұлшық еттер: терісі құрғақ, жиі фурункулез, гидроаденит, эпидермофития дамиды. Тырнақтары сарғыш, сынғыш болады, бұлшық еттер босайды, әлсіз болады, науқас жүдейді.
Асқорыту жүйесі: науқастарда жиі тісжегісі, парадантоз, шаштары түскіш, гингивит, стоматит, өтке тас байлану ауруы дамиды.
Жүрек тамыр жүйесі: бұл науқастарда атеросклероз және жүректің ишемиялық ауруы ерте дамиды. Жүректің ишемиялық ауруы ауыр түрде өтеді және жиі асқынулар болады. 50 % науқастарда өліммен аяқталады. Ал, 55 % науқастарда артериялды гипертензия жиі кездеседі.
Тыныс алу жүйесі: науқастарда жиі пневмония, туберкулез дамиды, бұл науқастар жиі жедел бронхитпен ауырады.
Зәр шығару жүйесі: науқастарда цистит, пиелонефрит, бүйрек абсцесі дамуы мүмкін.
Бірақ аяқтың түрлі зақымдануларында жиірек кездеседі, белгілі жағдайда ампутацияға алып келеді. Қант диабеті бар науқастарға жасалған барлық ампутациялардың 85 % ойық жаралардан пайда болған. Түрлі факторлар әсерінің нәтижесінде ойық жараны жазылу процесі баяулайды, инфекция немесе гангрена дамуы мүмкін.
Сондықтан осы аурулардың алдын алу мақсатында қант диабеті бар науқастың күтіміне әсіресе қол мен аяқ күтіміне көп көңіл аударылады, мейірбикелік күтім ұйымдастырылады.
Мейірбикелік процесс бес кезеңнен тұрады:
І-кезең – науқастың жағдайын бағалау.
Мейірбике анықтайды:
диабеттік аяқ синдромының даму қауіпі бар науқастар келгенде олардың табандарын және аяқ киімдерін жүйелі түрде қарап және анықтап отыру.
Қауіп тобындағы науқастардың табандарын, қолдарын және аяқ киімдерін профилактикалық күту.
Үй жағдайында қол аяқ күтімі.
ІІ-кезең – мейірбикелік диогноз қою.
Мейірбикелік диагноз науқастың шағымдарынан, ауруға деген симптомдарға қарай қойылады.
Бұл жерде мейірбикелік диагноз:
табанында ойық жара
терісінің құрғақтығы
науқас өзінің ауруы туралы мәлімет білмеуі.
ІІІ-кезең - күтім жоспарын түзу.
физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз ету.
Жазылатынына сөзбен сендіру.
Ойық жараның көлемін анықтау.
Асептикалық таңғышты байлау.
Қол-аяқ күтімін үйрету.
Табанындағы ойық жараларын есепке алып отыру.
Шұғыл жағдайда көмек көрсету және тұрақты көмек көрсететіндей етіп ұйымдастыру.
Жалпы жағдайын қадағалау.
Аяқты дұрыс жуды және аяқ киімді таңдауын үйрету.
IV-кезең – күтім жоспарын жүзеге асыру.
V-кезең – нәтижені бағалау, қажет болса жалғастыру.
Қантты диабет асқынуларының даму дәрежесі сырқаттану ұзақтығымен тікелей байланысты. Әдетте, диабет анықталғаннан кейін 10-12 жылдан соң осы науқастың асқынулары туады деп есептеледі. Бұларға аяқ- жүйкелері мен тамырларының зақымдануы және ретинопатия көздің зақымдануы жатады. Қандағы қант көрсеткіштері қаншалықты нашар болса, бұл асқынулар соншалықты тез дамиды.



Ағылшын сөздігі

Орысша сөздік

Қазақша сөздік

Hyperglycaemic coma

Гипергликемическая кома

Гипергликемиялық кома

Hypoglycamic coma

Гипоклимическая кома

Гипогликемиялық кома

Insulin

Инсулин

Инсулин

Iscoccoughing syndrome

Синдром Иценко-Кушинга

Иценко-Кушинг синдромы

Addison disease

Болезнь Адиссона

Адиссон ауруы

Physical inactivity

Гиподинамия

Қимыл қозғалыстың аздығы

Obesity

Ожирение

Семіздік

Diabetes

Сахарный диабет

Қант диабеті

Acromegaly

Акромегалия

Соматотропты гормон көп мөлшерде түзілгенде дамитын ауру.

Hypothyroidism

Гипотиреоз

Қалқанша безі қызметінің төмендеуі

Thyrotoxicosis

Тиреотоксикоз

Қалқанша бездің ұлғаюы

Dwarfism

Карликовость

Ергежейлік

Gigantism

Гигантизм

Алыптық

Thyrotoxic crisis

Тиреотоксический криз

Тиреотоксикалық криз

Endemic goiter

Эндемический зоб

Эндемиялық зоб





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет