«Биологиядан 7 сыныпқа арналған бөлім және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының түрлері»
Құрастырған:
Балабекова Клара Тилабековна Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия биология пәні мұғалімі.
Ахметова Кулизат Есильбаевна Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия биология және химия пәні мұғалімі.
Рецензия жазған: СҚМУ жалпы биология кафедрасының доценті
Тлеубергенова Гүльнар Сейтқасымқызы
Директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары
Утегенова А.К.
7-сынып оқушыларына арналған биология пәні бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмаларын оқушылардың бөлім және тоқсан бойынша алған білімдерін қорытындылауға, білік-білім дағдыларының деңгейлерін анықтауға ұстаздарға, жас мамандарға көмек ретінде ұсынып отырмыз.
Жинақта берілген жиынтық тапсырмаларды оқу процесіне сай ыңғайлап, өзгертіп бере алады.
Алғы сөз
«Биологиядан 7 сыныпқа арналған бөлім және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының түрлері» атты жинағында 2017-2019 оқу жылына бекітілген бағдарлама бойынша берілетін тақырыптар толық қамтылған. Бөлім бойынша бірнеше тапсырмалардан тұратын бір, екі нұсқадан құрастырылған.
Жинақта келтірілген тест тапсырмалары 7-сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай биологиялық көзқарастарын кеңейтуге, биология пәніне қызығушылығын арттыруға, салауатты өмір салтын ұстануға бағыттайтын көмекші құрал болып табылады.Әр бөлім тапсырмалары оқулықта келтірілген мәліметтермен тығыз байланыста құрастырылған.Тоқсан бойынша жиынтық бағалау Кіріктірілген білім беру бағдарламасына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған. . Сондықтан бөлімді, тоқсанды қорытындылауға бағытталған тапсырмалар жинағы болып табылады.
Жинақ орта буын мұғалімдері мен жас мамандарға оқушылардың бөлім, тоқсан бойынша білімдерін бекітуге, биология пәніне бейім дарынды оқушылармен жұмыс барысында, биология пәні бойынша ҰБТ-ға дайындық барысында, оқушыларды сырттай бағалау тексерісіне дайындауда қолданылатын көмекші құрал болып табылады.
Бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалау Кіріктірілген білім беру бағдарламасына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тесеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Оқушылардың білімінің мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін бақылауды ұйымдастырудың бір түрі – әртүрлі бақылау тапсырмалар жүйесі. Ол оқушылардың өз бетінше жұмыс әрекетін арттырып, оқытудың тиімділігіне қол жеткізіп, ойлау қабілетін, шығармашылық әрекетін белсендіреді. Осыларға қоса оқушылардың білімдеріндегі олқылықтар анықталып, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа, толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап
береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және
шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
• Бақылау жұмысын өткізуде белгілі бір уақыттың болуы;
• Тапсырмаларды орындау үшін берілген нұсқаулардың түсінікті, айқын болуы;
Тапсырмалар түрлері:
КТБ - Көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
1.Толықтыру : оқушыларға тапсырма сөйлем түрінде беріледі де сөйлемдегі кей сөз орынына (цифр, формула, сөз т.б) үш нүкте беріледі. Мұндай тапсырмадағы жауап қысқа тұжырымды бір мәнді болуы шарт.
2. Дұрысын таңда тапсырма: оқушыларға берілген тапсырмамен қоса оның дұрыс және дұрыс емес жауаптары беріледі.
3.Еске түсіру тесті: сұрақ нақты беріледі де, жауабы бір мәнді болуы шарт. Еске түсіру тестінің сұрақтарын түзегенде сұрақ нақты, анық қойылады, ал жауабын сөз, сан, формула т.б түрде берілуі мүмкін.
4. Сәйкестендіру : мағынасы бір – бірімен байланысты тапсырмалардың екі бағанға әр түрлі ретпен орналастырылуы.
5.Зейінді тапсырма: бақылау объектісі (құбылыс, шамалар, формула, түзілу жолдары т.б) ретімен жазылуы (айтылуы) керек. Тапсырма дайындағанда оның саны 10 шақты болғаны жөн.
6. Аралас тапсырма : оқушыға берілетін тапсырма әртүрлі тест түрінде (мысалы: толықтыру, таңдамалы т.б беріледі.
7. Ерекшеліктерін ата тапсырмасы : Берілген тапсырмада ағзаның негізгі ерекшеліктерін айқындалуына немесе одан бір мағлұмат алатынына негізделеді.
Бөлім және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін қолданылады.
Тапсырмалар арқылы күтілетін нәтижелер:
1.Сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы артады.
2.Білімді өз бетімен алу жолдарын үйренеді.
3. Танымдық іс – әрекеті, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, тез шешім жасау әрекеті дамиды.
4.Оқушылардың білім, білік және дағдылары дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |