Ғажап жандар (Ұстаздарға)



Дата11.02.2020
өлшемі16,67 Kb.
#57793
Байланысты:
0006f255-cb06d8e8

Ғажап жандар.... (Ұстаздарға)

Көз ілмей-ақ атырған таңдары бар,

Мұғалімдер не деген ғажап жандар,

Ғажап жандар, жүрегі таза жандар,

Еттен емес темірден жаралғандар.

Араласып тіршілік тынысына,

Өзінің де өзгенің жұмысына

Кейде тіпті асығып киімінде,

Теріс киіп жүгіретін жұмысына,

Өйткені оның көңілі балаларда,

Өйткені оның бар ойы жұмысында,

Таң қалмаңыз, күлмеңіз мұнысына!

Мұғалім ғой қоғамды ұстап тұрған,

Сол қоғамға болатын биік қорған

Тарихтағы құдіретті ханның өзі

Ұстазымен ақылдасып билік құрған.

Ал қазір ше, қазір ол универсал,

Бірнеше сайыстардың финалисті

Тіпті қала әкімінің өзінің де

Мұғалімсіз өтпеген жиналысы.

Қайда концерт, қай жерде мереке бар,

Ұстаз жүрген барлық жерде береке бар,

Жаңбыр жаусын, қар жаусын, бұршақ жаусын,

Өкіметтің бұйрығы орындалсын,

Көңілі кең шалқыған жайықсыздар,

Судан алып өтетін қайықсыңдар,

Сондықтан да ұстаздар Сіздер ғана,

Әлемнің асылына лайықсыздар!!!



Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

"№11 мамандандырылған физика-математикалық мектебінің" тарих пәні мұғалімі Рысгалиева Жанат Ондыевна

Ұлыма

Ұлым менің,

өміріме шуақ шашқан күнім менің,

Бір Аллаға алғыс айтам сені берген,

Сен болмасаң мен осылай жүрер ме едім,

Ана болу бақытын білер ме едім?!

Жаным менің,

жап-жарық боп атсын әрбір таңың сенің,

Тентек болсаң тентек бол, тек ауырма,

Сен ауырсаң мың өліп, мың тірілемін.

Ұғасыңба,

"өмір" деген алдыңда үлкен сын бар,

Нағыз жігіт болып өс, сынға шыдар,

Әкең берген тәрбиені жолдас етсең,

Мен сенемін шығарсың биік шыңға.

Балапаным,

қандай жұмсақ, қандай ыстық алақаның,

Қолдарыңмен құшақтап алғаныңда,

Тіршіліктің бәрін де ұмытамын,

Аман жүрші құламай құлыншағым!



Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

"№11 мамандандырылған физика-математикалық мектебінің" тарих пәні мұғалімі Рысгалиева Жанат Ондыевна

Көңіл сыры

Сағым болған сағынышқа,

Жастық деген жалын құсқа,

Айтарым тек мың алғыспа,

Жоқ әлде......

Орындалмас армандарға,

Жолда менсіз қалғандарға,

Мен білмедім реніш барма,

Көңілде......

Көп жоғалтып, көп іздедім,

Үмітімді еш үзбедім,

Сол үшін де мен сүйемін

Өмірді.....

Алғыс айтып қолдағанға,

Қанағат деп қолда барға,

Үйреттім мен жабықпауға

Көңілді.....

Табысты боп таңдағаным,

Бақытым боп адал жарым,

Аман болып жақындарым

Жүрейік......

Өткізбестен күнді бекер,

Ұрпағымыз мақтан етер,

Нағыз адам бола білейік!!!



Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

"№11 мамандандырылған физика-математикалық мектебінің" тарих пәні мұғалімі Рысгалиева Жанат Ондыевна

Қыздарға

Қыздың жаны неге нәзік келеді?

Өйткені ол ертегіге сенеді,

Өйткені ол ертелі-кеш әйтеуір,

Ханзадасы келетінін біледі.

Қыздың жаны өте нәзік келеді,

Гүлдер оған хош иісін береді,

Күннің нұры еркелетіп, әр талын,

Шаштарының арасына өреді.

Сондықтан да аялаңдар қыздарды,

Сезбесін еш "тағдыр" деген ызғарды,

Арайланған күлкісімен қыздардың,

Ерітіңдер жүректегі мұздарды!!!

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

"№11 мамандандырылған физика-математикалық мектебінің" тарих пәні мұғалімі Рысгалиева Жанат Ондыевна

Сағынышым

(алыс сапарда жүрген жігіттің жан-жарына айтқан сыры)

Сағынышым,

Білесіңбе, жүрегімнің жалынысың,

Көрмегелі көп болды ақ жүзіңді,

Аман-есен жүрсіңбе бақыт құсым.

Аппак айым,

Жүрегіңді жемесін сары уайым,

Күндіз түні ойлайтыным жалғыз өзің,

Кер маралдай керілген құралайым.

Мұнда суық,

Өзің жоқсың жанымды жылытатын,

Жылытатын, көңілімді жұбататын,

Шаштарыңнан иіскеп мауқым басып,

Күн қайда екен тірлікті ұмытатын.

Гүлім менің,

Сен менің күнімдесің, түнімдесің,

Шаршап келсем, қабақ шытпай күлімдедің,

Сенің арқаң бақытты сезінгенім,

Сенесіңбе ұйықтарда сені ойлап,

Сосын барып жай ғана көз ілемін,

Сенде мені сағындыңба ақ жүрегім?



Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

"№11 мамандандырылған физика-математикалық мектебінің" тарих пәні мұғалімі Рысгалиева Жанат Ондыевна

Кім сүртеді көз жасын?!

Амал қанша бұйрық солай болғасын,

Әр қадамы жазылусыз қалмасын,

Арыз айтып әкімге де бармасын,

Жаны ауырып, сыздағанда жүрегі,

Кім сүртеді мұғалімнің көз жасын?!

Өз баласы өз-өзімен ойнасын,

Ел баласы қараусыз бос қалмасын,

Ата-ана өз алдына өкімет,

Өкімінен Алла өзі сақтасын,

Болар болмас сылтауменен ренжітсе,

Кім сүртеді мұғалімнің көз жасын?!

Тәулігіне 20 сағат жасасын,

Деңгей оқып, "дүркіретіп ақша алсын",

100%-ы жүз жерінен шыққанда,

Кім сүртеді мұғалімнің көз жасын?!

Сайлау алды жаңа тізім жасасын,

Үй аралап, жабық есік қалмасын,

Есік ашпай балағаттып жатқанда,

Кім сүртеді мұғалімнің көз жасын?!

Реформаның жасап алып сұлбасын,

Мұғалімнің түрлендіріп тұлғасын,

Шектеуі жоқ шекірейген шенеунік,

Алып қашып қиындықтан жүр басын,

Көкірегі ояу, тілі қысқа, жаны пәк,

Мұғалімді жылатқандар оңбасын!!!



Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

"№11 мамандандырылған физика-математикалық мектебінің" тарих пәні мұғалімі Рысгалиева Жанат Ондыевна

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет