Дүние жүзінің кейбір ірі елдері үшін халық санының жағдайы мен өсуінің болжамы (млн. адам)
Елдер
1993
2025
Қытай
Үндістан
Индонезия
Бразилия
Нигерия
1200
900
190
150
120
1500
1400
280
220
290
Кейбір Африка мемлекеттерінде салыстырмалы өсім жылына 4 % -ға дейін жетіп отырды. Көптеген жоғары дамыған елдер мен аймақтарда (Батыс Еуропа, Солтүстік Америка) демографиялық жаралас жағдайы ертерек – ХІХ ғасырда байқалған. Бұл елдерге қазір халық санының тұрақтануына әкелетін демографиялық өтпелі даму кезеңі тән.
Популяция ұғымы. Экологияда популяция дегеніміз – бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болатын және үлкен территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы.
Шварцтың берген анықтамасы бойынша :
Популяция - дегеніміз, бұл қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайында санын тұрақты ұстап тұруға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген белгілі бір түрдің ағзаларының элементарлық тобы.
Популяция ұғымын латын тілінен аударғанда « Populus» - халық , тұрғындар деген мағына дереді.Популяцияларға өсу, даму, үнемі өзгеріп отыратын жағдайда тіршілігін сақтауға қабілеттілік тән,яғни популяциялардың белгілі бір генетикалық және экологиялық сипаттамасы болады.