«Биологиялық экология» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары №3 басылым ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет21/66
Дата07.02.2022
өлшемі230,51 Kb.
#90852
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   66
Байланысты:
2c908bb6-082b-11e7-bfa7-a692e7d05c5eбиологи экология лекция

Популяцияның негізгі қасиеттері:
Даралардың кеңістікте таралуы.
Популяциялардың күйі мен тіршілігі популяцияның жалпы санына және олардың кеңістікте орналасуына байланысты. Популяцияны құрайтын даралардың кеңістікте таралуы әр түрлі болуы мүмкін . Даралар мен олардың топтарының таралуы кездейсоқ, бірқалыпты және топтық болып бөлінеді. Ағзалардың таралу типін білудің популяцияның тығыздығын іріктеп алу әдісімен бағалаудың маңызы зор.
Іріктеп алу - популяция тығыздығын бағалауға арналған эксперименттер қатарын атаймыз.
Іріктеу санын п-деп белгілейміз.Әр іріктеудегі даралардың орташа санын т –деп белгілесек , онда даралардың кеңістікте таралу сипатын s2- дейміз.
< ( m- x)2
S2= - -------------
n-1

мұндағы: s2 - таралу шамасы


х- шамасының орташа т ауытқуы ( дисперсия)
Бірқалыпты таралу жағдайында s2 =0. Себебі: әр іріктеудегі даралар саны тұрақты және орташаға тең.
Кездейсоқ таралу кезінде орташа т мен дисперсия s2 тең (п- іріктеу саны жеткілікті болғанда)
Топтық таралу кезінде дисперсия орташадан жоғары және неғұрлым жиналуға қабілеті күшті болса олардың айырмашылығы да күшті болады.
Даралардың бірқалыпты таралуы табиғатта өте сирек кездеседі . Кездейсоқ таралу тек біртекті ортада және жиналуға қабілеті жоқ түрлерде байқалады. Топтық таралу табиғатта жиі кездеседі.
Популяция саны --- берілген территория немесе көлем бірлігіндегі даралардың жалпы саны. Ол еш уақытта тұрақты болмайды және көбею мен өлімнің интенсивтілігінің қатынасына байланысты. Көбею процесінде популяцияның өсуі жүреді де , өлім оның санының кемуіне
әкеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет