«Биологиялық экология» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары №3 басылым ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет24/66
Дата07.02.2022
өлшемі230,51 Kb.
#90852
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   66
Байланысты:
2c908bb6-082b-11e7-bfa7-a692e7d05c5eбиологи экология лекция

Популяция санының динамикасы. Популяцияның саны неізінен бір-біріне қарама-қарсы екі құбылыспен анықталады - туу және өлім. Популяциядағы даралар санының көбею процесі теориялық жағынан алғанда шексіз өсуге қабілеті - биотикалық потенциал (экспоненциалдық қисық) , бірақ қоршаған орта жағдайлары бұл өсуді шектейді, іс жүзіндегі өсу логистикалық қисықпен сипатталады. Теориялық және іс жүзіндегі өсудің арасындағы айырмашылық ортаның қарсылығын сипаттайды.
Популяцияның жалпы саны маусымдық, көпжылдық периодты емес ( мысалы, зиянкестердің санының шектен тыс күрт артуы) өзгерістерге ұшырап отырады.
Популяция санының осындай өзгерістері оның санының динамикасы болып табылады.
Популяция санының санының ауытқуының төменгі шартты себептерін атап көрсетуге болады:
азық мөлшерінің жеткілікті болуы популяция санының артуына әкеледі, бірақ өсудің максималды шамасында азық шектеуші фактор болады. Азық қорының жетіспеуі популяция санының кемуіне әкеледі;
популяция санының артуы мен кемуінің мекен ету ортасы үшін бірнеше популяциялардың бәсеклесу процесінде байқалуы мүмкін;
жыртқышпен , жемтік паразитпен иесі арасындағы күрделі өзара қатынастар популяция санының ауытқуының бір себебі бола алады;
Абиотикалық факторлар (температура,ылғалдылық, ортаның химиялық құрамы және т.б. ) популяциялар санына көп әсер етеді және олардың едәуір ауытқуларын туғызады.
Популяция санын реттеудің кейбір механизмдері түршілік бәсекелестікті болдырмауы мүмкін. Мысалы, егер құстар өзінің ұясын әнімен белгілейтін болса , басқа жұп жерге ұя салады. Көптеген сүтқоректілердің салған белгілері әр жануарлардың аң аулайтын территориясын белгілейді. Бұл құбылыстардың бәрі түршілік бәсекені жойып, популяцияның тығыздығының шектен тыс артып кетуіне кедергі жасайды.
И.И. Шмальгаузен (1884-1963) барлық биологиялық жүйелер белгілі бір дәрежеде өздігінен реттелуге,яғни гомеостазаға қабілеттіболады деді.
Гомеостаз - тірі жүйелердің соның ішінде популяциялардың қоршаған ортаның өзгермелі жағдайында тұрақты динамикалық тепе-теңдікті ұстап тұруға қабілетті.
Динамикалық тепе-теңдік дегеніміз популяция санының белгілі бір орташа шама шекарасында ауытқуы. Гемостаз терминін 1929 жылы ғылымға енгізген У.Кеннон.
Ең алдымен әрбір жеке дара, содан соң ғана популяция гомеостатиялық жүйе болып табылады.Популяция санын реттеудің маңызды механизіміне стресс-реакциялар жатады.
Қандай да бір факторлардың қолайсыз әсеріне жауап ретінде ағзада екі типті реакция пайда болуы мүмкін: арнайы зақымданушы агенттің табиғатына байланысты және жалпы реакция ағзаның өзгерген жағдайларға бейімделуі.
Түрдің особьтарды көбейту, басқа түрлермен бәсекеге түсу қабілеті түр үшін оптимальды шамадан ауытқитын факторлармен шектелетін болады. Мұндай максимум мен минимум шегінен шығып кететін факторлар шектеулі факторлар деп аталады. Мыс: көптеген өсімдіктермен жануарлардың солт. таралуына жетіспеуі шектеуші фактор болса, керісінше сол түрлер үшін оңт. Ылғал мен қаректің жетіспеуі шектеуші фактор болады.
Экожүйедегі (табиғи бірлестіктер) өзара қарым – қатынаста болу үшін әртүрлі әдістер қолданылады. Эксперимент, табиғатта ұзақ мерзімді бақылау, популяциядағы особьтар санын анықтау, жануарлардың қоныс аударуын (миграция) бақылау т.б. Тірі табиғатты толық және терең танып білу үшін модельдеу әдісі (жасайды экологиялық жүйе) кеңінен пайдаланылады. Мұндай жағдайда деректерді математикалық әдіспен шешеді.
Экожүйедегі модельдеу әдістері қазіргікезде экологияда кеңінен қолданылады. Олар экожүйелерде болып жатқан процестерді болжауға және антропогендік факторлардың биосфераны ластау әдістерін айқындап, болашаққа кең жол ашады.






7.1-сурет. Популяция саны –суіні4 экспоненциалдық (а) және логи- стикалық (б) қисық сызықтары. Жолақталған аудан — ортаны4


қарсыласуы.

Негізгі әдебиеттер:


1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.
3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.
4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.
5.Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқашы курсы А, 2010




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет