Биологиялық химия Кафедрасы


Тотығудан фосфорлану (ТФ )



бет2/12
Дата01.05.2018
өлшемі5,15 Mb.
#40349
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Тотығудан фосфорлану (ТФ ).


Энергия алмасуының 4 сатысы – ТФ.

Бұл АДФ пен бейорганикалық фосфаттан БТ энергиясы есебінен АТФ түзілу үрдісі, АТФ-синтетазамен катализденеді: АДФ + Н3РО4 + WБТ à АТФ + Н2О



Р/ О коэффициенті туралы түсінік, тыныс алуды бақылау.

Р/О қатынасы - тотығудан фосфорлану коэффицентi, ол АТФ түзуге қанша моль бейорганикалық фосфаттың жұмсалатынын көрсетедi (оттегiнің бір атомына есептегенде). Яғни, сіңірілген оттектің әрбір атомына сәйкес келетін бейорганикалық фосфаттың моль санын (АТФ–тің түзілуіне кеткен) тотығудан фосфорлану коэффицинеті немесе Р/О коэффициенті деп атайды.

Р/О қалыпты жағдайда 3 немесе 2-ге тең. Егер субстрат ПФ пен тотықса оттектің бір молекуласына бейорганикалық фосфаттың 3молекуласы тура келеді. Бұл кезде

Р/О=3 тең болады; ал егер субстрат ФАД тәуелді ФП–пен тотықса оттектің бір молекуласына бейорганикалық фосфаттың 2 молекуласы тура келеді. Бұл кезде

Р/О=2 болады



БТ жылдамдығын ТФ бақылайды, мұны тыныс алуды бақылау деп атайды. Егер АДФ аз, ал АТФ көп болса, БТ жылдамдығы төмендейді. АДФ мөлшері көп, АТФ мөлшері аз болса БТ жылдамдығы артады.

ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫ МАТЕРИАЛДАР:


  1. Презентация (слайдтар)

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:


Сайпіл У., Плешкова С.М., Абитаева С.А. «Ферменттер. Энергия алмасуы. Витаминдер.», Алматы, 2001 ж.

2. Плешкова С.М., Өмірзақова К.К., Абитаева С.А. «Заттар алмасуы және оның реттелуі», Алматы, 2006.

3.Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж.

4. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.



  1. Е.С.Северин «Биохимия», 2008

  2. Т.Т.Березов, Б.Ф.Коровкин «Биологическая химия», 2004 г.

7. НиколаевА.Я. «Биологическая химия» - М., 2007
Қосымша әдебиеттер:

1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

2.Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.

3. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана, 2003 ж.

4. Плешкова С.М., т.б. Биохимия пәнінен студенттердің жеке дайындығына арналған тесттік сұрақтар. – Алматы, 2007 ж.


  1. Т.Ш.Шарманов, С.М.Плешкова «Метаболические основы питания с курсом общей

биохимии», Алматы, 1998 г.

  1. С.Тапбергенов «Медицинская биохимия», Астана, 2001 г.

  2. В.Дж.Маршал «Клиническая биохимия», 2000 г.

  3. Б.Гринстейн, А.Гринстейн «Наглядная биохимия», 2000 г.

  4. Д.Г.Кнорре, С.Д.Мызина «Биологическая химия», Москва, 1998 г.

  5. Р.Марри, Д.Греннер «Биохимия человека», I-II том, 1993 г.

  6. А.Ш.Зайчик, Л.Г.Чурилов «Основы патохимии», Москва, 2001 г.

  7. Н.Р. Аблаев Биохимия в схемах и рисунках, Алматы 2005 г.

  8. Биохимия. Краткий курс с упражнениями и задачами. Под ред. проф. Е.С.

Северина, А.Я. Николаева, М., 2002 г.

  1. З.С.Сеитов «Биохимия», Алматы, 2001 г

ҚОРЫТЫНДЫ СҰРАҚТАР:

1.Энергия алмасуының сатылары.

2. Көмірсулар, липидтердің және белоктардың арнайы жолдармен ыдырауына сипаттама.

3. Үш карбон қышқылдарының цикліне сипаттама.

4. БТ мен ТФ-қа сипаттама.

4 дәріс.



Тақырыбы: Тотығу түрлері. Организмнің антиоксидантты жүйесі.

МАҚСАТЫ: Тотығу түрлері мен организмнің антиоксиданттық жүйесі туралы түсінік қалыптастыру.

ДӘРІС ЖОСПАРЫ:

  1. Тотығудың оксидазды типі.

  2. Оксигеназды тотығу типі.

  3. Пероксидті тотығу типі және организмнің антиоксиданттық жүйесі.

  4. Пероксидазды тотығу типі.

ДӘРІСТЕЗИСТЕРІ:

Оксидаздық тотығу бұл – биологиялық тотығу.

Оксигеназдық тотығу 2 түрдегі реакцияны катализдейді: гидроксилдену және микросомальді тотығу. Оксигеназдық тотығудың маңызы – табиғи стероидтардың өзгерістерін, холестерин мен адреналиннің түзілуін, циклді қосылыстардың синтезін және т.б. және табиғи емес субстраттардың ксенобиотиктердің өзгерістерін жүргізу.

Пероксидтік тотығу- молекулалық оттектің бір электрондық тотықсыздануының нәтижесінде оттектің активті формаларыныңОАФ- супероксид анионы, гидроксил радикалы, пероксид ионы, синглетті оттек, гипохлорит ионы түзілуінен

липидтерде бос- радикалдық реакцияның жүруі, яғни липидтердің пероксидтік тотығуыЛПТ. ЛПТ-ның физиологиялық деңгейін антиоксиданттық жүйе бақылайды.

Ол екі түрлі болады: 1ферменттіксупероксиддисмутаза (СОД), каталаза, глютатионпероксидаза, глютатионредуктаза, церулоплазмин және т.б. 2 ферменттік емесЕ,А,С витаминдері; убихинон, зәр қышқылы,стероидты гормондар; тиол қосылыстары және т.б..Антиоксиданттар ЛПТ-ны тоқтатады немесе түзілген өнімді бейтараптайды.

Пероксидаздық тотығу макроэргиялық байланыс түзе жүрмейді. Олар пероксисомадағы активті оксидаздардың көмегімен жүреді. Пероксисома- гепатоциттердегі кішкентай денелер; оларды арнайылықты тотықтырғыш денешіктер деп қарастыруға болады. Бұл кішкене денешіктерде зәр қышқылдарының оксидазалары, лактооксидаза, Д-амин қышқылдарының оксидазалары және каталаза болады. Каталаза осы оксидаздар түзетін сутек пероксидін ыдыратады.

Мысалы, ксантиноксидазаның әсерінен несеп қышқылы және сутек пероксиді түзіледі, ал түзілген Н2О2-ні каталаза су мен молекулалық оттекке дейін ыдыратады.


ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫ МАТЕРИАЛДАР:


      1. Презентация (слайдтар)

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:


1.Сайпіл У., Плешкова С.М., Абитаева С.А. «Ферменттер. Энергия алмасуы. Витаминдер.», Алматы, 2001 ж.

2. Плешкова С.М., Өмірзақова К.К., Абитаева С.А. «Заттар алмасуы және оның реттелуі», Алматы, 2006.

3.Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж.

4. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.

5.Е.С.Северин «Биохимия», 2008

6.Т.Т.Березов, Б.Ф.Коровкин «Биологическая химия», 2004 г.



7. НиколаевА.Я. «Биологическая химия» - М., 2007

Қосымша әдебиеттер:

1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

2.Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.

3. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана, 2003 ж.

4. Плешкова С.М., т.б. Биохимия пәнінен студенттердің жеке дайындығына арналған тесттік сұрақтар. – Алматы, 2007 ж.


  1. Т.Ш.Шарманов, С.М.Плешкова «Метаболические основы питания с курсом общей

биохимии», Алматы, 1998 г.

  1. С.Тапбергенов «Медицинская биохимия», Астана, 2001 г.

  2. В.Дж.Маршал «Клиническая биохимия», 2000 г.

  3. Б.Гринстейн, А.Гринстейн «Наглядная биохимия», 2000 г.

  4. Д.Г.Кнорре, С.Д.Мызина «Биологическая химия», Москва, 1998 г.

  5. Р.Марри, Д.Греннер «Биохимия человека», I-II том, 1993 г.

  6. А.Ш.Зайчик, Л.Г.Чурилов «Основы патохимии», Москва, 2001 г.

  7. Н.Р. Аблаев Биохимия в схемах и рисунках, Алматы 2005 г.

  8. Биохимия. Краткий курс с упражнениями и задачами. Под ред. проф. Е.С.

Северина, А.Я. Николаева, М., 2002 г.

  1. З.С.Сеитов «Биохимия», Алматы, 2001 г

ҚОРЫТЫНДЫ СҰРАҚТАР:

  1. Тотығу түрлерін атаңыз.

  2. Антиоксидантты ферменттерді атаңыз.

  3. Антиоксидантты витаминдерді атаңыз.

5 дәріс.



Тақырыбы: Көмірсулар алмасуы. Бауырдың глюкостатикалық функциясы. Глюкозаның тотығу жолдары, энергиялық балансы.

Мақсаты: Студенттерді заттар алмасуының негізгі түсініктерімен, соның ішінде көмірсулар алмсуымен таныстыру. Тіндердегі глюкозаның өзгерістері туралы сұрақтарды қарастыру.
ДӘРІС ЖОСПАРЫ:

  1. Заттар алмасуына кіріспе.

  2. Көмірсулар аламасуындағы бауырдың ролі.

  3. Глюкозаның тотығу жолдарына қысқаша сипаттама.

ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ:

Заттар алмасуына кіріспе

Заттар алмасуы – бұл бір-бірімен тығыз байланысты, қарама-қарсы 2 процестің – ассимиляция (анаболизм) мен диссимиляцияның (катаболизм) жиынтығы. Заттар алмасуы 4 сатыдан тұрады: 1-сатысы – қорытылуы – күрделі заттардың механикалық және ферментативті жолмен ыдырауы, бұл сәйкес гидролазалардың қатысуымен асқорыту жолдарында (АҚЖ) өтеді; 2-сатысы – сіңірілу – ыдырау өнімдерінің ішек қуысынан ағзаның ішкі ортасына тасымалдануы; 3-сатысы – аралық алмасу – сіңірілген заттардың ағза жасушалары мен тіндерінде өзгерістерге түсуі; превращение в клетках или тканях организма всосавшихся веществ; 4-сатысы – зат алмасудың соңғы өнімдерінің бөлінуі.



Моносахаридтердің сіңірілу механизмдері – глюкоза мен галактоза АТФ және натрий-глюкозалық транспортер көмегімен активті түрде сіңіріледі. Фруктоза ГЛЮТ көмегімен (жеңілдетілген диффузия) арқылы, ал пентозалар пассивті түрде, АТФ пен белок-транспортерлердің көмегінсіз сіңіріледі.

Көмірсулар аламасуындағы бауырдың ролі.

Бауырдың глюкостатикалық қызметі қандағы глюкоза деңгейін тұрақты сақтауға негізделген, ол 3 процесс арқылы қамтамасыз етіледі:

1) гликогеногенез, 2) гликогенолиз, 3) глюконеогенез (глюкозаның белоктар, липидтер, көмірсулар ыдырағанда түзілген аралық өнімдерден синтезі).

Қанда глюкоза мөлшері артса, оның артық бөлігі гликогеннің түзілуіне (гликогеногенез) жұмсалады. Қандағы глюкозаның мөлшері төмендегенде гликогенолиз (гликогеннің ыдырауы) мен глюконеогенез күшейеді. Демек, бауыр қандағы глюкоза деңгейін сақтап, глюкостатистикалық қызмет атқарады, қандағы глюкозаның қалыпты мөлшері 3,4-6,1 мМ/л-ге тең.

Глюкозаның тотығу жолдарына қысқаша сипаттама.

Глюкоза 2 түрлі жолмен тотығады, 2/3 гликолитикалық, 1/3 пентозофосфатты жолмен тотығады.

Глюкозаның анаэробты жағдайда гликолитикалық жолмен тотығуы гликолиз деп аталады. Анаэробты гликолиз кезінде 1 молекула глюкозадан 2 молекула лактат және 4 АТФ түзіледі. 1 молекула глюкоза аэробты гликолитикалық жолмен тотыққанда 36 немесе 38 АТФ түзуге жеткілікті энергия бөлінеді. Пентозофосфатты цикл осуществляется в анаэробты жағдайда өтеді, бұл процестің нәтижесінде СО2 мен НАДФН2 түзіледі. НАДФН2 холестерол мен май қышқылдарның синтезі үшін энергия көзі болып табылады.

Глюкозаның анаэробты гликолитикалық жолмен тотығуының энергиялық балансы: егер гликолиз глюкозадан басталса, глюкозо-6-фосфат пен фруктозо-1,6-дифосфаттың түзілуіне 2 молекула АТФ жұмсалады. Сонымен гликолиз нәтижесінде 4 АТФ түзіледі, ал қорда 2 АТФ қалады. Егер гликолиз гликоген ыдыраған кезде түзілген глюкозо-6-фосфаттан басталса, фруктозо-1,6-дифосфаттың түзілуіне 1 АТФ жұмсалып, 3 АТФ қорда қалады.

Глюкозаның аэробты жағдайда тотығуы келесі сатылардын: глюкозаның ПЖҚ-на дейін тотығуы; ПЖҚ-ның тотығудан декарбоксилденіп АСҚ түзуі; АСҚ-ның ҮКЦ-детотығуы; БТ, энергия және эндогенді судың түзілуі; ТФ, АТФ түзілуі.

Глюкозаның аэробты жағдайда тотығуының энергиялық балансы: цитоплазмада 2 АТФ және 2 НАДН2 түзіледі. 1 молекула глюкоза аэробты жолмен тотыққан кезде 2 молекула ПЖҚ түзіледі. ПЖҚ митохондрияға түсіп тотығудан декарбоксилденіп 2 молекула АСҚ және 2 молекула НАДН2түзеді. Митохондриядағы 2 молекула НАДН2 БТ-да тотығып 6 АТФ түзеді. 2 АСҚ Кребс циклінде тотығып 6 НАДН2, 2ФПН2 және 2АТФ, түзеді. Сонымен 2АСҚ тотыққанда 24 АТФ түзіледі. Митохондрияда: 24+6=30АТФ. 30АТФ+2АТФ(цитозолде гликолизде түзілген) = 32АТФ. 4 немесе 6АТФ цитозольді НАДН2 глицерофосфатты (4) немесе малатты (6) шөрнек механизмі арқылымитохондрияға тасымалданып тотыққанда түзіледі.Сонымен глюкоза глицерофосфатты шөрнек механизмі арқылы тотықса 36 АТФ , малат шөрнек механизмі арқылы тотықса, 38 АТФ түзіледі.



ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫ МАТЕРИАЛДАР:

  1. Презентация (слайдтар)

  2. Моносахаридтердің сіңірілуі.

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:

  1. Т.Ш.Шарманов, С.М.Плешкова «Метаболические основы питания с курсом общей биохимии», Алматы, 1998 г.

  2. Плешкова С.М., Өмірзақова К.К., Абитаева С.А. «Заттар алмасуы және оның реттелуі», Алматы, 2006.

  3. С.Тапбергенов «Медицинская биохимия», Астана, 2001 г.

  4. С.Сеитов «Биохимия», Алматы, 2001 г.

  5. В.Дж.Маршал «Клиническая биохимия», 2000 г.

  6. Б.Гринстейн, А.Гринстейн «Наглядная биохимия», 2000 г.

  7. Т.Т.Березов, Б.Ф.Коровкин «Биологическая химия», 2004 г.

Қосымша:

  1. Д.Г.Кнорре, С.Д.Мызина «Биологическая химия», Москва, 1998 г.

  2. Р.Марри, Д.Греннер «Биохимия человека», I-II том, 1993 г.

  3. А.Ш.Зайчик, Л.Г.Чурилов «Основы патохимии», Москва, 2001 г.

  4. Полосухина Т.Я., Аблаев Н.Р. «Материалы к курсу биологической химии», 1977 – С.8-11, 13, 34.

  5. Верболович П.А., Аблаев Н.Р. «Лекции по отдельным разделам биохимии», 1985 - С.27-36.

  6. Н.Р. Аблаев Биохимия в схемах и рисунках, Алматы 2005 г.

  7. Биохимия. Краткий курс с упражнениями и задачами. Под ред. проф. Е.С. Северина, А.Я. Николаева, М., 2002 г.

  8. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы Заттар алмасуы және оның реттелуі. – Алматы, 2009 ж.


ҚОРЫТЫНДЫ СҰРАҚТАР:

1.Зат алмасуының сатылары.

2. Көмірсулардың ролі.

3. Моносахаридтердің сіңірілу жолдары.


6 дәріс.

Тақырыбы: Липидтер алмасуы. Липопротеиндер метаболизмі туралы түсінік. Атеросклероз биохимиясы.

Мақсаты: Студенттерде липидтер алмасуы және липопротеиндер метаболизмі, атеросклероз туралы түсінік қалыптастыру.

ДӘРІС ЖОСПАРЫ:

1. Липидтердің тасымалдану формалары – құрылысы, құрамы және ролі туралы түсінік.

2. Липопротеиндер метаболизмі туралы түсінік. Атерогенді және антиатерогенді липопротеиндер туралы түсінік.

3. Атеросклероз туралы түсінік. Атеросклероз дамуының биохимиялық механизмдері.


ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ:

Липидтердің тасымалдану формалары – құрылысы, құрамы және ролі туралы түсінік. Липопротеиндер метаболизмі туралы түсінік. Атерогенді және антиатерогенді липопротеиндер туралы түсінік.

Липидтердің тасымалдану формаларына хиломикрондар мен липопротеиндер жатады. Липопротеиндер ТӨТЛП, ТТЛП, ТЖЛП болып бөлінеді. Олар бір-бірінен құрамы, ролі, түзілетін орны және тығыздығы бойынша ерекшеленеді. ХМ ішек қабырғасында түзіледі. ХМ ТАГ-ты тасымалдайды, олар тіндерде қалдық ХМ айналып, бауыр жасушаларымен жұтылады.бұлар –ең үлкен бөлшектер, құрамында 80% ТАГ болады. ТӨТЛП бауырда түзіледі, құрамында 55% ТАГ болады. Олар ТАГ-ты бауырдан тіндерге тасымалдайды. Тіндерде олар ЛПЛ әсерінен ТТЛП-ға айналады. ТТЛП дабауырда түзіледі. Олар холестеролды бауырдан тіндерге тасымалдайды және атерогенді болып табылады. ТЖЛП бауырда және ішек қабырғасында түзіледі. Олар холестеролды тіндерден бауырға тасымалдайды, антиатерогенді болып табылады.



Атеросклероз туралы түсінік. Атеросклероз дамуының биохимиялық механизмдері.

Атеросклероз – ірі және орташа артерия тамырларының созылмалы ауруы. Оның 270-ке жуық қауіптілік факторлары бар, олардың ішінде қант диабеті, семіздік, ер адам болу, егде жас, тұқым қуалаушылық, стресс, гипертония, дұрыс емес тамақтану, гиподинамия және басқаларын атауға болады. Бұл аурудың негізінде ТТЛП мөлшерінің көп болуы мен олардың модификациясы және артериялардың интимасында жиналуы жатыр. Түйіндер түзіледі.

ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫ МАТЕРИАЛДАР:


  1. Презентация (слайдтар)

Әдебиеттер:

Негізгі:


  1. Т.Ш.Шарманов, С.М.Плешкова «Метаболические основы питания с курсом общей биохимии», Алматы, 1998 г.

  2. С.Тапбергенов «Медицинская биохимия», Астана, 2001 г.

  3. С.Сеитов «Биохимия», Алматы, 2001 г.

  4. В.Дж.Маршал «Клиническая биохимия», 2000 г.

  5. Б.Гринстейн, А.Гринстейн «Наглядная биохимия», 2000 г.

  6. Т.Т.Березов, Б.Ф.Коровкин «Биологическая химия», 2004 г.

  7. Плешкова С.М., Өмірзақова К.К., Абитаева С.А. «Заттар алмасуы және оның реттелуі», Алматы, 2006.

Қосымша:


  1. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы Заттар алмасуы және оның реттелуі. – Алматы, 2009 ж.

  2. Д.Г.Кнорре, С.Д.Мызина «Биологическая химия», Москва, 1998 г.

  3. Р.Марри, Д.Греннер «Биохимия человека», I-II том, 1993 г.

  4. А.Ш.Зайчик, Л.Г.Чурилов «Основы патохимии», Москва, 2001 г.

  5. Полосухина Т.Я., Аблаев Н.Р. «Материалы к курсу биологической химии», 1977 – С.8-11, 13, 34.

  6. Верболович П.А., Аблаев Н.Р. «Лекции по отдельным разделам биохимии», 1985 - С.27-36.

  7. Н.Р. Аблаев Биохимия в схемах и рисунках, Алматы 2005 г.

  8. Биохимия. Краткий курс с упражнениями и задачами. Под ред. проф. Е.С. Северина, А.Я. Николаева, М., 2002 г.

ҚОРЫТЫНДЫ СҰРАҚТАР:

  1. Липидтердің тасымалдау формаларын атаңз.

  2. ХМ мен ЛПның құрамы.

  3. Атерогенді және антиатерогенді ЛП.

7 дәріс.



Тақырыбы: Күрделі белоктар (хромопротеиндер) алмасуы. Сарғыштану түрлері туралы түсінік.

Мақсаты: Студенттерді күрделі белоктар – хромопротеиндер алмасуының негізгі жолдарымен таныстыру.

Дәріс жоспары:

    1. ХП алмасуы – гемоглобиннің ыдырауы, өт, зәр, нәжіс пигменттерінің түзілуі.

    2. Сарғыштану – түрлері, пайда болу себептері, механизмі, зертханалық көріністері.

ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ:

ХП алмасуы – гемоглобиннің ыдырауы, өт, зәр, нәжіс пигменттерінің түзілуі.

Hb – эритроциттердің негізгі белогы. Эритроциттер 110-120 күн өмір сүреді, содан кейін олар гемолизге ұшырайды. Эритроциттерден бөлінген Hb гаптоглобинмен байланысып, Hb-Hр комплексін түзіп, гемоглобин ыдырайтын жерлерге түседі.

Гемоглобиннің ыдырауы макрофагты-моноцитарлық жүйе (ММЖ) жасушаларында: қан жасау жүйесінің жасушаларында, бауырдың Купфер жасушаларында, көкбауырда, ішектегі пеер түйіндерінің жасушаларында , т.б. жүзеге асады.

Бұл үрдіс гемнің бірінші және екінші пиррол сақиналарының арасындағы метин көпіршесінің гемоксигеназа әсерінен тотығып, үзілуінен басталады да, вердоглобин түзіледі. ММЖ жасушаларында вердоглобиннен глобин мен темір бөлінеді де, биливердин түзіледі. Биливердин НАДФН2 есебінен бос, тікелей емес, коньюгирленбеген билирубинге тотықсызданады, ол суда ерімейтін және улы қосылыс. Оның тікелей емес деп аталу себебі Эрлих диазореактивін қосқанда бірден қызыл түс бермейді, тек қан сарысуына ондағы белоктарды тұнбаға түсіру үшін кофеин немесе спирт ерітіндісін қосқаннан кейін қызыл түске боялады. Глюкурон қышқылымен байланыспағандықтан, конъюгирленбеген деп аталады. Тікелей емес билирубин ММЖ жасушаларынан қанға түсіп, альбуминдерге адсорбцияланады, бұл оның улылығын төмендетеді. Тікелей емес билирубиннің негізгі бөлігі бауырға түседі, онда глюкуронилтрансферазаның әсерінен глюкурон қышқылымен конъюгациялану (байланысу) реакциясына түседі. Сонда тікелей емес билирубин заласызданып, моно-(30%) немесе ди- (70%) глюкуронид билирубин түзеді. Бұл билирубин тікелей, байланысқан, усыз, суда еритін билирубин болып табылады. Билирубин өтке қызыл-қоңыр түс береді. Биливердиннің біраз бөлігі өтке түседі, ол жасыл түс береді. Биливердин мен тікелей билирубин өт қапшығына жиналады, олар өтке жасылдау түс береді. Тікелей билирубин мен биливердин өт жолдарына түседі. Тікелей билирубиннің үштен бір бөлігінен азы бета-глюкуронилтрансферазаның әсерінен тікелей емес билирубинге айналады да, 12-елі ішектің қуысына өтпен бірге тікелей емес билирубин мен биливердин түседі. Ащы ішекте бос билирубин мезобилиногенге (уробилиногенге) дейін тотықсызданады, оның біраз бөлігі қақпа венасы арқылы бауырға қайта түсіп, онда түссіз моно- және дипирролдарға дейін ыдырайды, олар бүйрек арқылы зәрмен шығарылады.

Мезобилиногеннің басым бөлігі тоқ ішекке түседі, онда микроб ферменттерінің әсерінен стеркобилиногенге тотықсызданады. Стеркобилиногеннің біраз бөлігі plexus hemorrhaidalis (геморроидальдық вена тамырлары) сіңіріліп, бүйрекке түсіп, зәрмен шығарылады. Зәрде жарық пен ауаның әсерінен стеркобилиноген стеркобилинге дейін тотығады, ол зәрге сары түс береді. Стеркобилиногеннің қалған бөлігі мен биливердин нәжіске түседі. Стеркобилиноген жарықтың әсерінен стеркобилинге дейін тотығып, биливердинмен бірігіп, нәжіске қоңыр-жасыл түс береді. Қан сарысуының түсі де белгілі бір деңгейде онда билирубиннің болуына байланысты. Қалыпты жағдайда қанда жалпы билирубин анықталады, ол тікелей және тікелей емес билирубиннен тұрады. Қандағы жалпы билирубин мөлшері 8-20 мкмоль/л.

Сарғыштану – түрлері, пайда болу себептері, механизмі, зертханалық көріністері.

Бауырлық, бауыр астылық, бауыр үстілік. Зертханалық көрсеткіштері бойынша ерекшеленеді - бауырлық сарғыштануда тікелей және тікелей емес билирубин мөлшері және бауыр ферменттері, бауыр астылықта – тікелей билирубин, бауыр үстілікте - тікелей емес билирубин мөлшері артады.


ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫ МАТЕРИАЛДАР:

1.Презентация (слайдтар).



ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:


  1. Плешкова С.М., Өмірзақова К.К., Абитаева С.А. «Заттар алмасуы және оның реттелуі», Алматы, 2006.

  2. Т.Ш.Шарманов, С.М.Плешкова «Метаболические основы питания с курсом общей биохимии», Алматы, 1998 г.

  3. С.Тапбергенов «Медицинская биохимия», Астана, 2001 г.

  4. С.Сеитов «Биохимия», Алматы, 2001 г.

  5. В.Дж.Маршал «Клиническая биохимия», 2000 г.


Қосымша:

  1. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы Заттар алмасуы және оның реттелуі. – Алматы, 2009 ж.

  2. Б.Гринстейн, А.Гринстейн «Наглядная биохимия», 2000 г.

  3. Т.Т.Березов, Б.Ф.Коровкин «Биологическая химия», 2004 г.

  4. Д.Г.Кнорре, С.Д.Мызина «Биологическая химия», Москва, 2002 г.

  5. Р.Марри, Д.Греннер «Биохимия человека», I-II том, 1993 г.

  6. А.Ш.Зайчик, Л.Г.Чурилов «Основы патохимии», Москва, 2001 г.

  7. Полосухина Т.Я., Аблаев Н.Р. «Материалы к курсу биологической химии», 1977 – С. 3, 30-33, 47-49, 59-62.

  8. Бышевский А.Ш., Терсенов О.А. «Биохимия для врача», 1994 – С. 34-54, 75, 95, 108, 214-216, 224, 249.

  9. Н.Р. Аблаев Биохимия в схемах и рисунках, Алматы 2005 г.

  10. Биохимия. Краткий курс с упражнениями и задачами. Под ред. проф. Е.С. Северина, А.Я. Николаева, М., 2002 г.

Бақылау сұрақтары:

  1. Гемоглобиннің ыдырауы, реакциялар реті.

  2. Өт, нәжіс, зәр пигменттері.

8 дәріс.



Тақырыбы: Заттар алмасуының реттелуі. Көмірсулар алмасуын реттейтін гормондар. Қантты диабеттің биохимиясы.

Мақсаты: Студенттерді көмірсулар алмасуын реттейтін гормондармен таныстыру. Қантты диабет кезіндегі биохимиялық өзгерістермен таныстыру.

Дәріс жоспары:

  1. Инсулин және контринсулярлы гормондар.

  2. Қантты диабеттің биохимиясы.

ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

Инсулин және контринсулярлы гормондар.

Инсулин ұйқы безінің бета-жасушаларында түзіледі, ол қандағы глюкоза деңгейін төмендетеді. Қалған гормондар (глюкагон, ГКС, норадреналин, адреналин, СТГ) қандағы глюкоза мөлшерін арттырады. Олардың глюкозаны арттыру механизмі әр түрлі. Глюкагон гликогеннің ыдырауы мен липолизді, глицериннен глюконеогенезді күшейтеді. ГКС амин қышқылдарынан глюконеогенезді арттырса, адреналин гликогеннің ыдырауын жоғарылатады. СТГ глюкагонның түзілуін стимулдейді.



Қантты диабеттің биохимиясы.

Негізгі белгілері: шөлдеу, полиурия және полифагия. Қандағы глюкоза деңгейі артқан – аш қарынға алғанда 6,1 мМ/л. Глюкозурия, кетонемия, кетонурия байқалады.


ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫ МАТЕРИАЛДАР:

1.Презентация (слайдтар).


ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:


  1. Плешкова С.М., Өмірзақова К.К., Абитаева С.А. «Заттар алмасуы және оның реттелуі», Алматы, 2006.

  2. Е.С.Северин «Биохимия», 2008

  3. Т.Т.Березов, Б.Ф.Коровкин «Биологическая химия», 2004 г.

  4. Николаев А.Я. «Биологическая химия» - М., 2007

  5. С.Сеитов «Биохимия», Алматы, 2001 г.

Қосымша:

  1. Т.Ш.Шарманов, С.М.Плешкова «Метаболические основы питания с курсом общей биохимии», Алматы, 1998 г.

  2. С.Тапбергенов «Медицинская биохимия», Астана, 2001 г.

  3. Б.Гринстейн, А.Гринстейн «Наглядная биохимия», 2000 г.

  4. Т.Т.Березов, Б.Ф.Коровкин «Биологическая химия», 2004 г.

  5. Д.Г.Кнорре, С.Д.Мызина «Биологическая химия», Москва, 2002 г.

  6. Р.Марри, Д.Греннер «Биохимия человека», I-II том, 1993 г.

  7. А.Ш.Зайчик, Л.Г.Чурилов «Основы патохимии», Москва, 2001 г.

  8. Полосухина Т.Я., Аблаев Н.Р. «Материалы к курсу биологической химии», 1977 – С. 3, 30-33, 47-49, 59-62.

  9. В.Дж.Маршал «Клиническая биохимия», 2000 г.

  10. Бышевский А.Ш., Терсенов О.А. «Биохимия для врача», 1994 – С. 34-54, 75, 95, 108, 214-216, 224, 249.

  11. Н.Р. Аблаев Биохимия в схемах и рисунках, Алматы 2005 г.

  12. Биохимия. Краткий курс с упражнениями и задачами. Под ред. проф. Е.С. Северина, А.Я. Николаева, М., 2002 г.

  13. Под.ред. Лавина «Эндокринология», 1999 г.

  14. Балаболкин М.И. «Эндокринология», 1998 г.

  15. Потемкин В.В. «Эндокринология», Москва, 1999 г.


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Контринсулярлы гормондарды атаңыз.

  2. Қантты диабеттің белгілерін атаңыз.

9 дәріс.



Тақырыбы: Қан биохимиясы. Қан плазмасының азотты органикалық құрамдас бөліктері және оларды анықтаудың диагностикалық ролі.

Мақсаты: Студенттерді электрофореграммалардың түрлерімен және қалдық азоттың компоненттерімен таныстыру.

Дәріс жоспары:

  1. Электрофореграммалардың түрлері

  2. Қалдық азот

ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

Электрофореграммалардың түрлері

Электрофореграммалардың түрлері: миелома және басқа да криоглобулинемия түрлері, гепатит типі, цирроз типі, нефроз типі, жедел қабыну және созылмалы қабыну типі. Бірінші типінде гамма-глобулиндер артқан. Гепатит пен циррозда альбуминдер төмендейді және бета-, гамма- глобулиндер артады. Нефрозда альбуминдер төмендейді және альфа-глобулиндер артады. Жедел қабынуда альфа-глобулиндер артады. Ауру созылмалы күйге көшкенде бета-, гамма- глобулиндер артады.



Қалдық азот

Креатинин, креатин, жалпы билирубин, несеп қышқылы және мочевина – клиникалық маңызы бар. Қалдық азот мөлшері бүйрек ауруларында артады. Билирубин мөлшері сарғыштанулар кезінде артады.



ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫ МАТЕРИАЛДАР:

1.Презентация (слайдтар).


ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:


  1. Плешкова С.М., Өмірзақова К.К., Абитаева С.А. «Заттар алмасуы және оның реттелуі», Алматы, 2006.

  2. Е.С.Северин «Биохимия», 2008

  3. Т.Т.Березов, Б.Ф.Коровкин «Биологическая химия», 2004 г.

  4. Николаев А.Я. «Биологическая химия» - М., 2007

  5. С.Сеитов «Биохимия», Алматы, 2001 г.

Қосымша:

  1. Т.Ш.Шарманов, С.М.Плешкова «Метаболические основы питания с курсом общей биохимии», Алматы, 1998 г.

  2. С.Тапбергенов «Медицинская биохимия», Астана, 2001 г.

  3. Б.Гринстейн, А.Гринстейн «Наглядная биохимия», 2000 г.

  4. Т.Т.Березов, Б.Ф.Коровкин «Биологическая химия», 2004 г.

  5. Д.Г.Кнорре, С.Д.Мызина «Биологическая химия», Москва, 2002 г.

  6. Р.Марри, Д.Греннер «Биохимия человека», I-II том, 1993 г.

  7. А.Ш.Зайчик, Л.Г.Чурилов «Основы патохимии», Москва, 2001 г.

  8. Полосухина Т.Я., Аблаев Н.Р. «Материалы к курсу биологической химии», 1977 – С. 3, 30-33, 47-49, 59-62.

  9. В.Дж.Маршал «Клиническая биохимия», 2000 г.

  10. Бышевский А.Ш., Терсенов О.А. «Биохимия для врача», 1994 – С. 34-54, 75, 95, 108, 214-216, 224, 249.

  11. Н.Р. Аблаев Биохимия в схемах и рисунках, Алматы 2005 г.

  12. Биохимия. Краткий курс с упражнениями и задачами. Под ред. проф. Е.С. Северина, А.Я. Николаева, М., 2002 г.

  13. Под.ред. Лавина «Эндокринология», 1999 г.

  14. Балаболкин М.И. «Эндокринология», 1998 г.

  15. Потемкин В.В. «Эндокринология», Москва, 1999 г.


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Электрофореграммалардың түрлері

  2. Қалдық азоттың компоненттерін атаңыз.

МАМАНДЫҒЫ: ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА


КАФЕДРА: БИОЛОГИЯЛЫҚ ХИМИЯ

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН



ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

КУРС: 2
ПӘН: БИОЛОГИЯЛЫҚ ХИМИЯ

ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: кафедраның профессор-оқытушылар құрамы

2012 ж.


Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №1 29 тамыз 2012 ж.


Бекітілді

Кафедра меңгерушісі

Профессор ____________________________ Плешкова С.М.

1 Сабақ

1.Тақырыбы: Қауіпсіздік техникасының ережелері. Белоктар.

Белоктардың атқаратын қызметтері. Белоктардың жалпы қасиеттері: элементтік құрамының біркелкілігі, жоғары молекулалық масса, мөлшерінің үлкен және белгілі бір пішінде болуы. Ыдырау өнімдерінің ұқсастығы. Белок молекуласындағы амин қышқылдары түзетін байланыс түрлері. Амфотерлік қасиеті. Белоктарға түсті реакциялар. Белок зарядының орта рН-ына және амин қышқылдық құрамына тәуелділігі.



  1. Мақсаты:

  1. Қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру арқылы студенттерде құқықтық құзырлылықты қалыптастыру.

  2. Белоктардың атқаратын функциялары мен кейбір жалпы қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру.

  3. Жаңа терминдер мен түсініктерді енгізу.




  1. Оқыту міндеттері:

  1. Биохимиялық зертханада жұмыс жасау барысында студенттерді қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру.

  2. Белоктардың атқаратын функцияларын қарастыру.

  3. Белоктардың элементтік құрамының біркелкілігі, жоғары молекулалық масса, мөлшерінің үлкен және белгілі бір пішінде болуы, ыдырау өнімдерінің ұқсастығы, белок молекуласындағы амин қышқылдары түзетін байланыс түрлерін қарастыру.

  4. Кәсіптік әдебиеттерді оқып білуге және интернеттен ақпаратты іздеуге студенттерді ынталандыру.

5. Белоктардың биологиялық функциялары – құрылымдық,жиырылу, қорғаныштық, ферментативті, реттеуші, электротрансформациялау; дисульфидтік байланыс, полярсыз топтың гидрофобты әсерлесуі, түсті реакциялар – белоктарға жалпы және жеке амин қышқылдарын ашатын реакциялар, құнды және құнсыз белоктар туралы жаңа түсініктерді енгізу.


  1. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Қауіпсіздік техникасының ережелері.

  2. Биохимияға кіріспе.

  3. Белоктардың атқаратын функциялары.

  4. Белоктардың жалпы қасиеттері.

    1. элементтік құрамының ұқсас болуы

    2. жоғары молекулалық массасының болуы;

    3. белоктардың белгілі бір пішінде болуы және көлемінің үлкен болуы;

    4. ыдырау өнімдерінің ұқсастығы;

    5. белок молекуласындағы байланыс түрлері және олардың белок молекуласын тұрақтандыруға қатысуы;

    6. белоктарға түсті реакциялар: жалпы және жеке амин қышқылдарына арналған реакциялар. Осы реакциялардың медицинадағы маңызы.

    7. Белоктардың амфотерлік қасиеті. Орта рН-ының белок зарядына әсері.


5. Оқыту әдістері мен құралдары:

Аралас әдіс:



  1. Аралас сұрау (ауызша сұрау, блиц- сұрақ немесе тесттік тапсырмаларға жауап, жазбаша бақылау )

Оқыту құралдары: кафедраның оқу-әдістемелік құралдары, тест тапсырмалары, тақырып бойынша кестелер, дәрістің электронды нұсқасы.

Бағаланатын құзырлылықтар:

  1. «Білім» құзырлылығы жазбаша бақылаудың, блиц-сұрақтың сұрақтарына, жаңа тақырыпты талдау барысында жауап бергеніне қарай бағаланады.

  2. Құқықтық құзырлылық қауіпсіздік техникасы (ҚТ) ережелерінің сұрақтарына берген жазбаша жауаптары бойынша бағаланады.


1. Сабақты ұйымдастыру – топпен танысу және қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру.

Үй тапсырмасы:



Белоктар. Белоктардың жалпы қасиеттері: Коллоидты қасиеттері. Тұнбаға түсу реакциялары. Белок молекуласының структуралары. Белоктардың жіктелуі (жай және күрделі белоктар). Жай глобулярлы белоктар: өкілдері, химиялық касиеттері, табиғатта таралуы, ролі.

Келесі сабаққа өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар:

1. Белоктардың жалпы қасиеттері:

1) Белоктардың коллоидты қасиеттері. Белоктың ерітіндідегі тұрақтылығы, тұрақтылық факторлары.

2) Белоктарды тұнбаға түсу және тұздалу реакциялары. Осы реакциялардың медицинадағы маңызы.

3) Белок молекуласының структуралары. Денатурация, ренатурация.

2. Белоктардың жіктелуі.

3. Альбуминдердің, глобулиндердің, протаминдердің және гистондардың химиялық қасиеттері, ролі және табиғатта таралуы.
2.Студенттердің органикалық химиядан алған білімдерін тексеру билеттер бойынша (билеттер бар) жүргізіледі.

3.Төмендегі сұрақтар бойынша жаңа тақырыпты бірігіп талдау:


  1. Белоктардың атқаратын функциялары.

  2. Белоктардың жалпы қасиеттері.

    1. элементтік құрамының ұқсас болуы

    2. жоғары молекулалық массасының болуы;

    3. белоктардың белгілі бір пішінде болуы және көлемінің үлкен болуы;

    4. ыдырау өнімдерінің ұқсастығы;

    5. белок молекуласындағы байланыс түрлері және олардың белок молекуласын тұрақтандыруға қатысуы, осы сұрақты талдағанда мына кестені толтыру ұсынылады:




Байланыстың аты, оған сипаттама

Байланыс қалай түзіледі

Байланысқа мысал (формуламен көрсету)

Пептидтік (ковалентті, берік)

Бірінші амин қышқылының (АҚ)

СООН тобы мен екінші АҚ-ның NH2 әрекетттескенде түзіледі




Дисульфидтік (ковалентті, берік)

Цистеиннің 2 молекуласындағы тио топтар өзара әрекеттескенде түзіледі




Сутектік (ковалентті емес, әлсіз)

Пептидтік байланыс түзуге қатысқан сутек пен оттектегі артық заряд есебінен түзіледі.




Иондық (ковалентті емес, әлсіз)

Диссоциацияланған күйде болатын МАДК-ның бос СООН тобы мен ДАМК-ның бос NH2тобы арасында түзіледі

Гидрофобты әрекеттесу (полярлы емес, әлсіз)

АҚ-ның заряды жоқ көмірсутек радикалдары арасында түзіледі




    1. белоктарға түсті реакциялар: жалпы және жеке амин қышқылдарына арналған реакциялар. Осы реакциялардың медицинадағы маңызы.

    2. Белоктардың амфотерлік қасиеті. Орта рН-ының белок зарядына әсері.


Шағын топта жұмыс жасау – жағдайлық есепті шешу:

  1. Белоктың жалпы формуласы

осы белок қандай қасиетке ие? рН= 4,7; 7,0; 10 шамаларына тең болғанда, белок заряды қандай болады? Осы белоктың құрамына кіретін амин қышқылдарын анықтаңыздар.

  1. Белоктың жалпы формуласы

Осы белок қандай қасиетке ие? ИЭН-сі қай ортада? Нейтрал ортада заряды қандай? Осы белоктың құрамына кіретін амин қышқылдарын анықтаңыздар.

  1. Белоктың жалпы формуласы

Осы белок қандай қасиетке ие? рН-тың мәні қай шамада бұл бейтарап болады. Осы белоктың құрамына кіретін амин қышқылдарын анықтаңыздар.
Блиц-сұрақ тест немесе төменде берілген сұрақтар бойынша жүргізіледі, оқытушы студентті тақтаға шығарады, ол тестті ішінен оқып, дұрыс жауабын бірден айтуы тиіс, немесе оқытушы қай тестті оқу керектігін нұсқайды, студент жауап береді.

Блиц-сұрақтар:

1)Белок құрамына қандай химиялық элементтер кіреді?

2)Белоктардың ыдырау өнімдерін атаңыз.

3) Белок молекуласындағы ковалентті байланыстарды атаңыз.

4) Белок молекуласындағы ковалентті емес байланыстарды атаңыз.

5) Моноаминомонокарбон қышқылдарын (2-3 мысал) атаңыз?

6) Гидрокси амин қышқылдарын атаңыз?

7) Құрамында күкірті бар амин қышқылдарын атаңыз?

8)Моноаминодикарбон қышқылдарын атаңыз?

9) Диаминомонокарбон қышқылдарын атаңыз?

10) Имин қышқылдарын атаңыз?

11)Ароматты амин қышқылдарын атаңыз?

12) Гетероциклді амин қышқылдарын атаңыз?

13) Қандай амин қышқылдары алмастырылатын деп аталады?

14) Қандай амин қышқылдары алмастырылмайтын деп аталады?

15) Алмастырылмайтын амин қышқылдарын атаңыз белгілі?

16) Қандай амин қышқылдары шартты түрде алмастырылатын деп аталады?

17) Неліктен белоктар амфотерлік қасиет көрсетеді?

18) Белоктардың амфотерлігі оның құрамындағы қандай функционалдық топтың болуына тәуелді?

19)Белоктың қандай күйі изоэлектрлік деп аталады (ИЭК)?

20) Изоэлектрлік нүкте (ИЭН) дегеніміз не?

21) Бейтарап белоктың ИЭН-сі неге тең?

22) Белок заряды қандай факторларға тәуелді?

23)Егер белок құрамында МАМҚ басым болса, белок (бейтарап, қышқылды, негіздік) қандай қасиетке ие?

24) Егер белок құрамында МАДҚ басым болса, белок (бейтарап, қышқылды, негіздік) қандай қасиетке ие?

25) Егер белок құрамында ДАМҚ басым болса, белок (бейтарап, қышқылды, негіздік) қандай қасиетке ие?

26) Белок ерітіндісінің тұрақтылық факторларын атаңыз.

27) Жалпы түсті реакциялар қандай мақсатқа пайдаланылады?

28) Жеке амин қышқылдарына арналған түсті реакциялар қандай мақсатқа пайдаланылады?


  1. Жазбаша бақылау ҚТ ережелері бойынша жүргізіледі (билеттер бар)

5. Сабақты қорытындылау – оқытушы студенттермен бірге тақырып бойынша қорытынды жасайды, баға қояды және қойылған бағаны студенттерге жариялайды.
Жаттығулар:

  1. Аланилцистеилглицин трипептидін жазыңыз. Осындай екі трипептидті дисульфидтік байланыспен байланыстырыңыз. Осы амин қышқылдарынан түзілген белоктың қасиеті қандай болады? Пептидтік байланысты көрсетіңіз. N– және С-шетін белгілеңіз.

  2. Белок гидролизі, түрлері. Гидролиз сатыларын қандай реакциялар арқылы анықтауға болады?


Жағдайлық есеп:

Белок құрамында изолейцин анықталған жоқ. Осы белокты құнды деп есептеуге бола ма?


6. Әдебиеттер:

Қазақ тілінде

Негізгі:

1. Плешкова С.М., Абитаева С.А., т.б. «Белоктар...». – Алматы, 2000 ж. – 3-36 б.

2. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 1Бөлім. Белоктар, ферменттер, витаминдер. – Алматы, 2009 ж.

Қосымша:


  1. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж. - 125-127; 167; 193-195; 798 б.

  2. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

  3. Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.

  4. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана, 2003 ж.

  5. Плешкова С.М., т.б. Биохимия пәнінен студенттердің жеке дайындығына арналған тесттік сұрақтар. – Алматы, 2007 ж.

Орыс тілінде:

  1. Северин Е.С. «Биохимия», 2007 г.стр10-17

  2. Николаев А.Я. “Биологическая химия” – Москва, 2004г., с. 16 - 59

  3. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. “Биологическая химия” – Москва , 2004г., с. 20-74

  4. Учебное пособие для самостоятельного изучения биохимии «Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины», часть 1 – Алматы, 2009.

  5. Строев Е.А. “Биологическая химия” – Москва, 1986г., с. 24-51; 55-58.

  6. Аблаев Н.Р. «Биохимия в схемах и рисунках», 2005г.

  7. Сеитов З.С. “Биологическая химия”, Алматы, 2000, с. 85 – 134

  8. Плешкова С.М., Абитаева С.А., Ерджанова С.С. Петрова Г.И. Практикум по биохимии – Алматы, 2003




  1. Бақылау:

Жазбаша бақылаудың, блиц-сұрақтың сұрақтарына, жаңа тақырыпты талдау барысында жауап бергеніне және шағын топтағы студенттің белсенділігіне қарай жүргізіледі.

Тесттер:

1. Төмендегі амин қышқылдарының қайсы тобы моноаминомонокарбон қышқылдарына жатады:



  1. лейцин, валин, цистеин, аланин

  2. лизин, глутамин қышқылы, изолейцин

  3. аспарагин қышқылы, оксипролин, глицин, триптофан

  4. фенилаланин, цистеин, аргинин, лейцин

  5. метионин, серин, лизин, тирозин

2. Аталған аминқышқылдарының қайсы тобы циклді амин қышқылдарына жатады:

  1. гистидин, пролин, валин, треонин

  2. изолейцин, серин, аргинин, оксипролин

  3. триптофан, тирозин,метионин, аспарагин қышқылы

  4. фенилаланин, гистидин, триптофан, тирозин

  5. метионин, фенилаланин, орнитин, лизин

3. Алмастырылмайтын амин қышқылдары:

  1. молекулаларында тармақталған радикалдар бар

  2. организмде түзіледі

  3. организмде синтезделмейді

  4. құрамында гетероциклдер бар

  5. организмде түзіледі

4. Алмастырылмайтын амин қышқылдарына жатады:

  1. глицин, цистеин, аргинин

  2. глутамин, аспарагин қышқылдары

  3. триптофан, лизин

  4. треонин, валин, лейцин

  5. фенилаланин, изолейцин, метионин

Сәйкес комбинацияны таңдаңыз:

    1. А, Б, В

    2. Б, В, Г

    3. В, Г, Д

    4. Г, Д, А

    5. Д, А, Б

5.Төмендегі амин қышқылдарының қайсысы жеңіл амидтенеді:

  1. тирозин

  2. глицин

  3. аргинин

  4. глутамин қышқылы

  5. аспарагин қышқылы

Сәйкес комбинацияны таңдаңыз:

  1. 1,2

  2. 1, 3

  3. 2, 3

  4. 2, 4

  5. 3, 5

6. Төмендегі амин қышқылдарының қайсысы зат алмасуында түзілген улы өнімдерді залалсыздандыру процестеріне активті қатысады:

  1. серин

  2. валин

  3. глицин

  4. лизин

  5. пролин

7. Метилдеу процестеріне қатысады:

  1. аланин

  2. валин

  3. треонин

  4. метионин

  5. изолейцин

8. Алмастырылмайтын циклді амин қышқылдары болып табылады:

  1. тирозин

  2. фенилаланин

  3. гистидин

  4. триптофан

  5. пролин

Сәйкес комбинацияны таңдаңыз:

    1. А, Б

    2. А, Д

    3. Б, В

    4. А, Г

    5. Б, Г

9. Белоктарға қышқылдық қасиет беретін аминқышқылдары:

  1. глицин

  2. глутамин қышқылы

  3. валин

  4. серин

  5. аспарагин қышқылы

Сәйкес комбинацияны таңдаңыз:

  1. А, В

  2. Б, Г

  3. Б, Д

  4. А, Б

  5. Б,Г

10. Белоктарға негіздік қасиет беретін амин қышқылдары:

  1. лизин

  2. валин

  3. глутамин қышқылы

  4. аспарагин қышқылы

  5. аргинин

Сәйкес комбинацияны таңдаңыз:

    1. А, В

    2. Б, Г

    3. В, Д

    4. А, Д

    5. Г, Д

2 сабақ.



1.Тақырыбы: Белоктар.

Белоктардың жалпы қасиеттері: Коллоидты қасиеттері. Тұнбаға түсу реакциялары. Белок молекуласының структуралары. Белоктардың жіктелуі (жай және күрделі белоктар). Жай глобулярлы белоктар: өкілдері, химиялық касиеттері, табиғатта таралуы, ролі.


2.Мақсаты:

1) Белоктардың жалпы қасиеттері туралы білім қалыптастыру.

2) Денатурация, ренатурация, денатурациялаушы агенттер туралы білім қалыптастыру.

3) Белоктардың жіктелуі туралы білім қалыптастыру.

4) Жай глобулярлы белоктар туралы білім қалыптастыру.

5) Жаңа терминдер мен түсініктерді енгізу.


3.Оқыту міндеттері:

1.Белоктардың жалпы қасиеттерін: коллоидты қасиетін, тұнбаға түсу реакцияларын, белок молекуласының структураларын оқып-білу.

2. Денатурация, ренатурация, денатурациялаушы агенттер туралы түсінік беру.

3. Студенттерді белоктардың жіктелуімен таныстыру.

4. Белоктың ерітіндідегі тұрақтылық факторлары, белоктардың денатурация мен ренатурациясы, денатурациялаушы агенттер, глобулиндер фракциялары, электрофорез туралы жаңа түсініктерді енгізу.

5. Белоктардың құрылымдық деңгейін қарастыру, белоктардың биологиялық қасиетінің біріншілік, екіншілік, үшіншілік, төртіншілік құрылымдарына тәуелділігін көрсету.

6. Альбуминдер мен глобулиндердің, протаминдер мен гистонлдардың химиялық қасиеттерін, ролі мен табиғатта таралуын оқып-білу.

7. Студенттерді кәсіптік әдебиеттерді оқып білуге және интернеттен ақпаратты іздеуге ынталандыру.


4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Белоктардың жалпы қасиеттері:



  1. Белоктардың коллоидты қаситтері. Белоктың ерітіндідегі тұрақтылығы, тұрақтылық факторлары.

  2. Тұнбаға түсу реакциялары және белоктардың тұздалуы. Осы реакциялардың медицинадағы маңызы.

  3. Белок молекуласының құрылымдары (структуралары). Денатурация, ренатурация.

2.Белоктардың жіктелуі.

3. Альбуминдер мен глобулиндердің, протаминдер мен гистонлдардың химиялық қасиеттерін, ролі мен табиғатта таралуы


5. Оқыту әдістері мен құралдары:

Аралас-әдіс:



  1. Аралас сұрау (ауызша сұрау, блиц- сұрақ, жазбаша бақылау )

Оқыту құралдары: тақырып бойынша кестелер, схемалар, суреттер, тесттік тапсырмалар.

Бағаланатын құзырлылықтар:

  1. «Білім» құзырлылығы жазбаша бақылаудың сұрақтарына, тақырыпты ауызша сұрау кезінде студенттің тақтада жауап бергеніне қарай бағаланады.


1.Сабақты ұйымдастыру – сабақтың мақсаты және міндеттерімен танысу. Қиын сұрақтарды анықтап, оларға ауызша талдау барысында жеке тоқталу.

Үй тапсырмасы: Гликопротеиндер, хромопротеиндер, нуклеопротеиндер, өкілдері, қасиеттері, құрылысы, маңызы.

Келесі сабаққа өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар:

  1. Гликопротеиндер, құрылысы, қасиеттері, маңызы, жіктелуі. Нағыз гликопроетиндердің протеогликандардан ерекшелігі, негізгі өкілдері.

  2. Хромопротеиндер, жіктелуі: гемопротеиндер, магнийпорфириндер, пигменттер, құрылысы, маңызы.

  3. Нуклеопротеиндер, құрамы, қасиеттері, ролі.

  4. Нуклеин қышқылдары – құрылымдары, құрылысы, ролі.


2.Блиц-сұрақ тест сұрақтары бойынша жүргізіледі.

3.Ауызша сұрау төмендегі сұрақтар бойынша жүргізіледі:

  1. Белоктардың жалпы қасиеттері:

  1. Белоктардың коллоидты қасиеттері.

  2. Ерітіндідегі белок молекуласының тұрақтылығы. Тұрақтылық факторлары.

  3. Тұнбаға түсу реакциялары (кесте толтыру) және белоктардың тұздалуы.

  4. Белок молекуласының құрылымдары (кесте толтыру). Белоктардың денатурациясы, ренатурациясы, денатурациялаушы агенттер.

2.Белоктардың жіктелуі.

3. Альбуминдердің, глобулиндердің, протаминдердің, гистонлдардың химиялық қасиеттерін, ролі мен табиғатта таралуы.


4.Жазбаша бақылау билеттер бойынша жүргізіледі (билеттер бар)

5. Сабақты қорытындылау – оқытушы студенттермен бірге тақырып бойынша қорытынды жасайды, баға қояды және қойылған бағаны студенттерге жариялайды.
6. Әдебиеттер:

Қазақ тілінде

Негізгі:


1. Плешкова С.М., Абитаева С.А., т.б. «Белоктар...». – Алматы, 2000 ж. – 3-36 б.

2. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 1Бөлім. Белоктар, ферменттер, витаминдер. – Алматы, 2009 ж.

3.Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж. - 125-127; 167; 193-195; 798 б.

4. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.



Қосымша:

1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

2.Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.

3. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана, 2003 ж.

4. Плешкова С.М., т.б. Биохимия пәнінен студенттердің жеке дайындығына арналған тесттік сұрақтар. – Алматы, 2007 ж.

Орыс тілінде:



  1. Северин Е.С. «Биохимия», 2007 стр.19-27

  2. Николаев А.Я. “Биологическая химия”, Москва, 2004г., с. 16 - 59

  3. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. “Биологическая химия”, Москва ,2004, с. 20 - 74

  4. Учебное пособие для самостоятельного изучения биохимии «Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины», часть 1 – Алматы, 2009.

  5. Строев Е.А. “Биологическая химия” – Москва, 1986г., с. 24-51; 55-58.

  6. Аблаев Н.Р. «Биохимия в схемах и рисунках», 2005г.

  7. Сеитов З.С. “Биологическая химия”, Алматы, 2000, с. 85 – 134


7.Бақылау студенттердің билеттерге, блиц-сұраққа, ауызша талдау кезіндегі берген жауаптары бойынша жүргізіледі.

Осы сабақта бағалау құзырлылы әдісі енгізіледі:


Тесттік тапсырмалар:

1. Белок ерітіндісі коллоидты қасиеттерге ие, сондықтан оларда:



  1. диффузия жылдамдығы баяу

  2. жартылай өткізгіш мембраналардан өтпейді

  3. нағыз ерітінділер түзеді

  4. Тиндаль конусын береді

  5. гель түзеді

2. Белоктың ерітіндідегі тұрақтылығы тәуелді:

  1. белок молекуласы көлемінің үлкен болуына

  2. әр түрлі функционалдық топтардың болуына

  3. диализге қабілетілігі

  4. молекула бетінде зарядының болуына

  5. молекулада гидратты қабаттың болуына

3. Белоктың құрылымы мен оны қамтамасыз ететін байланыс арасындағы сәйкестікті табыңыз:

А) Біріншілік а) екі немесе одан көп полипептидтік тізбектердің тығыз орналасуы

Б) Екіншілік б) амин қышқылдарының полипептид тік тізбекті түзуі

В) Үшіншілік в) полипептидтік тізбектің спиральдануы немесе ширатылуы

Г) Төртіншілік г) бір полипептидтік тізбектің тығыз жинақталуы

Сәйкес комбинацияны табыңыз:


    1. А-б, Б-в, В-г, Г-а

    2. А-б, Б-г, В-в, Г-а

    3. А-а, Б-г, В-б, Г-в

    4. А-б, Б-а, В-в, Г-г

    5. А-г, Б-б, В-а, Г-в

4. Құрылым мен оны тұрақтандыратын байланыс арасындағы сәйкестікті табыңыз:

1) Біріншілік а) дисульфидті, сутекті, иондық, гидрофобты.

2) Екіншілік б) сутекті

3) Үшіншілік в) пептидтті



Сәйкес комбинацияны табыңыз:

  1. А-б, Б-в, В-а

  2. А-б, Б-а, В-в,

  3. А-в, Б-б, В-а,

  4. А-а, Б-б, В-в,

  5. А-в, Б-а, В-б,

5. Денатурация бұл:

  1. белоктың біріншілік құрылымының бұзылуы

  2. белоктың екіншілік құрылымының бұзылуы

  3. белоктың үшіншілік құрылымының бұзылуы

  4. белоктың төртіншілік құрылымының бұзылуы

  5. белоктың гидраттық қабаттың бұзылуы

6. Денатурациялаушы агент пен денатурация түрі арасындағы сәйкестікті табыңыз:

  1. Жоғары температура а) гидрофобты әрекеттесудің бұзылуы

  2. Ауыр металл тұздары б) сутектік байланыстардың үзілуі

  3. Гуанидин, мочевина в) иондық байланыстардың үзілуі

  4. Тиолды қосылыстар г) дисульфидтік көпіршенің үзілуі

  5. Органикалық еріткіштер д) сутектік байланыстардың түзілуі

Сәйкес комбинацияны табыңыз:

  1. А-б, Б-д, В-г, Г-а, Д-в

  2. А-б, Б-г, В-в, Г-а, Д-д

  3. А-б, Б-в, В-д, Г-г, Д-а

  4. А-а, Б-б, В-в, Г-г, Д-д

  5. А-г, Б-б, В-а, Г-д, Д-в

7. Тұнбаға түсіруші мен тұнбаға түсу механизмі арасындағы сәйкестікті табыңыз:

  1. Минералды, органикалық қышқылдар а) зарядтың нейтралдануы

  2. Алкалоидты реактивтер б) ерімейтін тұздардың түзілуі

  3. Ауыр металл тұздары в) дегидратация

Сәйкес комбинацияны табыңыз:

  1. А-б, Б-в, В-а

  2. А-б, Б-а, В-в,

  3. А-в, Б-б, В-а,

  4. А-а, Б-б, В-в,

  5. А-в, Б-а, В-б,

8. Тұздалу – бұл ерітіндіден белокты тұнбаға түсіру.

  1. Ауыр металл тұздарымен

  2. Сұйытылған қышқылдармен

  3. Сұйытылған негіздермен

  4. Бейтарап тұздармен

  5. Алкалоидты реактивтермен

9. Ауыр металл тұздары белокты ерітіндіден тұнбаға түсіреді, себебі бұзады:

  1. Гидратты қабатты

  2. Белоктың үшіншілік құрылымын

  3. Белок зарядын

  4. Молекула формасын

  5. Белоктың екіншілік құрылымын

10. Концентрлі қышқылдар белокты ерітіндіден тұнбаға түсіреді, себебі бұзады:

  1. Гидратты қабатты

  2. Белоктың үшіншілік құрылымын

  3. Белок зарядын

  4. Молекула формасын

  5. Белоктың екіншілік құрылымын

11. Заряд шамасына, сонымен қатар молекулалық массасына қарай альбуминдерді глобулиндерден бөлу әдісі қалай аталады?

  1. электрофорез

  2. экстракция

  3. кислотно-щелочная обработка

  4. комплексонометрия

  5. фильтрация

12. Белок ерітіндісіне тең көлемде (NH4)2SO4–ң қаныққан ерітіндісін қосқанда тұнба түзілді. Қандай белок тұнбаға түсті?

А. альбумин

Б.глобулин

В. протамин

Г.гистон

Д.кератин

13. Протаминдер мен гистондар қандай процестерге қатысады?


        1. осмостық қысымды сақтауға в поддержании осмотического давления

        2. тұқым қуалау белгілерін тасымалдауға

        3. жүйке импульсін тасымалдауға

        4. организмнің қорғаныс реакцияларына

        5. тасымалдау процестеріне

14. Альбумин белогының изоэлектрлік нүктесі рН= 4,8. Осы белок рН-тың қандай мәнінде тұнбаға жеңіл түседі?

  1. 3,7

  2. 4,8

  3. 7,0

  4. 8,0

  5. 12,0

15. Альбуминдер қанның онкотикалық қысымын сақтауға қатысады. Альбуминдердің осы қасиетінің негізінде қандай қасиет жатыр?

  1. гидрофобтық

  2. гидрофильдік

  3. ерігіштік

  4. ұюы

  5. тұздалуы

3 Сабақ



  1. Тақырыбы: Гликопротеиндер, хромопротеиндер, нуклеопротеиндер: өкілдері, қасиеттері, құрылысы, маңызы.

  2. Мақсаты:

1) Күрделі белоктардың: глико-, хромо-, нуклеопротеиндердің құрылысы, қасиеттері және ролі туралы білім қалыптастыру.

2) Жаңа терминдер мен түсініктерді енгізу жолымен коммуникативті дағдыларын жетілдіру



  1. Оқыту міндеттері:

  1. Гликопротеиндердің құрылысын, қасиеттерін, маңызын, жіктелуін қарастыру.

  2. Хромопротеиндердің жіктелуін, жеке өкілдерінің құрылысы мен маңызын қарастыру.

  3. Нуклеопротеиндердің құрамы мен қасиеттерін, нуклеин қышқылдарының құрылысы мен құрылымдарын оқып-білу.

  4. Студенттерді кәсіптік әдебиеттерді оқып білуге және интернеттен ақпаратты іздеуге ынталандыру.

.

  1. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Гликопротеиндердің құрылысы, қасиеттері, маңызы, жіктелуі. Нағыз гликопротеиндердің протеогликандардан айырмашылығы, жеке өкілдері.

2. Хромопротеиндер, жіктелуі: гемопротеиндер, магнийпорфириндер, пигменттер, құрылысы, қасиеттері, маңызы.

3. Нуклеопротеиндердің құрамы мен қасиеттері. Нуклеин қышқылдарының құрылысы мен құрылымдары.


  1. Оқыту әдістері мен құралдары:

Аралас-әдіс (ауызша сұрау, блиц-сұрақ, жазбаша бақылау )

Оқыту құралдары: тақырып бойынша кестелер, схемалар, суреттер, тесттік тапсырмалар.

Бағаланатын құзырлылықтар:

«Білім» құзырлылығы жазбаша бақылаудың сұрақтарына, блиц-сұраққа, тақырыпты ауызша сұрау кезінде студенттің тақтада жауап бергеніне қарай бағаланады.

Оқыту құралдары: оқу таблицалары, кестелер, тақырып бойынша суреттер, дәрістің электронды нұсқасы, тест тапсырмалары.
1.Сабақты ұйымдастыру – сабақтың мақсаты және міндеттерімен танысу. Қиын сұрақтарды анықтап, оларға ауызша талдау барысында жеке тоқталу.

Үй тапсырмасы: Белоктар.Белоктардың маңызы. Жалпы қасиеттері, жіктелуі. Жай және күрделі белоктардың жеке өкілдері; құрылысы, ролі. Нуклеин қышқылдары. ДНҚ, РНҚ, құрылымдары, маңызы.

Белоктарға түсті реакциялар және тұнбаға түсу реакцияларын демонстрациялау және алынған нәтижелерді талдау.



Келесі сабаққа өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар:

  1. Биохимияға кіріспе.

  2. Белоктардың атқаратын қызметтері.

  3. Белоктардың жалпы қасиеттері:

  1. белоктардың элементтік құрамы,

  2. жоғары молекулалық массасы,

  3. белок молекуласының көлемі мен пішіндері,

  4. ыдырау өнімдерінің ұқсастығы;

  5. белок молекуласындағы байланыс түрлері және олардың белок молекуласын тұрақтандыруға қатысуы;

  6. белоктарға түсті реакциялар: жалпы және жеке амин қышқылдарына арналған реакциялар. Осы реакциялардың медицинадағы маңызы.

  7. Белоктардың амфотерлік қасиеті. Орта рН-ының белок зарядына әсері.

  8. Белоктардың коллоидты қаситтері. Белоктың ерітіндідегі тұрақтылығы, тұрақтылық факторлары.

  9. Тұнбаға түсу реакциялары және белоктардың тұздалуы. Осы реакциялардың медицинадағы маңызы.

  10. Белок молекуласының құрылымдары (структуралары). Денатурация, ренатурация.

4.Белоктардың жіктелуі.

5. Альбуминдердің, глобулиндердің, протаминдердің, гистондардың және склеропротеиндердің (коллагендердің, эластиндердің, кератиндердің) химиялық қасиеттері, олардың ролі мен табиғатта таралуы

6. Гликопротеиндер, құрылысы, қасиеттері, маңызы, жіктелуі. Нағыз гликопроетиндердің протеогликандардан ерекшелігі, негізгі өкілдері.

7.Хромопротеиндер, жіктелуі: гемопротеиндер, магнийпорфириндер, пигменттер, құрылысы, маңызы.

8.Нуклеопротеиндер, құрамы, қасиеттері. Нуклеин қышқылдары – құрылымдары, құрылысы, ролі.

9. Металлопротеиндер, липопротеиндер, фосфопротеиндер – құрылысы, өкілдері, ролі.

«Практикумнан...» №№ 1, 2, 3, 5, 7, 8, 10, 12, 13, 14, 18, 19, 20б, 25 зертханалық жұмыстарды конспектілеу.

2.Блиц-сұрақ тест сұрақтары бойынша жүргізіледі.

3.Ауызша сұрау төмендегі сұрақтар бойынша жүргізіледі:


  1. Гликопротеиндердің құрылысы туралы түсінік. Жіктелуі. Нағыз гликопротеиндердің протеогликандардан айырмашылықтары.

  2. Нағыз гликопротеиндер, химиялық қасиеттері, өкілдері: муциндер, иммуноглобулиндер; қан тобын анықтайтын белоктар; гормондар; тасымалдаушы белоктар; ферменттер; рецепторлар, олардың маңызы, таралуы.

  3. Протеогликандар, құрамы, құрылысы, өкілдері.

  4. Гиалурон қышқылының құрылысы және ролі.

  5. Хондроитинкүкірт қышқылының құрылысы және ролі.

  6. Гепариннің құрылысы және ролі.

  7. Хромопротеиндер, жалпы сипаттамасы, жіктелуі (гемопротеиндер, пигменттер, магнийпорфириндер).

  8. Гемоглобин, құрылысы, ролі.

  9. Миоглобин, құрылысы және ролі.

  10. Нуклеопротеиндердің құрамы.

  11. Мононуклеотеидтер және олардың туындыларының құрылысы, маңызы.

  12. ДНҚ-ның біріншілік құрылымы, оның үзіндісін формуламен көрсету.

  13. ДНҚ-ның екіншілік құрылымы.

  14. ДНҚ-ның үшіншілік және құрылымы.

  15. м-РНҚ, құрылысы, құрылымдары, ролі. Генетикалық кодтың қасиеттері.

  16. т-РНҚ-ның екіншілік құрылымын схема түрде көрсету, ролі.

  17. р-РНҚ, рибосоманың құрылысы, ролі.

4.Жазбаша бақылаубилеттер бойынша жүргізіледі (билеттер бар)

5.Сабақты қорытындылау – оқытушы студенттермен бірге тақырып бойынша қорытынды жасайды, баға қояды және қойылған бағаны студенттерге жариялайды.
6. Әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

Негізгі:


1. Плешкова С.М., Абитаева С.А., т.б. «Белоктар...». – Алматы, 2000 ж. – 3-36 б.

2.Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 1Бөлім. Белоктар, ферменттер, витаминдер.– Алматы, 2009 ж. – 46-88 б

3.Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж. - 125-127; 167; 193-195; 798 б.

4. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.



Қосымша:

1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

2.Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.

3. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана, 2003 ж.

4. Плешкова С.М., т.б. Биохимия пәнінен студенттердің жеке дайындығына арналған тесттік сұрақтар. – Алматы, 2007 ж.
Орыс тілінде:


  1. Северин Е.С. «Биохимия», 2007 стр.19-27

  2. Николаев А.Я. “Биологическая химия”, Москва, 2004г., с. 16 - 59

  3. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. “Биологическая химия”, Москва ,2004, с. 20 - 74

  4. Строев Е.А. “Биологическая химия” – Москва, 1986г.

  5. Аблаев Н.Р. «Биохимия в схемах и рисунках», 2005г.


7.Бақылау студенттердің билеттерге, блиц-сұраққа, ауызша талдау кезіндегі берген жауаптары бойынша жүргізіледі.

Тесттік тапсырмалар:

1. Күрделі белоктардың құрылысы:

А. Бірдей амин қышқылдарынан;

Б. Әр түрлі амин қышқылдарынан;

В. Циклді амин қышқылдарынан;

Г. Жай белоктан және простетикалық топтан;

Д. Простетикалық топтан тұрады.

2. Күрделі белоктарға жататындар:

А. фосфопротеиндер;

Б. Нуклеопротендтер;

В. Гликопротеиндер;

Г. Склеропротеиндер;

Д. Хромопротеиндер.

Сәйкес комбинацияны табыңыз:



  • А - 1,2,3,4

  • Б - 1,2,3,5

  • В - 1,3,4,6

  • Г - 2,3,4,5

  • Д - 2,3,4,6

3. Хромопротеиндер-күрделі белоктар, простетикалық тобы ретінде болады:

А. Амин қышқылдары;

Б. Фосфор ышқылының қалдығы;

В. Боялған заттар;

Г. Глюкоза;

Д. Кальций.

4. Организмде тыныс алу белоктары:

А. протондар мен электрондарды тасымалдауға қатысады;

Б. оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдауға қатысады;

В. катализдік функция атқарады

Г. АТФ-тің түзілу реакцияларына қатысады

Д. тіректік функция атқарады

5. Гемоглобин молекуласы тұрады:

А. бір гемнен және бір полипептидтік тізбектен

Б. бір гемнен және төрт полипептидтік тізбектен

В. төрт гемнен және төрт полипептидтік тізбектен

Г. үш гемнен және төрт полипептидтік тізбектен

Д. бір гемнен және екі полипептидтік тізбектен

6. Гемоглобин гемінің рационалды аты:

А. 1,3,5,8-тетраметил, 2,4-дивинил, 6,7-дипропион қышқылының порфині

Б. 1,3,5,8-тетраметил, 2,4-диэтил, 6,7-дипропион қышқылының порфині

В. 1,2,5,8-тетраметил, 3,4-дивинил, 6,7-дипропион қышқылының темір порфині

Г. 1,3,4,8-тетраметил, 2,5-дивинил, 6,7-дипропион қышқылының темір порфині

Д. 1,3,5,8-тетраметил, 2,4-дивинил, 6,7-дипропион қышқылының темір порфині

7. Гемоглобин қатысады:

А. бүйректің қалыпты функциясын сақтауға

Б. газдарды тасымалдауға

В. қышқылдық-негіздік тепе-теңдікті сақтауға

Г. Минерал заттардың алмасуына

Д. гидролитикалық процестердің жылдамдығын реттеуге

Сәйкес комбинацияны табыңыз:

*А - 1, 2

* Б - 2, 3

* В - 3, 4

* Г - 4, 5

* Д - 5, 1

8. Ағзада нағыз гликопротеиндер:

А. гормондардың рецепторлары

Б. май қышқылдарын тасымалдауға қатысады

В. қан тобын анықтайды

Г. қорғаныш функциясын атқарады

Д. энергия көзі болып табылады

Сәйкес комбинацияны табыңыз:

*А - 1, 2, 3

* Б - 1, 3, 4

* В - 1, 3, 5

* Г - 2, 3, 4

* Д - 2, 3, 5

9. Нағыз гликопротеиндердің молекуласы шамамен болады:

А. 50% жай белок және 50% простетикалық тобы

Б. 80% жай белок және 20% жүйесіз көмірсулар

В. 20% жай белок және 80% жүйесіз көмірсулар

Г. 100% аминқышқылдардың қалдықтары

Д. 10% белок және 90% белок емес бөлік

10. Нуклеопротеиндер организмде:

А - қорғаныштыққызмет атқарады

Б – жасушалар мен жасушааралық зат аралығында су мен электролиттер алмасуын қамтамасыз етеді

В – жасушалар мен тіндердің құрылысы мен қасиеттерінің арнайылығын қамтамасыз етеді

Г – құрылымдық қызмет атқарады

Д – тасымалдау қызметін атқарады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет